Шархан Қазығұл Оңашадағы онлайн ойлар



Pdf көрінісі
бет6/23
Дата23.12.2022
өлшемі0,53 Mb.
#164103
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
Оңашадағы онлайн ойлар
4 Дәріс Шырайлым, 4 Дәріс Шырайлым, 4 Дәріс Шырайлым, Спецификация суммативного оценивания за четверть по предмету «Ру, мат сауат 1
əдебиет
пен 
мəдениет
. Адамзат өзінің даму
сатысында жаңа бір өнерді ойлап табуы мүмкін. Солай болған күннің
өзінде де ол алдыңғы өркениеттің үлгілеріне міндетті түрде арқа
сүйейтіні анық. Неге, біз Лев Толстой мен Мұхтар Əуезовтің
шығармаларына қайта айналып соға береміз? Классиканың ғажап
құдіреті оның қай дəуірде де өзінің өзектілігі мен заманауилығын
жоғалтпайтындығында жатыр.
***
«Ұтылған адамның сөзі құрсын» деген тіркесті бүгін ешкім айта
алмайтын шығар. Футболдың баяғы біздің бала кезіміздегі ережесі əлі
тұрғанда «Селтик» серейіп жататын еді бүгін. Бізді құртқан таймның
соңында қосылатын санаулы минуттар. Сосын сары қағаздар. «Қызыл
қағаз алып қалу» синдромына шалдығып қалған «Шахтердің»
қорғаушылары «Селтиктің» шабуылшыларын қыздан арман əлпештеп
жүруге мəжбүр болғаны матч тағдырын шешті деп ойлаймын.
Тағы бір нəрсе – «Селтик» қақпасына кіріп бара жатқан
стопудовый голды қорғаушыларының қайтаруы. Маңдайшаға тиген
допты айтпағанда. Тіпті мəселе бұнда да емес. «Шахтер» 8 тəулік бойы
аналардың ұйқысын қашырды. Екі сағат артынан демалдырды.
Леннонның бірінші таймдағы сықпытын көрдіңіздер ғой.
Мен «Шахтердің» достойный ойынымен қоса Леннонның
бейшаралығын көргеннен де лəззат алып отырдым. Керемет кайф
ұстадым. Олардың ойын соңында қуанғанын көріп те лəззат алдым.
Байқадыңыздар ма, олар «Барселонаны» ұтқан команда сияқты қуанды.
Бұл – сырттан қарағанда драматургия сияқты көрінеді. Бірақ бұл –


драматургия емес. Бұл – результат. Иə, біз үшін ең үлкен результат осы.
Біз, Қазақстан Еуропаның көзінше бірінші рет басқаларды
мойындаттық. Осыдан асқан Жеңіс бола ма? Бұрын бізді адам құрлы
көрмейтін қарт құрылық бұдан былай бізбен санасатынына шек
келтірмеймін. Бұл – құр даңғаза емес. Бұл – конкретно мойындату.
Іспен мойындату. Бізге шаттық сыйлаған, елдігімізді Еуропаға
дəлелдеген «Шахтер» – космос. Біздің бапкер – красавчик. Футболдың
канондарын жақсы білетін сауатты маман. Оны құраманың бас
жаттықтырушылығына тағайындау керек. Бұл маңызды. Манадан бері
айтайын дегенім осы ұсыныс еді.
***
Жақау Дəуренбек ағам ылғи қалжыңдайды: «осы сен адамдармен
жүре амандасасың, сосын көтерілмей қалдың!». Онысы рас, үлкен
орындарда отырған ағаларымның мазасын алғанды жақтырмаймын.
«Тоғыз тарау туындым» шыққанда Сауытбек Абдрахманов ағама
апарып беруге тура келді. Өйткені, кітапта ол кісі туралы жазылған
очерк бар болатын. Саукең сырт қарағанда сұсты көрінгенімен, алдына
барғанда жансарайы жайсаң адам екені білініп қалады. Кітапты
парақтап отырды да, «бір кітабыңды Əбіш ағаға жазып бер, ол кісі
туралы да біраз толғапсың, – деді, –жеткіздіріп берейін».
Бір жетіден кейін Əбіш аға қоңырау шалып тұр: Айналайын,
Шархан, кітабың жақсы екен, көптен бері көзім ауырып кітап оқи
алмай жүр едім, кітабыңды аяғына дейін оқып шықтым. Ойларың
ұнады. Клара жеңгең де оқып шықты. «Ана балаға звондасайшы»
деген соң өзіңе хабарласып жатырмын.
Ілкі сəтте тілім байланып қалды. Туғаныңнан өлгеніңше бақытты
болып жүру мүмкін емес. Бірақ адамның бір бақытты сəттері болады.
Əбіш аға қоңырау шалған күні кешке дейін осындай күйді басымнан
кешірдім. Дуалы ауыздан шыққан сөз көңілдің күйін басқа арнаға бұра
білетіндігімен құнды екенін түсіндім. Жақсы жағдайда да, жаман
жағдайда да. Əрине, жаман жағдайдың беті аулақ.


***
Мына заманда «шындықты айтып тұрмын» деген адамның
шыншылдығына 
күмəнмен 
қарайтынымды 
жасыра 
алмаймын.
Өйткені, абсолютті ештеңе жоқ. Бəрі салыстырмалы түрде. Дəл осы
менің айтып тұрғанымның өзі де абсолютті шындық деп айтуға
қорқамын.
***
Өткенде су туралы жазып едім. Тағы жазуға тура келіп тұр. Менің
бала кезімде Аралда ауыз суды машинамен тасып, үйді-үйге тарататын.
Контрамаркамен. Содан бері 50 жылдан астам уақыт өтті. Əлі тасып
жүргенін аудан əкімдігінің аккаунтынан көріп қалдым əлгінде. Уақыт
тоқтап қалған ба?! «Не айтарымды білмей қалдым»-ның нағыз өзі
болды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет