Ш. Х. Курманалина, С. М. Бахишева


қадам. Білім нəтижесіне бағытталған бірлескен əрекеттер



бет55/88
Дата11.09.2024
өлшемі0,66 Mb.
#204187
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   88
Байланысты:
tutorial 335 Педагогикалық менеджмент

қадам. Білім нəтижесіне бағытталған бірлескен əрекеттер Мақсаты мен сипаты: білім беру үрдісінде əрбір оқушының білімдік

жетістіктерін қамтамасыз ету. Білім беру бағдарламалары мен оқу жоспарлары, оқу пəнін меңгеру кезеңдері арасындағы, оқушылар мен мұғалімдер, оқушылар мен оқушылар, ата–аналар мен мектеп арасындағы өзара байланысты қамтамасыз ету.

Мектептің мүмкіндіктері:


  1. білім нəтижелеріне жету барысында оқушылар мен педагогтардың, ата-аналардың бірлескен əрекеттерін қамтамасыз ететін міндеттерін белгілеу.

  2. сынып белгілі бір міндеттерді бөлісу мақсатында, ортақ білім беру міндеттерін орындау мақсатында уақытша құрылатын оқу ұжымы ретінде де қарастылады;

  3. оқу сабақтары білім беру үрдісінің элементтері болып табылады, олар əрқайсысының ұзақтығы, жұмыс орнының ұйымдастырылуы, əрекеттерінің сипаты жағынан əртүрлі болуы да қарастырылады;

  4. міндетті оқу сабақтарымен қоса барлық оқушының қатысуы міндеттелмейтін сабақтар да тəжірибеге енгізіледі;тұрақты апталық сабақ кестесінің орнына, немесе онымен қатар белгілі мақсаттарға сай өзгермелі сабақ кестесі де жасалады;

  5. оқушылардың үй тапсырмалары өз бетімен білім алу əрекетіне бағытталады, сонымен қатар, оқушыда үй тапсырмасының мазмұнын өзі таңдау, оны орындауды жоспарлау қарастырылады

  6. танымдық əрекеттердің басты түрлері ізденістік жұмыстар жəне оның нəтижелері оқушының əрекеттерді орындау амалдары мен тəсілдерін игеруі болып табылады.

Пəнаралық байланыстар мектепте білім берудегі жалпы мақсаттарға жетудегі барлық оқу бағдарламаларының өзара əрекеттесу мазмұнын айқындайды;


5-қадам бойынша атқарылатын іс-шаралар:

Шаралар

Өткізу уақыты

Қатысушылар

Күтілетін нəтижелер

Тиімділік өлшемдері

1.













2.













3.,4,5..















Аталған қадамдарды өзара байланыста қолдану мектепте білім нəтижелерін бағалаудың қандай жүйесі қалыптасқанына тікелей байланысты. Білім нəтижелерін бағалауды былайша классификациялауға болады:

  1. Оқытудың бағаланатын нəтижелері (пəндік жəне метапəндік нəтижелер);

  2. Мектептен тыс жетістіктерді бағалау объектілері (олимпиадалар, сайыстар мен жарыстарға қатысу қорытындылары);

  3. Мектепішілік жетістіктерді бағалау объектілері;

  4. Қалыпты бағалау объектілері, мысалы, баға қою, сынақ, рейтинг т.б.;

  5. Қалыптан тыс бағалау объектілері, мысалы, портфолио.

Қалыптан тыс бағалау объектілері ретіндегі портфолионың маңызы арта түсуде. Оны бағалаудың түрлі жолдарын анықтап алуға болады:
1. Оқушылардың білім жетістіктерін портфолио əдісімен бағалау қай сатыларда қолданылады?
Портфолио мазмұнына қойылатын талаптарды кім белгілейді жəне олар нені қамтиды?

  1. Портфолиоға кім баға береді?

  2. Портфолио мазмұны қандай критерийлермен бағаланады?

  3. Бағалаудың қандай өлшемдері белгіленеді?

  4. Портфолио бағасы қалай есепке алынады?

Бағалау объектілері жəне түрлерімен қатар бағалау субъектілерінің əр түрлілігімен де ерекшеленеді. Қалыптасқан жүйеде бағалау субъектісі мұғалім ғана болып есептеледі, бірақ дұрысында тек мұғалімдер ғана емес, оқушылар да, олардың ата –аналары да, сыртқы сарапшылар да (басқа мектеп мұғалімдері, түрлі сала мамандары т.б.) бағалау субъектілері бола алады. Бағалау объектілері мен
субъектілері, ішкі жəне сыртқы бағаларды талдау мақсаттары, нəтижелерді бағалаудың түрлері ұжыммен нақтыланады, бекітіледі.
Өсу картасының барлық қадамдары мен элементтері өзгермелі түрде болады, ондағы өзгерістер нəтижесіүнемі талқыланып қажеттікке қарай өзгертіліп отыруы тиіс.
Сөйтіп, өсу картасы төмендегідей мағлұмат беруі тиіс:білім беру əрекетінің шынайы, кол жеткен нəтижелері туралы;бұдан да жоғары нəтижелерге жетудің мүмкіндіктері туралы;жоғары нəтижелерге жету жолында болуы мүмкін кедергілерді анықтау жəне оны болдырмауға қажет ресурстар туралы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   88




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет