ЭР). Бұл әдісте тұрақты магниттік өрісте парамагниттік заттардын электромагниттік толқындарынын резонанстық сіңірілу құбылысы негізге алынған, ЭПР адiсiн зерттелетін молеку ланың магниттік моменттері электрондардың айналмалы қозғалыстарынан туатын жалқы электрондары бар қосы лыстарға қолдануға болады. ЭПР тәсілі әсіресе бос ради калдарды идентификациялау үшін қолданылады. Тәсіл органикалық қосылыстар қандай агрегаттық жағдайда болса да қолданылады. Сондықтан парамагнитті бөлшек тер қатынасатын химиялық реакциялардың кинетикасы мен механизмін зерттеуде тендесі жоқ, табылмайтын таCLA болып табылады. ЭПР спектрлерін зерттейтін аспаптарды радиоСпектрометр деп атайды.
Масс-спектрометрия. Зерттелетін органикалық қосы лыстарды жоғары вакуумде орташа энергиялы электрон дар шоғырымен бомбалап, пайда болған зарядталған бөлшектер мен фрагменттерді талдауға негізделген физи жалық тәсілді масс-спектрометрия деп атайды. Электрондар мен бомбалауда пайда болған оң иондар теріс зарядталған үдеткіш пластинкалармен айдалады. Олардың тасқыны анализатордың түтігіне түседі де, анализдеуші магнитпен олардың массаларының зарядтарына байланысты бөлінеді. Натижесінде масс-спектрограммада иондар сәйкес элект ронның массасының зарядқа бірдей қатынасына байланыс Ты жеке биіктер пайда болады. Масс-спектрдің сипаттама сына сәйкес органикалық қосылыстың молекуласының құрылымы туралы түсінік алуға болады.
Молекулалық рефракция. Молекулалық массаның меншікті рефракцияға көбейтіндісін молекулалық рефрак ция деп атайды, яғни молекулалық рефракция MR-ға тең.
Меншікті рефракция сыну көрсеткіші мен тығыздык - Ты етажірибе жүзінде анықтау нәтижесінде төмендегі формула арқылы есептеледі:
п?-11
R=
2 2 р
Молекулалық рефракцияға аддитивтік (жиынтық) қасиет тән, ол молекулаға кіретін элементтердің атомдық
рефракцияларының қосындысына тең. Оңай полюстенетін п-байланыстары бар органикалық молекулалар әжептәуір. үлкен молекулалық рефракция көрсетеді, сондықтан моле кулада қос және үш байланыс болуы молекуладағы реф ракцияны белгілі шамаға арттырады. Егер екі қос байланыс бір жай байланысттен бөлінсе, яғни қосарланған қос байла ныс жүйесі бар болса с = C – C = c , онда екі қос байланысқа сәйкес рефракцияның қосындысына біраз мөлшерде қосымша рефракция қосылады. Төменде күн спектрінің D сызығына сәйкес натрий сары жарығының жалынына есептелген кейбір атомдардың рефракция мөлшері берілген:
2 418 СІ
5,967 1100 ml
13,900 ОСпиртті гидроксилде 1,525 кое байланыс 1,733 оэфирде)
1,643 Үш байланыс 2,398
Сыну көрсеткішін анықтау арқылы заттардың таза лығы далелденеді. Молекулалық рефракция - дәлелденбе ген формулаларды тексеруге ыңғайлы эксперименталды тәсіл. Көптеген жағдайда молекулалық рефракцияны анықтау арқылы изомерлерді ажыратуға (мысалы, қос байланыстардың әр түрлі орналасуын) және жаңа қосылыс тар үшін ұсынылған бірнеше формулалардан құрылымына сайкесін таңдап алуға болады.
Күрделі органикалық қосылыстардың толық құрылы мын анықтау үшін жоғарыда көрсетілген физикалық тәсілдердің тек қана біреуін қолдану жеткіліксіз. Әдетте әрбір нақтылы қосылыс үшін бірнеше әдістерді қиыстыра ды, мысалы, масс-спектрометрия мен хроматографияны, сонымен қатар алынған мәліметтерді тез түсіндіру үшін есептеуіш машиналар қолданылады.