Ш. юлдошева, А. Нисанбаева


Қазақ тілінен тест. 4-сынып



бет17/18
Дата05.11.2016
өлшемі3,38 Mb.
#1023
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18

Қазақ тілінен тест. 4-сынып.

І.Біріккен сөзді табыңдар.

а) халық ә) БҚМУ б) Алатау

2. Қос сөзді табыңдар:

а) Көкшетау ә) кг б) ата-ана



3. Барыс септігінде тұрған сөздерді тап:
а) етігін ә) құстарға б) досы

4. Тәуелді зат есімдерді табыңдар. Септік жалғауының
астын сыз.

а) інісінің ә) жағасы б) кезекші



5. Жіктелген тәуелді сөздерді табыңдар:
а) дәрігермісің ә) көмекші б) шөптің

  1. Есімдікті табыңдар: Қуанышқа батамыз, Суға түсіп күнде біз. Раңаттанып жатамыз, Қыздырынып күнде біз.

  1. Келер шақтағы етістікті тап:

а) кетеді ә) көңілді б) өсті в) сөйлейді

8. Сын-қимыл үстеуді табыңдар:

а) күндіз ә) төмен б) лезде в) ертең



9. Шылауды табыңдар:

Қала да, ауыл да күннен-күнге кәркейіп келеді.

10. Бірыңғай мүшелері бар сөйлемдерді табыңдар:

а) Күн батып бара жатқан кез

ө) Маржан мен Гүлжан далаға шықты

б) Бұларға Асан, Марат, Сара қосылды

11. "Әдемі, сұлу, Көркем" сөздері қандай сөздер то-


бына жатады?

а) қарама-қарсы мағыналы сөздер

б) мәндес сөздер

в) бірнеше мағыналы сөздер

12. Заттың қимылын білдіретін сөздерді не деп атай-


мыз?

а) сын есім б) зат есім в) етістік

13. Қай жолдағы сөздер күрделі етістіктерге жатады?

а) ойнап жүр, жүгіріп келеді, тыңдап отыр

б) терді, күлді, шығарды

в) оянды, еркелейді, жуынады

14. Лепті сөйлемді анықта:

а) Сара, сен театрға барасың ба?

б) Мереке құтты болсын!

в) Мен сегізге толдым.


  1. Заттың дәмін білдіретін сөздерді анықта! а) қызыл, үлкен, биік б) жуан, әдемі, жүмсақ в) ащы, қышқыл, төтті

  2. Мәтін дегеніміз не?

а) екі не одан да көп сөйлемді мөтін дейміз

б) үзын бір сөйлемді мөтін дейміз

в) бір сөйлемге жинақталған сөз тізбегін мәтін дейміз

БАЙЛАНЫСТЫРЫП СӨЙЛЕУ ӘДІСТЕМЕСІ

1-тақырып. Тіл дамытудың мақсаттары, оған қойылатын талаптар

Бұлдіршіндер алғаш мектеп табалдырығын аттаған кезде басталатын сауат ашу және тіл дамыту - қазақ тілі бағдарламасы салаларының негізгі құрамдық бөлігі. Сауат ашу және тіл дамыту кезеңіндегі оқу жұмысының мақсаты - оқушылардың есте сақтау қабілетін дамыту, оларды оқу мен жазуға үйрету, ойлау қабілетін, сөйлеу тілін дамыту.

Бұл кезеңде жүргізілетін жұмыс түрлері оқушылардың тілін байытып, жалпы білімін кеңейту мақсатына үштастырылады.

Сауат ашу және тіл дамыту жұмыстары бірнеше ке-зеңнен тұрады. Әр кезеңнің өз мақсаты, соған сәйкес жүргізілетін жұмыс түрлері болады. Сауат ашу әуелі дайындық кезеңнен басталады. Дайындық кезеңінде мұғалім жеке баланы танып, білу мақсатында жұмыс түрін ойластыру керек. Осы кезеңде дыбыстар мен әріптерді меңгертуге байланысты орындалатын жұмыс түрлеріне жаттықтыру, даярлау, үйрету жұмыстары да жүр-гізіледі. Сауат ашудан кейін ғана оқушылар жазуға дағдыланады. Балалардың мектепке келіп түскен кездегі психологиялық дене ерекшеліктері жөнінде мағлұматтарға сүйене отырып, мазмұндама мен шығарманы бірінші сыныптан бастауға мүмкіндік бар. Бастауыш сынып оқушылары мазмұндама мен шығарма жазу барысында мынадай дағдыларға бейімделеді:

1. Оқушылар оқылған мәтінді қабылдап, сол қабылдағандарын өз сөздерімен жазып, белгілеуге дағдыланады.

Бұл дағдыны меңгермей, шығарма жазуға көше алмайды. Осы жұмыстың барысында бірқатар сөз тіркесі мен сөйлемдер, бейнелі сөздер автоматты түрде оқушылардың есінде қалады. Шығарма жазбас бұрын мазмұндама арқылы бірқатар процестерге жаттығу қажет.



  1. Шығармада ұсынылатын тақырыпты түсініп, оның жігін ажырата алу дағдысы. Мысалы: "Біз ағашты қалай отырғыздық?" тақырыбы бойынша өздерінің ағаш отырғызғанда не істегендерін әңгімелеу керектігін ажырататындай болу керек.

  2. Шығарма жазу үшін материал жинау дағдысы, яғни материал жинау барысында балалардың кейбіреуі үй ішінен сұрау мүмкін. Бастауыш сынып балалары бақылай білуге, кітаппен жұмыс жасауға, суреттерді қарап, қабылдай білуге жаттықтырылып, Бұл жаттығулар бірте-бірте дағдыға айналдырылуы қажет.

  3. Жинаған материалдарын жүйелей алу дағдысы. Бұл дағдыға бастауыш сынып оқушылары алғашқы кезде мазмұндама арқылы үйретіледі. Қиындықты жеңу үшін балалар алдымен дайын мәтіннің жүйесін байңап дағдыланады, яғни қандайда бір мәтіннің белгілі бір жүйемен құрастырылатынын үғады, білген-көргендерін әңгіме етіп құрастырғанда оны жүйелеп алуға дағдыланады. Егер бұған дағдыланбаса, жинаған материалдарын қалай жазуды білмей, еш нәрсе жазбай отырып қалады, шығарма жазуға қызықтырудың орнына керісінше әсер етеді. Олардың шығармаға деген ынтасын кемітеді.

5. Оқушылардың өз ойын дұрыс білдіру деген - шығарма яки мазмұндама жазғанда белгілі тілдік норманы сақтау, әдеби тілдің ең керек элементін пайдалана білу, сөйлемдерінің бір-бірімен байланысып, тілі жатық келуі. Ал, ойын түсінікті білдіру дегеніміз - оқушының ойы дәл, анық, көкейге қонымды болуы.

Шығарма мен мазмұндама жазу барысында балалар көптеген жаңа сөздер мен сөз тіркестерін үйренеді. Олар арқылы балалардың лексикалық қоры байып, тілдері үстарады. Дайындық жұмыстар көбіне грамматикадан өтіледі, материалға сай, оқу сабақтарында жүргізіледі.

6. Оқушының жазғандарын тексеру, түзету, жақсарту дағдысы. Бұл дағдыға үйретуде де көптеген қиындықтар кездеседі. Оқушылар шығарма, мазмұндама жазғанда көбінесе мұғалімге бірінші болып тапсыруға асығады да, жазғандарын қайта оқымайды, сөйтіп, жазған жұмыстарының бірде-бір сөзін, не тыныс белгісін, не әріп қатесін түзетпестен тапсырады. Бұл жөнінде мұғалімнің ескеркерткен сөзі де әсер етпейді.

Бұл дағдыға балаларды үйрету қанша қиын болғанымен, олар жазғандарына сын көзімен қарап, түрлі себептермен жіберген қателерін батыл түзету дағдысын бастауыш сыныптарда үйренуге тиіс.



7. Оқушының әңгімесін белгілі бір тұлғада (бастауышпен баяндауыштың бір шақтық тұлғада келуі) баяндай білу дағдысы.

Міне, шығарма, мазмұндама жұмыстарында берілетін дағдылардың бастылары осылар.

Шығарма жаздырғанда балалардың өз тәжірибесіне сүйеніп, бойындағы білім мен ойын өз сөздерімен жарыққа шығаруға жол беру қажет. Ш.Кәрібаев. "Шығарма жаздыру жұмысы оқытушының үнемі басшылық етіп отыруын керек қылады. Өйткені, не болса соны, кез келген тақырыпты жаздыра беруге болмайды. Оқушылармен тиісті әңгіме жүргізіп, шыңдыңқа үйлестіріп, еркін меңгере алатын материалды жаздырған дұрыс", -дейді. Сондықтан мазмұндама мен шығарма мұғалімнің басшылығымен дұрыс әдіс қолданылып жүргізгенде ғана белгілі бір нәтиже береді, мақсатқа жетеді. Ол үшін мұғалім Бұл жұмыстарға қойылатын әдістемелік талаптарды жақсы білуі тиіс.

I Бастауыш мектептерде жүргізілетін тіл дамыту жұмысы негізінен мынандай мақсаттарды көздейді.



  1. Оқушылардың байқағыштық, ойлау қабілеттері мен тілін, дүние танымын дамыту, әр нәрсені салыстыра талдап, салыстыру негізінде өз беттерімен қорытынды шығара білуге үйрету.

  2. Оқушыларға қазақ әдеби тіл нормасына сай өз сөзімін, ойын дұрыс жазып бере алатындай дағдылар беру.

  1. Оқушыларды ана тілін сүюге, оның алтын қорын білуге және оны сезініп, құрметтей білуге тәрбиелеу.

  2. Оқушылардың жазу тілін дамытуға септігі тиетін мазмұндама мен шығарма жұмыстарының оқай да тиімді түрлерін іріктеп алып ұсыну.

5. Оқушылардың іскерлік қабілетін арттыру.
Осындай мақсаттарды жүзеге асыру барысында мұғалім белгілі бір әдістемелік талаптарға сүйенеді. Ол талаптар мынандай:

  1. Берілген тақырыпты ашып көрсете білу, оқушы өзінің жинаған материалын берілген тақырыптағы негізгі ойды көрсететіндей етіп іріктеуі қажет.

  2. Жазылған жұмыстың мазмұнды болуы.

  3. Оқушы материалды ешбір қайшылықсыз, белгілі бір ретпен жүйелі түрде баяндауға тиіс.

  4. Оқушылар сөзді, айтатын ойын дәлме-дәл, анық білдіретіндей етіп іріктеп, таңдап қолданғаны дұрыс.

  5. Басы артық сөз, қыстырма сөз қолдану, бір сөздің бірнеше рет қайталануы сияқты кемшіліктерге жол бермеу шарасы жасалуы тиіс.

  6. Оқушы жазба жұмысында сөйлемдерді белгілі бір формада қарастыратын болсын, яғни бір сөйлем өткен шаңта екінші сөйлем келер шақта тұрмасын.

  7. Оқушылардың жазба жұмыстарында кейде жергілікті ауызекі сөйлеуде қолданылатын сөздер орын алады. Мұндай қателерден саң болу жағы есте болуы керек.

  8. Жазба жұмыстарын жетілдіре білу дағдысын оқушылар міндетті түрде меңгеру керек.

Бастауыш сынып оқушыларының шығармалары мен мазмұндамаларында бұл көрсетілгендердің бірден түгел орындалуын талап етуге болмайды. Бірақ жазба жұмыстарын жүргізген кезден бастап-ақ бірте-бірте оқушылар жоғарыда көрсетілген талаптарды орындау жолына бағытталады.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

  1. Тіл дамыту жұмыстарының мақсаты қандай?

  2. Балалардың тіліне қойылатын негізгі талаптарды айтыңдар.

3. Бастауыш мектеп балаларына мұғалімнің басшылығынсыз неліктен шығарма жаздыруға болмайды? Мұғалім қалай басшылық жасайды?



2-тақырып. Мазмұндама, оның түрлері

Мазмұндама дегеніміз - белгілі бір шығарманық, мәтіннің мазмұнын ауызша немесе жазбаша түрде баяндап беру.



Мазмұндамамен шығарма жазуға қазақ тілі сабағынан арнайы сағаттар бөлінеді. Шамамен алғанда, әрбір он-он бес күнде 1 сағат бөлінеді.


































Мазмұндама







Шығарма







1

2

3

4

1

2

3

4

1

-

-

-

-

-

-

-

-

2

2

1

2

2

1

2

2

3

3


2

2

3

3

2

2

3

2

4

2

3

3

3

2

2

2

2

Бастауыш сыныптарда жаздыруға болатын мазмұндаманық мынадай түрлерін көрсетуге болады:

  1. Дайын әңгіме бойынша мазмұндама.

  2. Сурет бойыншамазмұндама.

  3. Кино, диафильм бойынша мазмұндама.

1. Дайын әңгіме бойынша мазмұндама

Мазмұндаманық Бұл түрі атына лайық, белгілі бір алдын ала дайындалған әңгіме бойынша жаздырылады. Дайын әңгіме бойынша мазмұндама жеңілден ауырға, белгіліден белгісізге көшу принципімен жүргізіледі. Соған орай ол бірнеше сатыға бөлінеді:

1. Мәтіннің құрылысы мен тәртібін сақтай отырып, жазу. Бұл әдіс, көбінесе 1-сыныптақолданылады. Мазмұндаманық Бұл түрі 1-сыныпта былайша ұйымдастырылады: "Аралардың достыгы".

"Орманда бір топ ара тұрыпты. Бәрі еңбекқор болыпты. Үнемі гүлден шырын жинапты. Өздері тату тү-рыпты. Сондыңтан балдай тәтті өмір сүріпті".

Бұл мәтін сабаққа дейін таңтаға жазылып қойылады немесе мұғалім үлкен қағазға алдын ала үлкейтіп жазып қояды да, тақтаға іледі. Мәтінді оқымас бұрын мұғалім балалардан араны көрген-көрмегендерін, ол жөнінде қандай ертегі, әңгімелер білетіндерін сұрап, ауызша әңгіме айтқызады. Мұндай әңгімені 1-2 күн бұрын ұйымдастыруға да болады. Әңгімені дүниетанудан алған білімдерімен үштастырып, аранық адамға қандай пайдасы бар екеніне де тоқталған жөн.

Сабақ басталғаннан кейін дайын мәтінді балалар оқып шығады. Мәтіннің ішіндегі шырын, балдай тәтті өмір, тату, т.б. сөздері түсіндіріледі.

Мәтінді балалар екі қайтара оқып шығады. Мәтінді балалардың өздеріне оқытудың пайдасы сол, олар мәтіндегі сөйлем құрылысымен, көптеген сөздердің жазылуымен танысады, яғни балалардың есту, кәру сезімдері қатар қызмет атқарады. Мәтін оқылып болғаннан кейін сыныпқа сұрақ қойылады. Сұрақ алдымен ауызша қойылып, оқушылар тақтадағы мәтінмен ол сұрақтарға жауап береді. Мәтін сұрақ бойынша талданып болғаннан кейін мұғалім оны толықтай бір оқып шығады. Осындай жұмыстан соң мұғалім тақтадағы мәтінді жауып қойып, екінші тақтадағы алдын ала жазылып қойған сұрақтарды ашады.

Мазмұндаманық бұл түрінде мәтін бойынша қойылатын сұрақтың, мәтіннің құрылысын, тәртібін өзгертпей, тек ондағы сұрақтың орнына ғана бір-екі сөз қою мақсатын қамтиды. Мысалы:



  1. Орманда қанша ара тұрыпты?

  2. Бәрі қандай болыпты?

  3. Үнемі не теріпті?

  4. Өздері қалай тұрыпты?

  5. Сондықтан қалай өмір сүріпті?

Бұл сұрақтарға оқушылар мәтіннен есте қалғандары бойынша тағы да ауызша жауап қайтарады. Қорытынды ретінде барлық сұрақңа бір оқушы немесе 2-3 оқушы жауап береді. Балалар осы қойылған сұрақтарға жауап жазуға кіріседі.

1. Сурет бойынша мазмұндама

Мұнда балалар суреттің мазмұның түсінуге үйренеді. Мазмұндаманық Бұл түрін бірнеше топқа бөлуге болады.



2. Дайын сурет бойынша мазмұндама

Мұғалім алдын ала дайындалған сурет береді, ал оқушылар сурет бойынша мәтін құрайды. Мазмұндаманық Бұл түрі бастауыш сыныптарда бір сюжетті бейнелейтін бірнеше сурет арқылы да жаздырылады. Бір сюжетке салынған бір сурет бойынша жүргізілетін мазмұндамаға мысал келтірейік.

"Булдірген тере барганда суреті бойынша".


  1. Мұғалім кіріспе сөзінде балалардың жазғы демалыстарында не істегендері, не көргендері туралы сұрақ-жауап арқылы әңгімелеседі. Онда көбінесе жазғы қаланық көрінісіне көңіл аударысады.

  2. Тақтаға суретті іледі. Оның атын жауып қойып, балаларға суретті қарап шығу тапсырылады. Аздан соң, мұғалім "Суретте жылдың қай мезгілі көрсетілген? деп ойлайсыңдар", - деп сұрақ қояды. Суретте жаз мезгілі көрсетілген. Бұл жауаптың дұрыстығын қуаттай отырып, мұғалім оқушылардың зейінін "ағаш көлеңкесіндегі дем алып отырған балаларға, олардың қастарындағы жидекке толып тұрған ыдыстарға аударып:

  • Балалар, не істеп отыр?

  • Ал мына тұрған нелер? (шешек, себет).

  • Бұл ыдыстардың ішінде не бар?

  • Енді бұл суреттерді қалай деп атасақ екен? Балалар түрлі ат айтады "Бұлдірген тере барғанда",

"Бұлдірген теру", т.б. Балалардың ұсынған аттарының барлығы да дұрыс екенін айта отырып, мұғалім: Осы суретті автор қалай атады екен, соны кәрейік, деп суреттің жабулы атын ашады. Сурет бойынша мазмұндама бастауыш сыныптарда осылай жүргізіледі.

3. Кино, диафильм бойынша мазмұндама

Кино, диафильм соңғы жылдарда мектеп өмірінен берік орын ала бастады. Кино оқушылар арасында оқу-тәрбие жұмысын жақсарту жолындағы ықпалды құралдардың біріне айналып отыр.

Мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларға арнап шығарылған диафильмдер мен мульт-фильмдердің дені орыс тілінен аударылған. Қазақ мектептерінде оқу-тәрбие жұмысындакино, диафильмдерді пайдалануды дұрыс жолға қойып, көпшілік мүддесіне айналдыру үшін, әрине, алдымен мектептерді қазақ тілінде шыққан кино, диафильмдермен қамтамасыз ету қажет.

Фильм көрсетілер алдында балалардың көңілін сол фильмде болатын оқиғаға аудару үшін кіріспе әңгіме айту керек және бастауыш сынып оқушыларын экран материалдарын игеруге бірте-бірте үйрету қажет.



Сұрақтар мен тапсырмалар:

  1. Дайын әңгіме бойынша мазмұндама жазыңдар.

  2. Суреттер бойынша мазмұндама жазыңдар.

  3. Көрген кино, диафильмдер бойынша мазмұндама жазыңдар.

3-тақырып. Шығарма және оның түрлері

Жоғары сыныптарда шығарма жаздыру әдістемесін зерттеуші Е.Дайрабаев шығарма мен мазмұндаманық айырмашылығын айқын атап көрсетті. "Мектепте жүргізілетін шығарма дегеніміз - белгілі тақырып бойынша өз ойын жоспарлы түрде баяндау. Шығармада Оқушының өзі туралы, өнер жөнінде, оқыған немесе талдаған әдеби туынды жайындағы ойлары баяндалады. Оқушы тиісті тақырып бойынша мәтінді өзінше жазады".

"Шығарма" терминін бастауыш мектеп балаларының жұмыстарына қолданғанда, оқушылардың өмірде өз көрген-білгендерін белгілі бір тақырып ауқымында түсінікті түрде, жүйелі әңгімелеп беруін айтамыз.

Бастауыш сыныптарда балалардың жазатын шығармаларын мынадай топқа жіктеуге болады:



  1. Оқушылардың оқыған яки естіген әңгімелеріне байланысты;

  2. Экскурсия бойынша;

  3. Өнер саласына (сурет, кино, қуыршақ театрының спектакльдері, т.б.) байланысты;

  4. Оқушының іс-әрекетіне (ойын, еңбек, т.б.) байланысты тақырыптар.

Шығармада оқушылар өз ойларын қандай көлемде көрсетуіне ерікті болатұрғанмен, әр сыныптағы шығарма көлемінің шамасын белгіледік. Оқушылардың жазған шығармаларының көлемі шамамен:

I сыныпта 20 - 30 сөз.

II сыныпта 30 - 60 сөз.

III сыныпта 60-130 сөзге дейін барады.

Енді шығарманық жоғарыда көрсетілген түрлеріне жеке-жеке тоқталайық.

1. Оқушылардың оқыған яки естіген әңгімелеріне байланысты шығарма жұмысы. Бастауыш сынып оқушыларының сөйлемді дұрыс құру дағдысын қалыптастыруда оларды үйде немесе сыныпта оқыған шығармалары мен үлкендерден естіген ертегі, әңгімелері бойынша сөйлетіп, үйретудің пайдасы зор. Шығарманық бұл түрінің білімділік, тәрбиелік мәні де зор. Мұндағы ұтымды мәселенің бір үшы бала өзін қоршаған айналаға сын көзімен қарап, жақсы мен жаманды, еңбекқорлық пен жалқаулықты, іскер мен кертартпаны, кішіпейілділік пен дәрекілікті байқайды; Бұлар жөнінде өз сезімін білдіреді.

Бұл жұмысты мұғалім алдын ала, жан-жақты ойластырып, дұрыс ұйымдастыра білуі қажет. Балаларды сөйлеткенде олардың сөйлемдерінің қысқа әрі түсінікті, жүйелі құрылуына назар аударған жөн. Ол үшін мұғалім жетекші сұрақ қойып отырады.

Сұраққа жауап беру арқылы оқушылар естіген, оқыған әңгімелерінің мазмұнын өз сөздерімен айтып үйренеді және тілдік Көркемдікті пайдаланып, нәрлі ойларын еркін білдіруге әдеттенеді.

Бастауыш сынып мұғалімдері оқушылардың оқыған, яғни естіген әңгімелерінің мазмұны бойынша шығарма жаздыруды түрліше ұйымдастырып жүр:

1) Оқушылар оқыған немесе естіген әңгімелерінің мазмұнын сақтай отырып, өз сөздерімен еркін шығарма жазады.

2) Оқыған немесе естіген әңгімелерінің үлгісіне еліктеп, өздері ойдан шығарып жазады.

Дұрыс ұйымдастырылса, Бұл жұмыстың екеуінің де пайдасы мол. Әңгіменің мазмұнын сақтай отырып жазған шығармадаоқушылар әңгімедегі оқиғаға, қүбылыстарға өз білгендерін қосып, одан алған әсерлерін білдіреді.

Бұл - оқушының шығармашылық қабілетін дамытады, тілін үстартып, ойын жүйелі баяндауға тәсілдіреді.

Шығарманық бұл түрлерін "сендер мынадай әңгіме оқыдыңдар, сол бойынша шығарма жазыңдар" деген сияқты нұсқау беру арқылы ұйымдастыруға болмайды. Бұл жұмыста мұғалім үлкен шеберлікпен, дұрыс басшылық етуі тиіс.

Оқушылар тіпті өздері жақсы білетін әңгімелерінің мазмұнын да бірден өз сөздерімен жазып бере алмайды. Сондықтан алғашқы кезде оқыған мәтіндердің мазмұны мұғалімнің көмегімен әңгімеленеді де, кейін балалар-дың өздері айтып және жазып бере алатын болады.

Мысалы: 1-сыныптың "Ана тіліндегі" "Сырғанақ" деген мәтіннің мазмұнын мысал ретінде басшылыққа ала отырып, шығарма жаздыру үшін бастапқы кезде мынадай дайындық жасалады. Мұғалім оқушылармен жақында "Анатілі" кітабынан " Сырғанақ" деген мәтін оқығандары жөнінде әңгімелесіп, сол мәтіннің мазмұнын еске түсіреді. Сонан кейін оқушыларға ескертеді: -Сендер қазір осы мәтіннің мазмұнын өз сөздеріңмен айтып беруге дайындалықдар. Айбол туралы мәтінде айтылмай қалған жерлерін өз жандарыңнан қоса айтықдар. Мысалы: Мәтінде Айболдың сырғанаққа қай күні барғаны айтылған ба? Оқушылар: - Жоқ, Айболдың сырғанаққа қай күні барғаны айтылмаған, - деп жауап береді.



  • Айбол төбеге сырғанақ тебуге қай күні барды деп ойлайсыңдар? (Ол сырғанақ тебуге демалыста барды).

  • Айбол сырғанақ тебуге асыққан ба екен? Сендер ше? (Біз де сырғанақ тебуге асығамыз. Айбол да демалыс болуын асыға күткен шығар).

  • Ол күні ауа-райы қандай болды екен? (Демалыста күн жылы болатын). Ал осылар жөнінде мәтінде айтылған ба? (Жоқ, Бұл жөнінде мәтінде ештеңе айтылмаған).

  • Ендеше, алдымен Айболдың демалысты асыға күткені, ол күні ауа-райының қандай болғаны жөнінде сөйлем құрастырайық (Айбол демалыстың болуын асыға күтті. Демалыста күн жылы болды).

  • Айбол сырғанаққа бармас бұрын не істеді? Сендер не істейсіңдер? Бірден шығып жүре бересіңдер ме?

  • Жоқ, біз алдымен киінеміз, сонан соң шанамызды аламыз.

  • Олай болса, Айбол да солай істеген шығар, Бұл жөнінде әңгімеде бар ма? Оны қалай айтсақ екен?

  • Ол жылы киініп, шанасын алды. Төбеге барды.

  • Онда кімдер бар екен? (Онда сырғанақ тепкен балалар көп).

  • Айболға ойын қызықты болды ма екен? Қалай ойлайсыңдар? (Ойын қызықты болды.)

- Айбол үйге қандай сезімде оралды?
(Айбол үйге көңілді оралды).

Алдымен осы мәтіннің мазмұнын оқушылар еркін ауызша айтады. Оқушылардың әңгімесі:

"Қыс қызығы басталды. Айбол демалыс күнін асыға күтті. Демалыста күн жылы болды. Ол жылы киініп, шанасын алды. Төбеге барды. Онда сырғанақ тепкен балалар көп. Ойын қызықты болды. Айбол үйіне көңілді оралды.

Экскурсия бойынша шыгарма жұмысы.

Бастауыш мектепте сабақ беріп жүрген мұғалімдер, көбінесе шығарманы табиғат құбылыстарына, жыл маусымдарына байланыстыра жаздырады. Бұл, әрине дұрыс та, өйткені, табиғат құбылыстарын балалар күнбе-күн кәріп, байқап жүргендіктен, өздері білетін таныс нәрсені баяндау оларға көп қиындық келтірмейді. Мысалы, қыс мезгілін алсақ, балалардың қысқы ойыны, шаңғы, коньки тебу, аққала соғып, кісі жасап ойнайтын ойындары, т.б. туралы шығармажаздыруғаболады. Бұл құбылыстардың қайсысы болсын - шығарма жаздыруға болатын тақырып.

Біз жыл маусымдарына байланысты табиғаттағы өзгерістер, табиғатқа және өндіріс орындарына экскурсия нәтижесінде жиналған мағлұматтарды жинаған материалдарын қорытуды экскурсияға байланысты шығарма деп топтастырдық. Өйткені, даладағы егістік шаруашылық, т.б. еңбекті, табиғаттағы өзгерістерді балалар экскурсияға шығу арқылы немесе айналаға жіті қарап, зер сала отыру арқылы бақылайды. Мысал: Қыста ағаштардың бүтағының жапырағы түсіп әрінен айырылып, көктемде олар жанданып, жапырақ сала бастайтынын, қыста мал пішенде тұратынын, ал көктемде жайылымға шығатынын, т.б. байқайды. Бұл өзгерістердің себебін білу арқылы балалардың дүние танымы кеңейіп, білім қоры артады. Сонымен қатарбалалар өндіріс орындарындағы еңбекпен де экскурсия жасау арқылы танысады. Мүның барлығы шығарма жазуға қажет болып есептеледі. Бірақ шығарма жазу дағдысына тәсілмеген, бастауыш мектеп балалары, әсіресе 1-2 сынып оқушылары бақылау арқылы жинаған материалдарын өз беттерімен бірден жазып кете алмайды.

Сондықтан оларға мұғалімнің көмегі керек, 1-2 сыныптардағы шығармалардың барлығы дерлік мұғалім-нің басшылығымен өткізілетін үйрету шығармасы болып есептеледі.

Оқудың алғашқы күндерінен бастап-ақ мұғалімдер балалардың көңілінтабиғаттағыөзгерістергеаударьш, оны байқап жүруді үйрете бастайды, кейін бірте-бірте балалар байқаған белгілерін дәптерлеріне түсіруді, табиғат күнтізбесін жасауды үйренеді. Мұндай жұмыстар бірде балаларды ауа райын, желдің бағытын, Бұлттың аспанда бар-жоғы сияқты әңгімелер арқылы өтсе, көл жағасына немесе өндіріс орындарына экскурсияға шығарылып, әңгіме өткізу арқылы ұйымдастырылып отырады.

Балаларды экскурсияға шығарып, онда алған әсерлерін әңгімелеп жазып беруге үйрету жұмысы мектептерде түрлі-түрлі ұйымдастырылып жүр.

Мұғалімдердің бір тобы экскурсияның болатын күнін, мезгілін балаларға күні бұрын хабарлаудан бас тартады.

Олар балалардың көңілі алаң болады деген оймен ешбір ескертусіз, балаларды бірден далаға алып шығып, ағаш шөп, өсімдіктердің өзгерісін өзі айта бастайды да, содан соң сұрақ-жауапқа көшеді.

Ал мұғалімдердің екінші тобы экскурсияның жоспарын алдын ала жасайды: балалармен не жөнінде әңгіме өткізілетіні, онда әсіресе, не нәрселерге көңіл аудару керектігі, экскурсиядан қандай қорытынды шығарылатыны ойластырылады. Тіпті, экскурсияда балаларга қанша сөз үйретілетіндігі де алдын ала анықталады. Сонымен қатар балаларга, экскурсияға қай күні, не мақсатпен баратындары, онда не көретіндері, не нәрселерге көңіл аудару керектігі, не жөнінде сұралатыны күні бұрын ескертіліп, сол экскурсияға алдын ала дайындық жұмысы жүргізіледі. Осы екі әдістің екеуі де эксперимент арқылы сыналған. Бақылау нәтижесі соңғы әдістің тиімді екенін көрсетті. Экскурсияның мақсаты, көңіл аударатын мәселелері белгілі болған соң, балалар өз беттерімен де бақылай жүреді және не істейтіндері мәлім болған соң, шуламай, әрқайсысы әр жаққа бытырамай, ұйымдасқан түрде жүреді, қолайсыз жағдайларға да үшырамайды.

3)Өнер салаларына байланысты шығарма жұмыстары.

Көркемәнердің түрлі саласына байланысты, яғни сурет өнері, кино скульптура, т.б. бойынша шығарма жаздыру бақылау менбайқауғасүйенеді. Өнердің бұл салаларымен танысу, әсіресе, суретте бейнеленгендерді талдап, таразылау - бастауыш сынып оқушылары үшін өте күрделі де ауыр еңбек. Өйткені, суретші баяндап отырған сырды ұғыну кішкене балалар үшін оқайға соқпайды.

Балаларды әр саладағы Көркемәнерді түсіне білетіндей, жан-жақты дамыған мәдениетті азамат етіп тәрбиелеу үшін, Көркемәнердің әр саласымен таныстыруды бастауыш сыныптан бастау керек.

Өнер саласына байланысты шығарма жүргізу, біріншіден, педагогиканық бақылау мен байқау принципіне негізделсе, екіншіден, көрнекілік принципін жүзеге асырып, оқушының кәру сезіміне ойына әсер ету арқылы тілін дамытады, эстетикалық талғамын арттырады. Суреттерді пайдалану жөнінде де әдістемелік әдебиеттердің барлығында бірыңғай нұсқау берілген:


  1. Мұғалімнің кіріспе әңгімесі.

  2. Оқушыларға берілетін бағыт.

  3. Суретті оқушылардың байқап, қарап шығуы.

  4. Суреттің мазмұнын анықтау.

  5. Оқушылардың сұрақтарына мұғалім жауап береді.

  6. Суреттің мазмұны мұғалімнің сұрауы негізінде баяндалады.

  7. Суреттің мазмұнын ашатын жоспар жасау.

  8. Дайын жоспар бойынша суреттің мазмұнын оқушылардың өздері айтып беруі.

  9. Сөздік жұмыстары.

  1. Дайын жоспарға сүйеніп, шығарма жазу.

  2. Сабақтың мақсаты мен мазмұнына қарай, осы аталған жұмыстардың бәрі немесе кейбір түрлері ғана орындалуы мүмкін.

Сурет бойынша жаздырылатын шығармада мынадай жағдайлар ескеріледі.

  1. Балалар сурет бойынша жұмыс жасауға алдын ала дайындалған жағдайда және оларға ұсынылған суреттің мазмұны толық талқыланса ғана тиісті нәтиже күтуге болады.

  2. Сурет бойынша шығармажаздыру жоғары сыныптарда да (4-сыныптан бастап) жүйелі түрде бастауыш мектепте берілген дағдыға негізделе жүргізілуі тиіс.

Кинофильмдер бойынша шығарма жұмыстары: Қазіргі кезде бастауыш мектептерге арналған 100-ден астам қысқафильм-әңгімелер мен фильм-очерктер бар. Олардың тақырыптары да алуан түрлі. Бұл фильмдер оқушыларға жыл мезгілдері, жан-жануарлар, балалар өмірі, ауыл мен қала өмірі, т.б. туралы Көркем тілмен баяндап береді.

Бұларды мұғалім тарих, табиғаттану, анатілі, оқу, тіл дамыту сабақтарында пайдаланады.

Тіл дамыту жұмыстарында фильмдердің қандл й түр лерін көрсетуге болады:


  1. Қысқа метражды Көркем фильм. Мазмұны алуан түрлі фильмдерді мұғалім балалардың жас шамасына лайықтап, іріктеп алады. Фильмнің мазмұны балаларды ұйымшыл болуға, қажырлылыққабаулып, еңбексүйгіштік пен отаншыл ұлтшыл рухта тәрбиелеуге тиіс екені еш уақытта естен шықпауға тиіс.

  2. Табиғатты суреттейтін фильмдер. Бұл фильмдер балалардың тілін дамытумен қатар, оларды байқағыштыққа тәрбиелейді. Мұғалімнің сұраулары арқылы балалар фильмнің қажетті жерін салыстыра отырып, ондағы өзгерістерді байқайды, ол байқағандарын әсерлі тілмен көркемдеп айтып беруге талпынады.

  3. Мультфильмдер. Түрлі ертегілер, күнделікті өмір негізінде жасалған мультфильмдерді балалар қызыға қарайды; олардың мазмұнын үғып, түсінеді. Кішкене балалар мұндай фильмдерді нақты шындықтың көрінісі ретінде қабылдайды.

  4. Диафильмдер. Бұл фильмдерді қазақ бастауыш мектептерінде кеңінен қолдануға мүмкіндік бар. Өйткені, мұндай фильмдерді көрсету үшін арнаулы киноқондырғылардың қажеті жоқ, ал фильмоскопты барлық мектептің сатып алуына болады.

Мектептерде кино көрсету арқылы шығарма жаздыру жұмысы мынадай жағдайда өтеді.

  1. Фильм көрсетілер алдында мұғалім кіріспе әңгіме өткізеді;

  2. Фильм көрсетіледі (мұғалім түсіндіріп түруы қажет);

  3. Фильмнің мазмұны талқыланады;

  4. Фильм қайтадан көрсетіледі (мұнда мұғалім қайтадан көрсетудің тиімділігін ескере отырып, оны қалай көрсетуді ұйымдастырады);

  5. Сөздік жұмысы;

4) Оқушының өз іс-әрекетіне байланысты шығарма жұмыстары.

Оқушылардың өздері туралы және олардың тікелей қатысы бар мәселелер жөнінде жазылатын шығарма жұмыстарын біз оқушының іс-әрекетіне байланысты шығарма деп топтадың.

Бұл топқа енгізілген шығармалар тақырыбы балалар үшін тартымды, өйткені мұнда балалар өздері істеген істері жөнінде жазады. Мысалы: балалардың еңбек әрекетіне байланысты "Біз ағашты қалай отырғыздық", "Мен үйде кеше не істедім?", "Мен мамама қалай көмектестім?","Біз қалайкезекші болдық?", "Мен құсңа қалай ұя жасадым?", "Мен киімдерімді қалай тазалаймын?", "Жексенбі күні қалай сырғанақ тептік?", т.б тақырыптарға шығарма жаздыруға болады. Шығарманық Бұл түрін балалар өз беттерімен жинаған материалдары бойынша жазады: мұнда балалардың ойнаған ойындары немесе үйде, мектепте, қалада айналысқан істері жоспармен ұйымдастырылмайды. Мәселен, балаларға: кеше үйде қандай жұмыс істегендерің жөнінде жазыңдар деген тапсырма берсе, олардың әрқайсысы өзі істеген жұмыстарын, т.с жазады. Шығарманық бұл түрін үйден жазып келуге тапсыруға да болады. Бұл топтағы шығармалар сипаты, мазмұны жағынан алуан түрлі болып келеді; бастауыш сынып оқушыларына не үнайтынын, оларға не жақын екендігін шығарманық осы түрінің қорытындысынан аңғаруға болады, балалар сөйлемді өз қалауынша құрап, ойын еркін білдіреді, шығарманық Бұл түрі оқушылардың қаншалықты шығарма жазу дағдысының қалыптасып, тілінің дамығандығын байқау мақ-сатында жүргізіледі.

Оқушылар 2-сыныптан бастап қабырға газетіне мақала жазып үйренеді.

3-сыныптан бастап туысына немесе жолдасына хат жаздырып үйрету керектігі көрсетілген.

Қысқа түрде хат жаза білу шығарманық ең маңызды түрі болып саналады.

3 -сыныпта хаттың ең қарапайым, жай түрі үйретіледі. Хат жазу үшін тақырыпты өздері күнде кәріп жүрген оқиғалардан алуы керек. Мысалы: "Біздің бөлме қандай?", "Біздің мектеп", т. б.

Хаттың ерекше түрі - құттықтау ретінде жазылатын хат. Олар мереке қарсаңында жазылады. Балалар хатты жолдастары мен туыстарына ғана жазып қоймайды, сонымен қатар басқа мектептердің оқушыларына да жазады.

Сонымен шығарма мен мазмұндама жұмыстарын дидактикалық принципке сүйеніп, жүйелі түрде жазды-рылады. Шығарма мен мазмұндаманы түрлендіре жүргізу оқушылардың белсенділігін арттырадььі

Сұрақтар мен тапсырмалар:


  1. Тіл дамыту жұмысының психологиялық ерекшеліктері қандай?

  2. Тіл дамыту жұмысының педагогикалық және лингвистикалық ерекшеліктері жөнінде айтыңдар?

  3. Оқушылардың бірнеше шығармасын оқып, оның кемшілік, жетістіктерін көрсетіңдер.

  4. Бастауыш сынып оқушыларына берілетін шығарма тақырыптары қалай және қандай тақырыптарда беріледі?



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет