Ультракүлгін және көрінетін аралықтағы спектр (УКС). Бұл тәсіл зерттелетін органикалық қосылыстардың сіңіру спектрлерін, қысқа толқындар бөліктерінің спектрлерін (200— 400 нм) алу үшін қолданылады. УКС арқылы қатты және сұйық заттардың сіңіру спектрлерін ғана емес, соны мен қатар газ тәріздес заттардың спектрлерінде зерттеуге болады. ук-спектрлері арқылы органикалық қосылыс тардың сіңіру жолақтарының интенсивтігін, молекула лардағы химиялық байланыстардың табиғатын және олар дын курылысын зерттеудің маңызы өте зор. Ук-апектрлерін де шектрофотометр арқылы алады, бірақ иқ-спектро фотометрлердің сәуле көздерінің және УҚ-сәулелерін өткізетін оптикалық жүйелерінің айырмашылықтары бола ДЫ.
Ядролық магниттік резонанс ЯМР). Бұл тәсілде зерттелетін заттардың тұрақты магнит өрісінде ядролық Магнетизмнен пайда болған электромагниттік толқындар дың резонанстық сіңірілуі негізге алынған. Белгілі бір атом дардың ядролары микроскопиялы магнит ретінде әсер етеді және олар магнит өрісіне түссе, барлығы бір бағытқа бұры лады. Егер сутек атомдарының ядросы магниттік қасиет көрсететін кез келген қосылысты магнит полюстерінің ара сында орналасқан катушканың (оның сым орауы арқылы ауыспалы ток жіберілген) ортасына орналастырып және біртіндеп магнит өрісінің кернеуін жоғарылатса, онда белгілі бір кернеу өрісінде зерттелетін зат энергия сіңіре бастайды. Бұл жағдайда катушкадан өтетін ток артады.
Нәтижесінде заттың спектрі алынады, ал ондағы әрбір пайда болған сызықтың сипатын анықтауға болады. Соны мен ЯМР тасілін қолданып, заттардың молекулаларының құрылымын, электрон тығыздықтарының таралуын және
32.
органикалық қосылыстардың басқа да сипаттамаларын зерттеуге болады, ЯМР тәсілінде тек қана сұйықтар мен органикалақ заттар ерітінділерін зерттеуге болады. Прак тикада ядролық магниттік резонанс протондарда, яғни про тонды магниттік резонанс (ПМР) кеңінен қолданылады.