Шағын хикаяттар, әңгімелер, ертегілер, мысалдар



Pdf көрінісі
бет42/134
Дата07.02.2022
өлшемі0,94 Mb.
#88182
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   134
Байланысты:
ZhambylKaldybaev .Tandamaly

 
 
 
-82- 



Ой, әже, қиын екен, түсінгем жоқ.

Жүр онда, өзім қойып көрсетейін. 
Әжесі
мен Бауыржан ас үйге келіп кірді.
Әжесі
жаңағы айтқанын қайта айта жүріп, бәрін өзі істеп шықты: шайнекке су толтырып, 
плитаға қойды. Газды жақты. Шай қойылды.

Қалай, түсіндің бе, балам?

Түсіндім.

Онда дұрыс.
Бауыржанның
әжесі осы —
сенгіш адам. Түс әлетінде әжесі Бауыржанды шай қоюға екінші 
рет жұмсады.
Бауыржан, шай қойшы, қарағым.

Қайтіп
қоям? Қоя алмаймын.

Неге? Бағана түсіндім дегенің қайда?

Түсінгем. Кранды ашам. Мен ашсам, ол жабылмай қойса, қайтем?

Бәсе деймін
-
ау. Кран жабылмаса, үйді су алып кетеді. Нағыз пәле —
сол. Жүр, көрсетейін, ол 
кран құрғырды қалай жабатынын.
Әжесі
дәл бағанағыдай түсіндіріп жүріп, шайды өзі қойды.

Ал енді түсіндің бе, балам?

Түсіндім.

Түсінгеніңнен де, өзіңнен де айналайын!
Бауыржанның
әжесі осы —
мейірімді адам. Кешке 
қарай
әжесі
Бауыржанды шай қоюға үшінші рет жұмсады.
Бауыржан, маған бір шәугім шай қойып 
бере қойшы.

Қайтіп
қоям? Қорқамын.

Неден?

Газдан. Өрт шығып кетсе, қайтем?

Ойбай, абайла! Газ деген бір пәле. Жүр, оны қалай жағу керектігін тағы бір көрсетейін.
Әжесі
газды қалай жағу керектігін қайта
-
қайта түсіндіріп жүріп, шайды тағы да өзі қойды.

Ал енді бәрін түсінген шығарсың, балам?

Түсіндім.

Міне, үлкен жігіт болды деген осы енді!
Бауыржанның әжесі осы —
ақкөңіл адам. Залға 
кірісімен
әжесі диванға солқ етіп отыра кетті. Бауыржанның жүрегі дір ете қалды.

Әже, не, бір жеріңіз ауыра ма?
-83-



Ия, тізем ауырады. Ас үй мен екі арада дамылсыз жүгіре бергенді көтере алмайтын болып 
жүрмін. Әкең мен шешеңнің жұмыстан қолы тимейді. Раушан мен Ләйлә әлі
кішкентай. Сен де әлі 
бір шәугім шай қоюға жараған жоқсың.
Бауыржанның екі беті өрттей боп кетті. Бекер ерінеді екен.

Әже, әжетай, жүрші ас үйге, Мен сізге бір шәугім емес жүз шәугім шай қойып беруге 
жараймын. Жүр, көр, шай қойып көрсетейін.
Бауыржан әжесін әй
-
шайға қаратпай, қолынан 
тартқан
күйі ас үйге алып кірді. Демде шайнектегі ызылдап қалған суды төгіп, қайта толтырды
газды өшіріп, қайта жақты. Шайнекті отқа қойды.
Әжесі
аң
-
таң:
Апырау, бұл қалай болды өзі? Демнің арасында бәрін қалайша біле қалдың? 
Бәрі дұп
-
дұрыс, орнықты.

Әже

мен бәрін білемін. Сізге бір шәугім шай қойып беруге жарадым ғой, ә?

Білгеніңнен айналайын мен сенің. Жарадың, жарадың.
Әжесі
де, немересі де қуаныштан жарыларман болып тұр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   134




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет