Мақсаты мен сипаты: əр пəн бойынша мазмұн стандарты нені жəне қандай сабақтастықпен оқытудан тұрады.Жетістіктер стандарты немесе игеру деңгейлерінің стандартында бағдарлама мазмұнын игеруде білім алушылардан күтілетін деңгейдің қаншалықты жоғарылығы белгіленеді.
Жетістіктер стандартында:білім алушының оқытудың белгілі бір сатысында қалыптасуға тиіс білімі мен біліктілік компоненттері, құзіреттілік сапалары; белгілі бір сыныптағы (жастағы) немесе сатыдағы оқушылардың жетуі мүмкін игеру деңгейлерінің иерархиясы (олар деңгейлік дескрипторлары нақтыланған 4-6 деңгейдегі көрсеткішерге дейін жасала алады)
Мектептің мүмкіндіктері:
Оқушылардың жетуі мүмкін игеру деңгейлерінің иерархиясын белгілеу жəне барлық деңгейлерде өз білімін бірте-бірте жетілдіріп отыру міндетін қою оқушылардың білімінің үнемі көтеріліп отыруына ықпал етеді;
Бірыңғай стандартқа сай бағдарлық мақсат қою арқылы мектептер барлық оқушылардан минималдық игеру деңгейін талап ете алады;
Педагогикалық бағалаудың негізгі объектісі – оқушының қолы жеткен білім нəтижелері болып табылады;
Стандарттар мен бағдарламаларда сипатталған білімді игеру деңгейлері шын мəнінде жетуге болады, енді оны нақты оқушылардың жақын аймақтағы деңгейіне сəйкестендіру білім алушылармен бірге қарастырылғаны жөн.