Сөз құрамына талдау бұл — морфологиялық талдаудың бөлшегі. Морфология - грамматиканың негізгі бір бөлігі.
Морфологиялық талдаудың негізгі түрі - сөз тұлғасына, сөз табына талдау. Сөз таптары 1-сыныптан басталады. Балалардың ұғымына лайық заттың атаулары, яғни зат есім бірінші таныстырылады.
Бастауыш сыныптарда зат есімді оқыту жүйелілік, бірізділік принциптері негізінде Оқу бағдарламасында әр сыныптың психологиялық ерекшеліктері, оқушының дайындық деңгейі ескеріліп, біртіндеп дамытыла жүреді. Зат есімнің грамматикалық белгілерімен оның лексикалық жинақ мәні ғылым негізіне сүйене отырып, бірте-бірте кеңейтіліп таныстырылады. Бұл ретте тиісті тәжірибелік жаттығу жұмыстарының тапсырмалары да барған сайын күрделене түседі.
1-сыныпта зат есім термині аталмай, тек қана заттың атын білдіретін сөздер жөнінде жалпы түсінік беріледі. Ол үшін оқушылардың тәжірибесінде кәрген, байңаған, ұстаған нәрселері жайында ұғым беріле бастайды. Көрнекілік элементтері кеңінен қолданылады. Мүмкін болса заттардың өздері көрсетіледі. Оның не екендігі анықталып, зат деген ұғымға келтіріледі. "Мынау не?" деген сұрақ тиісті затты көрсете тұрып қойылады да, балалар ол бор, тақта, қалам, гүл, т.б. заттардың атын атайды. Көрнекілік заттық түрден бейнелі түрге, суретке ауысады. Ана тілі оқулығындағы осы тақырыпңа арналған бетіндегі "кім? не? " сұрақтарын, оларға лайық салынған суреттің атын білдіретін сөздерді оқытңан жөн. Соған орай әр суретке "Бұл кім? мынау не? " сұрақтарын қою жолымен домбыра, аңшы, балуан-адам ұғымын, ал, тырна, борсық-жан-жануарлар атын білдіретін сөз екені түсіндіріледі. Сөйтіп, балалар аң, құс және адам атау-лары зат екенін, оларға "Кім? Не?" сұрақтар қойыла-тынын таниды.
1-сыныпта тек жеке затты танытып қоймай, оларға көп зат туралы да білім беріледі. Ол үшін тағы да сұрақңа сүйену тәсілі қолданылады. Егер "Кім? Не?" сұрағына жауап болатын сөз бір заттың ұғымын білдірсе, "Кімдер? Нелер?" сұрағына жауап болатын сөз бір емес, бірнеше заттың ұғымын көрсететінін мысалдарды талдату, бақылату, балаларды ойланту әдістерімен ұқтыруға болады. "Кім?" деген сұрақтың тек қана адам ұғымын білдіретін сөзге қойылатыны түсіндіріледі.
1-сыныпта сын есім деген грамматикалық термин аталмайды. Тек қана заттың сынын білдіретін сөздер деген ұғым таныстырылады. Ондай заттың сынын білдіретін сөздерге "Қандай? Қай?" сұрақтары қойылатыны үйретіледі. Балалар тілімізде қолданылып жүрген сөздердің ішінде "Қандай? Қай?" деген сұрақтарға жауап беретіндері бар екенін, ондай сөздердің әрқайсысы ма-ғынасына қарай тіліміздегі заттың атын білдіретін басқа бір сөзбен байланысты тұрғанын ұғына бастайды. Заттар бір-бірінен өзіне тән белгісі бойынша ажыратылатынын түсінеді. Заттарда түсі, дәмі, көлемі, салмағы, пішіні сияқты көптеген белгілер болатынын түсінген оқушылар әр затты өзінің айрықша белгісіне қарап таниды.
Сонымен бірге оқушылар "Не істеді? Не қылды? Қайтті?" сұрақтарына жауап беретін сөздермен танысады. Етістік термині аталмайды, оқушылар заттың қимылын, іс-әрекетін білдіретін көптеген сөздермен танысады. "Сан есім" термині де аталмайды, Оқушылар "Қанша? Неше? Нешінші?" сұрақтарына жауап беретін сөздермен танысады.
2-сыныпта оқушылардың зат есім жөніндегі ұғымы кеңейтіле түседі. Бұл сыныпта грамматикалық атаулар қолданылады. Зат есім туралы, оның лексикалық мағынасын, сұрауларын, жалпы және жалқы зат есімдер, зат есімнің жекеше, көпше түрлері, олардың қолданылуы мен жазылу емлесі түсіндіріледі. Сын есім, етістік, сан есім тақырыптары да грамматикалық атаулармен сөз табы ретінде өтіледі. Етістіктің дара, күрделі түрлерімен танысады.
3-сыныпта зат есімнің негізгі және туынды түрлерімен, зат есімнің тәуелденуі, тәуелдік жалғаулармен, негізгі және туынды сын есімдермен танысады. Болымды, болымсыз, негізгі және туынды етістік түрлерімен есептік, реттік сан есімдермен де танысады. Келесі сыныпта зат есімнің септелуі, тәуелдеулі зат есімдердің септелуі, зат есімдердің жіктелуі тақырыбымен танысады. Бағдарламаға сәйкес септік жалғаудың мәнін, сұрауларын, жалғауларын, сөздің септелуіне байланысты емле ережелерін өтеді. Дара, күрделі, қарсы мәндес сын есім, дара, күрделі санесімдер, етістіктіңжіктелуі, етістіктің шақтары жөнініде білім алады. Есімдік, жіктеу есімдіктері, олардың септелуі, үстеу оның түрлері, шылау оның түрлері, одағай туралы оқып-үйренеді.
Жалпы алғанда морфологиялық жазбаша талдату жұмысын түрліше жүргізуге болады.
Сөздің бір формасын теріп жазады, не астын сызып қояды не қандай сөз табы, қай форма екенін әр сөздің үстіне жазып қоюға д а бол ад ы. Негізінен бастауышта зат есімнің астын бір, сын есімнің астын ирекпен, ал етістіктің астын екі сызықпен сызып қояды. Ал осындай белгілермен сөйлем мүшелері де көрсетілуге тиіс болса, түсті қарындаш қолданған жөн.
Берілген мәтіннен оқушы әуелі зат есімді, одан кейін сын есімді, т.б. теріп жазады.
Белгілі бір грамматикалық категорияға жататын сөздерді дайын кесте бойынша айырып жазады. Егер мына бір сөйлем беріліп және одан зат есімге жататын сөздерді тапқызсақ: Балалар өзеннің жағасына келді.
|
Балалар өзен жағасына келді.
|
|
Зат есімдер
|
Сөйлем мүшесі
|
Сұрауы
|
Жекеше, көпше
|
Септік
|
Балалар
|
бастауыш
|
кімдер?
|
көпше
|
атау
|
өзеннің
|
аныктауыш
|
ненің?
|
жекеше
|
ілік
|
жағасына
|
толықт.
|
қайда?
|
жекеше
|
жатыс
|
4. Талдауды толық жүргізу үшін сөздерді бағанаға жазып, әрайсысының тұсына формасын көрсетіп, не сөйлемдегі схема бойынша кескіндейді. Мысалы: Олар ауылға лезде жетті деген сөйлем берілсе, балалар былайша жазады:
Олар - жіктеу есімдігі, III жақ, көпше, бастауыш. Ауылға - зат есім, жалпы есім, жекеше, барыс септік, толықтауыш. Тез - үстеу, пысықтауыш. Жетті - етістік, өткен шақ, III жақ, көпше, баяндауыш.
Жоғарыда аталғандай сөз таптары негізінен 1-сыныптан басталып, 4-сыныпқа дейін оқытылады. Балалардың жас ерекшеліктеріне сай морфологиялық талдау сыныптан-сыныпңа жоғарылаған сайын күрделене береді. Әр-бір сөз табын талдағанда, ең негізгі түбір тұлғасын сөйлемдегі атқарып тұрған қызметін талдайды. Ешбір сөз сөйлем ішінде байланыспай тұра алмайды. Ендеше сөйлемдегі сөздердің байланысу түріне сұрақ қойып, сөйлемнің қай мүшесінің қызметін атқарып тұрғаны көрсетіледі. Ал синтаксисті өту кезінде сөйлем мүшелері қандай сөз табынан жасалғанынан да айтып кетуге болады.
Синтаксис (гректің біріктіру) - грамматиканық сөз тіркесін, сөйлем жүйесін, құрылысын зерттейтін саласы. Синтаксис грамматикалық ілім ретінде негізгі екі салаға бөлінеді. Біріншіден, сөз тіркесінің синтаксисі. Онда сөздердің өзара тіркесу төсілдері мен формалары, сөз тіркесінің құрамы, құрылысы және түр-түрі қарастырылады. Екіншіден, сөйлемнің синтаксисі. Онда сөйлемнің құрылысы, сөйлем мүшелері, олардың байланысы, сөйлемнің түрлері талданады. Сөйлемнің синтаксисі екіге: жай сейлемнің синтаксисі, құрмалас сөйлемнің синтаксисі болып зерттеледі. Синтаксистік талдау дабалалар оқу-жазуға үйрене сала басталады. Бастауыш сыныптарда негізгі тақырып - сөйлем. Балалар сөйлем материалдары арқылы дұрыс сөйлеу, сөз формаларын өзгерту, сөйлемдегі сөздердің өзара байланысын табу жолдарын үйренеді; сонымен бірге грамматикалық ұғымдарды, орфографиялық және орфоэпиялық дағдыларды меңгереді. Сөйлем тіліміздің синтаксистік құры-лысындағы негізгі, айтылатын ойдың үйқасы болу қыз-метін атқарады. Жеке сөздер мен сөздердің өзара байланысты тіркестері ойды білдіретін сөйлемнің құрылыс материалы ретінде жүмсалады. Өзінің ойын ауызша не жазбаша білдіруі үшін оқушының сөйлемді дұрыс құра білу дағдылары қалыптасуы тиіс. Балалар әрбір сөз табының тіліміздегі рөлін, сөйлем ішінде ғана айқын тани алады. Өйткені, дербес алынған қалпында әр сөз әр алуан мағына береді.
Бастауыш сыныптарда сөйлемнен мағлұмат беру жұмысы мынандай түрде жүргізіледі:
Оқушылардың сөйлем туралы грамматикалық ұғымын қалыптастыру, онда сөйлемнің өзіндік негізгі белгілері қарастырылады;
Сөйлемнің құрылымы, оның жасау жолдары меңгеріледі. Сөйлем құрамындағы сөздер, сөз тіркестері, сөйлем мүшелерінің жалаң, жайылма түрлері зерттеледі;
Айтылу мақсаты мен интонациясына қарай дұрыс құрастыра білу үйретіледі;
Сөйлемдегі сөздерді дәл қолдана білу дағдысы дамытылады;
Оқушылар сөйлемді жазбаша түрде дұрыс құруды, оны бас әріппен бастап жазып, аяқтаған жерде тиісті тыныс белгісін қою машығы меңгертіледі.
"Сөйлем" туралы ұғым 1-сыныптағы Әліппе кезеңінде бақылау, талдау-жинақтау әдістері бойынша тәжірибелік жолмен танытыла бастайды. Бұл түста мұғалімнің түсінік сөзі, сөйлем құру, оны айыру жұмысындағы практикалық үлгісі жетекші рөл атқарады. Көрсетілген сурет бойынша ол ойлатып, сөйлем құратып үйретеді.
1-сыныптың"Анатілі" Оқулығында"Сөйлем", "Сөйлемдегі сөздердің байланысы" деген арнайы тақырып берілген. Балалар сөйлемнің не екенімен, сөйлемнің бірінші сөзі бас әріптен басталып жазылатынымен және сөйлем соқында нүкте, сұрақ белгісі, леп белгісі қойылатынымен танысады. Сонымен қатар сөйлемдегі сөздердің байланысын сұрақ қою арқылы білуге болатынын үйренеді. Мысалы : Көк ту желбіреді.
Ту қайтті? - Ту желбіреді.
Қандай ту? - Көк ту, т. б.
Осылайша балалар сөйлем туралы ықшам ережелерді үйренеді. Мұғалім индукциялы әдіспен сол ережені балалардың өздеріне шығартады. Бағдарлама бастауышы зат есімнен, баяндауышы етістіктен болған жалаң сөй-лемді, одан әрі үш-төрт сөзден тұратын жайылма сөйлемді де (термин түрінде емес) үйретуді ұсынады. Осы жағдайға байланысты сөйлемдегі сөздердің бір-бірімен байланысты айтылатыны, әр сөзге сұрақ қойылатыны, сол сұрақтар арқылы сөйлемдегі сөздердің байланыстары табылатыны жаттығу жұмыстарымен меңгертіледі. Сонда сөйлемде "Кім? Не? " деген сұрақ қойылатын сөз бар екені оқыушының бұрынғы біліміне негізделіп түсіндіріледі. Ал, заттың қимылын, ісін білдіретін сөз-дердің "Не қылды? Не істеді? Қайтті?" сияқты сұрақтарға жауап беріп тұрғаны ұғындырылады. Бұл кезеңде балалар сөйлемнің айтылу интонациясына мән бере отырып, сөйлемді айту кезіндегі дауыс ырғағының, шапшаңдығының, дауыстың бәсең не қатты болуының айтылатын ойға қатысты екенін білетін болады. 2-сыныпта оқушылар сөйлем тақырыбынан меңгерген осындай білім дағдыларын жаңғыртады. Сөйлемнің хабарлы, лепті, сұраулы болып бөлінетінін, олардың тыныс белгілерін игеріп, сөйлемдегі сөздердің байланысын тауып үйренеді.
3-сыныпта сөйлем мүшелері туралы түсінік беріледі. Сөйлемнен бастауыш пен баяндауышты, тұрлаусыз мүшелерді тауып үйренеді. Жалаң және жайылма сөйлем түрлерін меңгереді. Сөйлем мүшелерінің байланысуын сызба арқылы көрсетеді. Мысалы: Шешей отты көсеумен көседі. Көсеумен кесек-кесек тезек төседі.
4-сыныпта сөйлем туралы білімдері кеңейтіле түседі. Сөз тіркесі, жай және құрмалас сөйлем, сөйлем мүшелері, сөйлемнің біріңғай мүшелері, олардың тыныс белгісі туралы мағлұмат беріледі. Білім - дағды беру ісінде сөйлем мүшелерінен грамматикалық талдаудың тигізер пайдасы көп. Талдау жұмысы сөйлемдегі сөздердің мағынасы мен формасын ажырату үшін, олардың өзара байланыстарын табу үшін жүргізіледі. Бұл тұрғыда сұрақ қоя білудің маңызы күшті. Сөйлемдегі сөздердің байланысу түрлері мен сөйлем мүшесі алшақ емес. Себебі, сол бір-бірімен байланысып жатқан сөздерді сұрақ қою арқылы бір-бірімен байланысын анықтаймыз. Әрбір сөйлемдегі толық мағыналы сөздер дара күйінде де, күрделі күйінде де келіп, белгілі сұрақңа жауап береді. Негізгі ойды білдіріп, не негізгі ойды толықтырып, пысыңтап, анықтап, дәлелдеп тұрады. Сөйлемнің бұл тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелері жан-жақты талдаулармен, жаттығулармен дәлелденеді.
Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері - бастауыш пен баяндауыш сөйлемдегі ойға негіз болады. Бастауыш баяндауышпен тығыз байланысты. Бастауыш пен баяндауышты сөйлем ішінде талдағанда, алдымен қай мүшені бұрын табу керек деген ой тұрады. Кейбір мұғалімдер алдымен бастауышты тауып алады, кейбір мұғалімдер баяндауыштан бастап талдайды. Әсіресе, төменгі сынып оқушылары осындайлардан кейін бастауыштың сұрағымен бірден бастауышты тауып алады. Алайда, баяндауыш сөйлемдегі ойды аяңтап тұратын болғандықтан, баяндауышсыз сөйлем болмайды. Соның өзінде баяндауыш-ты тауып алу қиын емес. Сөйлемдегі баяндауыштың орны тұрақты. Ол хабарлы, сұраулы, лепті сөйлемдердің соқында тұрады. Баяндауыштың орын төртібі өлең мәтіндерінде ауысып кетіп отыруы шартты. Кейде оқушылар осыған қиналады. Ондай жағдайда өлең жолдарын қара сөзге айналдырып кәрсе, баяндауыш өз орнына, сөйлем аяғына орналаса кетеді. Мысалы:
Сүр Бұлт түсі суық қаптайды аспан,
Күз болып дымқыл түман жерді басқан (Абай).
Өлеңнің бірінші тармағында сөйлемдегі сөздердің орын төртібі, әсіресе, баяндауыштың орын төртібі өзгерген. Өлең тармағын қара сөзге айналдырсақ:
Аспанды түсі суық бұлт қаптайды, немесе түсі суың сұр бұлт аспанды қаптайды, - деп айтуға болады. Өлең сөйлемдерін сөйлем мүшесіне талдау кезінде осы сияқты қара сөзге іштей айналдырып, ойланып тұрып талдаса, сөйлем дұрыс талданады.
Бастауыш ең негізгі мүше болғанымен, сөйлем ішінде баяндауыш сияқты міндетті, тұраңты бола бермейді. Кейбір сөйлемде бастауыш айтылмаса да баяндауыш арқылы жасырын тұрған орнын оқай тауып алуға болады. Бастауыш пен баяндауыш табылғаннан кейін, тиісті сұраулар бойынша тұрлаусыз мүшелер ажыратылады.
Сөйлем мүшелеріне талдау кезінде оқушылар ең әуелі сөйлемдегі қимылды, іс-әрекетті білдіретін сөзді табады. Оған "Не істеді? Неғылды? Қайтті?" сұрақтарын қояды. Осы сұрақтарға жауап беретін сөз баяндауыш болады. Баяндауыштың асты екі рет сызылады. Сөйлемдегі қимыл, іс-әрекеттің иесін анықтап оған "Кім? Не?" сұрақтарын қойып, сол сұрақтарға жауап берсе, бастауыш болады. Оның астын бір сызықпен сыз. Сөйлемдегі өзге сөздерге сұрақ қояды, олар тұрлаусыз мүшелер, астын ирекпен сызады. Сөйлем мүшелерінің байланысын сызбамен көрсетеді. Мысалы: Оқушылар серуенге шықты.
Синтаксистік талдауда балалар мәтінде неше сөз бар екенін, сөйлемде кім я не жөнінде айтылып тұрғанын, сөйлемнің түрін анықтайды. Біріңғай мүшелі сөйлемдерді талдағанда схемамен көрсетулеріне болады. Оқушылар синтаксистік талдауға біртіндеп, жаттығу-ларды орындау барысында үйренеді. Оған әдетте пунктуациалық жаттығулар да қосылады. Олардың ішінде мәтіндегі қойылған тыныс белгілерін талдау, қойылмаған тыныс белгілерін қою, оны түсіндіру.
Дұрыс жазуға үйрету міндетін жүзеге асыруда орфографиялық жаттығулардың рөлі ерекше, емле жаттығуларының түрі сан алуан. Олар үйретілетін орфограммаға сәйкес әрі оқушыларды сауаттылыққа дағдыландыру жұмысының сипатына лайық қолданылады. Барлық орфографиялық жаттығуларды көшіріп жазу, диктант, орфографиялық талдау секілді үлкен үш салаға бөлеміз.
Орфографиялық талдау қазақ тілі сабағында жүргізілетін басқа жұмыстармен қатар жасатылады. Ол, әсіресе, грамматикалық талдау және диктант жұмыстарына байланысты жүреді. Емілелік талдау үш жолмен: берілген мәтінді талдау, мұғалім тексеріп берген оқушының жұмысын талдау, мұғалім берген тапсырманы ауызша талдау жүргізіледі. Бірінші түрде талдау жасағанда оқушыларға "неліктен осылай жазылған?", екінші түрде "неліктен осы түзетілгендей етіп жазылу керек?" келесі түрде талдау жүргізгенде "Қалай жазу керек?", т.б. пысықтағыш сұрақтар қойылады.
Орфографиялық талдау дұрыс жазу ережелерін Оқушыларға меңгерту құралы болып табылады. Ол білімін бекіту, өткенді қайталау үшін де тиімді. Емлелік талдау әр сабақ сайын біршамауақыт жүргізіліп отырады. Оның әдісі де түрліше.
Бастауыш сынып оқушыларының білуге деген ынтасы мен мүмкіндіктерін толық пайдалану және оларды оқу процесінде үздіксіз дамытып отыру, сабақ барысында алған білімдерін практикада қолдану дағдыларын қалыптастыру үшін сабақтарда ойын элементтерін пайдаланудың орны ерекше. Ойын Оқушылардың грамматиканы толық меңгеріп, жазу тілін дамытуларына мол мүмкіндік береді өз беттерімен жұмыс істей білуге дағдыландырады, ойланғыштың, ізденімпаздық қабілеттерін арттырады, сөздік қорларын молайтады. Тіл сабақтарында грамматикалық ойын элементтері жаңа тақырыпты түсіндіру, өткенді қайталау, талдау кездерінде пайдаланылады. Фонетикалық талдауға байланысты " қай әріпті жоғалттым?", "Қай сөзді жоғалттым?", "Кө-мекшісурет". Морфологиялық талдауға үйретуде "Үндемес", " Неқажет?", "Бостордытолтыр", синтаксистік талдауға үйретуде "Синтаксистік касса", "Тез ажырат", т.б. грамматикалық ойындарды тақырыпқа сай түрлендіріп, кеңінен пайдалануға болады.
Талдауға үйретудегі жаттығу жұмыстарының маңызы
Талдау үнемі тек таза фонетикалық, морфологиялық, синтаксистік түрде емес, қажетіне қарай, тақырыптың сипатына қарай аралас талдау да қолданыла береді.
Талдау, әсіресе, балалардың білімін есепке алғанда жиі жүргізіледі. Бастауыш сыныптарда сөздерді құрамы жағынан талдау, көбінесе сол сөздің мәнін дұрыс ұғынып алуға жәрдем етеді. Сөздің түбір, жұрнақ, жалғау сияқты әрбір элементі сөзге өзінше мән береді, осы жеке сөздердің жинағы бірігіп, сөздің жалпы мағынасын тудырады. Морфеманы, соның ішінде жұрнақты айыра білудің бала тілін жетілдіруде мәні зор. Өйткені, Бұл жаңа сөздер жасауға, сол сөздерді орынды жерінде қолдана білуіне мүмкіндік береді. Мысалға, сөз тұлғасына байланысты жүргізілетін жаттығуларға мынадай талаптар қойылады.
алдымен мүмкіндігіне қарай негізгі түбірді, онан әрі туынды түбірді, ең соқында түбірлес сөздерді талдайтындай жағдай жасалады;
белгілі бір сөздің ішінен негізгі түбірді тапңызу үшін сол негізгі түбірден жасалатын туынды сөздермен салыстыру жұмысын жүргізу керек;
туынды сөздер мен негізгі түбірді ажырату бары-сында олардың мағынасына назар аударылады.
Сөз таптарын оқыту барысында жүргізілетін жаттығуларды талдау жұмыстары сөздерді белгілі бір топқа біріктіріп, жүйелеуге үйренеді. Жаттығу жұмыстарының барысында Оқушылар әрбір сөз табының қасиетін, ерекшеліктерін саналы түсінеді, жалғаулардың түрлерін меңгереді, оларды ауызша, жазбаша сөйлегенде дұрыс, орынды қолданатын болады. Сөйлем мүшелеріне талдағанда әуелі сөйлемнің түрін, тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелерін ажыратады. Сұрауларын қояды, тиісті сызықпен белгілейді. Сөйлемдегі сөздерді топтау барысында бастауыш пен баяндауыштың сөйлем құрай-тынын ескертіп отыруымыз керек. Мысалы: Құстар жылы жаққа ұшып кетті деген сөйлемде құстар ұшып кетті -сөйлем, ал, жылы жаққа - сөз тіркесі. Фонетикалық жаттығулардың міндеті - балалардың айтылған буындар мен дыбыстарды жақсы айыра алуын және оларды балалардың дұрыс, анық айтып берулерін қамтамасыз ету. Мұндай жаттығулар арқылы кейбір балалардың тілін тістеп сөйлеу, сақауланып сөйлеу қайсыбір дыбысты қалдырып кетіп сөйлеу немесе с мен ш, р мен л, ж мен з дыбыстарын шатастырып айту сияқты кемшіліктері жойылады. Мұндай кемшіліктер оқуға да, жазуға да зиян келтіретіні сөзсіз.
Бастауыш сыныптарда фонетикадан берілетін мағлұматтар мен фонетикалық жаттығулар тек дұрыс жазу, емле үшін ғана пайдаланып қоймайды, сонымен қатар баланық әдеби тілінің нормасын сақтап оқуға үйренулері үшін де пайдаланылады. Оқу сабақтарында, баланық жауаптарында, әңгімелерінде байқалған орфоэпиялық қателер, теріс айтылған сөздер түзетіліп, сөз ішіндегі кейбір дыбыстардың құбылуы ескертіліп отырады. Тілімізге басқа тілдерден енген термин сөздердің дұрыс айтылуы да практикалық жаттығулар арқылы үйретіледі.
Оқушылар грамматикалық жаттығулар арқылы грамматикалық терминдерді анықтайды, индуктивтік жолмен есте қалдырады. Оқушыларға грамматикадан саналы терең, тұрақты білім беру жаттығу, дағдыландыру жұмыстары арқылы іске асады. Жаттығу нәтижесінде алған білімдерін практикада тез және дәл қолдана алу дағдысына үйренеді. Білім нақтыланып қана қоймайды, өз беттерімен жұмыс жасауға, талдауға, салыстыруға жұмыс жасауға үйренеді. Жаттығулар ауызша және жазбаша болады. Жаңа дыбысты, жаңа әріпті үйрету сабағының үлгісі.
Сабақтың тақырыбы: "н дыбысы мен әрпі"
Білімдік мақсат: "н" дыбысы мен әрпін үйрету, айырмашылығын білдіру, н дыбысы бар сөздерге дыбыстық талдау жасату, буынға бөлгізу. Сөз құрату.
Тәрбиелік мақсат: Тағамның ең асылы - нан ұғымын беру.
Нанды қадірлеуге, еңбекке баулу.
Дамытушылық мақсат: Өтілген дыбыстармен әріптерді қайталау, оқу дағдысын жетілдіру.
Көрнекілік: Кеспе әріп, кеспе буын, шартты белгілер, әртүрлі зат.
Әдісі: Ойын, сұрақ- жауап.
Тәсілі: Дыбыстық талдау-жинақтау.
Сабақтың барысы:
I. Дыбыспен таныстыру сабағы.
1. Бұған дейін өтілген дыбыстарды қайталау жаттығулары:
а) Өтілген дыбыстарды атату (а ,о ,я ,у ,й)
ә) Дауысты, дауыссыз екенін ажыратып, әріптерін қызыл және көк үйлерге орналастыру.
б)Кеспе буындардан сөз құрату: ай-ла, ой-ла, ана, ауа.
2. "Тапқышбектің олжасы" тақырыбында әңгіме
а) Тапқышбектің қоржынмен келуі. Сәлемдесу. Қоржындағы нан, хат туралы әңгіме.
ә) Ө. Тұрманжановтың "Нан қиқымын шашпаңдар", -деген өлеңі хат ішінен шыгады. Соны мұғалімнің оқып беруі.
Нан қиқымын шашпаңдар,
Теріп алып қастерлеп,
Теріп алып қастерлеп,
Торғайларға тастаңдар.
б) Оқылған өлең туралы сұрақ-жауап.
Балалар, бүгін бізге Тапқышбек үлкен олжа әкелді. Ол қандайолжа?
Ол - нан. Нан туралы өсиет сөз.
Нанды қастерлеу керек пе?
Дұрыс-ақ, қоқымын шашпау керек.
Баспау керек, қоқым нанды торғайларға тастау керек. Дыбыстың талдау-жинақтау.
Балалар, біз тағамның қай түрі туралы әңгімелестік?
Нан туралы айттың.
Нан деген сөзде неше дыбыс бар?
Үш дыбыс бар (н, а, н).
Таныс емес дыбыс қайсысы?
Н — дыбысы.
Қане, "Н" дыбысын айтайық (н...н...н...н).
Созып айтуға келе ме?
Созылып айтылады, бірақ көп соза алмаймыз.
Осы дыбысты айтқанда ауа қайдан шығып жатыр?
Ауа мұрыннан шығады.
Ауыз қуысынан еркін шыға ма?
Жоқ.
Ендеше Бұл қандай дыбыс деп ойлайсыңдар ?
Дауыссыз дыбыс.
- Дұрыс, балалар. Міне, мынау "н" дыбысының баспа түрі.
Бәрің өз кассаларыңнан "н" әрпін алықдар.
- "Н" дыбысын қай отауға кіргіземіз?
Көк отауға кіргізіп, қонақ етеміз.
І) - Балалар, енді біраз демалайық, сергиік. Мен сендерге ертегі қойып беремін, соны тамашалаңдар (қуыршақтармен инсцинировка).
"Нан жеп отырған егінші және қасқыр".
Адам, не жеп отырсың? -Нан.
Маған да нанықнан берші (жейді).
Түһ, қандай жақсы. Нанды қалай табасың?
Алдымен жерді жыртасың, сосын тырмалайсың.
Сонда нан бола ма?
Жоқ, сосын түқым себесің.
Сонда нан бола ма?
- Жоқ. Бидай көктемде жер бетіне шығады. Жазда піседі.
Сосын жеуге бола ма?
-Жоқ.
Оны орасың, баулайсың, маялайсың.
Енді нан болды ма?
Жоң. Бидайды бастырасың, диірменге апарып, ұн қыласың.
Сонда нан бола ма?
Сен асықпа,қасқыр,оның әлі жұмысы көп.
Түһ, тезірек нан болатын жолын айтсай.
Үннан қамыр ашытасың, сосын оны пісіресің.
Сосын нан бола ма?
Иә.
Бұл өте ауыр жұмыс екен.
г) Сергіту сәті.
Қане, балалар, диқанға егін егуге, оруға көмектесейік (Оқушыларды тұрғызып, қимылдар жасат, жер жырту, тырмалау, тұқым себу, ору).
Жоқ. Дұрыс балалар,оған әлі көп жұмыс керек.
д) - Енді балалар, орындарыңа отырып, екі "н" әрпін алықдар да, "нан" деген сөзді жазыңдар (балалар жазады, мұғалім тексеріп шығады).
- Дұрыс,балалар. Енді "нан" деген сөзді дыбыстық талдаумен, белгімен жазыңдар.
(Екі көк,бір қызыл).
ж) - Балалар, мен таңта алдына "а" әрпінен екеу, бір "н" әрпін қойдым. Осы үш әріптен қандай сөз жазуға болады?
А-на. Неше буын бар?
Екі буын бар.
Бірінші буын - а, екінші буыны -на. А буынын алып тастап, оқиық.
На,-на.
На деген сөз бе?
Жоқ, буын.
Мынау ненің суреті? -Нар.
Нар қандай түлікке жатады?
Түйенің бір түрі.
Нар сөзінде неше дыбыс бар?
Үш дыбыс бар (атату).
з) "Н" дыбысынан басталатын сөздер атату, намыс, нұр, Нариман,
II. Оқулықтағы "Ана" тақырыбына берілген сурет бойынша әңгіме.
Ананық бала тәрбиесіндегі орны туралы сұрақ-жауап бойынша әңгімелесу
ІІІ. Сөзжұмбақ шешкізу.
Алғашқы буыным,
Дауысты әріп бірімін.
Екінші буыным,
Түйенің бір түрімін.
Екеуін қоссаң қаттымын,
Жеміспін, өзім, тәттімін. (Анар).
IV. Ойын "Н" әрпі бар сөз айт.
V. Сабақты қорыту. Төмендегі сұрақтарға жауап алу.
Бүгін қандай дыбыспен таныстық?
Ол дауысты ма, дауыссыз ба?
Мына буынды оқы (на, но, ну).
Жоғалған дыбысты тап (на..., ... ар, а...н, ... на).
VI. Ана туралы ө лең жаттату " Бұл кім ? "
Еркелесем, күлімдейтін,
Ұрысқаны білінбейтін.
Маңдайымнан иіскеп менің,
"Құлыншағым, күнім", - дейтін. Бұл кім?
2-сынып. Қазақ тілі.
Сабақтың тақырыбы: "Зат есімді қайталау"
Білімділік мақсаты: Зат есімнен алған білімдерін пысықтау. Зат есімді сөйлем ішінен тауып, оған дұрыс сұрақ қоя білуге үйрету. Сауатты, таза жазуға дағдыландыру.
Тәрбиелік мақсат: Оқушыларды ұйымшылдыққа, ізденімпаздыққа, шығармашылықпен жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Дамытушылық мақсаты: Тапсырмаларды орындау арқылы оқушылардыңсын тұрғысынан ойлауын, дамыту, дәлелдеу, талдауға үйрету.
Көрнекілігі: үлестірмелі суреттер, топшамалар, плакат, т.б.
Сабақтың түрі: қайталау
Сабақтыңәдісі: сұрақ-жауап, "көрнекілік", "Топтастыру", "Галереяныаралау" стратегиялары.
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру бөлімі. (Оқушыларды берілген саны бойынша, 4 топқа бөліп отырғыздым).
I. Қызығушылығын ояту. "Ой қозғау". Білесіңдер "Кім? Не?" сұрағын, Сөйлемдегі ой иесі боламын. "Не істеді?" сұрағымен көркейемін, толамын (Жұмбақты оқушылар шешеді де, мына сұрақтарға жауап береді).
Зат есім дегеніміз не?
Зат есімге қандай сұрақтар қойылады?
Зат есімдерге мысал келтір.
II. Мағынаны. түсіндіру.
а) Әр топ берілген сұрақтарға бірнеше мысалдар жазып оқуы керек.
I топ. Кім? (Әнші, ақын, оқушы, дәрігер).
II топ. Кімдер? (Балалар, күйшілер, малшылар).
топ. Не? (Ауыл, мектеп, қоян, қалам).
топ. Нелер? (Дәптерлер, бақалар, үйлер).
ә) Суретті билет арқылы ойын. Әр топ оқушыларына сурет беріледі, оған сұрақ қойып атын атайды. Топтағы оқушылар ақылдаса отырып, қалаған бір суретке шағын әңгіме жазады, ішінен зат есімдерді табады, сұрақтар қояды.
Оқулықпен жұмыс. "Ой толғаныс":
I топ. 307-жаттығу (мақалды жатқа жазу).
II топ. 308-жаттығу (-шы, -ші жұрнағын жалғап жаз).
топ. 309-жаттығу (көшіріп жазып, зат есімдерді табу).
топ. 310-жаттығу (үлгі бойынша көшіріп жазу).
"Бес жол өлең" стратегиясы.
I топ. Тоқылдақ.
II топ. Түлкі.
III топ. Кітап.
VI топ. Абай.
Мұнда Оқушылар өз топтарымен бірігіп, ойланып, өлең шығарады. Ішінен зат есімдерді (жалңы және жалпы зат есімдерді) тауып ажыратады, оларға сұрақ қояды.
"КӨРНЕКІЛІК" стратегиясы
Әр топ плакатқа зат есімге байланысты сурет салады да, бір оқушы сөз табының суретін қорғап айтып шығады.
" ГАЛЕРЕЯНЫ АРАЛАУ" стратегиясы
Тақтаға ілінген суретті аралап қарап, оқушылар өз пікірлерін жазады.
Жұмбақшешу: "Ойтолғау".
Әр топтан бір оқушы жұмбақ айтады да, келесі топ оны шешіп, сөйлем ойлап айтады.
"Топтастыру" стратегиясы
III. Ой толғау.
Біз бүгін не үйрендік?
Зат есім туралы не білгеніңді айт.
Зат есімге мысал келтір.
IV. Үйге тапсырма. Ережені жаттау.
311- жаттығу. Зат есімді тауып, астын сызу.
V. Бағалау.
Достарыңызбен бөлісу: |