Теңізді бірлесіп игеру туралы американдық «Шеврон» компаниясымен келіссөздер туралы орталық басылымдардан оқысаң да сескенесің.
Газеттер көрсетіп жатқан олқылықтар кесірінен еліміз қаншалықты зиян шегеді десеңізші! Зер салып қарасақ болашақ келісім шарттарының тең құқылы болмауынан табиғи қорлардан болашақ ұрпақтарға бұл құс жолындай «қара тесік» қалатын түрі бар. Мүмкін біз мәселенің жай-жапсарын білмйтін де шығармыз, дегенмен мұнайгаз өнеркәсібі министрлігі қоғамдағы алаңдаушылыққа толық бағалай алмайтын сияқты. Мұнда республикалық ғана емес елдің де мүдделері бар ғой.
Казахстанская правда (№175 1991ж.) жазғандай бұл мәселе туралы Қазақ ССР-ы министрлер кабинетінің де көзқарасы белгісіз, бұлыңғыр. Айта кететіні Ресей президенттігіне үміткер Н.И. Ритков «Кто есть кто» телекөрсетілімінде «Шевронмен» келіссөздер тағдыры туралы мәселені қазақстандық басшылар құзіретіне итеріп тастады.
Осыған байланысты Республикалық газет көтерген мәселе бойынша біздің үкіметтің үнсіздігі заңды түсініксіздік туындатары анық. «Московские новесты» газеті (22, 28, 1991) күмәнданғандай мұның өзі жауапкершілік пен біліктіліктің жоқтығы ма, жоқ әлде тонаушылық шарттарға келісе кеткен құпия мәміле ме. Бұл жерде «Аргументы и факты» (№25, 1991) жазғандай «Келіссөздер жүргізіп, мәмілені қол қоюға даярлаған кеңестік шенеуніктер кімнің мүддесін қорғап жүр». 9-тамызда болған пресс-конференцияда Президент Н.Ә. Назарбаев Теңіз бойынша шетелдік сараптама жүргізіледі, соның нәтижесін күту қажеттігі туралы хабарлады. 16-қыркүйек күні Қазақстанға АҚШ мемлекеттік хатшысы Дж. Бейкердің келуіне байланысты пресс-конференцияда да ол «Тәуелсіз сараптама» туралы тағы да қайталады. Бірақ, ол қашан жүргізіледі, кім тапсырыс береді, кім атқарады және қанша уақыт алады деген сұрақтарға нақты жауап болған жоқ. Осыған байланысты «Теңіз-шевройл» мәселелерінің Орталықтан Қазақстанға ойысуын және басылымдардағы мәселелердің үлкен қоғамдық қызығушылық тудырғанын ескере келе республикалық газеттерде басталған сараптамаларды қисынды соңына дейін жеткізіп, оның қорытындыларын шығарып, сезініп, Республикалық ұйымдар басшыларының есігін «теуіп ашатындай» қауқарға ие болған. Соңғылары олар талап еткен кез келген қағазға қол қояды, ал бұл әрекетке шын мәніндегі мүдделілер қатыстырылмайды да. Мысалы, американдық «Керри-Макги» фирмасының делдалы сыртқы экономикалық байланыстар министрлігінен, әрине, принципсіз шенеуніктердің көмегімен, қалаған хаттамасына қол жеткізетіндігі жөнінде бірнеше рет мақтаныш сезіммен жариялады. Біздің тәжірибемізден белгілі болғандай бұрындары мұнай-газ саласының маңызды проблемаларын шешу ісіне қай жерде, қандай қызметте жүргеніне қарамастан кәсібилерді шақыратын. Мәселеге мұндай келіс қате шешімдерден аулақ болудың кепілі болар еді. Ал, қазір болса сала мүдделерін былай қойғанда миллиондаған еңбекшілер үшін өмірлік маңызды мәселелерді маман еместер ымырыласу арқылы шешетін халге жеттік. Республикадағы мұнай-газ саласының өзекті мәселелері туралы біз республикалық газеттерде бұдан бұрын да жазғанбыз. Айталық, тек қана Теңіз бен Қарашығанақ проблемаларын біліктілікпен шешу (Казахстанская правда № 300, 1989ж.) астанада Республикалық мұнай-газ органын мұнай ғылыми-зерттеу институтын құру бойынша барлық шығындарды өтеп алар еді. Өкінішке орай, біздің пікірімізді тыңдар құлақ болған жоқ!».
***
СССР Мемлекеттік сыйлығының үш мәрте лауреаты Б.М.Зубарев:
«--Өткен жүзжылдықты геологияның алтын ғасыры деп атап жүр. Бұл мерген сөз 50-60 ж.ж. өз елінің жер қойнауын зерттеуде, кенді және бейкенді шикізаттың, мұнай мен газдың қуатты минералды-шикізаттық базасын қалыптастыруда орасан зор жетістіктерге жеткен Қазақстан туралы да айтылса керек.
Бұл кезеңді мен геологиядағы Шахмардан Есеновтің де алтын ғасыры деп атар едім. Оны біз Қ.И. Сәтбаев сынды дейміз және менің ойымша бұл әділетті- ол Қ. Сәтбаев ісінің абыройлы жалғастырушысы ретінде өз елінің байлықтарын игеруге едәуір үлес қосқан адам.
Тек қана Қазақстанның емес, сонымен бірге Одақтың экономикалық әлеуетін күрт көтерген бұл орасан еңбекте Шахмардан Есеновтің рөлі аса зор.
Ол менің досым және әріптесім еді. Ол екеуіміз мемлекеттік қызметке бірге, бір уақытта келген едік. Ол Қазақстан геологиялық министрі қызметінде 8 жыл болды және басқа Республикалық министрлерден өзгеше, бөлекше көрінетін, ірі, қуатты басшы болатын. Мен оны біздің П.Я. Антропов және И.И. Малышев сияқты министрлермен қатар қояр едім.
Шахмардан Есенұлы менің досым және әріптесім болып қана қойған жоқ. Менің одан жасым үлкен, ұзақ уақыт бойы КСРО геология министрінің орынбасары болғаныма қарамастан мен одан үйренуші едім, оның кеңестеріне жүгінуші едім.
Біздің таныстығымыз ертеден студенттік жылдардан басталған және осы көп уақыт бойына біздің мейірімге толы қатынасымызға ешбір кірбің түсіргеніміз жоқ.
Біздердің кездесулеріміз есте қаларлықтай болды, мен оның үйінде, Алматыда болғамын, отбасын білемін, зайыбы тамаша әйел – Камиля оның сенімді серігі, мықты тірегі бола білді.
Мәскеуде, Одақтың басқа да өлкелерінде оның таныстары, достары, әріптестері, жолдастары көп еді, олардың баршасы оны құрметтейтін, мен айтар едім, сүйіспеншілікпен қарайтын. Қазақстанның және Одақтың геологтары ішінде Шахмардан жартас еді, оның Қазақ Республикасындағы Содай-ақ Кеңестер Одағындағы қайраткерлігіне әрдайым басымызды иеміз.
***
Достарыңызбен бөлісу: |