-
Серік, мә, теп! Осы ғой, —
деді шын пейілмен.
Серік нағыз безердің өзі екен, қыр жіліншіктен сарт
дегізіп бір тепті. Бауыржан бүгжең ете
қалып, аяғын қос қолдап ұстаған күйі отыра кетті.
Есеп бір де бір.
Өз кінәсін өзі біледі ғой, Бауыржан дауыс шығарып жылаған жоқ. Бірақ
балалардан шеттеп қалды.
Ендігі бір сәтте ол қыздарға барып қосылып кетті. Қыздардың «ананы өйт, мынаны бүйтін»
жанұшырып орындап жүр.
Бәрі жақсы, жарастықты.
Қыздардың
тапсырмасы бірте
-
бірте көбейіп, Бауыржан үлгермеуге айналды. Намысты
оңайлықпен қолдан берсін бе, арса
-
арсасы шыққанына
қарамай,
қыздардың саусағының
ұшынан, нұсқаған
жерінен табылып жүр. Осындай қарбаласта
Сәуленің әкеліп жанына
отырғызып қойған ойыншық мысығы жолына тұра қалыпты. Айналып өтуге уақыт жоқ. Бір
теуіп, ұшырып түсірді. Сәуле шап ете қалды:
-
Көзің
қайда?
Бауыржан екі көзін жыпықтатты.
-
Міне.
-
Ол көз емес. Көз болса, неге көрмейсің аяғыңның астындағыны.
-
Көз. Байқамай қалдым.
-
Көз емес.
-
Көз.
Бұл жолы Бауыржанның аузы мен қолы бірге қимылдады, Сәулені иығынан қойып жіберді.
Сәуле шар ете қалды.
Бауыржан состиып, жер боп тұр. Қайтсе жұбанады мына шыбық тимес
шыңқ етер қыз. Қолы ғой кінәлі. Жеңін түріп жіберіп, білегін алға тосты.
-
Мә, ұр, Сәуле! Қатты ұр! Мен де жылайын.
Ыза боп тұрған Сәуле аясын ба, майлы білектен осып өтті. Шапалағы қандай ащы еді.
Бауыржан жылап жібере жаздады. Ұрған қыз болған соң ғана шыдады.
Енді қыздардың
арасында да қызық қалмаған еді, шеттей берді.
Қайда
барарын, кімдерге қосыларын білмей дал болып тұрған, тұсынан бір
топ бала жүгіріп
өтіп бара жатты.
Бауыржан әй
-
шайға қарамай, қапталдан сарт етіп кеп қосылды. Сөйткенде
Маратпен соқтығысып қалды. Екеуі
Достарыңызбен бөлісу: