қасиетіміздей көрінеді. Заманауи тілмен айтсақ, тұла бойымыз тұнып
тұрған – толеранттылық. Бұл қасиет біздің қанымызда бар. Бар тəтті-
жұмсағын туған балаларына қимай, қашан келетіні бір тəңірге
мəлім
құдайы қонағына сақтап отыратын əже-апаларымыздың ақ сүтімен
келген осы тамаша қасиет бізді өзімізден бұрын басқаның күйін
күйіттеуді көксетеді де тұратыны – қызық құбылыс.
Ең аяғы ХІХ ғасырда орыс империясына қылыш алып жүгірген
Кенесарының өзі генерал Перовскийге жазған хатында Абылай
атасының кезінен берік орын алған Ресеймен дос-жарандық, тату-тəтті
сыйластыққа адал екенін, осы тұрғыдан алғанда орыс халқына емес,
отарлық басқыншылыққа қарсы күресетіндігін айтып өлген жоқ па?!
Жаратушының алдында адам баласының тең құқығын сыйлайтын
қазақтан асқан альтруист халық бар ма екен?!
***
Бақыт құсы барын бағалай білетін елдің ғана басына қонатынын
қазақ əлімсақтан біледі. Білгеннен кейін де бəріне шыдамдылықпен
қарайды. Тəуелсіздігімізді үркітпей ұстап тұруымыздың басты қазығы
да осы төзімділікпен қағылған. Қоян-қолтық ғұмыр кешіп жатқан
жүзге жуық ұлыс өкілдерін өзекке теппей, керісінше өз бауырына
тартудан жалықпайтын қаққан шегедей қалыпты қалпымызды
бəзбіреулер төменшектеумен шатастырып алып жатады. Солай ма?
Жоқ.
Құс қанаты талатын сайын даламыздай кеңпейіл көңілмен ұлттық
санамызға қапысыз қонған кемелділік кей сəттерде кемшілігіміздей
көрініп қалатынына налисың. Бірақ барлық ұлы қасиеттердің
қарапайым көрінетінің өзі
Достарыңызбен бөлісу: