Органикалық қосылыстардың әралуан болуына байла нысты оларды химиялық құрылыс теориясына сүйене оты рып, белгілі кластарға бөледі. Органикалық қосылыстар дың негізі етіп көмірсутекті алады да, қалған қосылыстар ды олардың туындылары ретінде қарайды. Көміртек тізбегінің құрылысына қарай органикалық қосылыстар ашық. Тізбекті (алифаттық немесе май қатары) және цикл (тұйық) қосылыстарға бөлінеді. 34
Ашық тізбекті қосылыстарға курамында тұиық тізбегі жоқ қосылыстардың барлығы жатады. Май қатары деп оларды ертеректе атаған, себебі бұл қосылыстарға табиғат тағы май қосылыстары жатқан. Бұл қатардың өзі екіге бөлінеді: қаныққан көмірсутектер жалпы формуласы сH ) және қанықпаған көмірсутектер [C H., бұлардың құрамында жай байланыстан басқа қос үш байланыстар да болады).
Циклді қосылыстар карбоциклді және гетероциклді бо лады. Карбоциклді қосылыстар (тұйық тізбектер тек Көміртек атомдарынан қүралады) өз алдына алициклді жэне ароматты болып екіге бөлінеді.
Гетероциклді қосылыстарда тұйық тізбек тек көміртек және сутек атомдарынан ғана емес, басқа да атомдардан құралады. Гетеро дегеніміз грек сөзінен алынған (гетерос басқа). Гетероциклді қосылыстар түзуге көріне азот, күкірт, оттек атомдары қатысады.
ІІ ТАРАУ КӨМІРСУТЕКТЕР
Курамы тек көміртек пен сутектен тұратын ең жай органикалық қосылыстарды көмірсутектер деп атайды. Жалпы формуласы С.Н. Көміртек қаңқасының құрылы мы бойынша ациклді немесе алифатты ашық тізбекті және тармақталмаған көміртек – көміртек тізбектері бар) жане циклді (алициклді, ароматты) көмірсутектер болады. Бұлар өзара байланыстарының түріне және көміртек пен сутек атомдары санының арақатысына қарай қаныққан және қанықпаған (метан, этилен, ацетилен) көмірсутектеріне бөлінді.
2.1. Aiңиклді (алифатты) көмірсутектер (алкандар)
Құрамы. Гомологтық қатар туралы түсінік. Изомерия. Қаныққан (алкандар, парафиндер) көмірсутектер деп моле кулаларындағы әрбір көміртек атомдары өзімен көршілес көміртек атомымен байланысуға бір ғана (1-байланысын жұмсап, қалған бос валенттіліктері сутекпен қаныққан қосылыстарды айтады. Бұл қатардың бастапқы екілі — метан. Қаныққан көмірсутектерінің жалпы формуласы — с Н . Барлық көмірсутек атомдары sp'-гибридтелген күйінде болады.
Метан қатары көмірсутектерінің әрбір келесі өкілінің алдыңғысынан СН, (метилен) тобына айырмашылығы бола ды (5-кесте).