САУАТ АШУ ЖӘНЕ ТІЛ ДАМЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
1-тақырып. Сауат ашудық мақсаты мен міндеттері
Мектептегі оқыту процесінің сауат ашудан басталатыны белгілі. Сауат ашу жұмысының негізгі міндеті оқу мен жазуды үйрету. Осы сауат ашудан жас үрпаққа білім негіздерін меңгерту мен адамгершілік тәрбие берудің іргетасы қаланады. Білім берудің негізгі бағыттарына қойылатын талаптардың аса күрделісі жеті жастағы балаларды сауаттандыру мәселесі болып табылады. Себебі, сауат ашу кезінде оқушылардың оқуға, ой еңбегіне бейімділігі, ынтасы қалыптасуы керек. Алғашқы оқу барысында мынадай ерекшеліктер ескеріледі:
оқу жылының бірінші жартысы толығымен сауат ашуға беріледі;
сабақ үстінде әрбір 10-15 минут сайын қимылды ойын тұрінде сергіту минуттары өткізіліп отырады;
баланың оқуға деген ынтасы мадақтау, мақтау, көңілдендіру сияқты әдіс-тәсілдер арқылы арттырылады;
үйге тапсырма берілмейді;
апта ортасындағы бір күн жеңілдетілген сабақтарға арналады;
Сауат ашу аса күрделі де жауапты міндет. Оны ойдағыдай жүзеге асыруда атқарылатын жұмыстар сан алуан. Олардың негізгілері мыналар:
1. Балаларды мектепте сауат ашуға даярлау;
Сөйлеу тілінің дыбыстық ерекшеліктерін меңгерту арқылы сөздердегі дыбыстарды айқын естіп, оны айтуға үйрету;
Оқушылардың жалпы ой-өрісін дамытып, ойлауға, байқағыштыққа тәрбиелеу;
Балалардың сөйлеу тілін жетілдіру, сөздік қорын байыту, сөйлемдерді дұрыс, дәл жеткізе білуге үйрету;
Сөзді жеке дыбыстардан құрап, ежіктемей, дұрыс буындап түсініп, оқуға, одан әрі сөзді тұтас оқуға дағдыландыру;
Дыбыстарды әріппен дұрыс таңбалауды жете меңгерту арқылы жазудық каллиграфиялық талаптарын сақтап, әріптерді үзбей және сөз ішіндегі байланысу тәсілдері бойынша, сөзді тұтастыра жазуға үйрету; жеке сөздерді, сөйлемдерді көшіріп және естігенін жаза білуді жетілдіру;
Сөйлемдегі сөздердің айтылуы мен жазылу ерекшеліктерін меңгерту;
Сауат ашу кезінде жүргізілетін тіл дамыту жұмыстарының өзгешелігі оқыту ісі, талдау және жинақтау процесінің бірлігінен тұратындығында.
Сауат ашудың негізгі мақсаты-оқу дағдыларының негізін қалау, тыңдауға, айтуға, жазуға үйрету, балалардың сөздің дыбыстық құрылысы туралы түсінігін қалыптастыру, әріп таныту, әуелі буындап, содан соң тұтас сөзді, сөйлемді, мәтінді оқуға үйрету, сауатты жазудың негізін қалыптастыру, өз бетінше оқуға, кітапқа қызығушылығын ояту, ауыз екі тілін дамыту.
"Әліппеге" дейінгі кезең де, негізінен, оқушылардың бұрыннан қалыптасқан сөйлеу дағдыларына сүйеніп, оларға мәтіннен сөйлемді, сөйлемнен сөзді, сөзден дыбысты бөлгізу жұмыстары жүргізіледі. Бұл кезең де балалардың, тілін дамыту, сөздерді байланыстырып сөйлету арқылы іске асырылып, оларға сөйлем, сөз, буын, дыбыс туралы түсінік беріледі.
"Әліппеге" дейінгі кезең де заттарды тегіне, тұріне, т.б. белгілері бойынша балалардың сөздік қоры жүйеленеді. Бұл кезеңдегі басты міндет оқушыларға байланыстырып сөйлеу дағдысы арқылы оларға сөйлемнің, сөздің, дыбыстық ерекшеліктері туралы ұғым беру.
Даярлық кезеңі-сөйлеммен танысу: сөйлеуді-сөйлемдерге, сөйлемді сөздерге,-сөздерді буындарға,- буынды дыбыстарға бөлуді үйрету, яғни, талдау жинақтау әдісі арқылы жүргізіледі.
Дыбыстар, олардың рөлі, дыбыстық құрылысы әр түрлі сөздерді талдау, дауысты және дауыссыз дыбыстар, олардың естілуі мен айтылуындағы ерекшеліктер, жуан және жіңішке, дауыссыз дыбыстардың, айтылуымен естілуіндегі ерекшеліктер.
Қолды жазуға дағдыландыру: сурет салу, сызықтарды сызу, ою-өрнек, имек жиектер жасау, ирек сызықтар сызу, кіші әріптердіңэлементтерін жазу, жазу техникасының ережелерімен танысу, әріп элементтерін сызық бойымен жазу, жазу кезеңі нде дұрыс отыру, дәптер бетін бағдарлау, т.б.
"Әліппені" оқу кезеңінде оқушылардың нақтылы дыбыстарды оқытып,таңбасын жазуға үйретуде, сөздік жұмыс бірінші кезекке шығады. Сөздік жұмысын ұйымдастырудың басты принципі оқушылардың лексикалық материалды меңгеріп, оны сөйлеу тілінде қолдана білу. Сөздік жұмысын жүргізудің ұтымды жағы оқушыларға жаңа сөзді меңгертуде сөзді зат есім, сын есім, есімдік формасындағы сөйлемдерден беру. Мысалы: Бұл үй. Бұл үлкен үй. Бұл қызық кітап, т.б. Сөздік жұмысы сабақта арнайы сабақ болып жүргізілмейді, сабақтық барлық кезеңі нде жүргізіледі. Әліппені оқытқанда, кезінде оқушылардың жалпы ой-өрісін, тілін дамытуға арнайы көңіл бөлінеді. Бұл кездегі тіл дамыту үш түрлі салада жүргізіледі: сөздік жұмысы, сөйлем құрастыру, байланыстырып сөйлеуге үйрету. Сөздік жұмысын жүргізуде екі түрлі мақсат алға қойылады: бірі оқылған сөздің мағынасын түсіндіру, сол арқылы оқушыларды саналы оқуға баулып, ойлау қабілетін жетілдіру, екіншісі жаңа сөздер үйрету арқылы оқушылардың сөздік қорын дамыту. Сөйле дұрықұрылған сөйлемдер мен жүйелі айтып немесе жазып баяндауға даярлайды.
2-тақырып. Сауат ашу сабақтарына қойылатын негізгі педагогикалық талаптар
Сабақ барысында сауат ашуға байланысты аса қажетті педагогикалық талаптар мұқият орындалуы тиіс. Ондай талаптардың негізгілері мыналар:
1. Мұғалітнің сөзі, оқу материалдары баланың жас ерекшелігіне сай түсінікті болуы тиіс. Оқу материалдырының бәрі де бала үшін өте жеңіл болу керек. Оқыту барысында - балаға шамасы жетпейтін аса қиын тапсырмаларды ұсынбау.
Сауат ашу кезеңіндегі негізгі оқу материалдары: жеке сөздер, сөз тіркестері, шағын сөйлемдер. Сөз балаға таныс және дыбысталу жағынан жеңіл болса, оны оқу да, жазу да қиын болмайды. Оқушыларға сауат ашу кезеңінде нақты ұғымды білдіретін сөздер ұсынылады.
2. Көрнекілік. Сауат ашу сабақтарында қойылатын негізгі педагогикалық талаптардың бірі - көрнекілік. Бұл - бастауыш мектептің тәжрибесінде бұрыннан қолданылып келе жатқан дәстүрлі әдіс. Бастауыш сыныптарда сабақтардың бірде-біреуі де көрнекіліксіз өткізілмейді. Сауат ашу сабақтарында қолданылатын қима әліппе мен кестелер, схемалар, ойыншыңтар, түрлі заттың үлгілер, плакаттар, оқу-техникалық құралдар, түрлі дидактикалық материалдар сабақ сапасын арттырады.
Көрнекі құралдарды тиімді пайдалану - мұғалімнің шеберлігі мен шығармашылық жұмыс жүргізу дәрежесіне байланысты.
3. Оқу материалдарының білімділік және тәрбиелік мәні. Сауат ашу сабақтарында оқушылардың жалпы білімін, ой-өрісін дамытуға аса қажетті мағлұматтармен тәрбиелейтін оқу материалдары ұсынылады.
Талдауға арналған жеке сөйлемдер мен сөздер білім мен тәрбие беру талаптарына сай болуы керек.
4. Жеке-дара жұмыс. Әрбір оқушымен жеке-дара жұмыс - сауат ашу жұмысына қойылатын басты талаптардың бірі. Мектепке балалар түрлі дайындыңпен келеді. Ойыннан мектептегі ой еңбегіне ауысңан балалардың өзіндік ерекшеліктерін мұқият есепке ала отырып, мұғалім әрбір оқушымен жеке жұмыс жүргізеді. Онсыз мектеп бағдарламасының барша балаға бірдей білім беру талабын ойдағыдай орындау қиын болады.
Сұрақтар мен тапсырмалар
Қазақ тілі әріптері мен дыбыстарына сипаттама.
Сауат ашу кезеңінде дыбыс пен буынды меңгерту жолдарын көрсет.
Сауат ашу кезінде оқытудағы міндеттер мен талаптарды ата.
Сауат ашу кезеңінде оқыту мен тәрбие қалай жүзеге асырылады?
Сауат ашу жұмысының даму кезеңдері.
Талдау, жинақтау әдісі қалай жүргізіледі?
Талдау, жинақтау әдістеріне мысалдар келтір, сабақ жоспарын жаса.
3-тақырып. Бастауыш сыныптарда сауат аштырудың әдіс-тәсілдері
"Әліппе" - көп деңгейлі, дамыта оқытылатын, ұлттың ерекшелігі бар, дәстүрлі мектепке арналған төл оқулық.
Тіл пәнінің жаңа мазмұны мен дамытушы қасиеті сауат ашу кезеңінен басталады. Оқу мазмұны мен бағдарламасы дамыта оқыту мақсатын көздейді. Дамыта оқыту оқушылармен шығармашылық түрде жұмыс жасауға үйретеді, әроқушыны ізденіске жетелейді.
Дамыта оқытудың түпкі мақсаты — пәнді оқытудың тиімді әдістерін, түрлерін таңдап пайдалануға негізделеді. Осы орайда әліппе, ана тілі, қазақ тілі оқулықтары көп деңгейлі, дамыта оқылатын жаңа білім мазмұны мен
ұлттық ерекшелігі бар дәстүрлі мектеп деңгейіне арналған төл оқулықтарымыз жаңа болып табылады.
«Әліппе» психология, педагогика, лингвистика ғылымы пәндерін басшылыққа алады.
«Әліппенің» оқыту мынадай кезеңдерден тұрады.
1 кезең: «Әліппеге» дейінгі кезең -2 апта, 14 сағат.
2 кезең: Сауат ашу кезеңі-98 сағат.
Оқу материалдары осы кезеңдердің ерекшелігіне қарай орналасқан.
Әліппеге дейінгі дайындық кезеңі
"Әліппеге" дейінгі кезең - сауат ашуға даярлық кезеңі. Оқушының жақсы сауаттылығы осы кезеңде жүргізілетін жұмыстардың тиімділігіне тікелей байланысты.
Даярлық кезеңге оқу бағдарламасы бойынша 14 сағат бөлінген. Осы аз уақыт ішінде мұғалімге коптеген жұмыс атқаруға тура келеді. Партада дұрыс отырып, дәптерді, қаламды дұрыс ұстап, дұрыс пайдалануға, мектеп ережелері мен күн төртібін орындап, мұғалімнің айтқанын мұқият тыңдауға, дұрыс сөйлеуге, "сөйлем, сөз, буын, дыбыс" ұғымдарын ұқтыратын, үйрететін кезең. Әліппеге дейінгі кезең жұмысын өткізу - мұғалімнен үлкен кәсіби шеберлік пен ізденісті талап етеді.
"Әліппеге" дейінгі кезеңнің оқу материалдары бала өмірімен байланыстыра ұсынылған. Негізгі тақырыптар: "Мектеп", "Мектеп мүліктері" "Оқу-құрал жабдықтары", "Денсаулықсақтау", "Көшелер дежур төртібі", "Құстар", "Жеміс-жидектер", "Отбасы", т. б. тақырыптар берілген.
Жеке суреттер балалардың тілін дамытады, сөздік қорын байытады, ауызша байланыстырып сөйлеуге үйретеді.
Оқушылардың "сөйлем", "сөз", "дыбыс", "буын" туралы алғашқы ұғымдары нақты мысалдар арқылы меңгертілуі тиіс.
Дайындың кезеңіндегі кейбір сабақ үлгілерін ұсынамыз:
Сабақтың тақырыбы: Жабайы жануарлар. Аңдар. Буын.
Мақсаты - білім беру: жабайы жануарлар мен аңдардың әрқайсына түсінік беру.
Тәрбиелеу: олардың өзіне тән ерекшелігі, пайдасы және оларды қорғау, сақтау туралы мәлімет беру.
Дамыту: Оқушылардың сөздік қорын молайтып, тіл байлығын дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: Жануарлар мен аңдардың суреттері. Буын талдау схемасы.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі.
II. Жаңа сабақ.
1. Оқулықтың 20-21 беттеріндегі суреттер бойынша жұмыс.
а) Аңдар мен жануарларды көрсете отырып, атау. Тиін, арқар, елік, бүғы, керік, қосаяқ, қоян, қасқыр, түлкі, аю, арыстан, жолбарыс.
Аңдардың ерекшеліктері мен олардың пайдасына тоқталу. Олардың өмір сүретін жерін айту. Біздің жергі-лікті жерде кездесетін аңдарға тоқталу.
Аңдар атауларына буындық талдау жасау.
Ти / ін, ар / қар, е / лік, т.б.
Сергіту сәті.
Тік ұста бойыңды,
Жоғары соз қолықды.
Соз қолықды тағы да,
Жеткіз жираф бойына.
Суреттер бойынша сөйлемдер құрастыру.
Қоян секірді. Қасқыр ұлыды. Аю ұйыңтап жатыр, т.б.
6. Дәптермен жұмыс.
"Сергіту сәті.
Таулар көріп өсеміз,
Баулар егіп өсеміз.
Жеміс теріп өсеміз,
Жеңіскер болып өсеміз.
7.Біздің елімізде аңдар мен жабайы жануарларды қорғау, сақтау туралы заңдар бар. Сол заңдарды орындау- әрбір азаматтың міндеті. Мұны біз де осы кезден бастап үйрене беруіміз керек. Табиғатты қорғау - баршамыздың міндетіміз.
8. Бекіту сұрақтары. Сабақ аяқталды.
Сабақтың тақырыбы: Құстар. Үй құстары. Дыбыс.
Сабақтың мақсаты - білім беру. Сөздерге дыбыстық талдау жасау. Оқушыларға үй құстарының ерекшелігі мен пайдасы туралы айту.
Тәрбиелеу: Үй құстары мен дала құстарын қорғау, сақтау жөнінде айту.
Дамыту: Оқушылардың сөздік қорын молайту, тіл байлығын дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: Үй құстарының және дала құстарының суреттері.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі.
Жаңа сабақ.
а) Үй құстарымен таныстыру:
Қаз, әтеш, үйрек, балапан. ә) Сөздерге дыбыстық талдау жасау.
Қаз. Қ-дауыссыз, а- дауысты, з-дауыссыз.
б) Дала құстары: Тырна, қараторғай, аққу, шағала, жапалақ, қарлығаш.
в) Сөздерге дыбыстық талдау жасау.
3. Сергіту сәті.
Торғай, торғай, тоқылдақ
Жерден тары шоқып ап
Бөтекесі томпайып
Шың- шық десіп отырар.
Дәптермен жұмыс.
Жұмбақтар шешу.
Үй құстары туралы өлеңдер оқу.
Үйрек.
Қауіп-қатер жоқ алда,
Малту керек оған да,
Жұмыртқадан шыға сап,
Жүгіреді тоғайға.
Қаз.
Еске ал сол бір кезеңді,
Бадырайтып көзіңді
Талай мәрте ата қаз,
Қуған шығар өзіңді.
Бекіту.
Сабақ аяқталды.
"Әліппе" кезеңі
Сауат ашудың әліппе кезеңі аса күрделі де, жауапты процесс. Бұл кезеңде сауат ашудың басты мақсаты - оқу мен жазуды үйрету жүзеге асырылады. Сөздерді оқу мен жазу үшін тіліміздегі барлық әріптер мен дыбыстар оқытылады.
Сауат ашу ең оңай дыбыс, буын, сөздерден басталуға тиіс. Оңайдан қиынға қарай принципін жүзеге асырамыз.
Сауат ашудың негізгі мақсаты - оқу дағдысының негізін қалау, тыңдауға, айтуға, оқуға, жазуға үйрету, балаларға сөздің дыбыстың құрылысы туралы түсінік қалыптастыру, әріп таныту, әуелі буындап, содан сөзді тұтас, сөйлемді мағынасын түсініп оқуға үйрету, сауатты жазудың негізін қалыптастыру, өз бетінше оқуға, ауызша диалогтың және монологтық сөйдеуін дамыту, сөзді ауада жазып үйретіп, дыбыстың талдау жасайды; Буындап оқытып буындап жаздырамыз. Сауат ашудың негізгі белгісі - сөз. Сөзбен жүргізілетін жұмыс түрлері сөзді ауызша айту, оқу және жазу. Сабақта сөзге дыбыстық талдау жасалады. Бұл - дыбыстық талдау, жинақтау әдісі арқылы іске асады.
Талдау әдісі: сөйлеуден сөйлетуді, сөйлемнен сөзді, сөзден буынды, буыннан дыбысты бөліп аламыз.
Жинақтау әдісі: дыбыстан буын, буыннан сөз, сөзден сөйлем, сөйлемнен сөйлеу арқылы тұтас әңгіме шығарамыз.
Оқушы сөйлем құрастырады, мәтінді оқиды, көшіріп жазады, сөйлеуге дағдыланады. Талдаудың басты тәсілі -дыбыстық талдау. Мұндай талдауда сөзден буын, буыннан дыбысты табады, орын ретін анықтайды.
Сауат ашудың талдау, жинақтау әдісі бойынша сөз жеке дыбыстарды бөлек-бөлек айту арқылы оқытылмайды, буынға бөліп оқытамыз.
Сауат ашу кезеңінің міндеттері және оған қойылатын негізгі талаптар:
Сөзге, буынға дыбыстық талдау жасау. Дыбыстар мен әріптерді таныту мақсатында сөз бен жеке дыбысты бөліп алу үйретіледі. Бөліп алынған дыбыстың орын ретін анықтайды (басында, ортасында, аяғында). Жеке дыбысты анық естіп, дұрыс дыбыстауды меңгерту. Оның дауысты не дауыссыз екенін айқындау.
Таныстырылатын дыбысымызды сөзге жинақтау, буынның құрамын ажырату, берілген заттардың суреттері бойынша сөз құрастыру.
Таныстырып отырған әрпіміз бойынша жеке сөйлемдер мен қысқа мәтіндерді дұрыс оқуын қалыптастыру, ондағы мазмұнды суреттер бойынша сөйлем, әңгіме құрастыру.
Жеке әріптерді жазуға үйрету, жазу үлгісі бойынша жазу. Сауат ашу кезеңінде оқушылар ана тіліміздегі барлық дыбыстарымен, олардың әріптерімен танысып,
оқуға, жазуға үйренеді. Сондықтан әліппе мына тізбе арқылы өтіледі. Әр тізбеден кейін қайталау жүргізіледі.
А, Т, П, Н, Ғ, Р, Л, У.
Ш, Й, О, Қ, Д, М, Б, С, Ү, қ, Ы.
Е, К, I, Ө, И, 3, Ә, Ү, Г.
Я, Ю, X, В, Ф, Э, Щ, Ц, Ч, Ь, Ъ.
Бұл әріптер ашық буыннан бастап оқытылады, ашық буынның 2 түрі үйретіледі:
1. Жалғыз (а), мысалы: а-на, а-па, а-ға;
2. На, па, та, мысалы: ша- на, па-па, а-та, та-ныс.
Ашық буын созылып айтылады, буындап оқытуды оңайлатады және ашық буын келесі буынның қосылып айтылуын тілеп тұрады. Одан кейін біртіндеп тұйық, бітеу буынды сөздер оқытылады. Дауысты дыбыс әріптерін бірінші оқытамыз. (А, О, Ы, Ү, У). Содан кейін жіңішке дауыстылар (Ә, Е, Ө, I, Ү). Себебі сөйлеу тіліміздің басым көпшілігі жуан дауыспен айтылатын сөздер. Ал басқа тілден енген дыбыстарды әліппенің соңына қарай топтастырған. Баланың психологиялық ерекшелігіне сәйкес, дүниені тұтас күйінде қабылдайтынын ескеріп, әр сабаққа белгілі бір тақырып өзек етіп алынады, балалардың зейіні бір арнаға бағытталады, жүйелі білім алуына жағдай жасалады. Мысалы: негізгі тақырып: "А дыбысымен әрпі". Қосымша: "бақ", "бақша", "жемістер" тақырыбы берілген,
" Ғ дыбысы мен әрпі".
Қосымша тақырып:ғарыш,ғалым, ғарышкер, деген тақырыптар берілген. "Әліппеде" "оқу мен жазу" тұтас бірлікте қарастырылған. Жазу жұмысының өзіндік қиындығы бар. Бала көптеген ережені бір мезгілде орындауға тиісті. Сауат ашу - жазуға төселдіру, үздіксіз жазу жаттығулары арқылы іске асады. Әрбір әріптің жазба нұсқасының бас әрпі мен кіші әрпін таныстыру кезінде әріпті құрайтын элементтердің дұрыс жазылуын басты назарда ұстау керек.
Әріпті жазып үйренудің төртібі:
1) сөзге дыбыстық талдау жасату, жеке дыбыстау, сөз ішіндегі орнын анықтау.
жазба әріптің жазу үлгісін тұтас көрсету (плакат-тан, әліппеден);
жаңа әріпті тақтаға жазып көрсету;
жаңа әріп элементтерін дәптерге түсіру;
жаңаәріпті тұтас жазу;
жаңа әріпті басқа әріптермен жалғастырып жазу;
құрамында жаңа әріп бар буын, сөз жазу;
сөйлем жазу;
баланың жұмысына талдау жасау.
Жазу әдістемесіне сай әріпті сауатты, көркем жазуға үйретеміз. Әліппе кезеңінде дыбыс және әріпті таныстыру, сөз сөйлем үйрету, өз бетінше жұмыс жасауға төселдіру, мәтінмен жұмыс істеу, оқу дағдыларын қалыптастыру іске асады. Дыбыстың дыбысталуына, артикуляциясына ерекше мән беріп, жаттығу керек. Әрбір сабақта дауысты және дауыссыз дыбыстар туралы хабар береміз, түсін көрсетеміз. Дауысты дыбыс - еркін, әуенмен созылып айтылатын, дауыссыз дыбыс - қысылып, қысқа дауыс кедергіге ұшырап айтылатынын түсіндіреміз. Дауыс пен әріптің өзара біртұтас, бір-бірінен бөлінбейтін бүтін нәрсе екендігі үйретілуге тиіс. Дыбыс айтылған соң іле оның таңбасы, әріп көрсетіледі. Көрсетілген әріп қайтадан оқылып, дыбысталады. Әрбір әріптің баспа, жазба, бас және кіші әріптері таныстырылады. Әліппе бағдарындағы сөздер оқу материалының бірі болып табылады. Ондағы сөздер міндетті және мүмкін деңгейде оқу үшін 2 түрлі бағанда берілген:
буындап оқу;
тұтас оқу.
Буындап оқу қара сызықпен және тұтас оқу көк сызықпен берілген. Мұндағы буындап оқу барлық оқушы үшін міндетті болады, ал тұтас сөзбен оқу міндетті емес, тек белгілі бір деңгейде оқу дағдысы бар қабілетті балалардың мүмкіндігін тежемес үшін берілген.
Тұтас оқуға бірте-бірте үзбей жаттығып дағдыланамыз, бағандағы сөздердің берілуінде де ерекшелік бар. Олардың буын жігінің арасы бос қалдырылған, сызықша қойылмайды, буын мен буынды тез қосуға мүмкіндік жасайды.
Буын сандарының жасалуын (бағандағы сөздердің) А.Байтұрсыновтың еңбектері тиімді түрлері қарастырылған. Ол:
Сөз соңынан әріп қосу: ...
Сөз соңынан әріп қосу: шаш..., монша...
Сөздегі бір әріпті өзгерту: мал-мол, баба-бала.
Сөзге буын жалғау арқылы: мал-малта, бақ-бақша.
Сөздегі әріптердің орнын ауыстыру: мақал-қалам.
Осындай тәсілдер арқылы оқу жеңілдік туғызады, сөздер бір-бірімен ырғақты үндесіп, әуенмен үйлесіп, сөзден сөз туындайды. Бағандағы сөздерді саналы түсініп, оқу мақсаты көзделеді. Сөздің мағынасын бірден түсіну қиын, өйткені, оқу техникасы күрделі. Сондықтан, оқып, болған соң сөздерге қосымша мағлұмат беріледі. Бағандағы сөздермен мынадай жұмыс түрлері жүргізіледі
Бағандағы сөзді мұғалім оқиды.
Оқушыларды ілестіре отырып оқытады.
Оқушылардан сөздің мағынасы сүралып, сосын тү-сіндіріледі.
Оқушылар жекелеп оқиды (үлгі бойынша).
Оқушылар өз бетімен күбірлеп оқысын.
Барлық оқушыларға немесе парта қатары бойынша бірге дауыстатып оқыту.
Бірнеше сөзге талдау жасау.
Дауысты дыбыстан басталған немесе аяқталған сөзді тауып оқыту.
Сабақта жаңадан таныстырылған әріпті сөздің ішінен табу.
Дауыссыз дыбыстан басталатын немесе аяқталатын сөзді тауып оқыту.
Сөздерді әріп соңына қарай тауып оқыту.
Сөздерді буьш санына қарай оқыту (мал, мата).
Сөздерді мағыналық жағынан теріп оқыту.
Бағандағы сөздерді тігінен оқыту.
«Әліппе» кезеңіндегі тіл дамыту жұмысы 3 салада жүреді:
Сөздік жұмысы.
Сөйлем құрастыру.
Байланыстырып сөйлеуге үйрету.
Сөздік жұмысы - оқылған сөздердің мағынасын түсіндіру, түсініп оқуға баулу, жаңа сөздер үйрету арқылы оқушылардың сөздік қорын дамыту, әр сабақта бағандағы сөздермен, мәтіндегі сөздермен жүргізіледі.
Сөйлем құрастыру - сөздерді бір-бірімен байланыстырып, ауызша құрастыру арқылы жүйелі жазып, баяндауға үйретеміз.
Мысалы: шарапат шашу, шаш (етістік), алма - жеміс (зат есім).
3. Сұрақ-жауап үлгілері, диалог сөйлеуге үйрету материалдары берілген. Мұндай материалдар тек қана сауат ашуға байланысты берілген: жер, су, адам аттарының бас әріппен жазылатынын үйрету. Сонымен қатар тілдік грамматикалық түсінік және тәрбие тақырыптары қоса берілген.
Яғни:
Сөздерді дұрыс оқу.
Сөздерге сұрақ қоя білу.
Әрбір сөздің мағынасын түсіндіру.
Сөздерге дыбыстың талдау жасау.
Сөздерді буынға бөлу.
Әр сөзді қатыстырып, сөйлем құрастыру.
Көп нүктенің орнына сөзді қойып, аталған жұмыс-ты жалғастыру.
Сонымен қатар "аз" және "көп" деген ұғымдарды нақты көрнекіліктер арқылы түсіндіру. Заттың атына, қимылына, сынына, санына байланысты сұрақ қойып, жауап беру талап етіледі. Заттың түр-түсі, көлемі, т.б. жөнінде түсінік беретін жұмыстың түрлері жүргізіледі.
Сабақты ойын түрінде жүргіземіз. Тақырыпқа сәйкес Қазақтың ұлттық ойындарын сергіту сәтінде жүргізуге болады. Мысалы: "Жазып бер" ойыны. Ойын оқушыларды әдемі, әрі қатесіз жазуға төселдіру мақсатында жүргізіледі.
Ойын төртібі: Оқушыларды қатесіз жазуға жаттықтыруға қажетті әріп, сөздері бар бірнеше карточкалар жасалады.
а) Мұғалім үстелінің үстіндегі карточкалардың жазуы бар бетін төмен қаратып жазып қояды да, оқушыларды бір-бірлеп тақтаға шақырады.
Тақтаға шыққан оқушы өзі қалаған бір карточканы алады да, оны оқып шығып тақтаға іліп қояды. Содан кейін шыққан бала егер алған карточкасында әріп болса, оның үлкені мен кішісін, жеке сөз болса оны әдемілеп жазып береді. Басқа оқушылар оны дәптерлеріне жазады. Мұғалім балалардың жақсы жазғандарын мадақтап, нашарларын алдағы уақытта дұрыс жазуға ақыл береді.
б) Мұғалім үстел үстінде жатқан бір карточканы алып, оқушыларға көрсетіп, оқытады. Содан кейін ол карточкасын жазуы бар бетін әрі қаратып, іліп қояды. Оқушылар оны (әріп, не сөзді) қатесіз, әдемілеп жатқа жазады. Жазу жұмыстарында "Жазып бер" ойынын ойнатып, оқушылардың қолын тез жазуға, әдемілеп жазуға тәрбиелеу.
Әліппеде көк сызықпен қоршалған сөздер берілген. Бұл сөздер өнегелі сөздер деп аталады. Әрбір әріпке өнегелі сөздер ұсынылған. Мысалы: "Т"әрпіне"ата", "Н" әрпіне "нан", "ана", "Ғ" әрпіне "аға", "У" әрпіне "ту", "Ш" әрпіне "шапағат","0" әрпіне "Отан", "Д" әрпіне "дана", "Б"әрпіне "баба", "бала", "Ы" әрпіне "ырыс", "ынтымақ", "Ү" әрпіне "құран", "нұр", "Е"әрпіне "еңбек", "шешен", "шебер", "жер", "I" әрпіне "іні", "білім", "ілім", "Ә" әрпіне "әке", "әже", "И" әрпіне байланысты "иман" атты өнегелі сөздер берілген.
Сабақта бұл сөздердің мағынасы ашылып, түсіндірі-леді. Өнегелі сөздерге сөйлем, әңгіме құратқызып, осы сөздерге байланысты өлең оқытып, мазмұнын ашуға болады.
Оқыту процесінде сөз бен іс, теория мен практика өзара байланысты болады. Әр түрлі көрнекілікті қолданудың нәтижесінде сабақ әрі түсінікті, әрі қызықты болып өтеді.
Көрнекілік оқушыларға заттың өзін немесе олардың бейнесін тікелей көріп байқауға мүмкіндік береді.Сауат ашу кезінде жеке суреттер, кеспе әріптер, мазмұнды суреттер және дидактикалық ойындарды пайдалануға болады. Көрнекілік түсінікті, қарапайым, өсерлі болуы керек.
Сабақтың тақырыбы: Б дыбысы мен әрпі.
Сабақтың мақсаты: Б дыбысы мен "б"әрпімен таныстыру. "Б"дыбысына сөздер ойлату және сөз ішінен "б" әрпін белгілеу. "Б"дыбысының дауысты, дауыссыз дыбыс екенін ажырата білуге үйрету.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: "Б"әрпінің баспа, жазба түрлері, суреттер, "Бауырсақ ертегісіне" байланысты сюжетті суреттер, жұмбақтар.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
II. Өткен сабақты қайталап, бекіту.
III. Сергіту сәті.
- Балалар, бүгінгі сабаққа алтын балық қонаққа келіпті. Алтын балық бізге қонаққа құр келмепті, аузында тістеген конверті бар.
(Алтын балықтың суреті тақтаға ілінеді, бір оқушы конвертті алып мұғалімге береді, мұғалім қандай тапсырма екенін балаларға оқып береді). Сендердің қандай оқушы екендеріңді көрмекші және білімдеріңді сынамақшы.
- Қане, балалар, "Алтын балық" бізге қандай тапсырма әкелген екен, көрейікші! конверт ішіне салынған жұмбақтарды мұғалім оқушыларға айтады, оқушылар мазмұнын табады).
Ұзын мұртты сарылар,
Қойнында наны бар.
(Бидай).
Иесі оның сәби
Әрі төсек, әрі үй.
(Бесік).
Қызықтырып өркімді-ақ,
Суда жүзер шалпылдап,
Қай дыбыстан басталған,
Сол жәндіктің атын тап.
(Балық).
Балалар, байқаңдаршы жұмбақтардың шешуі қай дыбыстан басталған?
Балалар, "б" дыбысынан басталған.
"Б" дыбысынан басталатын тағы қандай сөздер білесіңдер?
(Оқушылар білетін сөздерін айтады).
- Балалар, "Б" дыбысынан басталатын қандай ертегілер білесіңдер?
- "Бауырсақ", "Бөдене мен түлкі".
(Бауырсақ ертегісінің мазмұндық суреті ілінген.
1) Кемпір мен шал.
Бауырсаңтың терезе алдында түрғаны және дома-лап кетуі.
Қоянға кездесуі, қоянның сөзі (Бауырсақты қояннан құтқару үшін "бақа" сөзін кіші әріптермен жазу).
Қасқырға кездесуі ("Бөрік" сөзін жазу).
Түлкіге жолығуы.
Қазақтың ұлттық "асық" ойынын ойнату үшін "б" дыбысына сөздер ойлау. (Тақтайшаға асықты иіріп тастап, асық қай әріпке түссе, сол әріптен басталатын сөз айту).
Сабақты қорыту. Сабаққа жаңсы қатысңан оқушыларды мадақтап, "Алтын балықтың" сыйлығы беріледі.
I. і. дыбысымен таныстыру.
а) Көрнекілік арқылы.
ә) Із, ін, піл.
Балалар текше арқылы дәптерге түсіріп отырды. Әрбір сөзге түсінік беріледі. Сөзде неше әріп, неше дыбыс , неше буын бар және "I" дыбысы қай буында келіп тұр, соны сұрау.
б) Сондай-ақ әрбір сөзге схема (сызба) арқылы сөйлем құратып, дәптерге түсіртіп отыру.
в) "I" дыбысы мен әрпінің жазба және баспа түрімен таныстыру.
Дәптермен жұмыс:
а) "I" дыбысы мен әрпін алдымен балалардың қолын жатттықтыру үшінауада жазу, дәптерге түсіру, элементтерін түсіру.
ә) Оқулықпен жұмыс.
1. Көрнекілік (қатар бойынша жарыс).
Тіс т л п л
Кілт тер б л м
Кіс жем с к ш
(тақтаға осы сөздер жазылған плакат ілінеді. Қатар бойынша үш адам шығып орындайды. Қай қатар бұрын болса, сол қатар жеңіске жетеді.)
б) тіл туралы түсінікті балаларға қысқаша кіріспе айту.
Өз тіліңмен ер жетіп,
Қол созасың күнге сен.
Өз тіліңмен еліңе,
Пайдалысың күнде сен.
Ә.Асылбеков.
Ана тілі - асыл нәрі бабамның,
Қуатымсың ақ сүтіндей анамның.
Сәби шақтан бесігімнен ән тыңдап,
Туған тілді жаттап өскен балаңмын.
Содан соң оқулықтағы ана тіліне байланысты нақыл сөз оқылады.
Нақыл сөз түсіндіріледі, оқушылар оқиды.
Ана тілін білмеген,
Анасын да сыйламас.
Ана тілді құрметте!
(хормен 4-5 рет қайталап жаттайды, жеке оқушылардан жатқа сұралады).
"I" дыбысы бар сөздерді тауып, і дыбысы нешінші буында келіп тұрғанын ажырату.
в) Оқушылардан қандай сұрағына жауап беретін сөздер сұралады. Сосын оқулықтағы берілген тапсырмалар орындалады.
Қандай?
Ауыр-жеңіл.
Жуан-жіңішке.
Алыс-жақын.
Сол жақтағы сөздердің мағынасына қарама-қарсы мағыналы сөздерді тауып, оларды буынға бөліп , "і" дыбысы нешінші буында келіп тұрғанын анықтау керек.
2. "Кітап"сөзіне дыбыстық талдау жасай келіп, "білім" сөзінің мағынасын ашу мақсатында Х.Арғыновтың "кітап" мәтіні оқытылуы қажет.
Кітап
Мені жұрт сүйеді, құрметтейді, маған арнап шкафтар жасап, үстіме шаң жуытпай, таза ұстайды. Мені ұрпақтан-ұрпаққа мұра етіп қалдырады. Мен де адамды жақсы көремін. Қалтқысыз қызмет етемін. Адамға жақсы тұруды, бақытты өмір сүруді үйретемін. Мен адамның досымын. Менің атым - кітап. Мені жасау үшін адам баласы көп еңбек сіңіреді. Алдымен адам орманнан ағаш кеседі. Оны фабрикаға апарады. Фабрика ол ағаштан қағаз жасап шығарады, оған авторлар жазады, суретшілер сурет салады. Баспахана жазулар мен суреттерді басып, кітап етіп шығарады. Жұмысшылар машина мен поездарға тиеп, қала-қалаға, ауыл-ауылға таратады
Міне, енді сенің қолықда тұрмын. Сен мені күтіп, жыртпай таза ұста. Мен сенің сенімді досыңмын.
Әңгіменің мазмұны ашылады.
1) Бар кітапқа бас болған,
Әліппе - ғылым анасы.
Әліппеден басталған,
Даналықтың данасы.
Білімнің бәрі кітапта. Білімсіз күнің жоқ деген тұжырымға келеді.
Кітап - білім бұлағы.
(балаларға оқыту, жаттату).
"Білім" сөзін талдап, буынға бөлу,
"I" дыбысының қай буында екенін ажырату.
д) "Бірлік" сөзінің мағынасын ашу үшін "Шалқан" ертегісі оқылып, көрнекілікпен ертегінің мазмұны ашылып, оқушыларға "бірлік болмай, тірлік болмайтындығы ұқтырылады".
ж) Дәптермен жұмыс.
Оқулықтағы "ірімшік" сөзіне сөйлем құрау .
Дыбыстық талдау, буынға бөлдіру.
І-рім-шік.
I әрпі нешінші буында кездесті, яғни, оның буынның басында, ортасында, аяғында келіп тұрғанын айту.
Сөйлем құрастырып, схемасымен беру.
VI. Жаңа сабақты қорыту.
(жинақтау әдісін қолдану).
Тиін
Түсі қызыл жалындай,
Көзі жылтыр лағылдай.
Тиін — орман еркесі,
Орман - оның өлкесі.
Қарағайда қуыс бар.
Ұясы сол тыныштар.
Қарағайды қағады,
Тәтті жаңғақ шағады.
Тиін - орман еркесі,
Орман - оның өлкесі. ( М. Әлімбаев).
Кірпі сөзіне дыбыстың талдау.
Балалар кірпі туралы әңгіме құрастырады.
Сауат ашудың негізгі мақсаты - балаға хат танытып, жазуға, оқуға үйрету.
Сауат ашу жұмысы - баланың әріп танудан бастап, өз ана тілін танып-білудің алғашқы баспалдағы.
Сауат ашу кезінде оқушыларды оқуға, жазуға, айтуға үйретіп, әріптанытып, тұтас сөзді, сөйлемді, мәнді оқуға үйретіп, сауатты жазуын қалыптастыру.
Мұғалім сабақ барысында түрлі әдіс-тәсілдерді пайдаланып, оқушыларды сөйлем құрастыруға, тексті оқуға, көшіріп жазуға, сөйлеуге дағдыландырады.
Достарыңызбен бөлісу: |