Ш. юлдошева, А. Нисанбаева


-тақырып. Бастауыш сыныптағы жаттығу жұмыстары



бет10/18
Дата05.11.2016
өлшемі3,38 Mb.
#1023
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18

2-тақырып. Бастауыш сыныптағы жаттығу жұмыстары

Грамматиканы оқытуда жаттығу жұмысының мәні зор. Оқушылар грамматикалық материалды оқулықпен орфограммаға сай білгендерімен (терминдерді меңгереді, анықтамаларды индуктивтік жолмен есте қалдырады), жаттығу жұмыстары жүргізілмесе, ол ұзаққа бармайды, ұмытылып қалады. Сондыңтан да мұғалім оқушыларға грамматикадан саналы да терең, тұрақты да берік білім бергісі келсе, жаттығу дағдыларын қалыптастыратын және қалыптасқан дағдыны тілдің басқа да кездескен құбылыстарына "тасымалдай" алатын (ережелерді жаңа фактілерге қолдана алатын) жаттығу әдістерін білуге тиіс. Жаттығу нәтижесінде Оқушылар алған теориялық білімдерін практикада тез де дәл қолдана алу дағдысына ие болады. Жаттығу арқылы балалардың алған білімдері нығайтылып, нақтыланып қана қоймай-ды, сонымен қатар өз беттерімен жұмыс жасауға, ойлау қызметіне дағдыланады; өйткені, оқушылар жаттығу процесінде үздіксіз анализ-синтез жасайды, бір тұлғаны екінші тұлғамен салыстырады, жалпылайды, сөйтіп жаттығу арқылы білім жүйеленеді. Бастауыш сыныпта жаттығулар әр түрлі көркем мәтіндерден тұрады. Соңғы қазақ тілі оқулықтарының сапасы жақсарып, әр түрлі формадағы жаттығулармен толықтырылды.

Грамматикалық жаттығулар, оқушылардың қандай материалмен жұмыс жасауына қарай, фонетикалық, морфологиялық, синтаксистік, лексикалық болып бөлінеді.

Фонетикалық жаттығулардың міндеті - балалардың айтылған буындар мен дыбыстарды жақсы айыра алуын және оларды балалардың дұрыс, анық айтып берулерін қамтамасыз ету.

Фонетикалық жаттығулар арқылыкейбір балалардың тілін тістеп сөйлеу, сақауланып сөйлеу, қайсы бір дыбысты қалдырып кетіп сөйлеу немесе "С" мен "Ш", "Р" мен "Л", "Ж" мен "3" дыбыстарын шатастырып айту сияқты кемшіліктері жойылады. Мұндай кемшіліктер дұрыс оқуға да, жазуға да зиян келтіретіні сөзсіз. Бас-тауыш сыныптарда фонетикадан жаттығулар тек дұрыс жазумен қатар, "балалардың өдеби тіліміздің нормаларын сақтап оқуға үйренулері (орфография)үшінде пайдаланылады. Оқу сабақтарында, балалардың жауаптарында, әңгімелерінде байқалған орфоәпиялық қателер, теріс айтылған сөздер түзетіліп, сөз ішіндегі, сөз шекарасындағы дыбыстардың құбылуы ескертіліп отырады. Сонымен қатар тілімізге басқа тілдерден енген термин сөздердің дұрыс айтылуы да практикалық жаттығулар арқылы үйретіледі.

Морфологиялық жаттығулардың мақсаты - ана тілінің жаттығулар құрылысын оқушыларға саналы түрде меңгерту. Мазмұны жағынан морфологиялық жаттығулар екі түрлі болады: 1) Сөз тұлғасын оқу барысындағы жаттығулар; 2) Сөз таптарын оқу барысындағы жаттығулар.

Сөз тұлғасын оқу барысындагы жаттығулардың сөздің морфологиялық құрамын, мағыналы бөлшектерін морфемаларды саналы түрде меңгеріп алудың мәні зор. Сөздің морфологиялық құрамын талдау, көбінесе сол сөздің мөнің дұрыс ұғынып алуға жәрдем етеді, сөздің мағыналы әрбір әлементі - түбір, жұрнақ, жалғау бұлардың әрқайсысы өзінше сөзге мән береді, ал осы жеке мәндердің жинағы бірігіп, сөздің жалпы мағынасын тудырады. Морфемаларды, соның ішінде жұрнақты айыра білудің балалардың тілін жетілдіру үшін де мәні бар. Өйткені бұл жаңа сөздер жасауға және сол сөздерді орынды жерінде қолдана білуге мүмкіндік береді.

Сөз тұлғасына байланысты жүргізілетін жаттығуларға мынадай талаптар қойылады: 1) алдымен, мүмкіндігіне қарай, негізгі түбірлерді, одан әрі туынды түбірлерді,ең соңында түбірлес сөздерді талдайтындай жағдай жасалады; 2) белгілі бір сөздің ішінен негізгі түбірді тапқызу үшін сол негізгі түбірден жасалған туынды сөздермен салыстыру жұмысы ескеріледі; 3) туынды сөздер мен негізгі түбірді ажырату барысында мағына жағына назар аударылады.

Сөз таптарын оқыту барысында жүргізілетін жаттығулар сөздерді белгілі бір топңа біріктіріп , жүйелеуге үйретеді. Бұл жөнінде К.Д. Ушинский: "Баланық тілі шығып, сана сезімі өсе келе ол сөйлеуге (сөздерді қолдануға) үйренеді; оның ақыл-ойында түрлі грамматикалық формалар, сөздер күнделікті тәжірибе, үлгі арқасында өздігінен-ақ грамматикалық топтарға бөлініп қалыптаса бастайды; грамматиканық міндеті - сол тәжірибе нәтижесін қорытып, тілдегі құбылыс заңдарын жүйемен беру", - деген болатын. Жаттығу жұмыстарының барысында оқушылар әрбір сөз табының ерекшеліктерін саналы түсінеді, септік, жіктік, тәуелдік, көптік жалғауларын меңгереді, оларды қолдана алады.

Сөз табы бойынша жүргізілетін жаттығулар: 1) мәтіннен керекті сөздерді тапқызу; 2) керекті сөздерді қосып өздіктерінен сөйлемдер немесе әңгіме құрастыру; 3) сөздің мағынасын түсініп, сөйлемдегі қызметін байқату; 4) сөздің лексикалық жағынан болсын, қалай өзгеретіндігін аңғару; 5) мағына және тұлға жағынан қандай ұқсастық, айырмашылық барын салыстыру арқылы анықтау; 6) ұқсас сөздерді топтастыру; 7) байқаған құбылыстары жөнінде жеке-жеке қорытындылар шығару сияқты жұмыстарды қамтиды.

Синтаксистік жаттығуларға әдетте пунктуациялық жаттығулар қосылады: мәтіндегі қойылған тыныс белгілерін талдау, қойылмаған тыныс белгілерін қою, өздері құрастырған сөйлемдер мен текстерге қажетті тыныс белгілерін қойып, түсіндіру.

Қорыта келгенде, оқушылардың алған білімін бекіту мақсатында жүргізілетін жаттығуларға жалпы мына сияқты талаптар қойылады:



  1. Белгілі бір жаттығуды орындау үшін оқушылардың сол жаттығуды орындарлық білімі болу шарт.

  2. Оқушылар жаттығуды не үшін орындайтынын, оның қандай пайдасы барлығын түсінсе ғана, оны саналы орындайды. Жаттығуларды түсініп орындағандағана белгілі бір дағды қалыптасады.

  3. Жаттығу оқушының қызығуын, ынтасын, ықыласын арттыруға тиіс. Ол үшін жаттығу түрлендіріліп берілу шарт, өйткені бір сарынды жаттығу оқушылардың зейінін, қабылдауын, белсенділігін нашарлатады.

  4. Жаттығулар кездейсоқ болмай, белгілі бір жүйемен орындатылып отырылуы шарт.

  5. Жаттығу жұмыстары тек таяуда ғана өтілген материалдарға негізделмей, бұрын өтілген кейбір материалдарды да қамтуы керек.

  6. Бір жаттығу ұзақ уақытқа созылмауы тиіс. Әсіресе балалардың жасы неғұрлым кіші болған сайын жаттығу да қысқа болып, жиі-жиі қайталауға негізделеді.

  1. Творчестволық жаттығулар көбірек болуы қажет.

  2. Әр жаттығу оқушы еңбегінің нәтижесін көрсетіп отыруға тиіс.

  3. Жаттығулар оқушы ойына әсер етуі жағынан аналитикалық-синтетикалық болғаны жөн: яғни, грамматикалық талдау, сөздер, сөз тіркестері, сөйлемдер мен мәтіндер құрастыру; салыстыру арқылы ұқсастық пен ерекшеліктерді табу, топтау; өз пікірлерін дәлелдей алып, білгендерінен жалпы қорытынды шығара білу, т.б.

10. Жаттығу жұмысының барысында оқушылардың оқудан алған білімдері бекіп, өз еттерімен жұмыс жасау дағдылары қалыптасады (яғни зейін қойып тыңдай білу, жатқа жаза білу, белгілі бір жоспар бойынша сөздерді құрамына, сөз табына, сөйлем мүшелеріне сұрақ қоя білу, қажетті деректерді оқулықтан, сөздіктен қарап таба білу).

Бастауыш сыныптарға арналған бағдарлама педагогикалық үрдісті жаңаша қарауды талап етеді. Дәлірек айтсақ, мұғалім сабаққа дайындалғанда өзінің әрекетін ойластырумен шектелмей, оқушыны деңгейіне қарай әрекетіне мән беруі тиіс.Уақытты тиімді пайдаланып, оқушының өз бетімен тапсырманы орындауына үдайы жағдай жасалуы қажет.

Тұжырымдамада, Оқу бағдарламасында оқу әрекеті ерекше аталған. Ол - заңды құбылыс. Бастауыш сыныпта Оқу әрекеті қалыптасуының үзіліссіз, тегеурінді жүретіні, оның мазмұны оқу тапсырмалары түрінде бері-летіндігі, оқу тапсырмаларын өздігінен шешіп орындайтын ортаң тәсілдеріне үйрету, бір пәннен алған білім, білік, дағдыны екінші пәнді оқытуға тірек ету, байқаған кемшіліктерді түзетуді Оқушылардың өздері орын-дайтындығы, әрбір орындалған тапсырманық мақсатын анықтауы, т.б мәселелер қозғалған. Оның іс жүзіне асыру жүйелі жұмысты қажет етеді. Осы мақсатта мұғалімдерге "Оқу әрекеті базасында оқушылардың өз бетімен тапсырманы орындау дағдыларын қалыптастыру" атты арнайы курс бағдарламасы дайындалып, оларға дәріс, машықтану сабақтары жүргізіледі.

Негізгі міндеттер:

- Оқушылардың өзіндік жұмысы туралы түсінік беру;

- Оқушыларды өз бетімен тапсырманы орындау әдістемесімен таныстыру;

Мынадай тақырыптарды қамтиды:


  1. Мектеп оқушыларын өз бетімен тапсырманы орындауға үйретудің теориялық-әдіснамалық негіздері.

  2. Өз бетімен тапсырманы оқу әрекеті базасы негізінде үйретудің мүмкіндіктері.

  3. Оқушыларды өз бетімен тапсырманы орындауға үйрету әдістемесі.

Мұгалімдердің оқушылардың өз бетімен орындайтын жцмыстарына қалай көңіл аударатындыгын аныцтап алуга болады:

  1. Оқушылардың өз беттерімен орындайтын жұмыс түрлерін атаңыз.

  2. Өз беттерімен орындайтын жұмыс түрлерінің қайсысын жиі қолданасыз? Неге?

  3. Өз бетімен орындайтын жұмысқа қанша уақыт бөлесіз?

  4. Оқушы әр түрлі тапсырмаларды өздігінен орындайтын ортаң тәсілдерді қалай үйретіп жүрсіз?

  5. Сабақ барысының қай кезеңінде өз беттерімен орындауға тапсырма бересіз?

  6. Оқушыларды өз беттерімен жұмыс жасауға баулуда қандай әдіс-тәсілдер қолданып жүрсіз?

  7. Өз бетімен орындаған жұмысты тексеру мен бағалауды қалай ұйымдастырасыз?

  8. Өз бетімен орындайтын жұмысты барлық Оқушы-ларға бірдей ұсынасыз ба? Неге?

Оқу әрекетінің мазмұны оқу тапсырмалары түрінде құрылады. Оқушылардың жаттығу, есеп тапсырмаларды өз беттерімен орындай алуларына жете көңіл бөлулері керек. Жаттығулар - оқушылардың білімін бекіту, біліктері мен дағдыларын дамыту мақсатына қызмет ететін әдістемелік тәсілдер немесе машықтандыру тапсырмаларының жүйесі? Ойлау амалдарын меңгеру, білімдерді берік және саналы игеру мақсаттарында пайдаланылады.

Жаттығулар жүйесінің тізбектілігі, қол жетерлігі, қолданушының реттілігі зор рөл атқарады.

Біздің қарастырып отырған мәселеміз - жалпы сынып оқушыларымен өз бетімен жеке жұмыс жүргізу дағдылары.

Негізгі мақсатымыз - оқу-тәрбие процесін ізгілендіру негізінде оқушылармен жеке жұмыстың түрлі формасын, мұғалімнің оқушылармен тең дәрежедегі қарым-қатынасын көрсету.



Жаттығу жұмысы. 159-жаттығу.

Мұғалім Оқушыға жаттығудың тапсырмасын оқытты. Әрі қарай мұғалім әр топқа жеке тапсырма береді.

1-топ: Сөйлемді көшіріп жазып, қарамен берілген сөздердің астын сызу;

2-топ: Сөйлемді көшіріп жазып, қарамен берілген сөздерге сұрақ қою;

3-топ: Сөйлемді көшіріп жазып, неге мына сөздер қарамен беріліп тұрғанын білу.

Оқушылардың сабаққа ынтасын арттыру үшін ойын-жаттығуларды пайдалануға болады. Бұл - пәрменді тәсілдердің бірі. Мұндай грамматикалық ойын-жаттығулар оқушылар арасында жарыс түрінде өткізіледі. Ойында мұғалім ойнаушының да басқарушы (төреші) қызметін атқарады. Жаттығуларды орындау барысында әрбір оқушыға сынып алдында өз білімдерін іскерлігі мен дағдыларын көрсету міндеті қойылады.

Ойын-жаттығулар мағынасыз ермекке айналмайтын әдеттегі жаттығулар тәрізді болуы керек. Демек, оған езгеше түрде берілетін оқу жаттығулары алынады. Оқушылар көбінесе қиындау, бірақ грамматика жөніндегі білімдерін бекітуге, орфография мен пунктуациядан мықты дағдылар қалыптастыруға, тілдерін жетілдіруге қажетті тапсырмалар алады. Грамматикалық ойынға арналған жаттығулардың өз ерекшелігі болады. Әдетте, оларға оқушыларды жұмысқа көбірек қамтитын, олардың белсенділігін туғызып, жарыстың нәтижесін айқын көрсететін жаттығулар таңдап алынады. Грамматикалық ойын-жаттығуларының әдеттегі жаттығулардан ерекшелігі ол - оларды оқушылар зор белсенділікпен, бар ынтасымен орындайтын болуы тиіс. Ойын-жаттығуларды үйреніп жатқан материалды ұғыну сабағында да, сол сияқты үлкен тақырыптарды қамтып, талдай қорытындылайтын қайталау сабағында да қолдануға болады.

Мұғалім сабаққа өзірленгенде жаттығулар түрінің санын, оларға берілген уақытын айқындауы керек. Көптеген әдіс-тәсілдерге елігіп, ойынды өткізуге керекті уақытты шектеуге болады.

Қазақ тілін бастауыш сыныпта оқытудың басты әдісітілдік фактілерді бақылату және талдау. Бұл оқушылардың ойлау қызметін күшейтеді. Оқушылардан ереже мен анықтамаларды саналы түрде түсіну, әрі есте сақтау талап етіледі. Мысалы, салыстыру әдісі жаңа тілдік құбылыстар бұрын өтілген тілдік құбылыстармен салыстырылып, олардың арасындағы ұқсастың пен айырмашылық белгілері айқындатылады.

Қазақ тілі сабағында түрлі жаттығулар орындау арқылы тиісті ережені дәлелдеу, тұжырымдау жұмысы жүргізіледі.

Сөйтіп, оқушы ережені білумен бірге оны өздігінен мысал келтіріп дәлелдеуге үйренеді. Бұл үшін мұғалім оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу қабілетін дамытып, өтілген тақырыптан өздіктерінен қорытынды шығара алатындай етіп қалыптастыру керек. Бұл жөніндегі К.Д.Ушинскийдің "Оқушы тілдік құбылыстарды мұғалімнің басшылығымен өзі байқасын, грамматикалық ережені немесе ұғымды, мүмкін болғанынша өздері қорытсын, балалардың ой-өрісін жетілдіру үшін грамматиканық басты мәні де осында", - деген пікірі өз маңызын жойған жөң.

Сөйтіп, тіл сабақтарында оқушылар сөйлемді сөзге, сөзді буынға, дыбысқа ажыратуды үйренеді, сөйлем құрамындағы сөздерді синтаксистік қызметіне қарай сөйлем мүшелеріне, лексикалық мағыналарына қарай сөз таптарынаажырата алатын болады; сөз құрамы жайында түсінік алады; өз бетімен сөйлем құрап жазуға, өз ойын ауызша да, жазбаша да дұрыс айтып жеткізуге дағдыланады.



Сабақтың тақырыбы: Сын есім

Сабақтың мақсаты:

а/ Зат есімнен өткенді қайталай отырып, оқушыларға сын есім тақырыбын меңгерту.

ә/ Жаңа білімді меңгере білуге және әдептілікке, адамгершілікке, төртіпті болуға тәрбиелеу.

б/ Жаңа сабақтың мәнін аша отырып , жаттығулар, топтамалар арқылы баланық ой-өрісін, есте сақтау қабілетін, өз бетімен жұмыс істеу дағдысын дамыту.



Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап. Ауызша жаттығулар.

Көрнекілігі: Плакатқа жазылған мысалдар, топшамалар, жаңылтпаштар, сын есімге байланысты әр түрлі суреттер.

Пәнаралық байланыс: Ана тілі

Айналамен танысу

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру бөлімі.


  • Сәлеметсіздер ме, балалар!

  • Отырыңыздар.

  • Мен бүгін қазақ тілінен сабақ беремін. Құралдарыңды жинақтап, сабаққа әзірленеміз.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

  • Балалар, сіздер өткен сабақтағы жазба жұмыстарыңыз "Зат есім" бойынша жүргізілген болатын. Бүгінде зат есім тақырыбын қайталаймыз. Мен оны қаншалықты меңгергендеріңді байқау үшін сұрақтар қоямын, топшамалар беремін.

  • 1-ші топшамада сөз берілген. Сол сөзді тақтаға шығып, төуелдеп жазу қажет. Кәне кім шығады?

а) Топшамамен жұмыс.

/Тақтаға екі оқушыны шығарамын/.

- Балалар, 1-ші топшамадакітап сөзін тәуелдеу керек.
2-ші топшамада жолдас /үй/ сөзін тәуелдеу керек.

/2 оқушыны тақтаға шығарамын/.

/3-4 оқушыға туынды зат есімге байланысты орнынан отырып орындайтын топшама беремін/.

- Балалар, енді мына топшамаларды 3 қатардың бір-бір оқушысына беремін.

Топшама
Жұрнақтарды жалғап, туынды зат есім жаса.
1 2 3

Жұмыс... ас... үш...

Кітап... бай... дәрі...

Сурет... ойын... ән...

Орын... сауын... жалау...

- Ал енді топшама алған балалар жұмыстарын орындап болғанша, сіздерге мен сұрақ қоямын, сендер соған жауап беріңдер.

ә) /ауызша сұрақтар қоямын/.


  • Зат есім дегеніміз не? Кім маған ережесін мысалымен айтады? Балалар, сабаққа бәріміз ат салысып, қатысып отырамыз. Сіздердің жауаптарыңыз бағаланады.

  • е) Заттың атын білдіріп, кім? не? деген сұраққа жауап береді.

  • Енді балалар мына сөзге қараңдар. Оқып, сұрақ қойыңдар.

  • Домбырашы.

- Қандай сұраққа жауап береді?
-Кім?

  • Яғни, бұл зат есім. Бұл сөз жалқы есім бе, жалпы есім бе?

  • Жалпы есім.

  • Ал енді осы сөз негізгі ме , туынды зат есім бе?

  • Туынды.

  • Түбір сөзі қайсысы, қосымшасы қайсысы?

  • Домбыра- түбірі, -шы- қосымша.

Яғни, домбыра деген сөзге -шы жұрнағын жалғау арқылы туынды зат есім жасап тұрмыз.

  • Осы сөз жекеше түрде ме, көпше түрде ме?

  • Жекеше.

  • Ал енді осы сөзде көпше түрде қалай болады екен?

  • Домбырашылар.

  • қандай қосымша арқылы жасап тұрмыз/.

-лар жалғауы.

  • Бұл қандай жалғау?

  • Көптік жалғауы.

  • Ал осы көптік жалғауын кім маған атап береді?

  • а) Заттардың көп екенін білу үшін түбір сөзге -лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер жалғанады. Бұлар көптік жалғауы деп аталады.

  • Ал енді тақтадағы оқушымыздың қатесі бар ма екен? Тексерейік.

  • 1-ші бітірген оқушының жазғанын тексерейік.

I. Менің кітабым. Біздің кітабымыз.

II. Сенің кітабың. Сендердің кітаптарың.
Сіз дің кітабыңыз. Сіздердің кітаптарыңыз.

III. Оның кітабы. Олардың кітабы.

- Ал екінші оқушының жазғанын тексерейік.



1. Менің жолдасым. Менің үйім. Біздің үйіміз.
ІІ.Сенің жолдасың. Сенің үйің. Сендердің үйлерің.
Сіздің жолдасыңыз. Сіздің үйіңіз. Сіздердің үйлеріңіз.
III. Оның жолдасы. Оның үйі. Олардың үйі.

- Енді балалар, мен сендерге сөйлем оқимын, соның ішінен жалқы есімдерді атаңдар.

б/ Сөйлем оқимын.

Биыл екінші сыныпты бітірген Әсет пен Нәзира Алматы хайуанаттар саябағын аралап жүр.



  • Олар сөйлем ортасында келсе қалай жазылады?

  • Үлкен әріппен.

  • Ал енді орындарында орындаған оқушылардың топшамаларын тексерейік.

  • Көне, оқи ғой.

  • 1. Жұмысшы.

Кітапхана. Суретші. Орындың. Осылай 3 оқушының орындағанын тексеремін.

2. Асхана. З.Ұшқыш.

Байлық Дәрігер/хана/

Ойыншық Әнші

Сауыншы Жолаушы

-Балалар, сіздер зат есім тақырыбын жақсы меңгерген

екенсіңдер. Енді бүгінгі жаңа тақырыппен танысайық



IV. Жаңа сабақ

- Енді балалар, дәптерлеріңді ашып күннің жадын жазып, бүгінгі жаңа тақырыпты жазып қойыңдар

/тақтаға тақырыпты жазамын/.

- Балалар бүгінгі біздің тақырыбымыз сын есім.


Көрнекілікпен жұмыс.

- Балалар, енді міне, қолыма қараңыздар,нені кәріп тұрсыздар ?



  • Алма.

  • Неше алма?

  • Екі алма.

  • Алмалар қандай?

  • Қызыл және біреуі сары.

  • Ал енді не кәріп тұрсыңдар?

  • -Бағдаршам.

  • Бағдаршамның неше көзі бар?

  • Үш.

  • Қандай?

  • Олар нені білдіреді?

  • Бізге бағыт-бағдар береді.

-Енді мына кітаптарды қараңдар. Салыстырыңдар. Олар қандай?

  • Біреуі қалың, біреуі жұқа.

  • Бұлар нені білдіреді?

  • Заттың сынын білдіреді.

  • Міне, балалар, мынау- үй. Осы екі үй қандай?

  • Біреуі - биік, екіншісі - аласа.

  • Ал мына суретте не берілген?

  • Арқан.

  • Арқан қандай?

  • Біреуі көк, біреуі сары.

  • Ал көк қандай?

  • Ұзын.

  • Ал сары?

  • Қысқа.

  • Балалар, осы биік, аласа, ұзын, қысқа деген нені білдіреді?

  • Заттардың көлемін білдіреді.

  • Ал мынадан не көріп тұрсыңдар?

  • Пияз бен алма.

  • Пияз қандай?

  • Сары.

  • Тағы қандай?

  • Ащы.

  • Ал алма қандай?

  • Қызыл және тәтті.

  • Балалар, тәтті, ащы деген нені білдіреді?

- Дәмін.
Ережемен жұмыс.

- Яғни, заттардың дәмін, тағамдардың дәмін білгізеді екен. Балалар, манағы қызыл, сары заттардың түсін білдірсе, қалық, жүқа, биік-аласа, ұзын-қысқа заттың сапасын, көлемін білдіріп, ащы-тәтті дәмін білдіреді екен. Осы заттың түсін, түрін сапасын, салмағын, көлемін білдіретін және қандай деген сұраққа жауап беретін сөздерді сын есім деп атаймыз.

- Осы ережені кітабымыздан іздеп, тауып оқиық.
Тақтадағы көрнекілікпен жұмыс.

- Ал, енді бәріміз тақтаға қарайық. Тақтада өлең


жолдары жазылған, кәне, соны оқиық. Кәне, кім оқиды?

/Бір оқушыға оқытамын/.



  • Ал балалар, енді осы өлең жолдарынан сын есімдерді табу керек. Ал табайық, ол қандай сөздер екен. Бірінші сұрақ қойып қарайық. Кім маған сын есімдерді атайды?

  • Қызыл, сары, жасыл, көк.

  • Бұл заттың қандай сынын білдіреді?

  • Түсін.

  • Өлеңде не туралы айтылған?

  • Қызыл, сары, жасыл, көк гүлдердің адамды қызықтырып, соңында оның гүлдер емес көбелек екенін айтады.

  • Ал енді мына мақалға қарайық. Кім оқиды?

  • Әдепті бала, арлы бала, Әдепсіз бала, сорлы бала. /Бір оқушы оқиды/.

  • Осы мақалдың мағынасын кім түсіндіреді?

  • Бұл мақалда, яғни, бала әдепті болса, ол бала арлы болады дейді. Ол баланық адамгершілігі, ұяты бар, болашағызорбаладейді. Әдептідеген-тәрбиелі, ақылды бала дегенді білдірсе, әдепсіз бала дегені - тәрбиесіз, тыңдамайтын бала. Ондай балалар көп қиыншылыққа кездеседі. Сорлы дегені - яғни, теріс қылықтарға салы-нып, бүзылып кетуі мүмкін дейді.

  • Ал балалар осы мақалаға сұрақ қойыңдар.

  • Қандай бала ? Әдепсіз.

  • Осы мақалдан сын есімді табайық.

  • Әдепті, әдепсіз.

  • Балалар, Бұл адам баласының бойындағы жақсы, жаман қасиеттерді, мінез-құлқын білдіреді екен. Яғни, сын есім адамның ішкі жан дүниесін, мінез-құлқын да білдіреді екен.

  • Ал балалар, біздерге қонақ келді. Қонаққа келген кім екен?

  • Тауық.

  • Тауық біздің осы 3-сыныптан көмек сұрауға келген екен. Ол қандай көмек екен?

  • Бір күні тауық балапандарымен жаймашуақ күні жайылып жүрді. Осы кезде "өзі айлакер, өзі қу кім?"

  • Түлкі.

  • Сол түлкі келіп байқаусызда оның балапандарын ұрлап алып кетеді. Тауық болса, сол балапандарын таба алмай, сіздерден көмек сұрауға келіп түр екен. Міне, бізге келіп хат түсті. Бұл хатты жазған түлкі екен. Бұл хат "тапқыш балаларға" депаталады. Ондане жазылған екенін оқиық.

"Құрметті балалар! Менің қолымда тауықтың балапандары бар. Егер сендер балапандарды құтқарғыларың келсе, менің берген тапсырмаларымды орындаңдар!"

- Ол қандай тапсырма екенін оқып, орындайың.


/1 тапсырма 2-3 оқушыға ауызша/

- Балалар мына тапсырмада 262-жаттығуды орындаңдар деген екен. Берілгенін кім оқиды? Қалғанымыз оқулығымыздан тауып, мұқият тыңдап отырамыз.

1. Өлеңді оқыңдар.

Ақ алма, қызыл алма жемедің бе?

Бұл өзі неге тәтті демедің бе?


  1. Осындағы ақ, қызыл, тәтті сөздер қай сөзге қатысты?

  2. Оларға сұрақ қойыңдар. Нені білдіретінін айтыңдар?

  • Қандай алма?

  • Қызыл, ақ, тәтті алма заттың дәмін білдіреді.

- Міне, балалар , біз бір балапанды құтқардық.
2-ші тапсырма.

  • Балалар, енді 2-ші тапсырма 264-жаттығуды орындауға берілген екен.

  • Барлығымыз оқулығымызға назар аударайық. Кім берілгенін оқиды?

/ Екі оқушыны тақтаға, қалғанын орындарында орындатамын/

  • Гүл, арқан дегенге қатысты сөздерді олардан бұрын қойып жазыңдар.

  • Гүл қандай болады?

  • Қызыл, ақ, сары, жасыл, биік, аласа... болады.

  • Арңан қандай болады?

- Ұзын, қысқа, жуан, жіңішке, ақ, қара.... болады.
Үлгі: Қызыл гүл... Ұзын арқан...

  • Бұл жаттығуда гүл қандай? Арқан қандай? деген сұрақтарға жауабын үлгіге қарап жазамыз. Қатысты сөзді олардан бұрын қойып жазамыз. Мысалы; гүл қызыл деп жазбаймыз, қызыл гүл, т.с.с. жазамыз .

Ал тақтаға екі оқушы шығу керек, кім шығады? Ал, қалғанымыз орындарымызда орындаймыз. Дәптерімізге ұқыпты, таза етіп орындаймыз.

/Оқушыларды орындарында тексеріп, шығамын/

- Балалар, болғандарың қаламдарыңды қойып, тақтадағы оқушының жазғанымен тексерейік.

Қатесі болса қолымызды көтереміз.

- Міне, балалар, біз 2-ші балапанды құтқардың. Енді келесі тапсырмаға қарайық.

3-ші жаттығу.



  • Балалар , Бұл тапсырма 269-жаттығуды орындауға берілген екен /өз бетімен орындатамын/.

  • Кім берілгенін оқиды?

1) Көп нүктенің орнына қандай? деген сұраққа жауап болатын сөз қойып көшіріңдер.

...мақта, ...шөп, ...сиыр, ...балапан, ...қауын, ...алма, ...айран, ...өрік.

Керекті сөздер; көк, ала, тарғыл, сары, тәтті, ащы, түщы, қышқылтым.


  1. Заттың түсін, тамақтың дәмін тағы қалай атауға болады?

  2. Оларды сөйлем ішінде айтыңдар.

- Балалар, енді бірінші сөз - мақтаға сұрақ қояйық.

- Қандай мақта?


-Ақ.

  • Ақ мақта деп жазыңдар, қатесіз, әдемі, таза жазамыз /парта аралап тексеремін/.

  • Ал, болсаңдар, қаламдарыңды қойыңдар. Кім оқиды? Қалғанымыз тексеріп отырайық. /1-2 Оқушы оқиды/.

  • Енді заттың түсін осыдан басқа қалай атауға болады? Тек қолымызды көтереміз.

  • Қызыл, қоңыр, қара, күлгін, ала.

  • Ал сөйлемдегі түске байланысты сөздерді оқыңдар.

  • Ақ мақта. Көк шөп. Тарғыл сиыр. Сары балапан.

  • Міне, балалар, біздер тағы бір балапанды құтқардық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет