Он бірінші бөлім
«Сен қалдырған соны ізді,
Өшірмес ғасыр ағысы...»
Д.Кішібеков,
академик.
«-1934 жылы «1 Май» колхозы клубында кісі өлтірген қорықшы орыс колхозшысына ашық сот болды. Осы сотта тілмаш болып келген Жорабек деген кісі орысшадан қазақшаға, қазақшадан орысшаға судай ағызып тұрды. Толық, биік, көк көзді, зор денелі сары кісі Шахмардан Есеновтің әкесі еді.»
***
« -Шахмардан ержүрек, батыл, батыр, ойын бүкпей айтатын адам болды.»
***
К.Нұрпеиісұлы,
академик.
«-Жалпы алғанда Қаныш Сәтбаев пен Шахмардан Есеновтің өмірі мен қызметтерінде көптеген ұқсастық бар: екеуі де алып тұлғалы, кең маңдайлы—марқасқалар, екеуінің де мамандығы геолог, екеуі де геолог ретінде еңбек жолдарын Жезқазған өңірінде бастаған, екеуі де Ұлттық Ғылым Академиямызға Президент, геологиялық ғылымдар институтына директор болған, екеуі де КСРО-нің ең жоғарғы марапат белгісі Лениндік сыйлықтың иелері атанған. Біріншісі-халқымыздың өміріндегі ұлы құбылыс, екіншісі-ірі тұлға.»
Достарыңызбен бөлісу: |