Шархан Қазығұл Оңашадағы онлайн ойлар



Pdf көрінісі
бет14/23
Дата23.12.2022
өлшемі0,53 Mb.
#164103
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   23
Байланысты:
Оңашадағы онлайн ойлар
4 Дәріс Шырайлым, 4 Дәріс Шырайлым, 4 Дәріс Шырайлым, Спецификация суммативного оценивания за четверть по предмету «Ру, мат сауат 1
салмақсыздық
бізден əлдеқайда алыста
сияқты көрінеді. Дегенмен, тіпті де, олай емес. Жер мен космостың ара


қашықтығы – бар-жоғы 600 шақырым. Астана мен Балқаштың
арасындай-ақ. Қандай күлкілі! Алайда, салмақсыздықтың арғы жағы
шексіздік
екені есіңе түскенде өлшеу бірлігін таппай дал боласың.
Шынында да, ұшы-қиыры жоқ шексіздік қандай қорқынышты. Бізді
шоши бермесін деді ме, математиктер шексіздікті гуголмен есептеуді
ойлап тапты. Бірақ ол номиналды есептеу ғана. Сондықтан да бəрібір
қорқынышты!
***
ХХ ғасыр басында Сергей Есенин «Я бы для тебя в метели
зимние /из-под снега доставал цветы» деп жырлаған. Ал,
жүзжылдықтың соңына қарай Евгений Евтушенко дəл осы əрекетті «И
слышком уж самоуверен /Я не цветы принес ей, а вино» деп басқаша
өрді. Тіршілік менталитеті мен арақатынас дəстүрінің өзгеріске
ұшырап отыратыны поэзиядан айна-қатесіз көрініс табатынына көзім
жетіп отыр.
***
Жалпы, біз өз ұлтымыздың басынан өткен сан қилы зауалды
жақсы білеміз. Дегенмен, дербес мемлекеттікке қол жеткізе алмай
зарлаған үш ғасырлық кіріптарлық көп құндылықтарымыздан
айырылуымызға əкелгенін біле тұра, қазіргі тəуелсіздігіміздің
критерийін əркім өзінше бағалаған кез де болғаны шындық. Бұл –
əсіресе, оппозициялық басылым беттерінен анық көрінді. Енді кез-
келген адамды да, кез-келген құбылысты да қаралағысы келсе –
қаралай салатын, ақтағысы келсе – ақтай салатын «сары баспасөз»
сахнаға шықты.
Диалектикалық материализм тілімен кестелесек, антогонистік
емес қарама-қайшылықтар дегеніміз осы шығар, бəлкім?! Қысқасы,
қазіргі бұқаралық ақпарат құралдары баяғы біз отыра қалып, ит терісін
басына қаптайтын буржуазиялық баспасөзге айналғаны ақиқат. Ат
төбеліндей азғантай ғана топтың мүддесін қорғайтын осындай


баспасөзді қалай атауға болады?
***
Жалқаулардың ойлап тапқан ең керемет мифі – Атымтай жомарт.
Пұл таппай, біреуден бірдеңе дəметіп отыру осы мифтен бастау алған.
Бүгін кəсіби əзіл ойлап таптым. Атымтай Жомарт кезінде кедей-
кепшікке əрі кетсе сықитып тұрып бір «обед» берген шығар. Атам
заманда. Одан бері де шамамен 15 ғасыр өтіп кетіпті. Бірақ сол жалғыз
пиар-акцияның арқасында Атымтайдың аты əлі күнге дейін аталып
келеді. Баспасөз хатшысы болсаң, Атекеңдікіндей бол.
Сондықтан да мен үшін кейде Атымтайдың өзінен гөрі оның
пресс-секретарының атын білу маңыздырақ болып тұрады.
***
Мен қартаюдан қаймықпаймын, бірақ шаруаға жарамай қалудан
қатты қорқамын. Күн ұзаққа бір нүктеге телміріп отырып, уақыт
өткізудің несі қызық дейсің?! Ең азабы, істен қалған қарт кісі басқа
адамға тəуелді болатыны белгілі. Базардан қайтып бара жатқандағы
менің басты уайымым осы болып тұр. Бала-шағаңа салмақ салмай өмір
сүргенге не жетсін?!
***
Құдайға шүкір, қазақта Маркестен кем түспейтін жазушы
жетерлік. Шеберлігі өз алдына, білімдарлық пен ойлылық сияқты
қасиеттері логикалық жолымен сындарлыққа əкелген Əкім Тарази,
шежіреміздің шерлі топырағында көмулі жатқан тұлғамызды да,
қазақтың қолданылудан қалып бара жатқан сирек сөздерін де тірілтіп
берген Қажығали Мұханбетқалиұлы, туған халқының «Елім-айы» мен
шыбын жаны қатар таразыға түсе қалса, құдайға өзін садақалыққа
қиятынын қапысыз айтып өлген, кеше ғана арамызда əулиедей болып
жүрген Ақселеу Сейдімбек, жатыпатар пəлсапасының өзімен-ақ елдің
бəрін үркітіп біткен интеллектуаль, талантын кісілерге көрсетуге


тірісінде мойны жар бермей кеткен ардақтымыз Асқар Сүлейменов,
əңгімелерінің өзімен-ақ табантірек нүктесін тауып алғандай əлемді
төңкеріп кете жаздап жүрген жас ноқталар Рақымжан Отарбай мен
Жұмабай Шаштайұлы... Бұл тізімді ары қарай ұялмай соза беруге
болады.
Кейде осы асылдарымыздың шығармалары əлемдік өркениетке
қосыла алмай жатқанына қарным ашады. Абайдың кезінде «дүниенің
кілті – орыста» болғаны рас. Ал, қазір дүниенің кілті ағылшында
екенін мойындамасқа амал жоқ. Осы тұрғыда біз былтыр
шығармаларын ағылшын тіліне аударып, АҚШ-та тұсаукесерін
өткізген Əбдіжамил Нұрпейісовтен үлгі алуымыз керек тағы да. Осы
үрдісті биыл жалғастырған Дулат Исабеков пен Қоғабай Сəрсекеевтің
тірліктеріне ұмтылу керек.
***
Біздің əрқайсымыз «Стокгольм синдромына» шалдықсақ, өмірде
бəрі де дұрыс болатын сияқты. Өйткені, жауыңның өзін жақсы көре
білу тіршілігіміздің мəнін аша түсетініне күмəнданбаймын.
***
«Однажды я ехал на поезде, и он медленно проезжал мимо какой-
то большой старой фабрики из красного кирпича. На ее фоне я заметил
две маленькие фигуры – парня и девушку. Парень мочился на стену,
а девушка держала его за руку. Любовь нельзя прерывать даже для
того, 
чтобы 
помочиться». 
Бір 
сұхбатында 
осылай 
деген 
супераңғарымпаз Альфред Хичкоктің ұлы режиссер дəрежесіне 
көтерілгеніне таң қалудың қажеті бар ма?! Шынында да байқампаздық
творчество адамы үшін ең басты қасиет дер едім. Басқалар көрмейтінді 
көре білу – өнер алды.
***
Жұмыстағы əріптесім туристік жолдамамен Кубаға барып келді.
Айтқан əңгімелерінен екі нəрсе ерекше ұнады. Біріншісі – «Бостандық 


аралында» интернет жоқ. Бір қарағанда, мұның несі жақсы дейсің?! 
Бірақ мен кубалықтарды қызғанып кеттім. Олар əлі күнге дейін баяғы 
біз сияқты бір-бірімен «живое общение» жасайды екен. Екіншісі 

тамақтары өте дəмді көрінеді. Себебі, органикалық азық-түлік.
Басқаша, айтқанда, пестицитсіз өнімдер өсіреді. Əріптесім осы
əңгімесін айтып отырғанда балалық пен жастық шағымды есіме
түсіріп, бір жасап қалдым.
***
Уақыт – тапшы. Адамзат – мəңгілік. Кеңістік – шексіз. Тапшы
уақыттың өзін туырлықтай таптайтын Адам баласының өз-өзіне
қастандық жасайтын сүйкімсіз сұрқын ықылым заманнан бері
кешіріп келе жатқан Құдай қоныстанған 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет