Өлендердің тәрбиелік мәні
Баланы сәби кезінен-ақ көркем сөзге құштар етіп баулу қажет, өйткені олар сол үйренгенімен балабақ-шадан мектепке барады. Онда Көркем әдебиетке, ана тіліне деген ынтасы арта түседі, туған әдебиетін сүйетін болады.
Көркем әдебиет - өмір оқулығы. Көркем әдебиет арқылы бала қоршаған тіршілік дүниесімен танысады, толассыз болып жататын өмір өзгерістерін пайымдайды, адамдардың іс-әрекетіне көзқарасы қалыптасады. Сөй-тіп, Көркем әдебиет - жас буынның сана-сезімін өсіріп, ақыл-есін дамытып, оларды жоғары адамгершілікке тәр-биелейтін өмір оқулығы, тәрбие құралы болып игілікті міндет атқарады.
Адамгершілік қасиеттердің алғашқы дағдыларын бо-бектер бойына сіңіруде Көркем сөздің, өлеңдердің атқа-ратын қызметі ерекше.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
Өлеңді оқытудың бастауыш сыныптағы ерекшелігін түсіндір.
Өлеңдердің тәрбиелік мәні.
Өлеңді өдебиеттік түсінікпен оқыту (шумаң, тармаң, қайталау, портрет, т.б.). 1-4 сыныптар. Ана тіліндегі өлең түрлеріне талдау жаса.
3-тақырып. Бастауыш сыныпта әңгімені оқыту
Оқушылар оқыған материалының мазмұнын дұрыс қабылдап, ондағы негізгі ойды жақсы ұғыну үшін оқу сабақтарында алуан түрлі жұмыстар ұйымдастырылады. Мұндай жұмыстар оқылатын материалдың сипатына, оқушылардың жасына, дайындықтарына, білімі мен дағдылану дәрежесіне байланысты іріктеледі. Оқушылар әңгімені дұрыс қабылдау үшін негізінен, мынандай жұмыстар жүргізіледі.
Әңгімені қабылдауға оқушыларды психологилық дайындау;
Әңгімеге байланысты создік жұмысын жүргізу;
Әңгімені оқу;
Оқыған әңгіменің мазмұнын айту;
Әңгіменің жоспарын жасау;
Әңгіменің мазмұны бойынша жүргізілетін шығармашылық жұмыстар.
Әңгімені қабылдауға оқушыларды психологиялық дайындау. Көркем шығарма жазушының сөзі арқылы жасаған көркем бейнесі, суреті арқылы қабылданады. Әңгімені оқыған кезде оқушыда елес (адамдардың портреті, табиғат кәрінісі, т.б) туады. Бұл оқушының сезімін де қозғайды.
Мәтінде кездесетін жаңа сөздер мен қиын ұғымдарды түсіндіруді ұмытпағаны жөн. Әңгіменің ішіндегі түсініксіз сөздердің мән-мағынасын біліп алмайынша, оның мазмұнын ұғу балаларға өте қиынға соғады. Ал Оқулықтардағы әрбір әңгімедегі осы түсініксіз болады-ау деген сөздердің барлығын теріп алып, мәтіннің аяғына сөздік ретінде бере беруге болмайды.
Әңгіменің мазмұнын айту
Оқығанның мазмұнын жүйелі айтып берудің тәрбиелік мәні бар. Оқушы әңгімелеу арқылы дауыс ырғағы, бет-бейнесі көмегімен өз көзқарасын білдіреді. Оқушының баяндау барысынан әңгімені қаншалықты терең, толық қабылдағанын байқауға болады.
Жақсы ұғынған әңгімені баяндағанда оқушы сөздерді таңдауға, оларды грамматикалық жағынан дұрыс қол-дануға, дұрыс сөйлеуге жаттығады. Баяндаудың тіл дамыту үшін маңызы зор.
Әңгіменің мазмұнын айтқызу екі түрлі жолмен іске асырылады:
Толық;
Ішінара.
Көлемі шағын әңгімелерді дайындық барысында толық баяндаттыру қажет. Ішінара мазмұндау көлемі үлкен әңгімелер бойынша бөлімге бөліп оқу, жоспар жасау барысында, көбіне қорытынды әңгіме кезінде іске асады.
Баяндап беруде бастауыш сынып балаларына әңгіме-нің үлгісі әсер етеді. І-ІІ сынып оқушылары әңгімені жатқа айтып береді. Оқушы өз сөзімен де әңгімелей алады.
Шығармаға жоспар жасау
Жоспар әңгіменің мазмұнын көрсететін оқиғалар жүйесінен тұрады. Жоспар жасау жүйесі екі түрлі жолмен іске асады:
Әңгімені болімге болу;
Болімдерге ат қою, оны төртіппен жазу.
Оқушылар әңгімені болімдерге бөлу үшін ондағы басты ойды және қосыша мәселелерді анықтайды.
Жоспар жасау әңгіменің мазмұнын толық та терең түсінуге мүмкіндік береді. Бөлімдерге бөлу процесі әңгімені бір рет тұтас оқып шыққаннан кейін, қайталап оқу кезінде іске асады. Жоспар кейде қорытынды әңгіме кезінде жасалады, кейде оны жасап келуді үйге де тапсыруға болады.
3-4 сынып оқушылары тұтас әңгімені өздері бөлімге бөліп, әр бөлімге ат қою жұмысын атқара алады. Яғни, әр әңгімеге жоспар жасайды.
Мұндай жағдайда мұғалім тек "Бұл бөлімде не туралы айтылады?" деген сұрақтар арқылы балаларға бағыт беріп отырады.
Әңгімені бөлімге бөліп оқыған сайын әр бөлімге ат қоя беруге болмайды. Өйткені, әңгімеге ат қою - күрделі жұмыс, кеп ойлануды қажет етеді.
Сондықтан қай материалға жоспар жасау керек, қайсыларын бөлімге бөліп, бірақ ат қойғызбай-ақ оқытуға болады? Қайсыларын оқушылар өздері, қайсыларын мұғалімнің көмегімен бөледі? Олардың барлығын мұғалім алдын ала ойластырады.
Жоспар немесе болімдерге ат қою бастауыш сыныптарда әуелі хабарлы сөйлем түрінде, кейін бірте-бірте сұраулы сөйлем, сосын атаулы сөйлем түрінде жасалады.
Әңгіменің мазмұны бойынша жүргізілетін шығармашылық жұмыстар
Бұл жұмыстар, біріншіден, оқылған материалды тереңірек меңгеруге мүмкіндік туғызса, екіншіден, балаларды өз беттерімен ойланып жұмыс істеуге талаптандырады. Бастауыш сыныптарда ұйымдастыруға болатын шығармашылық жұмыстардың негізгілері:
а) әңгіменің баяндалу түрін өзгертіп әңгімелеу.
Мысалы, әңгіме I жақпен баяндалса, III жаққа айналдырып, керісінше де әңгімелеуге болады.
ә) оқылған әңгіменің мазмұнын толық өзгертіп баяндау. Жұмыстың Бұл түрін үйден орындап келуге тапсыруға болады. Мұнда оқушылар әңгімедегі оқиғаға ұқсас өз бастарынан өткен, немесе өздері қатысқан не көрген оқиғалары жөнінде айтады.
Жұмыстың бұл түрі де оқылған әңгіменің мазмұнын балалар толық та саналы меңгерген кезде ғана ұйымдастырылады. Мұндай жұмыс балаларды өз беттерімен ойлануға, ізденуге және әңгімедегі жүйені пайдалана отырып, өздіктерінен әңгіме құрастыруға, оны құрастыру барысында көптеген сөздерді еске түсіріп, ішінен қажеттілерін таңдап алуға үйретеді.
б) оқылған әңгіменің мазмұны бойынша суреттер салу. Жұмыстың мұндай түрі әңгімедегі оқиғаны нақтылай түседі. Әңгіменің мазмұны бойынша сурет салу оқушылардың елестету қабілеттерін арттырып, қиялын дамытады.
Сонымен, әңгіменің мазмұны бойынша жүргізілетін жұмыстардың барлығы да балаларды өз беттерімен ізде-нуге үйретіп, ақыл-ойы мен дүние танымын кеңейтуге, тілін дамытуға септігін тигізеді.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
Әңгіме оқытудың әдістері.
Бір әңгімені талдап, жоспар жаса.
Жай және күрделі жоспар құр.
4-тақырып. Бастауыш сыныптарда ертегілерді оқыту
Ерте-ерте ертегі, ертегі сыр шертеді
Қазақ фольклорындағы мазмұны терең, тілі бай, тақырыбы әр алуан, оқиғасы қызғылықты шығармалардың бірі - ертегілер. Ол әдеби мұрамыздың ең көне түрі болса да, осы күнге дейін өскелең ұрпақты жан-жақты тәрбиелеуде маңызын жоймаған жанр. Ертегі –көркем фантастикалық шығарма.
Ертегілер көбінесе, қара сөз ретінде айтылатындықтан, оны халықтың ерте заманда шығарған көркем әңгімесі деп қараймыз.
Халық әдебиетінің басқа түрлері секілді ертегілер де адам баласының еңбек - кәсіп ету, тұрмыс - тіршілік ету тәжірибесіне байланысты туған. Жаратылыс құбылыстарын, табиғат сырын жетік білмеген, олардың неліктен болатындығын толық түсінбеген ертедегі адамдар әр нәрсені қиял етіп, өздерінің ауыр еңбектерін же-ңілдету жайын қарастырған. Сол ұғым-түсініктерін, нанымы мен сенімін әңгімелеп айтатын болған.
Жас ұрпақ тәрбиесінде ертегілердің атқаратын рөлі айрықша. Қазақ ертегілерін ең алғаш зерттеп, жинақтаған Ш.Уалиханов, Г.Н.Потанин, О.Әлжанов, Р.Дүйсенбаев, М.Көпеевтер және Н.Березин, В.В.Радлов, А.Е.Алекторов, А.Ивановский, Л.Исаков, Ы.Крафтар болса, кейін бұл игілікті істі А.Мелков, М.Әуезов, С.Сейфуллин, М.Ғабдуллиндер жалғастырған.
Ертегіні оқу барысында "бұл ойдан шығарылған, өмірде кездеспейді" деудің қажеті жоқ, балықтың, жануарлардың сөйлемейтінін балалардың өздері де біледі, бірақ ертегіде кездесетіндерді қиялдау, олардың көңілін көтеріп армандауға үйретеді.
Оқушыларды кейіпкерлерге қарапайым мінездеме беруге үйретуде ертегілердің пайдасы мол. Ертегі кейіпкерлеріне берілетін мінездеме әдетте бір-екі айқын белгілерімен-ақ түсінікті болып келеді.
Қара сөзбен жазылған ертегілер мәтінге жаңын үлгімен мазмұндалады. Кейде ертегіні оқымай-ақ, мұғалім оның мазмұнын қызықты етіп айтып береді. Егер әртістердің орындауындағы фонохрестоматияны пайдаланса, тіпті жақсы.
Ертегі балаларды жоспар жасауға үйрету үшін де өте қолайлы. Оны бөлімдерге бөлу, ат қою қандай суреттер салуға болатынын анықтау, т.б. Осындай жұмыстарды II-III сынып оқушылары орындай алады. Ал IV сыныпта ертегіге өз беттерімен жоспар жасау тапсырылады.
4. Жануар туралы ертегілерді оқығанда дайындықтың онша керегі жоқ.
Кейбір ертегілерді пьесаға айналдырып қуыршақ жасатып, сыныптан тыс сабақтарда балаларға орындатуға болады.
Ертегінің композициялық ерекшеліктеріне қара-пайым баңылау жүргізіп үйрету керек.
Ертегілерді балалар қызыга оқиды, олардың мазмұнын бір оқығанда-ақ игереді. Сондықтан бірқатар ертегілерді оқығанда жалпы идеясын ғана әңгімелеп, мазмұнын үйде оқуға тапсыруға да болады.
Ертегілер оқушылардың ой қиялын дамытып, эстетикалық сезімдерін ұштай түсетін бірден бір құрал болып табылады. Ертегілердің түрлері өте көп деп жоғарыда айтып өттік. Сол ертегілердің қай түрі болмасын баланың ой-өрісін, тілін, дүниетанымын дамытады. Сондай-ақ адамгершілікке, өз Отанын қорғай, сүйе білуге тәрбиелейді.
Бастауыш сынып оқулықтарындағы берілген ертегілерді балаларға алдымен өзіміз оқып беріп, одан кейін балалардан түсінігін сұрап, дұрыс емес жерін сұрақ қойып толықтыру арқылы да балалардың тіл байлығын, сөздік қорын арттыруға әбден болады. "Ертегі туған жерге деген сүйіспеншілікті тәрбиелейді, өйткені ол халық шығармасы" деген болатын тамаша педагог В.А.Сухомлинский. Ертегілердегі батылдық, ақылдылық, отанға берілгендік сияқты қасиеттерді сіңірген кейіпкерлер балалардың еліктейтін тұлғаларына айналады. Адам бойындағы қасиеттердің ара-жігін ажыратып, жағымды жаңтарын өзіне рухани азың етуге тырысады.
Баланық жан дүниесін байытып, дүниетанымын қалыптастыратын әңгімелерді, ертегі-өлеңдерді, жыр-дастандарды төмендегіше іріктеп алуға болады.
1. Оларды таңдағанда оның көлеміне назар аудару керек. Бұлдіршінге қозғалмай ұзақ отыру қиынға соғады.
2.Мазмұны сабақтың тақырыбына сәйкес болған жөн.
3.Оларбалаға қандай да болмасын құндылықты түсінумен қатар, оның бойында өзіндік пікір туғызатындай болу керек.
Балалар әдебиетіндегі жұмбақтар мен ертегілерді жеткіншектердің жас ерекшеліктері мен білім дәрежесіне, санасына, қабілетіне қарай лайықтап таңдап алу керек. Осылай таңдалып алынған мәтіндер олардың берілген материалдарды толық игеруіне, ой-өрісінің кеңейіп, тіл байлығының, сөздік қорының артуына игі әсерін тигізетіні сөзсіз.
Ертегі-әңгіменің балалардың көңіл-күйіне ішкі жан сезіміне өсер ететіндей, одан алған өсері есінде қалатындай мазмұнына жоғары мән берілуі қажет.
Бастауыш мектепте ертегілерді оқыту ісі " Ана тілі" оқулығы арқылы жүзеге асырылады. Оқу-тәрбие ісінде хайуанаттар жайындағы кейбір ертегілерді оқытуда энциклопедиялық әдістің өте тиімді екеніне көз жеткізуге болады.
І.Сабақтың тақырыбы: "Сауысқанмен көкек".
2. Сабақтың мақсаты:
а) Мәнерлеп оқу дағдысын нығайта түсу.
Сұраққа толық жауап беруге машықтандыру, дұрыс сөйлеуге үйрету, жүйелі баяндауға тәсілдіру, құстардың өмірімен таныстыру.
б)Сөздік қорын байыту, ойын, қиялын дамыту, дүние-танымын кеңейту.
в) Оқушыларды еңбексүйгіштікке, адалдыңқа, адамгершілікке, жауапкершілікке баулу, құстарды қорғауға тәрбиелеу .
Сабақтың әдісі: Энциклопедиялық сұраққа жауап, баяндау, түсіндіру, проблемалық оқыту, салыстыру.
Сабақтың көрнекілігі: Көкек пен сауысқанның суреттері;
Сауысқан ұясының суреті, сөздер жазылған карточкалар.
5. Сабақ барысы: Оқу құралдарын дайындау.
Балалар, бүгін біз жаңа ертегімен танысамыз. Бұл құстың әлі өз ұясы жоқ. Жұмыртқасын кез келген ұяға тастап кетеді. Оны басқа құстарбасып шығарады, балапандары жетім өседі.
Балалар, мен қандай құс туралы айтып тұрмын ?
Көкек туралы не білесіңдер?
Басқа құстар көкектің жұмыртқасын неліктен басып шығарады? Оның себебі: Көкек өз жұмыртқасын "боямалап" жұмыртқалайды, яғни басқа құстың жұмыртқасынан үлкендігі және түрі жағынан айнымайтын болады. Сондықтан да басқа құстар "өз жұмыртқам" деп ойлайды.
Көкектің балапаны өтепысықболады. Жұмыртқадан шығып, көзін ашқан кезде ұядағы басқа құстың балапандарын ұяның шетіне ысырып, құлатып жібереді. Өздерінен басқа балапандар қалғанша осылай әрекет ете береді. Бірақ олардың мұндай қасиеті 4 күннен кейін жойылады.
Көкек балапандарының осындай ұнамсыз қасиеті бола тұрса да оларды қорғауымыз керек. Өйткені, табиғаттағы кез келген құстардың, аңның, өсімдіктің пайдалы жақтары бар.
- Балалар, бұл құс көкек сияқты емес.
Балапанның жағдайын ойлап, берік ұя жасайтын құс-
тар өте көп. Солардың бірі - сауысқан. Ол бір күні кәрші
ағайыны көкекпен сөйлеседі. Олар не туралы сөйлесті екен, білгілерің келе ме?
- Ендеше "Сауысңан мен көкек" ертегісін тыңдайық.
Сөздік жұмысы: (жеке карточкаларға мына сөздер жазылады)
Таспалап - көктеп.
Шым - шөптесін жердің шымыр боп байланған үстіңгі қабаты.
Саз - су араласып батпаққа айналған топырақ.
Кездесетін қиын сөздер алдын ала осылай карточкаға жазылып, алдымен буынға бөлініп, кейін тұтас оқыты-лады. Қабырғаларын тамырларымен байланыстырады.
1. "Ағайыным ұя салып берер" деген көкектің ойы неге орындалмады?
2 . Көкек - жетім.
Балапаны - жетім емес.
Көкектің балапанын тастап кету себебі неде?
Қазіргі кезде ата-анасы жоқ немесе шешесі тастап кеткен жетім балалар көбейіп кетті. Олар балалар үйінде тәрбиеленеді. Балалар анасын сағынады, күтеді. Бірақ аналары "көкек ана " сияқты балаларын іздемейді.
- Сендер ана қандай болу керек деп ойлайсыңдар?
Қорытынды жасату : ата-анасыз бала - жетім.
Ата -анасының тәрбиесін кәрмейді. Адал еңбек етсең, ойлаған ісің орындалады.
Жоспар бойынша жұмыс. І.Сауысқан мен көкектің әңгімесі (ертекшінің сөзінсіз сахналау).
Құстар ұя салып жатады (қимылын келтіру).
Көкек пен сауысқанның әңгімесі.
2. Сауысқанның ұясы.
- Тауып оқу, ертегі сюжет.
Сауысқанның ұя салып жатқанын елестету, ауызша айту.
Ал енді көкек не істеп жатыр?
Салыстыру.
3. Қорытынды бөлім.
Шығармашылық жұмыс. Ертегіні әрі қарай жалғастыру.
Мінездеме беру.
3) Оқушы ертегі мазмұнын оқулықтағы берілген мәтін бойынша немесе өз жанынан толықтырып айтады. Бірақ ертекшіге қойылатын талаптар ескеріледі.
Жұмбақ жасыру.
Қайталап атымды,
Ән салып аламын.
Кез келген ұяға,
Жұмыртқа саламын.
Ертегі терапия.
Көкектің ұясыз қалуына не себеп болды?
- Балалар, еріншектіктің, жалқаулықтың соңы не болатынын мына ертегілерден білдік.
Қане, орнымыздан тұрып, аяғымыздың үшынан бастап, басымызға дейін бойымыздағы осы жаман қасиеттерді аластатайық (қимылмен көрсету).
Бағалау.
Үйге тапсырма беру.
Сабақтың тақырыбы: "Ақ бидай" ертегісі. 2-сынып.
Сабақ мақсаты: Балаларды еңбекқорлыққа, адамге-шілікке, ақылдылыққа, достыққа тәрбиелей отырып, жаман әдеттерден бойын аулақ ұстауға үйретеді. Дамыта оқытуға негізделген жұмыстар мен тапсырмалар. Оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыру. Өз бетінше жұмыс орындауға баулу.
Сабақтың жүру барысы Жиын.
Оқушылар үй тапсырмасын еске түсіріп, өздерінің дайындаған жұмыстарын ортаға салады.
Ғылым, Оқу-білім туралы кітапшасын тапсырады.
Оқу білім туралы мақал-мәтелдер айтылады. Мақал-мәтелдер сайысы өтеді.
Ойын. Матадан тігілген дорбаға бидайды салып, оқушыларға ұсынады. Оқушылармен сұрақ-жауап жұмысын жүргізеді.
Дорбаның ішінде не бар екен?
Жеуге жарай ма?
-Иә.
Адам өміріне пайдалы ма?
-Иө.
Арпа ма?
Жоқ.
-Бидай ма?
-Иә.
Ендеше, балалар, біз бүгін "Ақ бидай" ертегісімен танысамыз.
Таңертеңгілік жиында мұғалім алдымен ертегіні мәнерлеп оқып береді. Оқушылар түсініксіз сөздерді түртіп алу жүйесі бойынша белгілеп отырады.
Ерте заманда бидай өз бетімен өмір сүреді. Бір жылы қуаңшылық болып, сол тіршілік үшін жанталасқан басқа өсімдіктер Ақ бидайды қуа бастайды.Тамыры мықтылары Ақбидай өсіп тұрған жердің астындағы суды тартып алады. Жорытып жүрген аңдардан жалбарынып көмек сұрайды. Ешкім де өтінішіне құлақ аспайды.
Өлдім деген сәтте садақ асынып аң аулап жүрген адам тапболады.
Сөйтіп, адам оған көмектеседі. Ақырында, еңбегі зая кетпей, күзде бір дорба бидай алады. Келер жылы - бір қап, біраз жылдан соң мың қап, миллион қап етіп алатын болды.
Өтебай Қанахин.
Сөздік жұмыс: Қуаңшылық - құрғақшылық.
Күннің аптабы - күннің ыстығы, лебі.
Діңдері - діңі жуан, әрі ұзындары.
Балауыз дән - сүт дән, жас дән .
Шашау шығармастан - шашьш-төк
-пестен, зая-құр, босқа, бекерге.
Оқушылар орталықтарға бөлініп жұмыс істейді. Жиынға 15 минут кетеді.
Әр орталық бойынша мынадай жұмыстар жоспарланады.
Математика орталығы.
Көрнекіліктер: Ыдыста бидай, таразы, түрлі-түрлі суреттер. Жақшалы өрнек құрастыру. Кері есеп құрастыру.
Оқу орталығы.
- Ертегі соқындағы сұрақтарға жауап дайындау.
Оқу техникасын қадағалау. Оқушылар өз бетімен жұмыс істейді.
Жазу орталыеы.
Бидай сөзін құрастырып мәтін құрау.
Төрт жолды өлең құрастыру.
Бидай сөзіне сын есім,сан есім, етістік сөз таптарын қатыстырып, сөйлем құрау.
Ғылым орталығы.
Нанды қалай жасайды, зерттеу жұмысы?
Бидайдан дайындалатын тағамдар.
Кестені толтыру .
Ұнның түрлері, оларды салыстыру.
Өнер орталығы.
Ертегі бойынша сурет салу.
Ертегі бойынша кәрініс көрсету. Ермексазбен жұмыс (мүсіндеу).
Бидай тақырыбына байланысты өлеңдер, мақал-мәтелдер, жұмбақтар дайындау.
Орталықтардағы жұмыстардан оқушылар:
Бірлесіп жұмыс істеуге;
Бір-бірінен үйренуге;
Өздерінің білімдерін, тәжірибе жасау арқылы іс жүзінде пайдалануға үйренеді.
Өз ойларын еркін айтып қорытынды жасауға;
Өз алдына шешім қабылдай білуге үйренеді.
Орталықтардағы жұмысты бағалау:
Жаңа сабақты қалай меңгергенін тематикалық карта арқылы қадағалау.
Тірі
табиғат
|
Жақсы қасиет
|
Жаман қасиет
|
Өсімдік
|
Бидай
|
|
|
|
Арам шөп
|
|
|
|
Адам
|
|
|
|
Аң құстар
|
|
|
|
|
|
|
|
"Ана тілі" сабағында сонымен қатар ойын сабақ, интеграциалық сабақтармен қатар тірек сызбаны пайдалануғаболады.
"Ана тілі" сабағында тірек сызбаны пайдалану - оқушыны ойын жүйелі жеткізуге үйретеді.
Сызбаны оқытушы әр сабақтың мәнмағынасына байланысты, әстетикалық талғаммен қолдана білсе, сабақтың бұл материалданған әрекет түрі меңгеру үрдісін жеңілдетеді.
Оқушының ой толғауын суреттей алу, бір идеяны қабылдай отырып, ойын қарсы қоя салыстыру, өз бетінше ізденуге, тақырыптан жаңа аңпарат алуға тікелей ықпал етеді. Сызба арқылы әрекет ету баланық сабаққа деген қызығушылығын тудырып, кейіпкерлерге мінездеме, сипаттама бере білуге, тақырыпты талдауға ұмтылтады.
Тірек сызбаны тек өлең, мысал, мәтінге емес, ертегілерге де пайдалануға болады.
Өйткені әрбір өтілетін материалдағы теңеу, эпитет, арқылы кейіпкерлерге көзқарастарын білдіруге болады.
Осындай тірек сызбаны 2-сынып оқулығында "Байлық пен ақыл" ертегісін баяндауға қолданып отырмын.
Байлық пен ақыл" (ертегі, 2-сынып).
СӘНДІ КИІМ
2-ұл
ШАЛ
АСЫЛ
ЖҮЗІК
КҮМІС
БЕЛДІК
4-ұл
Сәнді киім
Асыл тас Қымбат белдік
1. ЕҢБЕ К СҮЙГІШ ҚОЛ.
2.ҚАЙРАТ-ЖІГЕРГЕ ТОЛЫ ЖҮРЕГІ БАР.
З.АҚЫЛ
5-тақырып. Ертегі әлемінің түрі мен кейіпкерлеріне мағлұмат беру
Бұл тақырыпта "Ертегі әлемінің түрі көп пе әлде кейіпкері көп пе?" деген сұрақ пайда болып отыр.
Қазақ ертегілерін мазмұнына, оқиғажелісі, сипатына қарай бірнеше түрге бөлеміз. Солардың ішінде ең бастылары:
А) Қиял-ғажайып ертегілері.
Ә) Хайуанаттар жайындағы ертегілер.
Б) Тұрмыс-салт ертегілері.
Қиял-ғажайып ертегілеріне кіретін ертегілер ескі заманда пайда болғаны аңғарылады.
Қиял-ғажайып ертегілер ертедегі адамдардың болмыс жайындағы ұғымынан, әр түрлі қауіп-қатерлерден құтылу, тіршілік ету, табиғат сырын танып білу және оны өзіне бағындыру жайындағы арман-қиялынан туған. Сондықтан Бұл ертегілерде ертедегі адамдардың арман мүддесі, жақсылықты болашақтан күтуі, оптимистік көзқарасы да көрініп отырады. Олар ауыр еңбекті жеңілдетсек, жақсы шат өмірге жетсек деп арман қылған. Бұл жөнінде М. Горький былай дейді: Тіпті атам заманғы уақытта-ақ адам баласы әуеде үшу мүмкіншілігі жөнінде ойлаған.
Қиял-ғажайып ертегілердің жағымды кейіпкерлері қарапайым адамдар болып отырады. Олар алдына қойған мақсатына жету үшін, табиғат сырын танып білу, тіршілік ету, жауларын жеңу үшін күреседі. Көптеген қиыншылықтарды басынан кешіре отырып, аңырында, мақсат-мұратына жетеді, біртіндеп табиғат сырын ұғына бастайды, қандай жаулары болса да талқандап жеңіп жүреді.
Хайуанаттар жайындағы ертегілер. Бұл топтағы ертегілердің де алғашқы үлгілері өте ерте заманда туған. Ертедегі адамдар өздерінің күн көрісі үшін төрт аяқты хайуандарды пайдалану, оларды үйрету, асырау жайын қарастырған, әрбір хайуанат туралы, оның қасиеті туралы түрлі мифтік ұғым-түсініктер ойлап шығарған. Табиғат сырын, жаратылыс құбылыстарын түсіне алмаған, ертедегі адамдар әрбір хайуанаттардың жаратушысы, иесі бар деп ойлаған, кейбір хайуанаттарды пір тұтып, оған табынатын болған.
Бергі заманда шығарылған халық ертегілерінде хайуанаттар бұрынғы керемет бейнесінде емес, өз болмысына байланысты алынады.
Төрт түлік мал шаруа адамына, бір жағынан, көлік күші болса, екіншіден, ішетін тамақ, киетін киім еді. Сондықтан да халық төрт түлік малды, үй хайуандарын өзінің ертегісіне қосқанда, олардың пайдалы қызметін даралап көрсетуге мән береді.
Хайуандарды өз бейнесінде алады. Әрқайсысының өзіне тән жыртқыштық қылығы, ісі суреттеледі.
Тұрмыс-салт ертегілері. Қазақ ертегілерінің ішінде тақырыбы мен оқиғасы аса мол түрі тұрмыс-салтқа байланысты туған ертегілер. Тұрмыс-салт ертегілері қарапайым адамдардың өмірі менісін, тұрмыс-тіршілігін, топтық-ңоғамдық жайларын, әлеуметтік көзқарастарын суреттеуге құрылады. Бұлардың бәрі халық ортасынан шыққан басты кейіпкер еңбек адамы арқылы баяндалады. Неше түрлі қиыншылық, кедергілерді, аңдыған жауды жеңетін де, сөйтіп, мақсатына жететін де қарапайым адам болады.
Халықтың тұрмыс-тіршілігіне, салтына байланысты туған ертегілері бір ғасырдың ғана жемісі емес, ол ондаған ғасырлардың жемісі. Халықтың тұрмыс-салтына байланысты туған ертегілердің басты тақырыбы еңбек адамдарының өмірі, ісі болып келеді. Бұл ретте қарапайым адамдар халық ертегілерінде қанаушы топқа қарсы бейнеде алады, олардың ісі ақылы, өнері, адамгерші-лігі хандар мен байлардан әлдеқайда артық етіп суреттеледі.
Бұл тақырыптағы ертегілер М.Әуезов айтқандай, адамға пайда келтіретін ақыл - өсиет түрінде келеді.
Ертегінің оқиғасын тартымды етіп құру, бір әңгіме-ден екіншісін тудыру ертегішілердің шеберлігіне байланысты.
М.Әуезов пен Е.Исмайылов қазақ ертегішілерінің айтқыштық өнеріне ерекше мән береді.
Олар ертекшіні үлкен шығармашылықтың иесіне, дарынды ақынға теңейді. Шынында да ертегі айту еріккенің ермегі емес. Неше түрлі ғажайып оқиғаға құрылған ертегілерді жігін бүзбай әрістете айту, әрбір эпизодты арасынан қыл өтпестей етіп байланыстыру, сюетін қызғылықты етіп баяндау, ертегілердің әрбір кейіп-керлеріне лайықты мінездемелер беру, олардың образдарын көз алдына елестетерліктей портретін жасау, әрқайсысының іс-әрекеттеріне қарай сөз таба білу ғажап өнер.
Белгілі Қазақ жазушылары, зерттеушілері С.Қасқабасов, Е.Тұрсынов "Ертекші болу үшін арнайы дайындық мектебінен өту керек" деді.
Ертекші адамның қиялын үштап, ойын дамытады, халықтық тәрбие көзімен табыстырады. Сондықтан баланы тал бесікте жатқан күнінен бастап танымдықта тәлімдік мәні зор халық шығармаларымен сусындату тәрбие ісіндегі маңызды міндет.
Ертегілер әлемі - өмір әлемінің шарайнасы.
Ертегі ішінде балалардың жас ерекшеліктеріне сай мұралар фантазиясы көп, Халық ертегісі ғасырлар бойы балаларды өзіне қызықтыра тартып, ой-қиялын жетілдіреді. Ертегілердің балалардың ойына қозғау салып, өмірдің неше алуан соқпағын танытады, сана-сезім, ақыл-ойының ерте дамып, эстетикалық талғамдарының қалыптасуына әсер етеді.
Ертегілерді оқу арқылы оқушыларды қарапайымдылыққа, қайырымдылыққа адалдыққа, т.б. сияқтыңа-сиеттерге баули отырып, олардағы қанатты да асыл сөздермен оқушылардың сөздік қорын міндетті түрде молайту қажет.
Бастауыш сынып аралығындағы ертегілерді ғылым мен техникалық прогреске сай дамытып, түрлендіре пайдалану қажет деп ойлаймын.
Ана тілі сабағында ертегілер тақырыбының сабақ жоспарына көп көңіл бөлуі керек. Себебі бұл сабақ өте қызықты да көңілді өтуі тиіс және Бұл сабақтың жоспары дәстүрден тыс жоғарыда айтып кеткендей болған дұрыс.
Мысалы, "Көктем сәні" деген ертегіні, оқушыларды түгелдей қатыстырып, кейіпкерлер бөліп оқып, түсініп, содан соңсахнаға қойып қорытындылайды. Бұл оқушылардың есте сақтау қабілеті мен қызығушылығын арт-тырады.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
"Ерте - ерте ертегі, ертегі сыр шертеді".
Ертегілердің тәрбиелік мәні;
Бастауыш сыныпта ертегілерді оқытудың түрлері;
Ертегі өлемінің түрі мен кейіпкерлеріне мағлұмат беру;
1-4 сын. ертегілерді таблицала, тер;
Бастауыш сыныптағы ертегілерді тақырыптар бойын-ша топта.
Достарыңызбен бөлісу: |