Ш. юлдошева, А. Нисанбаева



бет11/18
Дата05.11.2016
өлшемі3,38 Mb.
#1023
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   18

V. Қорытынды жұмыстар

Топшамамен жұмыс. Суретті топшама. 3-оқушыға.

- Енді, балалар, келесі тапсырмада суретті топшамалар берген. Сол топшаманы 3 оқушыға беремін. Тек қолдарыңды көтеріп отырыңдар. Бұл суретке қарап 1,2 сын есімі бар сөйлем құрасытырыңдар.

2-оқушыға топшама /ауызша/.

- Енді, балалар, сіздерге 2 топшамаауызша орындауға берген екен, кім алады? Шуламаймыз, өзім беремін.

1. Өлеңді оқып шығыңдар.
Жасыл бұтақ түбінде
Жатады өмір сыр бүгіп
Аппақ гүлдің түбінде
Қызыл алма тұр бұғып.

2. Сын есімдерді ата.
2-ші топшама.

1. Өлеңді оқып шығыңдар.
Қар ақ - Көмір қара.
Таубиік –Төбе аласа.
Алма тәтті — пияз ащы.
Жаз ыстық — қыс суық.

2. Қарсы мәндес сын есімдерді атаңдар.



  • Топшама берілген балалар топшамаларды дұрыс орындаса, қалған балапандарды қорғаған болады.

  • Енді топшама берілген балалар тапсырмаларын орындағанша біз ең соңғы тапсырмамызда не берілгенін қарайық.

  • Балалар мұнда сөйлемдер берілген. Осы сөйлемдердің ішінен сын есімдерді табу керек. Мен сіздерге осы сөйлемдерді оқимын. Сендер сын есімдерді атайсыңдар, тек қолдарыңды көтеріп.

/Сөйлем оқимын./

1. Көк ала қарбыз, сары ала қауын, шұбар ала асқабақтар төңкеріліп жатыр.

  • Осындағы сын есімдерді атаңдар. Ол қандай сөздер екен?

  • Көк ала, сары ала, шұбар ала.

2. Енді балалар, мен сіздерге сөздер беремін сол сөздерден сөйлем құраңдар.

  • Қызыл, тегіс, ашық, тәтті.

  • Енді суретті топшама алған балалар болған шығар.

  1. Марат ала добын алып ойнады.

  2. Асан - ұқыпты бала. Ол әдемі етіп жазады.

- Міне, сіздер тағы бір балапанды құтқардыңдар.

- Ауызша топшаманы болғандар бар ма ?



  1. Жасыл, аппақ, қызыл.

  2. Ақ - қара, аласа - биік, ащы - тәтті, ыстық - суық.

- Сіздер бір балапанды құтқардыңдар. Міне, балалар , сіздер "тапқыш" балалар атандыңдар. Өз білімдеріңді ортаға салдыңдар. Әрдайым осылай ат салысып жүрідер.

  • Енді балалар, үйге тапсырма алайық.

VI. Үйге тапсырма.

  • Балалар, үйге 263-жаттығу. Берілгеніне қарайық.

1. Өлеңді оқыңдар.

Гүлдер, гүлдер, шоқ гүлдер,

Қызыл гүлдер, көк гүлдер,

Тұра берші ырғалып,

Тұра берші нұрланып.


  1. Гүлдер - қызыл гүлдер, гүлдер - көк гүлдер деген сөздерді салыстырыңдар. Қызыл, көк сөздердің қандай сынын білдіреді?

  2. Заттардың сынын білдіретін қандай сөздерді білесіңдер?

- Балалар, бұл жаттығуды оқисыңдар, 2 гүлдің айырмашылығын айтып, салыстырасыңдар. Қызыл, көксөздері гүлдердің қандай сынын білдіреді соны атайсыңдар. Заттың түсін білдіретін тағы қандай сөздер бар, соларды айтасыңдар.

- Осымен біздің сабағымыз аяқталды.


Қош, сау болықыздар.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

1. Оқушыларға грамматикадан саналы білім беріп, қажетті дағды қалыптастыруда жаттығу жұмыстарының маңызы қандай?



  1. Жаттығудың қандай түрлері бар?

  2. Жаттығудың әр түріне сипаттама беріңдер.

  3. Жаттығу жұмыстарына қандай талаптар қойылады?

  4. Жаттығу кездейсоқ болмай, жүйелі орындалуы керек дегенді қалай түсінесіңдер?

  5. Лексикалық, фонетикалық, морфологиялық, синтаксистік жаттығуларға талдау жаса.

3-тақырып. Бастауыш сыныптарда оқушыларды грамматикалық талдауға үйрету

Тіл пәні мектепте оқылатын пәндер ішіндегі ең қиыны. Грамматика арқылы оқушылар тілдің құрылысын, заңдылықтарын үйренеді. Грамматиканы оқып үйренбей тұрып, сөйлеу мен жазу мәдениетін меңгеру туралы айтудыңөзі қиын. Ол жөнінде бастауыш мектеп бағдарламасында былай деп дұрыс атап көрсеткен: "Грамматикалық элементтермен" танысу үстінде оқушылар тілдік фактілерді бір-бірімен салыстыруды, жинақтауды, жүйелеуді, түйінді мәселені таба білуді меңгереді. Оқушылардың грамматикалық заңдылықтарды білуге құмарлығы артып, өздігінен еңбек ету дағдылары қалыптасады.

Қазақ тілін бастауыш сыныпта оқытудың басты әдісітілдік фактілерді бақылау және талдау. Бұл оқушылардың ойлау қызметін күшейтеді. Оқушылардан ереже мен анықтамаларды саналы түрде түсіну әрі есте сақтау талап етіледіл. Мысалы: жаңа тілдік құбылыстар бұрын өтілген тілдік құбылыстармен салыстырылып, олардың арасындағы құсастық пен айырмашылық белгілері айқындалады. Жаттығулар орындау арқылы тиісті ережені дәлелдеу, тұжырымдау жұмысы жүргізіледі. Сөйтіп, оқушы ережені білумен бірге оны өздігінен мысал келтіріп дәлелдеуге үйренеді. Бұл үшін мұғалім оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу қабілетін дамытып, өтілген тақырыптарынан өздіктерінен қорытынды шығара алатындай етіп қалыптастыру керек.

Осы орайда респуликамызда оқыту мазмұны жаңартылып, қазақ тілі оқулықтарының да сапасы жақсарып, әр түрлі формадағы жаттығулармен толықтырылды. Осындай оң нәтижелер мен игі істерге қарамастан, қазіргі уақытта оқушылардың білім деңгейінде кемшіліктер байқалады. Кейбір сапасыз өткізілген сабақтар, сол сияқты жаңа оқулықтармен сабақ беруде қолданатын оқу әдістемелік құралдардың аздығы да оқушының білім сапасының төмендеуіне әкеліп соқтырады.

Лингвистикалық талдау жөнінде зерттеулер, ғылыми еңбектер аз болғандықтан, мектепте оқушыларды грамматикалық талдауға үйрету әлі де дұрыс жолға қойылмағандықтан, біз курстық жұмыстың тақырыбын "Бастауыш сыныптарда оқушыларды грамматикалық талдауға үйрету" деп алдық.

Жалпы біздің тақырып бойынша көптеген ғалымдар зерттеулер жүргізген. Атайтын болсақ С. Желдірбаева, С. Рахметова, Қойшыбаева, С.Қазыбаев, т.б. өзінің "Лингвистикалық талдау" еңбегінде лексикалық, фонетикалық, морфологиялық, синтаксистік талдау түрлеріне толық сипаттама берген. Ауызша, жазбаша, толық және ішінара талдаулардың тиімділігін сөз еткен. Автор: "Бірде-бір тілдік тақырып жалаң талдау мен түсіндіруге көнбейді. Тек қана мұғалімнің іскерлігі мен білімділігі ғана бір-бірінен ажыратып, бір-бірімен байланыстырып дәлелді ұғындыруы да мүмкін", - дейді.

"Бастауыш сыныптарда Қазақ тілін оқыту" атты еңбегінде С. Қазыбаев жоғарыдағы талдау түрлерімен қатар, орфографиялық талдаудың да тиімді түстарын көрсеткен. Грамматикалық талдау ұғымы мен түрлері:

Әр халықтың ең басты игілігі ұлттың жаны, оның тілі екендігі белгілі. Ұлттың болашағы тілінің дамуымен, оның қоғамдық қызметімен, қолдану аясының деңгейімен тығыз байланысты. Сондықтан да қазіргі таңда ұлттың ұлттығын, тұрақты қауымдастығын аңғартатын негізгі белгі - тілді сақтап қалуды оның қолдану аясын кеңейту шарасы ғана емес, мемлекеттік тіл статусын алған қазақ тілінің мәртебесін көтеру, ата-бабамыздан қалған асыл мұраларды өз тілімізде оқып-үйрену, зерттеу жұмыстарын өз дәрежесіне жеткізу мәселесі көтерілуде. Алдымызда тұрған мұндай күрделі міндетті шешуде қазақ тілін оқып-үйренуді дұрыс жолға қоюдың ең негізгі сатысы болып табылатын бастауыш мектептің орны ерекше. Өйткені, бастауыш мектеп сатысына бала 6 жастан қабылданады. Бұл уақытқа дейін мектепке дейінгі мекемелерде берілетін тіл дамыту жұмыстары мен аздаған сауат ашу дайындыңтарын қоспағанда, балдырғандар, негізінен оқу мен жазуға дағдыланбай келеді.

Грамматикалық категориялардың табиғатына сай әдістер мен тәсілдемелер қолданылып отыратыны белгілі. Қазақ тілі бөлімінің әрбір тараудағы тақырыптар бір-бірімен үнемі тығыз бірлікте болады. Оны тек қана талдау, дәлелдеу жұмыстары жүйелі жүргізілгенде ғана оқушының қызығушылығын тудырып, ынтасын арттырады. Өздері күніне сан рет қолданып, айналымда жүрген сөздер мен сөз тіркестерін талдау кезінде жаңа қырынан таниды. Сондықтан әрбір оқушы ереже жаттамай, түсініп оқып, мысалдар келтіру арқылы дәлелдеп, жазбаша түрде де, ауызша түрде де талдай берулері керек. Грамматикалық талдау жалпы түрде де, белгілі бір тақырыпқа байланысты жеке де, сондай-ақ ауызша, жазбаша түрде де жүргізіледі. Ауызша талдауда балалар бұрын оқылғандарға тоқталады, сөйлемдегі грамматикалық формаларды көрсетеді, оқытушының сұрауларына жауап береді, өз бетімен мысалдар келтіреді. Ауызша талдау арқылы оқушылардың ойлауы мен сөйлеуінің жүйелілігін, сөздерді қолдана білуін, сөз байлығын байқауға мүмкіндік туады.

Жазбаша талдауда балалар жазылған мәтіннен грамматикалық форманық астын сызады немесе оларды айырып жазады, тиісті формаларын көрсетеді, сұраулар қояды, т.б. Талдаудың бұл екі түрі де пайдалы. Жазбаша талдау тақтаға, оқушының дәптеріне түседі. Жіберілген қатені, жазу емлесінен кеткен қатені, оқушы каллиграфиясын түзету үшін де жазбаша талдау пайдалы. Мұғалім әр түрлі жазбаша талдау жасатып оқушыларды жан-жақты бағалауға да қол жеткізе алады. Мазмұн жағынан талдауды лингвистикалық және аралас талдау деп, көлемі жағынан талдауды толық не ішінара талдау деп бөледі.

Лингвистикалық талдау - тіл ғылымының тарауларына, бөліктеріне талдау. Оның өзі фонетикалық, морфологиялық, синтаксисттік, лексикалық және орфографиялық талдау болып бөлінеді. Бастауыш сыныптарда грамматикалық талдауға(фонетикалық, морфологиялық, синтаксистік, орфографиялық) үйретеміз. 1-сыныптан бастап балалар грамматикалық жаттығуларды орындай отырып, талдауға үйренеді.

1-сыныптың әліппе оқулығы - көпдеңейлік, дамыта оқытылатын, ұлттық ерекшелігі бар, дәстүрлі мектеп деңгейіне арналған төл оқулық.

Әліппе кезеңі сауат ашудың ең негізгі бөлігі болып саналады, өйткені тілдегі дыбыстар мен олардың әріптерін жеке-жеке таныту, оқуға үйрету, әріптердің баспа және жазба түрлерін салыстыра отырып меңгерту, сөз-дерді, жеңіл сөйлемдерді дұрыс жазуға үйрету жұмыстары осы кезеңде жүзеге асырылады, әрі бұған уақыттың да негізгі бөлігі беріледі.

Сауат ашудың негізгі объектісі - сөз. Балаларға сөздің дыбыстың құрылысы туралы түсінік беріп, әріп танытамыз, әуелі буындап, содан сөзді, тұтас сөйлемді дұрыс оқуға үйретеміз, сауатты жазу негізін қалыптастырып, балаларға сөзді айтып, оны оқып, оны жазуға баулимыз. Жазуды ауада жазып үйретіп, дыбыстық талдау жасаймыз. Буын оқумен қатар меңгеріледі. Буындап оқи отырып, буындап жазуға үйренеді. Сауат ашу кезеңінде талдау-жинақтау кең қолданылады. Талдау және жинақтау - сөз ішіндегі дыбысты танудың бірден-бір жолы. Сауат ашу тарихындағы дыбыстық талдау-жинақтау әдісін ағартушы педагог Ы.Алтынсарин орыстың ұлы педагогі К.Д.Ушинский тәжірибесінен алып, өзінен кейінгі мектептерге тиімді әдіс ретінде ұсынған болатын.

Әліппе оқулығын аяқтаған әрбір бала дыбыстың тал-дау жасай білуі керек. Мысалы "Н" дыбысы мен әрпін таныту үшін алдымен талдау әдісін қолданамыз. Сол төмендегідей жұмыс түрлері жүргізіледі.

Ана бейнеленген суретті көрсетіп, атын атау. Мұғалімнің ана деген сөзді анық, буындай айтуы. Оқушылардың алақанын иек астына қойғызып, мұғаліммен бірге қосылып, ана сөзін айтқызу. 3-4 балаға жеке-жеке осы сөзді созып айтқызу; неше бөліктен, яғни буыннан тұратынын және әр буынды жеке атату.

Таныс емес дыбыс қай буында екенін тапқызып, сол буынды мұғалімнің, содан кейін оқушылардың созып айтуы: на.. на..

Жаңа дыбысты бөліп атау нн, нн, нн.

Артекуляциялық жаттығу жасату (тіл алдының таңдайға жабысуынан).

Неліктен дауыссыз дыбыс болып тұрғанын айтқызу. Себебі ауа мүрыннан шығады, тіл таңдайға жабысып, ауанық өтуіне кедергі жасайды, ауа ауыз қуысынан кедергіге ұшырап, өте алмайды. Н дыбысының таңбасын көрсету, қима әріптерден баспа түрін тапқызу, қалташықтарына салғызу.

Дыбыс пен әріпті анық танытып, толық меңгеру үшін тек талдау ғана емес, артынша жинақтау әдісін жүргізу керек. Жинақтау әдісі оқушы білімін онан әрі тиянақтап, есте сақтауын қамтамасыз етеді. Енді "н" дыбысы мен әрпіне байланысты жинақтау жұмысының бары-ына тоқталайық.


  • Нанның суретін көрсету, атын атату. Оқушыларға алфавиттік текшеге "н" әрпін орналастыру.

  • "на" буынын оқытып, нан сөзі шықты ма, жоқ па соны сұрау.

  • "на" буынына тағы қандай әріп тіркеу керектігін сұрау, сол "н" әрпін текшеге салдыру, шыққан сөзді тұтас оқыту.

  • Нан сөзі шығу үшін неше дыбыс аталғанын, жазған-да неше әріп кәріп отырғанын сұрап, бекіту.

  • Жазған сөздерін буындатып оқытып, бір буынды сөз екенін ұқтыру.

Қорытындылай келгенде, талдау-жинақтау әдісімен төмендегідей көптеген жұмыс түрлері жүргізіледі.

  1. Кез келген дыбысты сөз ішінен талдау әдісімен бөліп алып, созып айту.

  2. Дыбыстың артикуляциясын байқатып, дауысты не дауыссыз екенін ажыратқызу.

  1. Дыбыстың тұрған орнын таныту үшін сөз басындағы не аяғындағы дыбыстарды түсіріп айтқызу, не осы әріптерді тіркеп қойғызу.

  2. Жуан және жіңішке дыбыстар мен әріптерді салыстыра отырып, өтілетін дыбыс, әріп ерекшелігін таныту (ұн-үн, доп-топ, тыс-тіс, т.б.).

  3. "Жоғалған буын" , "Жоғалған әріп", "Менің орным қайда?", "Адасқан әріптер", т.б. ойындаройнау арқылы білімді білікке айналдыру.

  4. Дыбыстың орнын ауыстырып, жаңа сөздер жасату (бала-қала, дала, шала, кеше, кесе, шеше, апа, аға, ара, аса).

Сауат ашу жұмысы бірінші жарты жылдықта аяқталады. Бұл ретте баланы қысқа мерзім ішінде сауатта-дыра отырып, олардың сөздік қорының мол болуы, тез арада көп сөз оқу, жазу мүмкіндігіне ие болуы көзделіп, буындап және біртіндеп тұтас оқу әдісі басшылыққа алынады.

Жаңа дыбыстармен таныстырғанда өтілген дыбыстарды пысықтау әрі оларды жаңа дыбыспен байланыстыру үшін сөздер жүйесі белгілі бір алгоритм бойынша түзілуі керек. Мұның ішінде ұлтымыздың тарихын, мәдениетін, өнерін, т.б сипаттайтын шүұайлы сөздерді жаңғыртып, олардың мағынасын балаға саналы түрде ұғындыру үшін сөздік жұмысьш жүргізіп отыру қажет.

Бірінші сыныптың екінші жарты жылдығында тіл және оқу материалды кешенді-интегративті оқытылады. Бастауыш сыныптағы сауат ашу үрдісінен кейін оқытылатын қазақ тілі бағдарламасы мынадай бөлімдерден тұрады."Тіл және сөйлеу","Дыбыс және әріп".

"Сөйлем", "Сөз", "Сөз таптары"

Балалар ана тілі дыбыстарының ерекшелігін мектепке дейін-ақ сөйлеу практикасы арқылы едәуір меңгерген болады. Бірақ олар жеке сөзді, әрбір дыбысты саналы түрде ажыратуды білмейді. Әліппені өту кезінде сөзді, буынды талдау жолымен дыбыстарды ажыратып үйренеді. Сонда да тіл дыбыстарының бір-бірінен өзгешілік белгілерін толық тани қоймайды. Сондықтан Қазақ тілі сабағында оқушылардың айтылган дыбыстарды дұрыс тыңдай білуіне, сондай-ақ жеке дыбыстар мен дыбыстар тізбегін дұрыс айта білуіне ерекше мән беріледі. Ал мұны білудің сауат ашу үшін де, грамматика мен емлені жетік меңгеру үшін де, сөйлеу, жазу, тіл дамыту үшін де маңызы зор.

"Дыбыс және әріп". Бұл туралы алғашқы түсінік сауат ашу кезінде-ақ беріледі. Дыбыстардың фонемалық қасиетіне ерекше назар аударылады. Оқушылар әр дыбысты дұрыс таңбалай, дыбыстай білуге дағдыланады. Дауысты, дауыссыз дыбыс, дауыстылардың жуан, жіңішке болып келетіні, дауыссыз дыбыс түрлері, олардың емлесі, туралы түсінік алады. Буын, тасымал жайында білім алады.

Әрбір халықтың дыбыстық жүйесін, тіл дыбыстарының жасалу ерекшеліктерін, өзгешелігін, оқылу, жазылуын зерттейтін бөлімі - фонетика деп аталады. Қазақ тілінің фонетикасын практикалық жолмен оқыту 1-сыныптан басталады.

Сондықтан, біздер, болашақ мұғалімдер алғашқы "а" дыбысын үйреткен күннен бастап, әр дыбыс қалай аталады, қалай аталады дегенді практикалық жолмен дұрыс түсіндіріп, үнемі қадағалап отырар болсақ, сынып жоғарылаған кезде де оны оқушылар ұмытпайды. Әліппедегі "а" дыбысын алғаш таныстырғанында:


  1. а-а-а...созылып айтылады;

  2. а-а-а...ауыз қуысы кең ашылады;

  3. а-а-а...ашың, анық естіледі;

  4. а-а-а...жуан естіледі;

  5. а-а-а...а-ны айтқанда тілдің ұшы сәл кейін жиырылады.

Сол себепті "а" дауысты дыбыс дейміз. Яғни, барлығын дыбыс артикуляциясымен көрсетіп, бірнеше балаға қайталатып, хормен жаттықтырып, әр түрлі жұмыс түрін ұйымдастырады. Көрнекілігімен, мысалмен, техникалық құралдармен жұмыс жүргізе білсе, ойнатып отырып ойландырса, балалар тіл дыбыстарының оқылу, жазылу, айтылуын, жасалуын ұмытпайды.

Балалар біздің күн сайын сөйлеп жүрген сөздеріміз тек қана осы 37 дыбыстың сан рет қайталанып келіп, сөз жасап жатқанын сол бастауыштан білуі керек.

Оқушы ұғымына жүйелі түрде қалыптасатын жұмыс түрлері ешқашан ұмытылмай, біліміне білім қосып, қызықтыра түседі.

Алфавитті өткен кезде оны есте қалдыру үшін мынадай жұмыс түрлері жүргізіледі:



  • Алфавитті жатқа жазу. Тақтаға екі оқушыны қатар шығарып, біріне "А"-дан "М"-ғадейін, екіншісінен "М"-дан "Я"-ға дейін ретімен жазғызу:

  • Ауызша алфавитті ретімен айтқызу:

  • "Орныңды тап" ойыны арқылы оқушыларды алфавиттік қатарға қосу.

  • Кітапханашымен әңгіме (алфавитті реттіліктің пай-дасы туралы).

  • Жан-жануарлар дүниесіне, географиялық атауларға, өсімдіктер дүниесіне арналған алфавиттік карталар жасату.

Осылайша әрбір дыбыс пен әріптерге байланысты жүргізілетін талдаулар оқушылардың ойлауы мен сөйлеуін бірдей дамытады.

Оқушылар дауысты, дауыссыз дыбыстардың қалай жасалып, қалай айтылатынын түсініп меңгерсе, келесі тақырыптарды түсінуіне оқай жол ашылады. Мұғалім әрбір дыбысты артикуляциясымен өзі жасап, айтып, дәлелдеп тұрса, дыбысты жеке де, сөз ішінде де талдау дәрежесіне көтере алса, жаттығуларды түрлендіріп жүргізе алса ғана жұмыс жемісті болады.

Тілдегі дыбыстардың құрамын, жасалу, жүйеленуін игергеннен кейін дауысты дыбыстардың буын құрайтыны жалғасады. Сөзді буынға дұрыс бөлу жазуда да, оқуда да, салауаттылыққа үйретеді. Сөзді буындап үйрену арқылы жазып келе жатқанда сөз жолға сыймай қалғанда дұрыс тасымалдауға болады. Сөйлемдегі сөздерді түгел буындап, талдағанда сызықша арқылы бөлінеді. Дауысты дыбысты созып оқыса, буынмен екінші буын араласып, Оқуда, жазуда, тасымалдауда қате кетеді. Мысалы: Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін, деген сөйлемді алсаң: Мен - бір буынды сөз, тасымалданбайды. Жаз-баймын, жазбай-мын, жаз-бай-мын - үш буынды сөз, екі жолмен тасымалданады;

Ө-леңді, өлең-ді - үш буынды болғанмен, бір жолмен ғана тасымалданады;

Ер-мек - екі буынды болғанмен, тасымалдауға келмейді, себебі у жалаң.

Жалпы фонетикалық талдауға дыбыстық, буын құрамына талдау, буын түрлеріне, дыбыс үндестігі мен буын үндестігіне қарай және екпін қойып талдау кіреді. Фонетикалық талдауда балалар дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажыратады, жазылған сөздердегі дауысты, дауыссыз дыбыс әріптерінің астын сызып қояды, сөздің ауызша және жазбаша буын жігін, дыбыс құрамын айтады. Сөздердегі жеке-жеке дыбыстарды мұлтіксіз айыра білу арқылы әріп қалдырмай жазуға тәсіледі. Фонетикалық тақырыптарды толық игергенде толық талдау жасатып, оқушы білімін бекітуге болады. Толық талдауға білімділік, тәрбие мәні бар тұтас сөйлемдер алынып талданады. Толық талдау дегеніміз - сол тақырыптан алған білімді жинақтау, жүйелеп дәлелдеу. Оқушы толық талдауды жүргізгенде әуелі тұтас сөйлемді буындап оқып, буындап жазады. Тасымалдау үлгісін көрсетеді, асты сызылған бір сөзге толық дыбыс құрамына талдау жасайды, дыбыс үндестігі мен буын үндестігіне бағынып және бағынбай тұрған сөздерді дәлелдейді, екпін түсіреді. Оқушы берілген сөзге дыбыстың талдау үшін берілген сөзді жазады, сөзде қанша буын барын анықтайды, сөзге неше дауысты, неше дауыссыз дыбыс барын жазады, дыбыстарды түрлеріне қарай ажыратады. Үлгісі: "же-міс" сөзі. Же-міс 2 буын, 5 әріп, 2 дауысты, 2 дауыссыз бар, ж-дауыссыз, ұяң; е-дауысты, жіңішке; ж-дауыссыз, үнді; і-дауысты, жіңішке; с-дауыссыз, қатаң.

Негізінен, оқушыларға толық талдау жасату үшін екі-үш сөзден тұратын фонетикалық талдау жасатып, жинап алады. Мұғалім сол арқылы кіммен әлі де көбірек жұмыс істеу керектігін анықтап біледі.

Фонетикамен тығыз байланыста жүргізілетін келесі талдау түрі - морфологиялық талдау. Морфология - (грек тілінен аударғанда түр, ұғым, ілім) жеке сөздерге қатысты грамматикалық мағыналарды тексеретін ғылым. Сөздің формасы, мағынасы, қызметі сөйлемде айқын ашылатындықтан, морфология сөздің морфологиялық құралын, түрлерін, жасалу тәсілдерін, лексика-грамматикалық сипаттарын айқындау деп есептейді. Морфологияның анықтауынша, қазақ тіліндегі сөздер морфологиялық құрамы жағынан түбірден, қосымшадан тұрады. Түбір сөздің түпкі мағынасын білдіреді, жалғанатын әр қосымша түбірге өзіне тән мағына үстейді. Сөзде түбір - біреу, қосымша бірнеше бола береді. Қосымшалар түбірге бірінен соң бірі тіркесіп, жалғана беретіндіктен, қазақ тілі жалғамалы тілге жатады. Қосымшалар жалғау, жұрнақ болып екіге бөлінеді. Морфологиялық түрлері мен жасалу тәсілдеріне қарай түбір сөз, біріккен сөз, қос сөз, тіркес сөз, қысқарған сөз болып келеді. Морфологиялық талдауда ауызша сөйлемдердегі затты, заттың белгісін, қимылын көрсететін сөздерді тапқызу, жазбаша мәтіндегі сондай сөздердің астын сызғыз. Олардың сұрауларын ауызша, жазбаша қойғызу сияқты жұмыстар жүргізіледі. Оқушылар сөйлем мүшелерінің қай сөз табы екенін және олардың формасын жекеше, көпше, септік, тәуелдік, жағы, шағын айырады.

Морфологиялық талдау негізінен сөз таптарына талдау және сөз құрамына талдау болып табылады. "Сөз құрамы" тақырыбы - бастауыш сынып оқушылары үшін ерекше мәні бар әрі қиын мәселе. Сөздің мағыналы, бөлшектерінің ұғымын жетік меңгеру процесі оқушылардың абстракциялы ойлауының дамыуын, тіл факті-лерін баңылап, оған талдау жасай алуын және мұғалімнің жетекшілігі арқылы өздігінен қорытындыға келе білуін талап етеді. Сөздің мағыналы бөлшектері морфемаларды оқып-білудің, толық меңгерудің маңызы зор.

Себебі, сөздің морфологиялық құрамына талдау жұмысы және жаңа сөз жасау жаттығулары Оқушының логикалық ойы мен тіл байлығын дамытады. Сөз құралын зерттеу оқушының орфографияны толық меңгеруіне, сауатты жаза білуіне негіз болады. Сөз құралын меңгеру мен сөз жасау тәсілдеріне жаттықтыру, оқушының сөз тануға деген ынтасын оятады. Сөздің мәнін терең түсініп, дұрыс қолдана білуге, сөз мағынасы мен формасының ара қатынасына зейін аударуға дағдыландырады.

Жаңа бағдарлама бойынша "Сөз құралы" тақырыбы 2-сынып түбір, қосымша, жалғау, жұрнақ, 3-сынып туынды сөз, 4-сынып біріккен, қысқарған сөз, қос сөздер деген грамматикалық ұғымдар меңгертіліп, олардың мағыналары, жасалу жолдары, жазылу емілелері үйретіледі.

Жалпы бастауышта сөз құрамына талдау мына түрде жүргізіледі.



  1. Оқушылар түбір сөзді табады. Ол үшін сөзге сұрақ қойып, оның өзгермейтін мағыналы бөлігін анықтайды. Оған мынадай белгі қояды Күйші.

  2. Жұрнақты табады. Ол түбір сөзден кейін келіп, жаңа сөз жасайды. Оған мынадай белгі қояды Күйші.

  3. Жалғауды табады. Ол түбір сөзге де, жұрнақтан кейін де жалғанады. Жалғауға мынандай белгі қояды.

□ Күйшілер. Сөз құрамын оқыту, сөз құрамына талдау, Оқушының сөздік қорын байыту анатілінің офоэпиялық және орфографиялық нормаларын меңгерту жұмыстарымен бірлікте, тығыз байланыста жүргізіледі. Сөздердің морфологиялық құрылысын балалар жай бөлшекпен көрсетіп қоюларына да болады.

Сөз

Түбір

Жалғау

Жұрнақ


Біздер

біз

-дер

-

қалаға

қала

-ға

-

Машинамен

машина

-мен

-

Тез

Тез


-

-

жетгік

жет

-тік

-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет