Шархан Қазығұл Оңашадағы онлайн ойлар



Pdf көрінісі
бет10/23
Дата23.12.2022
өлшемі0,53 Mb.
#164103
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   23
Байланысты:
Оңашадағы онлайн ойлар
4 Дәріс Шырайлым, 4 Дәріс Шырайлым, 4 Дәріс Шырайлым, Спецификация суммативного оценивания за четверть по предмету «Ру, мат сауат 1
***
Тəуелсіздіктің
 
алғашқы аласапыран жылдарында бір-біріне бас
болып, бірі аға болып, бірі іні болып, бірі басшы болып, бірі рухани
қосшы болып, қатар тұрып мемлекетіміздің қалыптасуына қызмет
еткен қазақтың екі ұлы он сегіз жылдан кейін бірінің еңбегін бірі
бағалап, бірі халық алдында марапаттаған екен, бірі халық алдында
сүйіспеншілігін білдірген екен, біз соны да көтере алмадық-ау! Қандай
өкінішті! Сол халықтың өзі ақ киізге отырғызып, хан көтерген адамға
деген ізгілік ілтипаттан аяқ астынан қандай сөкеттік көре қалдық?!
Төрт жылдан бері түбіне дейін түсінуге тырысқан кісі таппадық.
«Жабулы қазанды жабулы күйінде қалдырғанды» жақтағаннан
жарамыз жазылып кете ме?
Бірлігі күшті елде екі тұлғаның əрекетін басқаша əспеттеп əкетер
еді. Дəл осыны ұлт бірлігінің, рух ұлылығының символындай дəрежеге
жеткізуге тыраштанар еді. Қарапайым жұрттың ішінен шыққан, өмір
бойы бұқараның сөзін сөйлеген дара тұлғасына берілген награданы
халыққа көрсетілген құрмет ретінде қабылдар еді.


Ал, таланттың Елбасына сүйіспеншілігін мемлекет пен халық
бірлігінің бой көрсетуіндей қабылдар еді. Едіңіз не, ең өркениетті
елдерде осылай жасалады да. Бірақ біз олай істей алмадық.
Томағатұйықтығымыз бен қасаңдығымыз тағы да алдымызды орап
кетті. Өркениетті елдегі құндылықтарды əлі де өгей баладай
қабылдайтынымыз көрініп қалды. Тағы да Абайдың айтқаны алдымнан
шықты-ау: «Адам деген даңқым бар, /Адам қылмас халқым бар».
***
Бұқараға беделі бар басылым бір күнде туа қалмайды. Газеттің
басқаларға ұқсамайтын өзіндік бет-бейнесі мен айқын позициясын
қалыптастыру бас редактордан креативтік талғаммен қатар үлкен
қажырлылық пен қайраткерлікті талап етеді. Тек ақиқат жолындағы
талдау мен сараптауға құрылатын бұқаралық ақпарат құралы ғана елді
біржолата марғаулықтан құтқара алады.
***
Кеңес Одағы дүниежүзілік классикалық көркем əдебиетті де
капиталистік елдерге қарағанда əлдеқайда жоғары бағалайтынын
таныту мақсатында 1973 жылы шығарған 200 томдық «Бүкілəлемдік
əдебиет» кітапханасының (оған дейін Франция 80, АҚШ 150 томмен
шектелген) редколлегия мүшелігіне Қазақстан Компартиясы Орталық
Комитетінің аппаратындағы шенеуніктер қарсы болғанына қарамастан,
Мəскеудегі 
əдеби 
ортаның 
омыраулауымен 
өткен 
Əбдіжамил
Нұрпейісов керемет жобаға енген «Абай жолы» эпопеясына алғысөз
жазды. Жазғанда да қандай?! Оны айтудың керегі жоқ, оны оқу керек.
Бетке ұстар бас жазушымызды жаһан оқырмандарына жаны
қалмай, түйткілсіз таныстыра білген мақала авторына
 
классиктің туған
қызы ризашылығын білдіргенін бұрын бір естігенім бар: «Менің əкем
туралы қазақ та, орыс та, шүршіт те жазды. Бірақ сіз секілді ешкім
мөлдірете алмады». Мұхаң туралы кезінде жұрттың бəрі əділетті


əңгіме айтты деп кесіп айту қиын. Қызының жанын түсінуге болады.
Құндылығы сонда, Əбдіжамил ұстазына қатысты «Ұлы» деген
асқақ анықтауышты қолданудан бас тартпаса да, аталмыш «Слово об
учителе» құр мақтауға құрылмаған. Таңдайын қағып тақылдамайды,
түк көрмеген адамдай таңырқамайды. Əуезовке əлдеқашан тамсанып
үлгерген оқырманға мақаладан келіп-кетер пайда бар ма? Осы сұраққа
жүгініп жазғанына жүрегің жібиді. Нəн екенің шын болса – аузын
ашып, көзін жұмған қарапайым оқырманға ғасырда бір болатын
құбылыстың жұмбағын шешіп бер.
***
Кейбір депутаттар ішіңді пыстырмайды. Аракідік «номер»
лақтырып отырады. Кеше теледидардан көзім шалып қалды, «халық
қалаулысы» деп айта алмайсың, бір «партия қалаулысы» заңнамаларды
аударушыларға тиісіп отыр. «Заңды тұлға», «Жеке тұлға» дегендер
оның ойынша дұрыс аударылмапты-мыс. Жерден жеті қоян тапқандай,
осының бəрін керемет бір іскерлікпен майпаздап айтты. Əбден
күйгенім-ай!
Сонда не, оның ойынша, «физическое лицо» дегенді «жеке бет»
деуіміз керек пе? Əлде «дене адам» деуіміз керек пе? Ойбай-ау, адам
деген білмейтін шаруасына тұмсығын тықпай отырмай ма?
Экономикалық терминдердің ішінде осыдан сəтті шыққан аударманы
білсем не дейсіз? Əдемі нəрсені бүлдіргісі келіп, «шабыты қозған»
депутатқа басқа істейтін іс қалмаған ба?
Дəл осы депутат заңдарды қазақ тілінде дайындауды қашан қолға 
алатынымызды айтып шырылдаса, онда əңгіме басқа болар еді-ау! 
Амал қанша, көпшіліктің оларды түсіне бермейтіні осындай 
одағайлықтардан болар деген қорытындыға келдім. 
***


Жас кезiмде аудандық газеттерде жұмыс iстедiм. Тiлшi, жауапты
хатшы сатыларынан өтiп, Алматы облысының Балқаш, одан соң Іле
аудандарында төрт-төрт жылдан сегiз жыл аудандық газетте бас
редактор болдым. Сол кездің өзінде халыққа бiр пайдалы дүние
жариялауды естен шығарған жоқпын.
Мысалы, 
Балқаш 
аудандық 
газетінде 
аудандық 
партия
комитетiнiң ұйымдастыру пленумының демократиялық негізде
өтпегендігі сынға алынды. Көптеген бұрмалаумен сайланған аудандық
партия комитетiнiң хатшылары, аупарткомның бюро мүшелерi, бөлiм
меңгерушілері мақала пəрменiмен кезектен тыс шақырылған ұйымдық
пленумда жаңадан сайланды. Газет материалына орай мундирлерін
күйттеп обкомнан келген комиссияның мүшелері қоқан-лоқы жасап,
айқайлағанда: «Жігіттер, мен сендерге емес, аупарткомның пленумына
ғана есеп беремін» деп қадалып отырғаным есімде. Қайран, жастық
максимализм! Қазір мұндай батырлық жоқ бойда.
Бұл Қазақстандағы бiрден-бiр жалғыз оқиға болды. Мұны кезiнде
«Қазақстан коммунисi» журналы да, облыстық «Жетiсу» газетi де жан-
жақты жазды. Мен мұны шығармашылық жолымдағы бiр ерлiгiм деп 
есептеймiн.
***
Кез-келген өнерде барып тұрған күрделі проблеманы күліп 
отырып жеткізу творчестволық подходтың апогейі дер едім. Біздің 
əдебиетте осы жетіспейді. Ылғи жылап отырып айтамыз бəрін. Ал, 
кино жəне театр өнерінде осы подходты Асанəлі Əшімов терең 
игерген. Сонысымен де гений екенін дəлелдеді. «Қыз Жібектегі» 
эпизод. Үш жүздің шалдары Бекежанды тізерлетіп, үш жақтан таяқпен 
қысатын тұс. Сол сəттегі Асанəлінің жанарына назар салыңызшы. Лиза 
дель Джоконданың «жұмбақ жымиысы» жолда қалады. Міне, 
шеберлік! 
Ал, «Транссібір» экспресіндегі» Қасымханның образын қалай
сомдаған? Психологиялық тұрғыдан алғанда бұл роль – Асанəлі
творчествосының шыңы. «Сашенка, ку-ку, скоро задание получим»


деген тіркесті дəл Асекең айтқан реңкпен айту ешкімнің қолынан
келмейді. Бəс тіге аламын.
Жетпісінші жылдардың ортасындағы Академиялық театрда
қойылған «Қан мен терде» сеңнің үстінде кетіп бара жатқан Еламан əлі
көз алдымнан кетпейді. Ғажап суретті əлі күнге дейін сағынамын.
Неге? Өйткені, шығармаға да, өнерге де подходы дұрыс актердің
сахнадағы іс-қимылы көңілдің қақ төріне барып қонады.
Тағы бір деталь, барлық спектакльдер аншлагпен өтті. Ал,
трилогия бойынша түсірілген киноның неге жолы болмады? Неге тез
ұмытылып қалды? Екеуінің де режиссері бір адам емес пе еді?
Өйткені, ол кинода Его величество Асанəлі Əшімов ойнаған жоқ.
Актердің қадір-қасиетін осындайда білесің.
***
Садуақас Ғылманидің кезінде дін мемлекеттен бөлек еді.
Мемлекет діннен бөлек еді. Қазір олай деп айта алмайсың. Дін
мемлекетке жақындай түсті. Бір қарағанда бұл діннің артықшылығы
сияқты көрінуі мүмкін. Бірақ шын мəнінде олай емес.
Дінбасылардың мемлекеттен зейнетақы алуы діннің барған 
сайын мемлекетке жақындауын тездете түсті. Бұл – түбірімен қате 
үрдіс. Дін қашанда өзінің берік тəуелсіздігімен ғана адамдарға сенім 
ұялата алады.
***
Шығармашылық адамдарының арасында табиғатты алабөтен 
нəзік сезіне алатын композиторлар мен орындаушылар дер едім. 
Бетховен көз алдыңа алапат дауылды əкеледі. Моцарттың музыкасынан
ай жарығымен сіркіреп жауып тұрған жылы жаңбырды естисің.
«Битлз» шырқағанда күннің шығып келе жатқанын, Сальваторе Адамо
əн салғанда ақ қардың жерге түскен сəтін көріп тұрасың. Исао Томита,


тіпті, Мусоргский мен Дебюссиді орындағанда да Жапон теңізінің
желіндей суық.
Құрманғазы атындағы Қазақтың мемлекеттік академиялық халық
аспаптар оркестрі «Сарыарқаны» орындағанда концерт залы толқынды
тілген кемедей теңселіп кетпей ме?! Ұлттық рухты бүкіл артерияңа
тарататын күй дүниенің екінші құдіреті екеніне дауым жоқ. Келісті
орындаушылар ғана оята білетін осындай тылсым көңіл-күйдің
көкіректе мəңгілік жатталып қалатыны хақ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет