Ш. юлдошева, А. Нисанбаева



бет3/18
Дата05.11.2016
өлшемі3,38 Mb.
#1023
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

Әліппеден кейінгі кезең

Бұл кезеңнің негізгі мақсаты - сауат ашу кезеңінде берілген білім негіздерін одан әрі жетілдіріп, оқушылардыекінші жарты жылдықта"Ана тілі" пәнін оқытуға даярлау. Ана тілі пәні құрамына оқу, тіл дамыту, жазу және грамматика мен емле салалары енеді. Грамматика ана тілінің ең күрделі саласы және ол балалардың ақыл-ойын дамытуда өте маңызды қызмет атқарады. Өйткені, оқушыларға тілдің құрылымдық жүйесін меңгерту, оның заңдылықтарын білгізу осы грамматика арқылы жүзеге асады. Бұл кезеңдегі оқу материалдарының басты ерекшелігі - мұнда өзара байланысты мәтіндер беріледі. Байланысты мәтіндермен жүргізілетін жұмыс оқу қарқынын жетілдіруді, мәтін мазмұнын бірден қабылдап түсінуді, әрбір сөйлемді өзіне тән дауыс ырғағымен оқуды талап етеді. Әліппеден кейінгі кезеңде оқытудың мынандай міндеттері қарастырылады.



  1. Буындап оқуды жетілдіре отырып, барлық оқушыны сөздерді тұтас оқуға төселдіру. Сауат ашу кезеңінде оқу мен жазу жұмыстары өзара тығыз байланысты. Бір сабақтың өзінде оқу қызметі мен жазу жұмысы бірін-бірі алмастырып және бірін меңгеруге екіншісінің көмегі тиіп отырады.

  2. Оқушылардың біліміндегі кемшіліктерді жою арқы-лы сынып білімін теңестіру; әрбір оқушының өздігінен оқып, жазуын қамтамасыз ету;

3. Оқу техникасын жетілдіру арқылы дұрыс оқу, саналы түрде түсініп оқу, мәнерлеп оқу, жылдам оқу машықтарын қалыптастыру. Оқушыларды сөйлемді және мәтінді оқуға үйрету жұмыстарының бәрі мағынасын түсініп оқу мақсатына бағытталады, осы жолда мәтінді мәнерлеп оқу тәсілінің маңызы зор. Бұл шара тыныс белгілеріне қарай кідіріс жасау, екпін мен интонацияны дұрыс қолдана білу дағдыларын меңгерту мақсатында жүргізіледі. Нүкте, сұрақ, леп белгілері не кідіріс жасауарқылы оқушы сөйлемдердің жігін айыра алатын болады. Нүкте қойылған сөйлемнің аяғында дауыс күшінің бәсеңдейтіні, сүрақ белгісі бар сөйлемде сұрау мәні бар сөздердің көтеріңкі екпінмен айтылатыны, ал леп белгісі қойылған сөйлем ерекше сазды әуенмен оқытылатыны мүгалімнің өзі оқып, үлгі өнеге көрсету жолымен ретеледі.

  1. Біршама көлемді, бірақ қызғылықты да түсінікті мәтіндерді: әңгіме, өлең, ертегілерді сыныпта және сыныптан тыс уақытта үнемі үзбей оқуға жаттықтыру.

  2. Оқылған мәтін мазмұнын түсініп, мұғалімнің қойған сұрақтары мен мағыналық бөліктерге бөлген жоспар бойынша әңгіменің логикалық жүйесін сақтай отырып, өз сөзімен айтып беруге төселдіру.

  3. Теріп оқу, рөлге еніп оқу, мәтінге, оның бөліктеріне ат қою, өлең жаттау жұмыстарына арнайы көңіл бөліп отыру.

  4. Оқушылардың сауатты, көркем жазуын қалыптастыру; сөздегі әріптердің өзара жалғастық белгілерін меңгерте отырып, біркелкі үзбей жазуға дағдыландыру, шағын сөйлемді көшіру, есте сақтау арқылы жазуға төселдіру.

  1. Мазмұнды суреттеу, оқылған мәтіндер және оқушылардың көрген-білгені, серуен, саяхат материалдары, т.б. бойынша шағын көлемді әңгіме жазуға жаттықтыру.

  2. Жазылуы мен айтылуы әр түрлі сөздердің емлелік және пунктуациялық нормаларды сақтауға қалыптастыру.

Әліппеден кейінгі кезеңде көптеген ақын-жазушы-лардың шығармалары енгізілген. Сонымен бірге Халық ауыз әдебиеті үлгілері бар. Әліппеден кейінгі кезеңде мәтіндерді оқытудың мынадай әдіс-тәсілдері қолданылады:

  1. Мұғалімнің кіріспе әңгімесі.

  2. Мәтінді мұғалімнің оқуы.

  3. Сөздік жұмысын жүргізу.

  4. Мәтінді оқушылардың бөліп-бөліп оқуы (1-2).

  5. Мәтінді оқығаннан кейін қысңаша әңгіме өткізу.

  6. Мәтінді бөліктерге бөлу.

  1. Мәтінді толық оқу.

  2. Сұрақтарға жауап беру.

  3. Жауаптарды мәтіннен табу.

  1. Қорытындыәңгіме (тақырыптардың тәрбиелік мәнін ашу, дамытушылық жұмыстар).

  1. Мәтінді мәнерлеп оқу.

  2. Мәтінді рөлге бөліп оқыту.

  1. Шығармашылық жұмыстар (мақал, ойын, сахналық қойылым, сурет салу, мәнерлеп жатқа айту).

Сабақ өткізудің әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану мұғалімнің шеберлігіне, ізденіп, еңбектенуіне байланысты. Сауат ашу кезеңінің соқында оқушылардың білімділік және икемділік деңгейлері қалыптаса бастайды:

  1. Алфавиттегі барлық әріптер бойынша кез келген буыннан құралған сөздерді буындап, не тұтас сөзбен оқи алатын болады;

  2. Кіші және бас әріптерді дұрыс, біркелкі және өзара байланыстырып, оқыған сөздерін өздігінен жаза алатын болады;

  3. Жеке сөздерді, шағын сөйлемді тақтадан не мәтіннен көшіріп, не есту арқылы жазып беретін болады;

  4. Өз жазуларын сөздегі дыбыстардың құрамы мен орын ретін айқындау арқылы өз бетінше тексеруді үйренеді;

  5. Мұғалім берген сұрақтар негізінде оқыған шағын мәтіндердің мазмұнын айтып беретін болады;

  6. Қысқа өлең мәтінін мәнерлеп, жатқа айтып беруге төселеді;

  7. Мұғалімнің көмегімен өзара байланысқан, екі-үш шағын сөйлемдерден мазмұндама, шығарма жазуға үйренеді;

  8. Кейбір грамматикалық-орфографиялық мағлұматтарды білетін болады;

а) кісі аттары мен үй жануарларына қойылған аттарды және жер-су аттарын үлкен әріппен жазуды үйренеді;

ә) сөйлемнің бірінші сөзін бас әріппен бастап, ондағы әрбір сөзді бөлек жазуды және сөйлем соңына нүкте қоюды білетін болады.



Әңгіме немесе ертегі оқу сабағы

  1. Оқылатын әңгіме немесе ертегі тақырыбы туралы қысқаша кіріспе әңгіме жүргізіледі.

  2. Әңгіме немесе ертегі қысқа-қысқа бөлімдерге бөлініп, оқушыларға оқытылады.

  3. Әр болім оқылып болған соң мұғалім онда не жөнін-де әңгіме болғанын қысқаша, ондағы басты-басты ойларға тоқталу арқылы оқушылар зейінін жинақтауды іске асырады. Қажет болса сұраулар қояды.

  4. Әңгіме мәнерлеп қайта оқылады.

  5. Мәтіннің мазмұнындағы негізгі ойлар оқушылар-ға анықтатылады.

  6. Мәтінмен жұмыс жасалады (мысалы: мәтіннен та-биғатты суреттеген жерлерін тауып оқыңдар немесе ко-ңіл-күйді суреттеген жерді табыңдар, т.б.)

  7. Мәтіндегі негізгі ойларды оқушылар өздері табады.

  8. Мәтін оқу дағдысы нашар оқитын оқушыларға оқытылады.

Өлең оқыту сабағы

  1. Өлең тақырыбына кіріспе әңгіме.

  2. Мұғалім өлең мәтінін өзі мәнерлеп, нақышына келтіре оқып шығады.

  3. Өлеңнің шумақтары бөлініп, әр бөлігі әр балаға оқытылады. Мұнда баланың бір жол оқыса да мәнерлеп, анық оқуына баса назар аударған жөн.

  4. Өлеңді мәнерлеп іштен оқытады.

  5. Өлең мәтінін тұтас, мәнерлеп, дауыстапоқиды, онда кездесетін кейбір сөздердің мағынасы анықталады, егер мүмкіндік болса жаттатылады.

Жазу сабағы

  1. Оқушылардың жазуға дайындығын тексеру (дұрыс отыру, қалам ұстау, дәптер қою, т.б.).

  2. Мұғалім бір сөйлем айтады, оқушылар оны қайталайды.

  3. Сөйлем сөзге, буынға, дыбысңа талданады.

Сөйлемді мұғалім тақтаға жазады, оны оқушыларға оқытады, содан кейін бұл сөйлемді жауып қояды

  1. Оқушылар сөйлемді дәптерлеріне жазады.

  2. Тақтадағы сөйлем ашылады да, оқушылар өздері жазғандарын тақтадағымен салыстырып, тексереді.

  3. Осылайша 2-ші, 3-ші сөйлемдер жазылады.

  4. Оқушылар жазған үш сөйлемін тұтас оқиды.

Оқылған әңгіме бойынша жазу сабағы

  1. Оқушылардың жазуға дайындығын тексеру.

  2. Мұғалімнің тақтаға жазғанын оқушылар оқып шы-ғады (2-3 сөйлем).

  3. Мұғалімнің сүрағы бойынша әңгіменің мазмұны талданады.

  4. Әңгімедегі әр сөзге фонетикалық талдау жасалады, жазылуы қиындау деген сөздер түсіндіріледі.

  5. Мәтіндегі көп нүктенің орнында болған сөздерді естерінде сақтап оқиды.

  6. Мәтінді дәптерлеріне көшіреді, көшіру барысында көп нүктенің орнына тиісті сөздерді тауып қояды.

  7. Мұғалім көп нүктенің орнына тиісті сөздерді жазады.

  8. Балалар өздері тауып жазған сөздерін тақтадағы жазылған сөздермен салыстырып тексереді.

Әліппеден кейінгі кезеңдегі жүргізілетін сауат ашу барысында жазуға қойылатын негізгі талаптар:

Оқушылар жазу ережесін сақтап отырғанда ғана дұрыс жазуға үйрене алады. Жазуға негізінен мынадай талаптар қойылады:

а) әріпті дұрыс жазу, дәптердің көлденең сызығынан ауытқымау;

ә) әріптердің элементтерін тегіс, бірдей жазу;



б) әріптердің бірін оңға, бірін солға қисайтпай, барлық әріпті бірдей, оңға қарай, сәл көлбете жазу;

в) әріптердің, сондай-ақ сөздердің арасындағы қашықтықты бірқалыпты сақтап отыру;

г) бірте- бірте жазу қарқынын тездете түсу.
Жазуға кірісерде алғашқы күннен бастап орындалуға тиісті гигиеналық талаптар:

а) дәптер партаның үстіне, баланың кеудесінің қақ ортасына тура келетіндей болып, сәл көлбетіле қойылады;

ә) бала басын оңға, не солға, иықтарын, кеудесін алға не артқа қисайтпай, аяқтарын қатар қойып, алдына түзу қарап отырады. Бұл олардың омыртқалары, көкірегі дұрыс жетілу үшін қажет;

б) балалар табандарын еденге еркін басып отырады.
Тізені қатты бүкпей, бір аяқты екінші аяқтың үстіне қоймай, аяқтарын не алға, не артқа сілтемей отырған дұрыс;

в) партаға көкіректі тіремеу керек. Ойткені, Бұл тынысты тарылтады. Жаңа өсіп келе жатқан кеудені бұзады;

г) қаламды ұстағанда саусақ қаламұштан үш сантиметрдей жоғары тұрып, қаламның жоғарғы жақ ұшы оқулықтың тұсына дәл келгені жөн;

д) жазғанда баланың көзі мен дәптер аралығындағы 25-30 см қашықтың сақталуға тиіс.

Сұрақтар мен тапсырмалар:


  1. Сауат ашу кезеңдерін ата.

  2. Дайындың кезеңін оқыту ерекшеліктері қандай?

  3. Дайындың кезеңіндегі жүргізілетін тақырыптың бір сабақ жоспары үлгісін құру.

  4. Әліппе кезеңінің оқу-тәрбие міндеттері.

  5. Әліппе кезеңіне байланысты сабақ жоспарларын жаса.

  6. Әліппеден кейінгі кезеңдегі сабақ жүйелері.

  7. Әліппеден кейінгі кезеңдегі тақырыптарға сабақ жоспарларын жаса.

  8. Жазу сабағына сабақ жоспары үлгісін құру.

4-тақырып.Сауат ашу кезінде жүргізілетін тіл дамыту жұмыстары

Қазақ бастауыш мектептерінде оқыту ісінің негізін қалаған Ы.Алтынсарин, А. Байтұрсынов ағартушы ғалымдар әдістемелік еңбектерінде оқушылардың сауат ашу кезінде сөздік қоры мен сөйлеу дағдысын қалыптастыруға баса назар аударды.

Сауат ашу кезінде оқушылардың ойлау және сөйлеу қабілеттерін дамыту мәселелері Т.Шонанұлының, Ж.Аймауытовтың, М.Жұмабаевтың еңбектерінде де қозғалады. Кейінірек қазақ тілін оқыту әдістемесін зерттеген Қ. Жұбанов, Г.Бегалдин, С.Жиенбаев, Ш.Сарыбаев, И.Ұйқыбаев секілді ғалымдар осы мәселеге ерекше мән береді.

Тіл дамыту жұмысы сауат ашу кезінде де жүргізіледі.

Сауат ашу кезінде жүргізілетін тіл дамыту жұмыстарының бастауыш мектептің басқа сыныптарындағы тіл дамыту жұмыстарынан өзгешелігі - оқыту ісіндегі талдау және жинақтау процесінің бірлігінде.

Тіл дамыту үш түрлі салада жүргізіледі: сөздік жұмысы; сөйлем құрастыру; байланыстырып сөйлеуге үйрету. Сөздік жұмысын жүргізуде екі түрлі мақсат алға қойылады: бірі оқылған сөздің мағынасын түсіндіру, сол арқылы оқушыларды саналы оқуға баулу, олардың ойлау қабілетін жетілдіру, екіншісі - жаңа сөздер үйрету барысында, яғни жаңа сөздер үйрету арқылы оқушылардың сөздік қорын дамыту, сөйлем құрастыруға үйрету. Сөйлем құрастырудың мынадай түрлерін пайдалануға болады.



  1. Үлгі бойынша сөйлемдер құрастыру. Баяндауыштары зат есімнен, етістіктен, сын есімнен, жіктік жалғаулы сөздерден жасалған екі-үш сөзді сөйлемдер: "Айдос - оқушы", "Күн ашық".

  2. Сұраққа толық жауап алу арқылы сөйлемдер құрастыру.




  • Бұл не? - Қарға қайда қонды?

  • Бұл дәптер. - Қарға сымға қонды.

  • Сенің атың кім? - Айдос не істейді?

  • Менің атым - Айдос. - Айдос кітап оқиды.

Байланыстырып сөйлеуге үйрету жұмыстары сауат ашу кезінде әрбір сабақ сайын жүзеге асырылып отырылуға тиіс.

Байланыстырып сөйлеу дегеніміз - оқиға мазмұнын жүйелі түрде баяндап шығу, яғни әңгімеге қатысты сөй-лемдер арасындағы ой байланысын сақтап, оларды рет-ретімен айтып беру. Байланыстырып сөйлеуді дамыту

оқулықтағы суреттер бойынша, сондай-ақ экскурсиядан, күнделікті өмірден көрген-білгендері бойынша және ойын, т.б. туралы әңгімелер құрастыру арқылы жүзеге асырылады.

Тіл дамытуға байланысты логикалық жаттығулар жүргізудің мәні зор. Логикалық жаттығулар айналадағы затттар мен құбылыстарды таныту арқылы оқушылардың жалпы ой-өрісін кеңейтіп, тілін дамытады. Мұндай жаттығулар әр топтағы заттар мен жануарлардың атын, сипаты мен қимыл-әрекетін білдіретін сөздерді талап, жинақтап түсіндіріп, оқушылардың сөздік қорын байытуға мүмкіндік береді.

Мысалы: "құстар: үйрек, қаз, қарға; аңдар: түлкі, қоян, аю", т.б. сияқты сөйлемдер құрастыру нәтижесінде заттардың тобы, тегі туралы жалпы ұғымдар қалыптастырып, алуан түрлі жеке сөздер үйретіледі. Одан әрі әр топтың өзіне тән жеке ерекшеліктеріне тоқталу керек. Мысалы: құстың екі қанаты, екі аяғы бар. Ол ұшады. Осылайша логикалық жаттығу тақырыптарын әрі қарай жалғастыра беруге болады.

Мысалы: жиһаздары, ыдыс-аяқ, киім-кешек, өзендер, теңіздер, газет-журналдар, т.б.

Логикалық жаттығулардың басқа бір түрі - хабарламақ ойдың логикалық жүйесін сақтап, әңгімені жоспар бойынша айтуға және жазуға үйрету. Мысалы: "Қоңырау соғылды. Балалар сыныпқа кірді. Мұғалім келді. Сабақ басталды" деген әңгімедегі сөйлемдердің орнын ауыстырып; "Сабақ басталды. Мұғалім келді. Балалар сыныпқа кірді. Қоңырау соғылды" деп құрауға болады.

Сауат ашу сабақтарында сөйлеу мәдениетіне баса назар аударылды. Сабақтағы сөйлеу мәдениетінің талаптары мұлтіксіз орындалып отыруға тиіс. Мұғалімнің сөзі мазмұнды, дәлелді, мәнерлі, бейнелі болуы керек. Өйткені, оқушы сөйлеуді мұғалімнен үйренеді. Оқушыға сөйлеу ортасының да өсері мол. Сондықтан қабырғаға ілінген, тақтаға жазылған жазулар мен көрнекі құралдар - мазмұнды, сауатты әрі көркем болу керек

Оқушылардың тілін дамыту мақсатында өткізілген сабақтарда олардың үйренген, меңгерген сөздерін үнемі қайталап, еске түсіріп, сол сөздерді кірістіріп, ауызша да жазбаша да сөйлем құратып жаттықтыру тиімді. Сонымен бірге бұл кезеңде тіл дамыту жұмысы оқушылардың ауызекі байланыстырып сөйлеуін жаңа сапаға көтеру арқылы жалғастырылып, олардың жазба тілінің негіздерін қалау міндеті жүзеге асырыла бастайды. Сөз тіркесі және сөйлем туралы ұғымдар да осы кезеңде меңгертіледі.

Дауыс ырғағын, сөйлеу қарқынын тәрбиелеуге байланысты жұмыстар да ұмыт қалмайды.

Әліппеден кейінгі кезеңдегі тіл дамыту жұмыстарында оқушылардың байланыстырып сөйлеуі қайтадан бірінші кезекке шығарылады. Бұл кезеңдегі тіл дамыту -оқушылардың байланыстырып сөйлеуге бағытталған жұмыстар сипаты әліппеге дейінгі кезеңмен салыстырғанда мүлде өзгеше. Оқушылардың сөз тіркесі мен сөйлемді саналы түрде түсініп, ойларын жүйелі баяндау тәсілдерін меңгерту көзделеді.

Ең бастысы - олардың жазба тілінің негіздері қаланып, өз ойларын баяу болса да баяндап жазу машықтарына жаттығады.



Сауат ашу кезеңінде жүргізілетін тіл дамыту жұмыстарының жүйесі:

1. Әліппеге дейінгі кезең

  1. Балалардың байланыстырып сөйлеу дағдысын байқау.

  2. Сөйлем, сөз, дыбыс туралы түсініктер беру.

3.Сөздік қорларын анықтау.
2. Әліппе кезеңі

  1. Жаңа сөздердің мағыналарын түсіндіру, сөздік қорларына енгізу.

  2. Оқушылардың жазба тілінің негізін қалыптастыру.

  3. Ауызекі байланыстырып сөйлеу дағдыларын жетілдіру.

4. Оқушылардың сөйлеу дағдыларындағы кемшіліктерді (сөйлеу мәнеріндегі, сөз қолданыстарындағы, т.б.) бірте -бірте жою бағытындағы жұмыстар жүргізу.

3. Әліппеден кейінгі кезең

  1. Оқушылардың ауызекі және байланыстырып сөйлеу дағдыларын жетілдіру.

  2. Шағын сөйлемдерден құралған мазмұндама, шығарма жаза білуге дағдыландыру.

  3. Сөздерді орынды қолдана білу дағдыларының қалыптастыру.

  4. Сөйлеу мәдениетін жетілдіру жұмыстарын ұйымдастыру.

Оқушылардың сөздік қорын, сөйлеу дағдысын анықтау үшін берілетін тапсырма түрлері

  1. Ойыншықтар арқылы ауызша әңгімелесу.

  2. Сурет бойынша әңгімелесу.

Оқушылардың сөздік қорын тексеру үшін берілетін тапсырма түрлері.

  1. Заттардың дара және жалпы белгілерін анықтау.

  2. Мағынасы қарама-қарсы (антоним) сөздерді қолдану деңгейі.

  3. Мағыналары ұқсас (синоним) сөздердің қолдану деңгейі.

  4. Дыбысталуы бірдей, беретін мағыналары әр басңа (омоним) сөздердің қолдану деңгейі.

Әліппе кезеңі аяқталған соң жүргізілетін тәжірибелік тексеру оқушылардың тек сөздік қорлары мен сөйлеу дағдыларының деңгейі өсіп қоймай, олардың оқу қарқынының, жазу тілінің, жалпы дүние танымының баңылау сыныбындағы құрдастарымен салыстырғанда елеулі түрде ілгерілегенін байқатады.

Оқушылардың байланыстырып сөйлеу дағдысына берілетін тапсырма түрлері.



  1. Оқылған шығарма мазмұнын әңгімелеу.

  2. Тірек суреттер арқылы әңгімені мазмұндау

  1. Бір тақырып төңірегіндегі тірек сөздері арқылы шығарма жазу.

  2. "Ұйқасын тауып" ойнау.

  3. Сөйлемдерді мәтін шығатындай етіп, ретімен жазу

6. Орны ауысңан сөздерден сөйлем құру.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

  1. Тіл дамыту жұмыстары, оның түрлері.

  2. Сауат ашуға байланысты тіл дамыту жұмыстарын көрсет.

  3. Әрбір жұмыс түрлеріне жоспар жаса.

5-тақырып. 1-сыныптағы жазу."Жазу дәптерін" пайдалану тәртібі

  1. Жазу дәптеріне қаламмен жаздырту.

  2. Дәптердің сыртын толтыру.

  3. Әр жазу жұмысының аралығына күн, ай аттарын жазбау.

  4. Әр жазу сабағында жүргізілетін жазу жұмысының көлемі не жұмыс мөлшері дәптердің жиек сызығына созылған қызыл дөңгелек /о/ белгілерінің аралығы екенін аңғарту.

  5. Әрбір жаңа әріпке байланысты берілген суреттерге әңгіме құрастырып және оның дыбыстық, буындық құрамын көрсететін сызбамен жұмыс жүргізу.

  6. Әр әріптің жазба түрінің кіші және бас әріптерімен толық таныстыру барысында олардың өзара байланысына, жалғасуына назар аудару. Әріптің құрамы қанша элементтен тұратыны көрсетілген жолға жазғызбау, ашық қалдырту.

  7. Тік төртбұрыш ішінде берілген заттар үлгісінің үстінен жүргізу.

  8. Жазу жолының басында қара түспен әріптің жазу үлгісі көрсетілгенін, ал қызыл түспен берілген үлгілер, бастырып жазуға арналғанын ескерту.

Бірінші сыныптағы жазу сабағын жүргізудің үлгісі

Сабақтың басында мұғалім балалардан қалам, қарындаштарын партанық қаламға арналған ұясына қоюларын талап етеді. Содан соң олардың тыныш отырып, мұғалімнің айтқан сөзіне зейін қойып тыңдауы қажет екені ескертіледі. Соңынан: "Қазір біз жазу жазып үйренеміз. Біз жазуды неге жазамыз?" - деп сұрайды. Балалардың көпшілігі: "Дәптерге" - деп, жауап береді. "Тақтаға" -деп, жауап бергендері болса, оны да мақұлдау керек. Осыдан кейін сырты күні бұрын толтырылған дөптерді таратып, онымен таныстыра бастайды. Ішкі, сыртқы беттеріне назар аудартады. Дәптердің ішкі бетінде не барын, не жазылғанын, нені кәріп тұрғандарын сұрайды. Дәптердің бетінде жазу жазатын сызық және одан басқа көл-беу сызылған сызықтар бар екені түсіндіріледі. Бұл сызықтар түзу, әрі жіңішке сызылған. Оны біз аса ұқыптылықпен қарасақ, дәптер бетіндегі жолдарды көреміз. Кәне, қарайық! Міне, бірінші сызық, міне, екіншісі, т.с.с. жазу жолдары. Бір бетте қанша жазу жолы барын санап шығыңдар" - деп, санатып шығу керек. Бұдан кейін мұғалім жазу кезіндегі ережені /қаламды, қарындашты ұстау/ қалай орындау керектігі түсіндіріледі. Қалам-қарындаштарды ұштау үлкендер көмегімен алдын ала дайындалып қойылады.



  1. Қаламды оң қолмен ұстайды. "Оң қолдарың қайда?" Олар оң қолын көрсетеді. Қаламды оң қолдарына алуды, оны ұстауды түсіндіріп, әрі нақты түрде көрсетеді. Қаламды ұстап тұрған үш саусақ жазу барысында жылжып отыратынын, ал соңғы саусақ алақанға сәл бүгіліп тұратынын айтып түсіндіреді. Қаламды қатты қысып ұстамау керектігі, жазғанда батырмай жеңіл, күш түсірмей жазу қажеттілігі ескертіледі. "Егер қаламды дұрыс ұстаған болсаңдар, сұқ саусақты қалам үстінен жоғары көтергенде, қалам түспей, қалған екі саусақ /бас бармақ пен ортаңғы саусақ/ оны ұстап тұра алады", - дейді.

Оқушыларды сабақты әрі қарай жүргізуге дайындап болған соң мұғалім: "Кәне, дәптердің бірінші жазу бетінде не бар, қандай жолдар мен сызықтарды кәріп тұрсыңдар?" - дейді. - Ненің суретін кәріп тұрсыңдар, осы сызықтардың үстінен қарындашпен жүргізе аласыңдар ма" - деп сұрайды. Содан соң сурет сызығында-ғы көлбеу және тік сызықтардың үстінен бастырып жаздыртады.

Бұдан кейін жазу жолына жазып үйрену жаттығулары жүргізіледі: екі көлбеу сызықты түйістіріп жазу, жол ішінде жазу. Жол басындағы қара түстің үлгі екендігі, ал қызыл түспен сол үлгіні бастырып жазу қажеттігі түсіндіріледі. Қаламды қалай қарай бағыттап жазу құс тілімен /стрелкамен/ көрсетілгені ескеріледі. Әрбір жазу бөліктерінің /элементтерінің/ ара қашықтығы көзбен мөлшерлеп, тең қашықтықта жазуға дағдыландырылады.

Жазу сабағының арасында балалардың жазу қимылын ұзақ уақыт жасай алмайтындығы ескеріліп және саусақтың бұлшық еттері талғандықтан, міндетті түрде сергіту минуттарын жүргізіп отыру жүктеледі.

Осы бірінші сабақта жоғары сызық, төменгі сызық, жазу жолы, жоғары сызықтан бастау, төменгі сызықтан бастау, жоғары көтерілу, төмен түсу, сызықңа жазу, сызық арасына жазу, сызық ортасынан бастау, т.с.с. түсініктер мен ұғымдар таныстырылады да, келесі сабақтарда олар бекітіліп одан әрі жаңа ұғымдармен толықтырылып отырады.

Сабақ аяғында балалардың жазу жұмыстарына ауызша баға беріліп, қорытынды жасалады.

Үйге жазуға тапсырма берілмейді.



Жазу сабағында жаңа әріпті жаздыру үлгісі

Жазуға жаттығудың кіріспе әңгімеден басталғаны жөн. Мұғнлім балаларды жазуға қызықтыра білуі қажет. Мәселен, А өрпін жазып үйренуге арналған сабақтың кіріспе әңгімесі шамамен былай болады: Оқу сабағында біз А әрпінің баспа түрімен таныстық. Қазір жазба түрімен танысамыз. Әрбір сауатты адам бұл әріпті әрі дұрыс, әрі әдемі жаза білуі керек. Егер оны дұрыс жазбасаңдар, оның қандай әріп екенін тану өздеріңе де, басқаға да қиынға соғады, ешкім сенің жазғанықды оқи алмайды. Ол басқа әріптердің жанында тұрғанда да нашар көрінеді. Сендер жақында апа, ата, ана деп жазатын боласың-дар. Бұл сөздерде екі-екіден а әрпі бар, сондықтан өте жақсы жазуды үйренуіміз керек. Әріпті тану, әрі дұрыс жазу оқай емес. Әдемі жазу үшін, жақсы жазуға талаптану керек. Ол үшін әр әріптің қалай жазылатынын еске сақтау қажет. Қазір мен сіздерге а әрпі қалай жазылатынын көрсетемін, оны кәріп, еске мұқият сақтап алықдар.

Мұнан соң оның жазба түрінің кіші және бас әріп үлгілері көрсетіліп, ол қандай элементтерден тұратыны түсіндіріледі де, ол элементтерден тұтас әріпті құрап жаздыртады.

Оқушылардың жаңа әріпті жазуы оларды әріптің жазбаша үлгісімен таныстырып болған соң басталады. Оқушыларға әріп элементі көрсетілген бірінші жолды таптырады да, ондағы әріп элементінің жазылуына назар аудартады, жазу жолының қай тұсынан бастап жазу керектігін түсіндіреді. Қызыл түспен жазылған элементті құс тілінің бағыты бойынша бастырып жазу ұсынылады. Бастырып жазғанда жасалынған қол қимылын еске сақтай отырып, оны ауада жазып көрсету талап етіледі. Тағы да жазылуын еске түсіріп, әрі қарай сол элементті сол жолға жалғастырып жазу тапсырылады. Со-нан соң балалар өздерінің жазғандарын дұрыс, бұрыс-тығын білу үшін, жол басындағы үлгімен салыстырып отырады. Мұғалім сыныпты аралап жүріп оқушылардың жіберген қателерін көрсетіп шығады. Әр оқушыға жазу жұмысының қорытындысына байланысты ескертулер жасап, баға береді. Біреулерін мақтаса, біреулерін көтермелейді, біреулеріне жіберген қателігін, не ескермеген жерлерін көрсетеді, ендігілеріне таза жазбай, лас жазғанын ескертіп, ұқыпты жазу керектігін айтады. Әрбір жаңа жазылған әріп бұрынғы қатені жоюға ғана бағытталғанға саналмай, оны дұрыс жазуды әрі қарай жалғастыру деп білу керек. Екі-үш жол жазу жазылған соң, сергіту минуты жүргізіледі.



Каталог: uploads -> books -> 47828
47828 -> Өзбекстан республикасы жо­Ғары және орта арнаулы бiлiм министрлiгi а. Бектаев, Т. Турткулбаева Қазіргі әдеби процесс
47828 -> Науаи мемлекеттік педагогика институты
47828 -> Методикасы кафедрасы
47828 -> Өзбекстан республикасы жо­Ғары және орта арнаулы бiлiм министрлiгi ө. Байқабылов, Д. Дуйсабаева Қазiргi қазақ әдеби
47828 -> Низами атындағы тмпу-дың Қазақ тілі және әдебиетін оқыту әдістемесі кафедрасының доценті Е. Абдувалитовтың “Абай халық данасы” тақырыбындағы сабақ үлгісі
47828 -> Науаи мемлекеттік педагогика институты
47828 -> Науаи мемлекеттік педагогика институты
47828 -> Өзбекстан республикасы жо­Ғары және орта арнаулы бiлiм министрлiгi ө. Байқабылов, Д. Дуйсабаева Қазiргi қазақ әдеби
47828 -> Низомий номидаги тошкент давлат педагогика университети


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет