Ш. юлдошева, А. Нисанбаева


-тақырып. Оқушылардың мазмұндама мен



бет18/18
Дата05.11.2016
өлшемі3,38 Mb.
#1023
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18

4-тақырып. Оқушылардың мазмұндама мен шығарма жұмыстарынан жіберген қателерін түзету жолдары

Мазмұндама мен шығарманық түпкі мақсаты -оқушылардың ойын және тілін дамыту болғандықтан, ең алдымен Бұл жұмыстардың мазмұны мен тіліне көңіл аударылуға тиіс. Бірақ Бұл айтылғаннан орфографиялық қателерді есепке алудың керегі жоқ деген пікір тумайды. Орфографиялық қателерді түзету осы кезге дейін бірінші міндет болып келді, әлі де осылай бола бермек.

Бұл жұмыс екі түрлі әдіс арқылы жүргізіледі:


  1. Балалар өзін-өзі тексеруге нақты тапсырманы орындау мақсатымен бірте-бірте үйретіледі.

  2. Балалар өзін-өзі тексеруге бір-бірінің жұмысын оқып түзету арқылы үйретіледі. Бұл жұмысты мұғалім оқушылар шығарманы түзету техникасын бірсыпыра меңгерген кезде бастайды. Кішкене балалар бірінің жұмысын бірі тексеруге, яғни қолдарына қызыл сия мен қалам алып, жұмыстың қатесін тауып, түзетуге зор ынтамен кіріседі. Бірақ мұнда ескерілетін жай - кейбір баланық дұрыс жазылған сөздер мен сөйлемдерді қате түзетіп қоюынан сақ болған жөн. Ол үшін мұғалім оқушылардың жұмысты жөндеу барысына көз жіберіп қарап жүреді, қажетті жерінде көмек береді және оларға асықпай оқып шығып, қай жерінде қате барын алдымен байқап алып қате екеніне әбден көзі жеткенде барып жөндеу керектігі ескертіледі. Жұмыстарға көз жүгіртіп қарап жүргенде бір қате 3-4 балада кездескен болса, ол сөзді жөндеп жатқан баладан не себепті жөндегені сұралады. Жұмыс барысында осы сияқты тәсілдер арқылы балалар бір-бірінің қатесін түзетіп болған соң, дәптерлерді мұғалім жинап алып кетеді, балалардың түзеткендерінің дұрыс-қателіктерін қарайды, баға қояды.

Бастауыш сынып оқушыларының жазған жұмыстарында кездесетін қателіктерді жоюдың екінші амалы -ол жұмыстарға толық талдау жасау. Бұл сабақтарда балалар өз жұмыстарында кеткен қателермен танысады, мұғалім Оқушылардың жұмыстарын тексеріп болған соң, ондағы қателерді топ-топңа жіктеп, барлық жұмысты салыстырады. Балалардың көпшілігіне тән қателерді анықтап, қатені талдау сабағын да осыған орай ұйымдастырады. Мысалы, оқушылардың көпшілігі бір сөзді бірнеше рет қайталаған болса, сол қайталаған сөздер тақтаға жазылады. Балалар ол сөйлемдердің қатесін түзейді. Балалар өз жұмыстарынан осы сөйлемдерді табады, қателері болса түзетеді. Жұмысының түзетілген жері көп оқушы оны қайта көшіреді.

Оқушылырдың қателерін талдауға арналған сабақтың алғашқы 5-7 минутын мұғалім жазылған жұмысқа шолу жасауға пайдаланады. Онда кейбір балалардың жетістігі аталып, тәуір жазылған жұмыстарының біреуі тұтас оқылып, әңгімеленеді. Кейбір жағдайда мұғалім әр жұмыстың жақсы жазылған жерлерінен үзінді оқиды, мысалы, бір жұмыстың мазмұнының түсініктілігі, екінші бір оқушының ойын жүйелі түрде баяндағаны нашар жақтары айтылады.

Мұнда да мұғалім кейбір жұмыстардан мысал келтіреді, сонан кейін тақтаға алдын ала жазылып қойылған сөйлемдермен жұмыс басталады.

Оқушылардың өз қателерін байқауға және оның дұрысына көз жаттықтырып, екіншілей ол сөзден қате жібермеу үшін қайта көшіріп жазудың пайдасы көп. Ал, оқушылар шартты белгілер қоюға екінші сыныптың алғашқы кезінен үйретіледі. Онда алдымен бір белгі қойылады; оқушылар бұл белгіге әбден үйренген кезде екінші белгі қойылып, оның нені білдіретіні түсіндіріледі. Белгілер осылайша бірте-бірте меңгеріледі. Оқушылардың шығарма, мазмұндама жұмыстарында кездесетін қателерді жоюдың үшінші жолы - қатенің түріне қарай жаттығу сабақтарын өткізу. Мұндай сабақтарда балалар өздерінің жазба жұмыстарында мән бермеген, ойланбастан жаза салғандықтан кеткен қателерін сезінеді, дұрыс жазбағандарын саналы түрде түсінеді де, кейін ондай қателерді жібермеуге тырысады.

Мазмұндама мен шығармаларда кездесетін қателерді түзету үшін дидактикалық материалдарға байланысты жүргізілетін жұмыстардың маңызы зор.

Оқушылардың жазу жұмыстарында кездесетін қателерді болдырмау жолындағы жұмыстарды тиісті дәрежеде жолға қойып, үзбей жүргізіп отырмаса, ол қателер қайталана береді де, балаларда динамикалық стереотип жасалады, яғни ми қабығында шартты рефлекстер жүйесі орнығады. Соның салдарынан кейбір қателерден олар жоғары сыныптарда да арыла алмайды.



Шығарма жұмысын талдау былайша жүргізіледі:

  1. Шығарма жазған оқушылардың саны.

  2. Тақырыпты дұрыс ашып көрсеткен және орфографиялық қате жібермеген оқушылар саны.

  3. Жазған шығарма жұмысының мазмұны нашар оқушылар саны:

а) жоспардың бірде-бір пункті ашылмаған;

ә) жоспар түгел қамтылмаған.

4) Стильдік жағынан қате жіберген оқушылар саны:
а) сөйлемдегі сөздердің тәртібі бүзылған;

ә) бір сөзді қатар келген сөйлемдерде бірнеше рет қайталайды;



б) сөз орынды қолданылмаған;

в) сөйлемдегі сөздердің байланысы нашар.

5) Орфографиялық, пунктуациялық қате жіберген оқушылардың саны (әсіресе қандай ереже бойынша көп қате жіберген; көпшілігіне тән жекелеген қателерді жазып көрсету керек).



Сұрақтар мен тапсырмалар:

  1. Бастауыш мектеп оқушыларының мазмұндамалары мен шығармаларындағы қателерді болдырмау шаралары қандай?

  2. 2-4 сынып оқушыларының шығармаларының мазмұны, құрылысы, тілі жағынан талдаңдар.

  3. Мазмұндама немесе шығарманы талдауға арналған бір сабақтың жоспарын жасаңдар.

ӘДЕБИЕТТЕР

І

1. Өзбекстан Республикасының «Білім туралы» Заңы. // Баркамол авлод — Ўзбекистон тараққиеттининг пойдевори. — Т.: Шарк, 1997.

2. Каримов И.А. Өзбекстан тәуелсіздікке жету босағасында. — Т.: Ўзбекистон, 2011.

3. Каримов И.А. Жоғары руханият — жеңілмес күш. — Т.: Маънавият, 2008.

4. Кадрлар Дайындаудың Ұлттық бағдарламасы // Баркамол авлод — Ўзбекистон тараққиеттининг пойдевори. — Т.: Шарқ, 1997.

5. Жалпы орта білімнің мемлекеттік білім стандарттары және оқу бадарламасы // Өзбекстан Республикасы Халыққа білім беру министрлігінің ақпараты, 7-арнаулы нөмір, Т.: Шарқ, 1999.

6. Бастауыш білім бойынша Жаңа редакциядағы Мемлекеттік білім стандарты // «Бошланғич таълим» журналы, — Т.: 2005.

ІІ

1. А.Зуннунов, тағы басқ. Әдебиетті оқыту әдістемесі. Т.: Ўқитувчи, 1992.

2. А.Ғуломов. Ана тілін оқытудың қағидаттары мен әдістері, — Т.: Ўқитувчи, 1992.

3. Б.Маъкулова, Т.Адашбоев. Кітабым — шуағым (1-сыныптарға сыныптан тыс оқуға арналған оқу кітабы). — Т.: Ўқитувчи, 1999.

4. Б.Маъкулова, С.Саъдиева. Сыныптан тыс оқыту жаттығулары (1-сынып оқытушыларына арналған әдістемелік қолданба). — Т.: Ўқитувчи, 1997.

5. Б.Маъкулова, С.Матчон. Кітабым — шуағым (2- сыныптарға сыныптан тыс оқуға арналған оқу кітабы). — Т.: Ўқитувчи, 2000.

6. Б.Маъкулова, Насриддинова. Кітабым — шуағым (1-сыныптарға сыныптан тыс оқуға арналған оқу кітабы). — Т.: Ўқитувчи БПШҮ, 2008.

7. К.Қосимова, С.Матчонов, Х.Ғуломова, Ш.Юлдошева, Ш.Сариев. Ана тілін оқыту әдістемесі. — Т.: Ношир, 2009.

8. М.Худойберганова, М.Мухторова. 3-сыныпта ана тілі сабақтары. — Т.: Ўқитувчи, 2005.

9. М.Умарова, Ш.Хакимова. Оқу кітабы (3-сыныптарға арналған оқулық) — Т.: Чўлпон, 2008.

10. М.Умарова, Ш.Хакимова. Оқу сабақтары (3-сынып оқытушыларына арналған әдістемелік қолданба). — Т.: Чўлпон, 2008.

11. Р.Икромова, Х.Ғуломова, Ш.Юлдошева, Д.Шодмонқулова. Ана тілі (4-сынынтарға арналған оқулық). — Т.: Укитувчи, 2007.

12. Р.Сафарова, тағы басқ. Сауат ашу сабақтары (Әліппені оқыту бойынша әдістемелік қолданба). — Т.: Маънавият, 2003.

13. С.Матчонов, А.Шожалилов, Х.Ғуломова, Ш.Сариев, З.Долимов. Оқу кітабы (4-сыныптарға арналған оқулық). — Т.: Yangiyul polygraph cervice, 2007.

14. С.Матчонов, тағы басқ. 4-сыныптарда оқу сабақтары. — Т.: Yangiyul polygraph cervice, 2007.

15. С.Матчонов, тағы басқ. Бастауыш сынып оқу сабақтарын педагогикалық технологиялар негізінде ұйымдастыру. — Т.: Yangiyul polygraph cervice, 2008.

16. Тұрбалиева Г.Ж. Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту әдістемесі. — А.: Фолиант, 2007.

17. Т.Ғаффорова, Х.Ғуломова, Г.Эштурдиева. 1-сыныптарда сауат ашу сабақтары. — Т.: Ўқитувчи, 1996.

18. Т.Ғаффорова, Э.Шодмонов, Г.Эштурдиева. Әліппе (Сауат). — Т.: Ўқитувчи, 1999.

19. Т.Ғаффорова, тағы басқ. Оқу кітабы (1-сыныптарға арналған оқулық). — Т.: Шарқ, 2007.

20. Т.Ғаффорова, тағы басқ. 1-сыныпта оқу сабақтары. — Т.: 2003.

21. Жалпы психология. — Т.: Ўқитувчи, 1999.

22. Х.Ғуломова, Т.Ғаффорова. 1-сыныпта ана тілі сабақтары. — Т.: Шарқ, 2003.

МАЗМҰНЫ
БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА АНА ТІЛІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ — ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМ

1. Бастауыш сыныптарда ана тілін оқыту әдістемесі пәнінің

предметі мен міндеттері.......................................................................................3

2. Ана тілін оқыту әдістемесінің қағидаттары.................................................12

3. Ана тілін оқыту әдістемесінің зерттеу әдістері...........................................14

4. Ана тілі бастауыш сыныптарда оқу пәні ретінде........................................16


САУАТ АШУ ӘДІСТЕМЕСІ

1.Сауат ашудық мақсаты мен міндеттері .........................................................20 2.Сауат ашу сабақтарына қойылатын негізгі педагогикалық талаптар.........22

3. Бастауыш сыныптарда сауат аштырудың әдіс-тәсілдері.............................24

4. Сауат ашу кезінде жүргізілетін тіл дамыту жұмыстары............................45

5. 1-сыныптағы жазу."Жазу дәптерін" пайдалану төртібі...............................49 6."Әліппе"кезеңіндегі,үйрету.диктанттарын.жүргізу.жолдары......................53
ОҚУ ЖӘНЕ ТІЛ ДАМЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ

1. Оқудың маңызы.Бастауыш сынып ана тілі оқулықтарының мазмұны.....65 2. Бастауыш сынып оқушыларының оқу дағдысын қалыптастыру жолдары...............................................................................................................67

3. Оқудың түрлері мен сапалары.......................................................................70

4.Мәтінді қабылдаттыру үшін істелетін жұмыстар.........................................78

5.Оқу сабақтарына арналған тәрбие жұмыстарының жоспарлары................90
БАСТАУЫШ СЫНЫПТА КӨРКЕМ ШЫҒАРМАЛАРДЫҢ

ТҮРЛЕРІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ

1. Көркем шығарманың кейбір түрлерін оқыту ..............................................99 2. Бастауыш сыныпта өлеңді оқыту...................................................................99

3. Бастауыш сыныпта әңгімені оқыту.............................................................102

4. Бастауыш сыныптарда ертегілерді оқыту...................................................105

5. Ертегі әлемінің түрі мен кейіпкерлеріне мағлұмат беру..........................114

6. Бастауыш сыныпта мысалдарды оқыту.....................................................118 7. Бастауыш сыныптарда шешендік сөздерді оқыту......................................131

8. Бастауыш сынтарда мақал-мәтел, жұмбақтарды оқыту...........................142

ГРАММАТМКА ЖӘНЕ ТІЛ ДАМЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ

1. Бастауыш сыныптардардың тілін оқытудың мәні.....................................97

2. Бастауыш сынып жаттығу жұмыстары.........................................................98

3. Бастауыш сыныптарда грамматикалық талдауға үйрету..........................100


ЖАЗУ ЖӘНЕ ТІЛ ДАМЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ

1. Бастауыш сынып грамматика мен жазу сабақтарының түрлері...............229

2.Бастауыш сыныптағы диктант, оның түрлері..............................................234

3.Бастауыш сыныптарда ана тілі,қазақ тілі пәнінен тестік жұмыстар........243


БАЙЛАНЫСТЫРЫП СӨЙЛЕУ ӘДІСТЕМЕСІ

1. Тіл дамытудың мақсаттары, оған қойылатын талаптар.............................142

2. Бастауыш сыныпта мазмұндама,оның түрлері...........................................152

3. Бастауыш сыныпта шығарма және оның түрлері......................................155



4. Бастауыш сыныпта оқушылардың мазмұндама мен шығарма

жұмыстарынан жіберген қателерін түзету жолдары.....................................169
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.......................................................................................285


1 Өзбекстан Ұлттық энциклопедиясы. — Т.: «Узбекистон Миллий энциклопедияси» Мемлекеттік ғылыми баспасы, 2003. — 5-том, 613-бет.

2 Өзбек тілінің түсіндірме сөздігі. — Т.: «УМЭ» Мемлекеттік ғылыми баспасы, 2006. — 2-том, 582-бет.

1 Өзбекстан Республикасының «Білім туралы» заңы. //Баркамол авлод — Узбекистон тараққиетининг пойдевори. — Т.: «Шарқ», 1997, 20-бет.

1 Өзбекстан Республикасының «Кадрлар дайындау Ұлттық бағдарламасы». //Баркамол авлод — Узбекистон тараққиетининг пойдевори. — Т.: «Шарқ», 1997, 39-бет.

1 Ушинский К.Д. Таңдалған педагогикалық шығармалар. — Т.: «Уздаврнашр», 1959, 49-бет.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет