Ұйымдастыру жоспары. Қызметкерлер құрамы. Лэшмейкер үшін алаңы шамамен 10 м2 үй-жай болған жағдайда, 1 адам көлеміндегі қызметкерлер қүрамы қажет бола- ды. Қызметтерді кәсіпкердің өзі жүзеге асыратыны жоспарлануда. Салықтар мен бюджетке төлемдер. Жоба аясында салық салудың жеңілдетілген жүйесі бойынша түсімнен 1% кор- поративтік табыс салығы төленетін болады - 38 400 теңге (3 840 000 теңге*1%). МЗС 36 000 теңгені қүрайды.
Жоба сауалнамасы: Инвестициялық жоба мақсаты: Ақпараттық техниканы жөндеу кеңсесін ашу. Өнімі: ақпараттық жабдықты жөндеу қызметтері. Жоба мақсаты: 240 500 теңге. Өзін өзі ақтау мерзімі: 2 ай. Жоба тұжырымдамасы Ұйымдастыру үшін үлкен старттық салымдарды талап етпейтін бизнес түрлеріне әдетте, халықтың күнделікті қара- пайым сұраныстарын қанағаттандыратын бизнестер жатады. Бизнестің үнемі сұраныстағы түрлеріне ақпараттық жаб- дықты жөндеу қызметтерін жатқызуға болады. Осы қызметтерге сұраныс әйелдер және ерлер қатарынан өте жоғары, сондықтан ақпараттық жабдықты жөндеу кеңсесін ашу жеке бизнесті бастау үшін керемет идея бола алады. Ақпараттық жабдықты жөндеу - қазіргі сәттегі ең сұранысқа ие қызметтердің бірі, себебі қазір жаңа жабдық сатып алу қымбат, ал жөндеу жаңа жабдыққа қарағанда әлдеқайда арзанырақ және көптеген жағдайларда жаңа жабдық сатып алғаннан дұрысырақ болады. қызметтер сипаттамасы. Қазіргі кезде жеке компьютерлерді, планшеттерді, телефон мен теледидарды әрбір адам қолданады, осыған байланы- сты қызметтердің осы тұрі өте табысты. Ақпараттық жабдықты жөндеуде қызметтер спектрі өте үлкен - бұл алуан түрлі жүйелік тақталарды жөндеу, құрамда- уыштарды ауыстыру, бағдарламалық жасақтаманы орнату, бағдарламалық жасақтаманы баптау, ақпараттық жабдықпен жұмыс істеуге көмектесу және тағы басқа. Қызметтің осы түрі - бизнестің межелес түрлерін ұйымдастыру үшін қолайлы орын екенін ұмытпаған жөн, мысалы, жеке компьютерлерге арналған құрамдауыштарды сату немесе кеңсе тауарларын сату және т.б. Өз кезегін күтіп отырған келушілер үшін төлем терминалын және бүктемелер мен жарнамалар стендін қоюға болады. Сонымен қатар, витрина назар аударып, сатып алуға қызықтырып тұратын болады.
Маркетингтік талдау және өткізу стратегиясы Кеңсе табысы орташа және одан төмен тұтынушылар сегментіне бағдарланатын болады, қызметтер құны бәсекелестер ұсыныстарын ескереді. Келешекте ірілену және жаңа бағыттарды дамыту жоспары бар. Жобаның табыстылық дәрежесі жоғары дер бағаланады, себебі осы қызметтерді ұсынатын мекемелердің көптігіне қарамастан, осы қызметтерге сұраныс тұрақты. Жарнама. Маңдайша жарнама ретінде қызмет атқарады. Бүгінгі таңда Instagram, Telegram, Одноклассники және ВКон- такте секілді әлнуметтік желілерді пайдалану табыс кепілі, себебі сатылымдар, соның ішінде қызметтер электронды түрге көшуде. Сонымен қатар, жергілікті БАҚ, визиткалар және бүктемелер қолданылады. Бизнес үшін үздік жарнама - Сіз көрсететін қызметтердің сапасы.
Өндіріс жоспары. Осы бизнес-жобаны дамыту аясында 30 м2 жалға алынған үй-жай, сонымен қатар, әлеуетті клиенттер бар. Кәсіпкер өз бетінше, патент бойынша жұмыс жасайды. Бастапқы кезеңге кресло, үстелдер және ішінара құрамдауыштар бар. Сонымен гранттық қаржыландыруға тапсыру барысында жобаны 100 пайызға іске асыру үшін қосыша жабдық сатып алу қажет. Ақпараттық жабдықты жөндеу кеңсесін ашу орталық алаң шегінде орналасқан, ол бәсекелестік артықшылық болып табылады. Кеңсе бірінші қабатта орналасқан. Ол мүмкіндіктері шектелген адамдардың кіруін жеңілдетеді. Бәсекелестер - ЖК «Тлеубаев» және ЖК «AHa.com». Бәсекелестік артықшылық: өтінімдер бойынша бару қызметі, қызметтердің үлкен спектрі, жөндеу жүргізу мерзімдері және кеңсенің орналасқан жері. Егер бір қызметке жарты сағаттан бастап бірнеше сағат кететінін есепке алсақ, онда күніне жеке компьютерді жөндеу бойынша 2 қызмет көрсетуге болады * 4800 теңге (қызметтің орташа бағасы) = 9600 теңге күніне, және телефон, планшет және теледидар жөндейтін 2 адам * 4300 (қызметтің орташа бағасы) = 8600 теңге күніне, орташа есеппен күніне 18200 теңге. Осы қызмет үшін жабдық таңдау барысында, баға-сапа оңтайлы қатынасына сүйену керек. Бірақ жабдық сапасына үнемдеу керек емес, себебі сапасына қызмет көрсету қауіпсіздігі және уақыты байланысты болады. Өндіруші-ел үшін артық ақша төлеудің қажеті жоқ, мысалы, Қытайда баға-сапа қатынасы анағұрлым жоғары болса, Америка мен Еуропадан жабдық сатып алу міндетті емес.
Қаржылық жоспар. Өндіріс жоспары және қызметтерді сатудан табыстар Ацпараттыц техниканы жөндеу қызметтерін көрсету: Компьютерлік техника мен перифериялы жабдықты жөндеу. 2 адам күніне * 1 мастер * 360 күн = 720 адам өндірістің жыл сайынғы көлемі 720 * 4 800 тг = 3 456 000тг жыл сайынғы түсім. Телефондар, планшеттер, теледидарлар жөндеу. адам күніне * 1 мастер * 360 күн = 720 адам өндірістің жыл сайынғы көлемі 720 * 4 300 тг = 3 096 000тг жыл сайынғы түсім.
ЖАЛПЬІ - 4 500 000 теңге.
Көрсеткіштер
Саны, адам
Бағасы, теңге
Сомасы, теңге
Компьютерлік техника мен перифериялы жабдықты жөндеу