Ш. юлдошева, А. Нисанбаева


Әріпті жазып үйренудің төртібі төмендегіше



бет4/18
Дата05.11.2016
өлшемі3,38 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

Әріпті жазып үйренудің төртібі төмендегіше:

  1. Сөзге дыбыстың талдау жасату, жеке дыбыстау, сөз ішіндегі орнын анықтау;

  2. Жазба әріптің жазу үлгісін тұтас көрсету /плакат-тан, әліппеден, кеспе әліппеден/;

  3. Жаңа әріпті тақтаға жазып көрсету;

  4. Жаңа әріп элементтерін дәптерге түсіру;

  5. Жаңа әріпті тұтас жазу;

  6. Жаңа әріпті басқа әріптермен жалғастырып жазу;

  7. Сөйлем жазу;

8. Балалардың жұмысына талдау жасау.
Сұрақтар мен тапсырмалар:

  1. Жазу не үшін қажет?

  2. Оқушылар фонетикадан қандай мәліметтерді білуі керек?

3. 1-сыныптың жазу дәптеріне қойылатын талаптарды

4. №1, №2, №3 жазу дөптерлерімен таныс.



5 Дәптердегі дербес жазу жұмыстарын орында.

6. Көркем жазу туралы түсінік.

7. Жазу дағдыларын қалыптастыру.



6-тақырыпрып. "Әліппе" кезеңіндегі үйрету диктанттарын жүргізу жолдары

Үйрету диктанттары сауат ашу кезеңінде жүргізіліп, сауатын ашып, сөздік қорын молайтуға үлкен септігін тигіаді



Әліппе кезеңінде әріп,буын, сөз,сөйлем диктанттары сабақ сайын үзбей жүргізіліп отырады. Диктанттар балалардың сауатын ашумен қатар, ойлай білу қабілетін де жетілдіреді. Дыбыс, әріп, буын, сөйлемдерді бір-бірімен салыстыру арқылы оқушылар олардың мағыналық жағын ажыратуға машыңтанады. 1-сынып оқушыларын диктант жазуға тәсілдіру ісі жеңілден басталып, біртіндеп күрделенеді.

Бұл әдіс оқушыларды не жазатынын алдымен ойлап, мағынасын түсінуге дағдыландырады.

Осыдан кейін бір-екі әріппен олардан құралған буын, сөз және сөйлем диктанттарын жаздыра бастау керек.

Қойылатын талаптар

Әріп диктанттары оқушылардың естіген, үйренген дыбыстарын, әріптің таңбаларын қаншалықты меңгергенін байқау үшін жаздырылады.

Бұл - графикалық схемалардан кейінгі оқушылардың өздігінен ойланып жазған алғашқысынаң жұмысы. Мысал ы: А а дыбысы деп айтылса оқушы А а дыбысының жазба түрін жазу керек. Әрине, Бұл алдын ала ескерті-леді. Үлкен, яғни, бас әріптер адам аттары мен фамилиясының басында жазылады.

Дыбысты айтамыз, естиміз, әріпті жазамыз, оқимыз, -деген сияқты анықтамалық үлгілерді үнемі айтып отыру керек.



Диктант жаздыру үшін қойылатын талаптар

Буын диктантында мынадай басты мәселелерге көңіл бөлген жөн: дыбыс пен әріпке қарағанда буынның өзіндік өзгешелігі бар, буын құрамындағы әріптер бір-бірімен қосылып жазылады; буыннан сөз құрайды, ал дауыссыз дыбыстар жеке емес, тек дауыстыларға қосылып айтылады.

Сөйлем диктантын жүргізудегі негізгі мақсат - оқушыларға сөйлем деген ұғымды түсіндіріп, оны жаңа сөздерден құрай білуге тәсілдіру.

Сөйлем диктантын жүргізген сайын, сөйлемнің бір, екі, үш немесе, әлденеше сөз тіркестерінен құралатынын, бірінші сөз бас әріппен басталып, әр сөз бөлек жазылатынын, сөйлем соңынан нүкте, сұрақ, леп белгілерінің бірі қойылатынын ауызша талдаттырып алып жаздырып үйретеді.

Әліппе кезеңінде жүргізілетін үйрету диктанттарының міндеті оқушыларды үйренген әріп, буын, сөз және сөйлемдерін түсініп, сауатты, көркем етіп жазу мен дұрыс сөйлеуге жаттықтыру.

Көру диктанты

Бұл диктант оқушылардың көру, есте сақтау, затты тану қабілеттерін дамыту мақсатымен жүргізіледі. Көру диктантына әліппе бойынша өтілген әріп, буын және жеке сөздермен бірге жазылуы қиын сөздер, сөз тіркестері және шағын текстер, жұмбақ, жаттауға берілген өлеңдер алынады.

Диктант мәтіні үзіліс кезінде тақтаға немесе алдын ала плакат қағазға жазылып қойылады. Оларды оқушылардың екі-үш рет оқып шығуына, асықпай кәріп, жадында сақтауына 1-2 минут уақыт беріледі. Содан кейін жазылған мәтін жабылады.

Оқушылар тақтадан оқыған мәтінін есіне түсіріп, дәптерге жазады.



Өздік диктанты

Оқушылар өтілген материалдарға байланысты өздері әріптер мен буындарды, сөз бен сөз тіркестерін және жекелеген сөйлемдер мен жаттап алған өлең, жұмбақ, жаңылтпаш, мақал-мәтелдерді естеріне түсіріп, ойлана отырып - диктантты өз бетінше жазады. Олар, бірінші -өтілген тақырыпты санаға тоқыту мақсатында мұғалім диктант тексін тақтаға жазады, жеке сөздердің жазылуы, грамматикалық ереже түсіндіріледі. Екінші - мұғалім мәтінді кітаптан көрсетеді. Мәтін бірнеше рет оқылған соң, кітап жабылып, оқушылар жатқа жазады. Үшінші оқушыларға өлеңдерді жатқа жазғызу. Шығармашылық диктанттың өзіндік ерекшелігі оқушыларды ойлауға жетелеу болып табылады. Бұл диктантты орындау үстінде оқушылар шығармашылық еңбекке үйренеді. Мәселен, мұнда оқушылар сөйлемдегі көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қойып, сөздерді дұрыс орналастыру арқылы сөйлем құрау, басы жазылған мәтінді аяқтау сияқты басқа диктанттарға құсамайтын өзгеше жұмыс атқарады.

Ескерту диктантының көлемі, орфографикалық емле, сөздік қоры жағынан бақылау диктантына жақын. Ескерту диктантының ерекшелігі - осы уақытқа дейінгі барлық материалды түгел қамтып, оқушыларды бақылау диктантына тікелей әзірлеу. Диктанттың бұл түрі бастауыш үш сыныпта да жүргізіледі. 1-сыныпта айтылуы мен жазылуында ерекшелігі жоқ сөздер алынады, әрі ол дұрыс жазу дағдысына үйретіледі. Мәтін біртіндеп күрделендіріле келіп, 3-сыныпта айтылуы мен жазылуында өзгешелік бар сөздер енгізіледі.

Бақылау диктанты

Бақылау диктанттары бұрын өтілген материалды оқушылардың қандай дәрежеде меңгергенін және сауаттылық деңгейінің қандай болғанын анықтау мақсатымен жүргізілетін болғандықтан, әрбір 15 күнде немесе бір, екі тоқсанда өтілген материалды қамтитындай дәрежеде өзірленеді де, ол төмендегіше жүргізіледі:



а) диктант тақырыбы тақтаға жазылады да, алғашқы сөйлемнің бірінші сөзі азат жолдан басталатыны ескеріледі. Қиын сөздер тақтаға жазылып қойылады.

ә) диктант тексін екі рет дауыстап оқып береді, жазылуы қиын сөздерді тақтадан қарап алу керектігі ескертіледі.



б) мұғалім диктантты сыныпты аралап жүріп емес, бір орында тұрып оқиды.

Графикалық диктант

Графикалық сызықпен бейнелеу. Графикалық диктантта сөйлемнің, сөздің, буынның және дыбыстың схемалары үйретіледі. Оны әр түрлі нұсқада жүргізуге болады: алғашқы кездері берілген сөйлемдер бойынша кескіндеме сызу тапсырылса; оқушылар біраз жаттыққан соң, суреттерге қарап, кескіндеме бойынша сөйлемдер құрастырып жазу жүктеледі.



Әріп диктанты

А, т, п, н жазғандарын оқыту, тексеру.

Буын диктанты

та, ата, на буындарын жазу.

Дыбыстық талдау жасау.



Сөз диктанты

Апа, папа, ана сөздерін тақтаға жаздыру, буынға бөлгізіп, дыбыстық талдау жасату.

Ғ,р, у, л әріптері.

Сөздік диктанты

Таға, тар, арпа, ала, арал, ауа, ту, аналар, ара, ағаш, сағат, мата, дала.



Әріп диктаиты

Г, о, й, к, у.

Сөздік диктанты

Шар, алша, ойна, айна, лақ, тоғай, отар, қала, шопан, қалпақ, су, ту, тау, кеме, кесе, егін, шеге, егеу.



Өздік диктанты

  1. Өтілген әріптерді жатқа жаздыру.

  2. Са, ма,ра, ға, па, на, та. Берілген буындардан сөздер жазу. Үлгі: сана, аға, т.б.

Көру диктанты

Сана, шана, аға, ала, сала.

Сөздерді буынға бөліп жаздыру.

Бақылау диктанты

І, ө, б, е, р, с.

Сана, мата, марал, ағаш.

Ескеру диктанты

І, а, н, ғ, р, қ, ү, ж.

Жуас ат. Доп ал. Дулат ойна.

Жота, сана, аршн, Жандос.

Бір буынды сөздердің астын сызықдар.

Көру диктанты

Қасық, орындық, мысық, орын, қамыс, ыдыс.

Сөздерді буынға бөліп жаздыру.

Ескеру диктанты

Емен ағашынан парталар жасалады.

Екінші сөйлемнің кескіндемесін сызықдар.

Бақылау диктанты

1. Дауысты дыбыстарды жазып шығыңдар.

Жуан дауысты дыбыстың астын бір, жіңішке дауысты дыбыстың астын екі сызып шығыңдар.

2. Ерлан - оқушы. Ол кеме жасады.
Кемені інісіне берді.

Тапсырма: Үшінші сөйлемнің кескіндемесін жаз.

Көру диктанты

Менің әжем бар. Ол көп ертегі біледі. Мен өжемді жақсы көремін.



Бақылау диктанты

  1. Әже, екі, ұлы, үні, ыза, өнеге.

  2. Оқушылар гүл екті. Мұрат жер қазды. Зада гүлге су құйды.

Тапсырма: Үшінші сөйлемнің схемасын сызу.

Сөздік диктанты

1. Шахтер, щетка, цирк, фильм, концерт, чемодан, шофер, ферма.

Тапсырма: 1. Шахтер, чемодан сөздеріне дыбыстық талдау жасау.

2. Концерт, щетка сөздеріне сөйлем құрап жазыңдар.



Өздік диктанты

  1. Өткен дыбыс әріптерін жазып шығыңдар.

А, т, н, н, ғ, р, у, л, с, ж, м, о, қ, б, д, ы, е, і, ә, и, й, қ, з, г, ө, ү, п, я, ю, х, в, е, щ, ц, э, ч, ь, ш. Тапсырма: 1. Дауысты дыбыстар.

  1. Дауыссыз дыбыстар.

Жіңішкелік ь белгісі мен айыру белгісі бар сөздер жазу.

Шығармашылық диктанты

  1. Ақ, суық, жақта, аю, болады.

  2. Үстінде, мұз, жүреді.

  3. Балық, аю, ақ, жейді.

Тапсырма: берілген сөздерді пайдаланып, үш сөйлем құрап жазу.

Бақылау диктанты

Қыста қар жауады. Мұз қатты. Балалар қуанды. Олар аққала соқты. Шаңғы тепті. Мүзда конькимен зымыра-ды (14 сөз).



Тапсырма: Балалар сөзіне буындың талдау жасау.

Бақылау диктанты

Бала ерте оянды. Төсегін жинады. Ертеңгілік жаттығу жасады. Жуынды. Тамағын ішті. Сумкасын алды. Мектепке кетті (15 сөз).



Қош бол, менің әліппем!

Қатысушылар: Әліппе, математикакомандалары, уәзірлер, жүргізуші.

Көрініс: Сынып мерекедегідей безендірілген. Оқушылардың 2 командасының әрқайсысында 1 уәзір тұрады.

1-уәзір. Ассалаумағалейкум. Уа, халайық!

2-уәзір. Армысыздар, аталар мен әжелер, аналар!

1-уәзір. Кешегі сәби балаңыз,

Жарады міне, қараңыз!

Ғылым-білім жолына

Енді қайық саламыз.

2-уәзір. Қош келдіңдер, балдырғандар!

Қадамдарың құтты болсын!

Мектеп мынау, есік ашық,

Тек әдебің мықты болсын.

"Әліппе": Ата, зейін балдың ба?

Бар әріптің алдында

Неліктен "А" тұрады?

Деп бір күн сұрады.

Атам менің сауатты

Ата, Ана, Ақыл, Ар, Адам

А-дан басталатын шығар,

Құрбаным "А"-ның алда тұрғаны.

"Математика": Атам, әжем және мен

Болса есепке талабың,

Айта қойшы қане, сен,

Неше адам санадым.
" Әліппе ": Әрбір әріп нұрланып,

Бізге нұрын шашады.

Әр әріптен бір шырақ.

Шұғыласын шашады.

"Математика": Алфавитте қайсы әріп

А-дан кейін тұрады.

Деп сұрады мұғалім,

Жауап бердім мен сонда,

Қалғанымыз бәрі, - деп.
"Әліппе": Оңға қарай оқысаң да бір Халық,

Солға оқысаң да бір халық,

Бұл қай сөз?

"Математика": Біздерде бар кей бала

Дұрыс айтпай бүлдірген.

Тыңдап тұрған айнала,

Жолдастарын күлдірген.

Бұл қай әріп?


"Әліппе": Қос бүйірін таянып,

Тұратұғын қай әріп?

Жауабы:"Ф".

Жүргізуші сөзі: "Төлдер " айтады.

1-команда: Бұзау "м"-ны "ө"-ге қосып, МӨ дейді,

Бота"Б"-ны "Е "-ге қосып, БЕ дейді,

Құлын "Е"-ні "Е"-ге қосып, ЕЕ дейді,

Бала "Ма"-ны "ма"-ғақосып, МАМА дейді.

"Математика": Екі қолым елім үшін алысса,

Екі аяғым жеткізеді алысқа,

Бәрін қосса қанша болады санап көр?
"Әліппе": Бас бармақ, қойды баға ғой

Сұқ саусақ, шөпті шабағой,

Ортан қол, суға бара ғой,

Аты жоқ саусаққа жұмыс жоқ

Шынашақ, ұйықтап ала ғой.

Туған ел әні орындалады.

Екі командалардың оқушылары өтірік өлеңмен айтысады.

1-команда: Жүгіріп келіп пілге міндім,

Пілге міндім кішкентай інге кірдім.

Бір тышқан ақырыпты,

Мың мысықты шақырыпты.

Қырамын да жоямын деп

Қылыш алып жүгіріпті,

Маса келіп қояды.

Толып қалған қалдықты

Шыбын келіп сояды.

2-команда: сахналық көрініс көрсетеді.

Сүт қалай ұйықтады?

1-оқушы: Сүт бір күні ұйқысырап,

Қатты ұйықтапты.

Ұйықтағаны соншалық,

Ұйып қалыпты.

2-оқушы: Ой-бай!

Сүт ұйықтап қалыпты

Қарап тұрып

Айран болыпты,-деп ел-жұрты

Қайран болыты.

Сүт ұйқысын қоя алмапты,

Айқайлап жатса да оянбапты,

Мүлде берекесі қашыпты,

Айран болу оңай ма?

Бақырып тұрып ашыпты.

Ашыған айран,

Ашыған айран быжынып

Қазанға симай, құтырыпты.

Бұл сүтке ұйқы ұя салыпты.

Депті әжем әлігі айранды,

Бір дорбаға құя салыпты.

Сүт сонда ғана ояныпты,

Еңіреп тұрып жылапты,

Көзінің жасын бұлапты.

Бәлкім жұрттың өсегі

Әңгіме ғой кешегі,

Дорбадан аққан сары су,

Сүттің көз жасы деседі.

Осы оқиғаға сөз бар ма?

Ертегіге саяды-ау,

Көп ұйықтаған зиян-ау!

(сүт, дорба,қазанның суреттері көрсетіледі).

Жүргізші: Қазақ халқы ең ежелден балаларын тазалыққа, кішіпейілдікке, инабаттылыққа тәрбиелейді. Ендеше, балалар, қандай тиым сөздерді білесіңдер?

1-оқушы: Босағада тұрма.

2-оқушы: Ақты баспа.

3-оқушы: Кісіге қарап керілме.

4-оқушы: Түнде жалаңбас шықпа.

5-оқушы: Жағыңды таянба.

6-оқушы: Үлкендердің сөзін бөлме.

"Не жаман" әні орындалады.

"Әліппе": Аспанда не ыстық?

"Математика": Күн ыстық.

Жерде не ыстық?

Бәрі: Ал жерде

Әке мен шешеміз,

Сүйікті әрі тым ыстық

Туған қыз-ұл ыстық.

Ата-аналар атынан 2-командаға музыкалық шашу беріп жатқанда жүргізуші келгендерге лотерея билеттерін таратады.

Ойын. "Кім епті?"

Ұзынша жіпке құттықтау хаты қыстырылып екі командадан 2 оқушының көздерін байлап, қолдарына қайшы беріп қидыртады.

Лотерея билеттерінің сұрақтары:


  1. Қазақтың бір Халық әнін атаңыз.

  2. Қыз,ұл туралы мақал айтыңыз.

  3. Жұмбақ айтыңыз.

  4. Қонақтың қандай түрін білесіз.

  5. Той бастаңыз.

Оқушылар ойыны аяқталғанда лотерея тапсырмалары да бітіп, тойбастарға дайындық жүргізіледі.

1-оқушы:


Шіркін, жылдам өссекші,

Баптап ағаш егер ек.

Шіркін жылдам өссекші,

Жеріңді гүлге бөлер ек.

Шіркін жылдам өссекші.

2-Оқушы:


Қош бол, құтты, Әліппем,

Көп нәрсені үйреттің,

Таныстырып әріппен,

Тақылдатып сөйлеттің.

Бәрі:

Таныстырган 42-әріппен



Қош бол, менің, әліппем!

Сені оқи, жаза білгенім,

Сауатты адам санасына кіргенім.

Бәрі "Әліппе" Оқулығын сүйіп,тағзым етеді.



Сұрақтар мен тапсырмалар:

  1. Бастауыш сыныптагы диктант түрлеріне түсінік бер.

  2. Әр түрін сипатта.

  3. Диктанттарға мәтін құрастыр.


ОҚУ ЖӘНЕ ТІЛ ДАМЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ

1-тақырып. Оқудың маңызы. Бастауыш сынып ана тілі оқулықтарының мазмұны.

Бастауыш сынып оқушыларын дамыта оқытудың маңызды міндеті олардың білімі мен дағдыларының дәрежесін ғана емес, сонымен бірге баланық ақыл-ой мен іс-қимыл әрекеті төсілдерін қалыптастыру болып табылады. Осындай күрделі міндетті шешуде ерекше орын алатын пән - ана тілі. "Ана тілі" пәнінің маңызы туралы Ж. Аймауытов былай дейді: "Оқытатын пәндердің бәрін бірдей керекті, бәрін қаусырып, орап алатын пән - ана тілі екені даусыз. Ана тілін жақсы меңгеріп алмай, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес. Ана тілі халық болып жасағаннан бергі жан дүниесінің айнасы; өсіп, өніп, түрлене беретін мәңгі құламайтын бәйтерек"...

Жалпы білім беретін мектептің бастауыш сатысындағы білім мазмұны тұжырымдамасында: "Білім мазмұнын, оның құрылымын анықтауды дамыта отырып оқытудың ұстанымынан басқа мазмұнының интегративті сипатын қамтамасыз ету басшылықңа алынды" делінген. Бастауыш сатыда соған сәйкес білім мазмұнының мынадай құрамы анықталған:



  • дүние туралы (көркем, мифтік, т.б түсініктермен байытылған дүниенің ғылыми бейнесі);

  • оқушының бойында қалыптасуға тиіс өрекет түрлері (ойын,оқу еңбек,қарым-қатынас);

-қою арқылы оларды ізденіске тартып, олардың ізденушілік қабілеттерін арттырады.

Шығармашылық деңгей. Берілген сұрақ тапсырмалар (*) ізденіс сипатында болады. Оқушылар алға қойған жұмбақ сияқты міндетті дұрыс аңғарып, іздену жоспарын өздері жасайды, талдайды, нақтылайды, қорытындылар жасайды.

2-сыныптың ана тіліндегі сөздері 100-150-200 сөзден тұрады. 10 шумақтан төмен өлеңдерден құрылған сөздік жұмыстар қазақ тілінде беріліп, неологизм мен архаизм, синонимдердің мағынасын Оқушыларғатүсінікті тілмен жеткізеді. Ол шартты белгі түрінде сандықшамен көрсетілген. Ақын, жазушылардың суреттері, өмірбаяны, шығармашылығы туралы қысқаша мағлұмат беріліп, олардың бір-екеуімен таныстырады.

Балалардың өтілген тақырып туралы білімін кеңейту мақсатында жұмбақтар, мақал-мәтелдер өтіліп жатқан тақырыптарға сай іріктеліп берілген.

Нақыл сөздер, 7,9,12 буынды өлеңдер бар.

"Сөйлегенде пайдалан" деген тақырып пен тараудың соқында әдемі тіркестер берілген. Мысалы: Жарқын шырай, қасиетті тіл, аялы алаңан. Халық ауыз әдебиетінің түрлерімен таныстырып, олар туралы теориялық анықтама берілген, ол көк қоршауға алынған.

Әшекейлі суреттер эстетикалық талапқа сай, әрі балалардың қиялын дамытуға септігі тиеді.

Қосымша түсініктер екі көк сызықпен берілген. Мысалы: А.Жұбанов - алғаш рет Құрманғазы атындағы ұлтаспаптар оркестрін ұйымдастырған сазгер, өнер зерттеуші.

7-ші тарауда туысқан елдердің шығармалары берілген. Мысалы: Ш. Айтматов, Л.Толстой, В.Сухомлинский, Б. Брехт, Леонардо да Винчи, И.Крылов.

3-сынып. Ана тілі 136 сағат, аптасына 4 сағат. Әр бөлім сайын сұрақтар мен тапсырмалар, мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар, жұмбақтар берілген. Жұмблқтардың шешімі астына берілген. Әңгімелер 400-500 сөзден тұрады. Әңгіменің соңында жоспар берілген.

Тарих, ауыз әдебиеті, халық педагогикасымен тәлім-тәрбие, адамгершілік, табиғат, атақты адамдар туралы әңгімелер " Абай жолынан" үзінділер бар. Сөздік жұмыстары да қамтылған. Жыл аяғында 7-8 мыңдай сөзді меңгеріп, 10 -15 өлең жаттау талап етіледі.



4-сынып._Ана_тілі_136_сағат,_аптасына_4_сағат.'>4-сынып. Ана тілі 136 сағат, аптасына 4 сағат.

4-сынып оқулығының бөлімдері жаңартылған.

"Ана тілі" материалдары бойынша оқушылар 1 минутта 140 сөз оқып, жыл аяғында 11-12 мың сөздік қоры болуы керек. Мәтіндердің, өлеңдердің соңында тапсырмалар мен сұрақтар берілген.

4-сынып. Ана тілі оқулығындағы материалдар көлемі жағынан күрделірек. Жоғары сыныпта әдебиеттік оқу курсына үлкен дайындық бар.

Сұрақтар мен тапсырмалар:


  1. Оқу принциптері.

  2. Оқу сабағының бағдарламамен байланыстылығы.

  3. 1-4 сынып. Ана тілі оқулықтарына сипаттама. Салыстырып талда.

  4. Күнтізбелік жоспар жаса.

  5. 1-сынып. Ана тілі жене онымен грамматикалық байланысы. Анықта, дәлелде.


2-тақырып. Бастауыш сынып оқушыларының оқудағдысын қалыптастыру жолдары

Оқу сабақтарында білім мен тәрбие алу үшін қажетті әр түрлі оқу дағдылары қалыптасады. Оқу дағдысын қалыптастыру әдеби жазба тілі және сөйлеу тілімен байланысып жатады. Оқушылармен жүргізілетін түрлі жаттығулар, тілдің заңдылықтарды, ережелері меңгертілгенде ғана оқудағдысын қалыптастыру ға болады. Сонымен бірге грамматиканық жеке бір ережелері, тыныс белгілер ережелері қажетті болып табылады.

Оқу дағдысын қалыптастыру оқытылатын мәтіндер-дің тәрбиелік мәнін ашуға қажетті болып табылады. Ол мынадай міндеттерді жүктейді:


  1. Бастауыш сынып оқушыларының әр сынып көлемінде дұрыс, саналы түрде түсінік оқу және мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыруда оқушы жіберетін қателерді анықтау, талдау, топтау.

  2. Қайталап оқуды ұйымдастыруға қажетті жұмыс түрі мен тиімді әдіс-тәсілдерді анықтау, түрлендіру жолдары.

  3. Әр сыныпта оқу дағдысының әр түрін қалыптастыру, т.б.

  4. Дұрыс оқу, түсініп оқу, шапшаң және мәнерлеп оқуды бірлестікте қарау.

  5. Білім, білік, тәрбие - оқу дағдысын қалыптастырудағы басты мәселе.

Бастауыш мектептегі оқу сабағының сапасы әр сабақтың қаншалықты дәрежеде ойланып құрылғанына, қолданылатын әдіс, тәсілге және ұйымдастыруға тікелей байланысты.

Оқудың мынадай түрлерін қалыптастырамыз:

Дұрыс оқу:


  1. оқушының оқып тұрғанда (өзіне) сөз ішінен әріпті, жеке буынды, не жеке бір сөзді қалдырып кетпей оқуы;

  2. кейбір буынды не жеке сөзді қайталамай оқуы;

  3. кейбір дыбыстардың, сөздердің орнын ауыстырмай, сөзді бұзбай оқуы;

  4. орфоэпиялық талаптар тұрғысынан қате жібермей оқуы, мәтіндегі сөздердің мағынасына қарай лайықты дауыс ырғағын сақтап қалуы.

Оқушылардың оқу дағдыларын байқау жұмысын жүргізген кезде дұрыс оқудың, жоғарыда қойылған талаптардың үнемі іске асырыла бермейтіні байқалды.

а) мәтінді оқуда баланық оны дұрыс қабылдауына жете көңіл бөлінбей, жалпы ұққанын айтқызуға тырысушылық;

ө) мәтінді оқу кезінде мұғалім тарапынан оқушының әр сөзді дұрыс оқып, әр дыбысты дұрыс айтуына жете зер салынбайтындығы;

б) баланың басының ерекшеліктері мен оның қаншалықты дәрежеде оқи алатындығын ескермей, жөнсіз асықтырушылық.

Оқушының жіберген қатесін түзету мақсатымен кейбір мұғалім балаға қайталап оқытуды жөн санайды. Мұндай әдісті қолдану қатені түзеудің бірден-бір дұрыс жолы деуге болмайды. Оқушылар оқығанда қате оқыса, сөздерді буынға бөлу кезінде ғана, сұрақ қойып, сөйлемдегі сөздердің өзара байланысын анықтау кезінде ғана түзетіледі.

Бастауыш сынып оқушыларының жіберетін қателері көбіне мыналар:

1. Оқушының кейде бір буынды сөзді қайталап оқи беруі жиі кездеседі.


  1. 2-3-сынып оқушыларының оқу дағдысында күрделі сөз тіркестерін оқу үстінде интонация, тыныс белгісі, тағы басқалардан қате кетеді.

  2. Бала жылдам оқуға тырысып, соның салдарынан жекелеген сөздерді қате оқиды. Мысалға: "азығы екен" дегенді "азық екен" немесе , "аз екен" деген сияқты.

  3. Қазақ тілінің табиғатына тән сөз аралығында жиі кездесетін да, та,те мен бен, пен шылау сөздерінің оқылуында қате жібереді.

  4. Сөздердегі дауысты, дауыссыз дыбыстарды ұқсастығы салдарынан шатастырудан туатын қате: ы-і, а-ұ,үдыбыстарын э-о-ү.

  5. Сөйлемдердің соңындағы тыныс белгісіне (хабарлы, сұраулы, лепті) қарап дауыс ырғағымен ажырата оқуда, сөздердің мағынасына лайық үннің құбылуында қате жіберіледі.

  6. Қазақ бастауыш сынып оқушылары түгіл, кейде үлкен адамның өзі оқығанда қиындық келтіретін біріккен сөздер мен қос создерді оқуда қате жіберіледі.

Мұғалімнің ескермейтін жайлары

а) Бір буынды, не көп буынды сөзді оқушының неліктен қайталайтынын жоғарыда айттық.

"Кітапқа қарашы" немесе "Оқыған сөзің кітапта неше рет жазылған екен, байқап көрші" деген ескерту жасап отыруы тиіс.

ә) оқушыдан оқып тұрған сөз тіркесінің соңғы сөзіне зейін қойып, қайта оқуын талап етуі арқылы түзетіледі;

б) мәнерлеп оқудың талабымен байланыстырып жаттығу жұмыстарын жүргізу де орынды;

г) оқытуға үйретуді мағыналық қасиетін таныту арқылы практикалық жолмен жүргізу керек.



Сұрақтар мен тапсырмалар:

  1. Оқудың сапалы болуы үшін қойылатын талаптар.

  2. Оқу дардысын дамыту жолдары.

  3. Ана тілі оқулықтарымен жұмыс жаса. Мөтіндерді талда. Ескеретін, ескермейтін қателерді көрсет.

Каталог: uploads -> books -> 47828
47828 -> Өзбекстан республикасы жо­Ғары және орта арнаулы бiлiм министрлiгi а. Бектаев, Т. Турткулбаева Қазіргі әдеби процесс
47828 -> Науаи мемлекеттік педагогика институты
47828 -> Методикасы кафедрасы
47828 -> Өзбекстан республикасы жо­Ғары және орта арнаулы бiлiм министрлiгi ө. Байқабылов, Д. Дуйсабаева Қазiргi қазақ әдеби
47828 -> Низами атындағы тмпу-дың Қазақ тілі және әдебиетін оқыту әдістемесі кафедрасының доценті Е. Абдувалитовтың “Абай халық данасы” тақырыбындағы сабақ үлгісі
47828 -> Науаи мемлекеттік педагогика институты
47828 -> Науаи мемлекеттік педагогика институты
47828 -> Низомий номидаги тошкент давлат педагогика университети


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет