Шархан Қазығұл Оңашадағы онлайн ойлар



Pdf көрінісі
бет5/23
Дата23.12.2022
өлшемі0,53 Mb.
#164103
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
Оңашадағы онлайн ойлар

ұлы дархандықтан
туған 
кемеңгерлігімізді
көмкере алмайды.
***
Жазушы позициясы жүз-мыңдаған, миллиондаған оқырман
жүрегіндегі тығылып жатқан немесе тұншығып жатқан əлемнің сырын


ашумен шектелмей, қам көңілді жұбататындай дəрумен қалыппен
қайта оралатындығымен қымбат. Қорған болар қаламгер əркімнің жан
дүниесіндегі сілкіністерді асқан ептілікпен көкірегіне үюмен тоқтап
қалмайды. Ол əлгі жиған-тергенін əр жүректің өз жазуындай
жаңғыртып қайтара білу құдіретімен бағаланады.
Басқаларын мазаламай-ақ қоялық, дарынды жазушылардың
барлығын бірдей бұл безбенге салуға субъективтік себептер
жібермейді. Өмірбақи қойдың соңында жүріп, биік белеске жеткен
майталман малшы өмірін майын тамызып, төгілтіп жазып шығу
жеткіліксіз. Көркем жазылған махаббат драмасы да бұл өлшемге
келмейді. Салмағы аздық етеді. Романтизм мен сыни реализмнің жер
мен көктей басты айырмашылығы сонда, айқын азаматтық позиция
ұстайтын жазушы оқырмандарын қоғамдағы проблемаларды шешуге
жетелейтіндігімен төрге озып тұр. Осыдан кейін өзінің көркемдік
шеберлігімен де, өлермендік позициясымен де екі жақты байланысты
бүге-шігесіне дейін қамтамасыз еткен жазушыны қалың ел
мемлекеттік қайраткерден де жоғары қойып, ешкімнің нұсқауынсыз
классик деп қабылдайтынын тыраштанып дəлелдеудің қажеті бар ма?!
Айналып келгенде, осының бəрі – мəселенің бас қатыруға тұрмайтын
жағы. Проблема классик атануда емес. Гəп – үлгілі дүние жаза білуде.
***
Басың жерге тигенше жарық дүниенің бүкіл болмысын түсініп
үлгіресің бе?! Дүниені былай қойғанда, адамның өзін-өзі тануы үшін
жалғыз өмір жете ме? Дау жоқ, арши түскен сайын жұмбағы
жұмыртқалай беретін тылсым тұңғиықтың түбіне жету тіпті мүмкін
емес. Адамды, болмыс атаулыны жүрегімен зерттеуге ынты-
шынтысымен шын берілген ғұламалар ғана жаратылыс құпиясы
құпиялардың құпиясы екеніне анық көз жеткізеді. Бұл қияметқайым
кей тұста еш нəтиже бермейтін мешіннің тірлігін еске түсіретініне
қарамастан əлгі данагөйлер парасаттылық пайымынан бір жаңылмай,
құпия құлпының кодын
табудан күдерін үзбей күн кешеді.
Көнеден жеткен мол мұраны төрт қырынан түгел қопарып, мына


жарық жалғанның қалған сырына барынша қанығуға құлшынған адам
қамшының сабындай қысқа өмірін шексіздікке тартылған негенама
беттерін қысқартуға арнайды. Не үшін? Келер ұрпақтың алдында ұятқа
қалмау үшін! Келер ұрпақтың алдында абыройлы болу үшін!
Фараби бабамыз түк бітірмей өмірден өткенде, Абай атамыз
қазақтың қамын жемей қайтқанда, күні кешегі алаштың арыстары
азаттығымыздың ақ таңын армандамай көз жұмғанда бүгінгі
ұрпақтары болып отырған біз оларды кінəлауға арымыз бармағанымен,
бəріміз бетімізбен жер басып жүрмейтінімізге кім кепілдік бере
алады?!
***
Жаңа ғана бір танысыммен кездесіп қалып өмір мен өлім
төңірегінде біраз əңгіме-дүкен құрдық. Кенеттен əлгі танысым айтты:
«В раю климат хороший, но в аду общество интереснее». Қысыр сөзге
екеуміз ішегіміз қатқанша күлдік. Дəл осы жерде диалектика
ақиқаттың мəнін анықтайтын өнер екеніне тағы да иландым. Шынында
да өзің ерекше сенетін пікірдің (тезис) жалпы ақиқат (синтез) екеніне
көз жеткізу үшін қарсы жақтың негізділігін (антитезис) де мойындай
білу керек екенін аңғарасың. Дəлелдеудің қажеті жоқ, адамдардың көбі
тозаққа барады, өз кезегінде онда қарым-қатынастың көбірек
болатыны да сөзсіз.
Бірақ кез-келген адам жұмақта жүруді армандайды. Көрдіңіз бе,
адам үшін ахуал (климат) маңыздырақ. Мына жалған өмірде де адам
мəнді қоғам орнатудан гөрі жеке тұрмыстық ахуалының дұрыс
болғанын ең бірінші кезекке қояды. «Жеке бастың мүддесін қоғам
мүддесінен жоғары қоймау керек» деген социализм принципі жұмыс
істемей тұр. Мен КСРО-дағы социализмді айтып отырған жоқпын. Ол
бір жалған социализм болды емес пе?! Швециядағы социализмді
айтамын. Кез-келген мемлекет осындай социализмге ұмтылуы тиіс.
Басты 
қателік 
осындай 
қоғам 
құра 
алмағанымызда 
жатыр.
Диалектиканың синтезі осы қателігімізден көрініп тұр маған.
***


Бірін-бірі көре алмайтын қазақтан бірін-бірі көре алмаса тұра
алмайтын қазақ болсақ екенбіз деп армандаймын.
***
Заманауи аңыз айтқым келіп отыр. Шетелдік бизнесмен «мынау
керемет құс көрінеді, бұдан пайда табуға болатын сияқты» деп бір тау
бүркітін сатып алып, еліне апарады. Туған топырағында қанша жерден
керемет атаулының нəні болса да, жат жерге бейімделу бүркітке ауыр
тиеді.
Байғұс құс жаңа мекенді жерсінбей, ауа райы да жақпай, біраздан
соң тамақ ішуді тіптен қояды. Асылын ардақтай білетін, еркелете
білетін, бабын таба білетін өз иесіндей қайдан болсын?! Ас ішуге
кедергі келтіріп тұрған болар деген оймен тұмсығын шауып тастайды.
Бара-бара бүркіт ұшуға да жарамай, жер бауырлап жатып қалады.
Жаңа қожасы денесі ауырлап кеткен болар деп қанаттарын қырқа
бастайды. Түптің түбінде бүркіт бүркіт болмай қалады, қысқасы.
Бұрын-соңды көрмеген құсқа келген бетте де тамсанып, қарық
болмаған өзге жұрт бүркіттің бөтендігін енді анық біледі. Ақыры,
бүркітті бизнесмен алған жеріне əкеліп тастайды. Тұмсығы шабылған,
қанаты қырқылған бүркітті енді ауылында да ешкім танымайды, ешкім
бүркіт екен деп қабылдамайды. Осылай! Мұны неге айтып отырмын?
Кез-келген халық, кез-келген адам өзінің тараған тамырынан
ажырамау керек. Басқа елді бастапқы төл қасиетімен табындыру
қолынан келмегеннің өзінде де, сол елдің болмысына бірігіп кетуден
сақтануы тиіс. Ал, біз ше? Басқа елге бармақ түгілі, өз жерімізде
жүріп-ақ бүркіттік біраз қасиетімізден айырылып барамыз-ау!
Отанымызда 
отырып-ақ 
тұмсығымыз 
шабылған, 
қанатымыз
қырқылған халықтың халіне жақындап қалған жоқпыз ба?! Бүркіт
бүркіт екенін бодандықта жүргенде де таныта білсе, нағыз бүркіт
болады. Туған елі Тəуелсіздік алғанда да баяғы бүркіт екені байқалып
тұрса, нағыз бүркіт болады. Балтық жағалауы мен Қап тауындағы


халықтар да біз болған боданда болды. Бірақ олар бүркіттігінің
бүршігін де бүлдірмей сақтай білді. Ал, біздің қолымыздан ол келмеді.
Өте өкінішті!
***
Біздің тағдырымыз əке-шешемізді құдай қосқан күннен жазыла
бастайды деген ой келіп тұр дəл қазір!
***
О, тоба, Қазақия үш тілдік тұғырға көтерілген сияқты. Қазіргі
жастар лексиконында ағылшын-қазақ тілдерінің қосындысынан сөз
құрау пайда бола бастады. Олар түк білмейтін адамды «жəймен», ал
бəрін білетін адамды «читер» деп атайтынды шығарды. «Жəймен»
дегенде қазақ тіліндегі сын есім болып табылатын қарапайым, жұпыны
деген мағынаны білдіретін «жəй» сөзі қолданылып тұр. «Мен» екі
бастан ағылшынның адам деген сөзі екені айтпаса да түсінікті. «Чит» –
ағылшынша əр нəрсенің кодын білу деген мағынаны білдіреді. «ер» –
ағылшынның жазылу түрі болғанымен, орыстардың зат есім жасаушы
жұрнағы (шахтер, вахтер жəне сол сияқты).
Осылайша антоним сөздер үш тілдің қатысуымен дүниеге келген. 
Бұны өз басым кездейсоқтыққа жатқыза алмаймын. Тіл біле бастағалы 
ағылшындардың «олрайт»-ы біздің «жарайд»-ымен үндесетіні былай
тұрсын, бір мағынаны білдіретініне таң қалушы едім. Енді жоғарыдағы
неологизмдерге аузымды ашып, көзімді жұмып отырмын.
***
«Ақылды адам ойды оята біледі» деп едім, өте жақсы көретін
ағам Нұралбай Күндебаев та ілкі сəтте қарап қалмады: «Ақылдының
алдына түспе, ақылсыздығыңды аңғартып аласың». Нұрекеңнің


логикалық реакциясына риза болдым.
***
Кеше бір ініміз «Ұлтшыл ақсақалдарға кеңес» деген фейсбуктегі
жазбасында қазір жастар мен үлкендер арасында түсінбестік асқынып
бара жатқанын тілге тиек етеді. Осы сұрақтың төңірегінде батыл
мəлімдеме жасаған. Ілкі сəтте кейбір ақсақалдардың көңіліне келіп
қалатын сөздер жүр. Бірақ мені аталмыш жазба «қорқыта» алмады.
Керісінше, қуандым. Өйткені, бала мен əкенің арасындағы ұрпақтан
ұрпаққа жалғасып келе жатқан сүрлеуде бұл əңгіменің айтылуы –
кездейсоқтық емес, заңдылық. Қай кезде де əкенің көңілі балаға
толмайды. Бала əкесінің жолымен жүргісі жоқ. Таныс картина.
Заңдылық дейтінім, егер осы антогонистік емес қайшылық
болмаса, адамзаттың дамуы қазіргі деңгейіне көтерілуі қиял-ғажайып
ертегі күйінде қалар еді. Құдай осы қайшылықтың болмағанынан
сақтағай. Əйтпесе, тоқыраудың көкесі сонда болады. Ұрпақтар
арасындағы осы қажет қатынас бізде де пайда болғанына қуандым.
***
Сыртқы жəне ішкі сұлулық деген категориялар бар екені белгілі.
Сыртқы сұлулық айтпаса да түсінікті. Ал, ішкі сұлулықты көру қиын.
Меніңше, оны тек ақындардың жүзінен ғана көре аласың. Абайдың
жүзі қандай əдемі! Жарайды, біреулер айтар, Абайды көрген адам
сияқты айтпашы деп. Мұқағали қандай көрікті еді. Ешкімге
ұқсамайтын бас сүйек ғой. Мəселе тіпті бас сүйекте де емес. Есенғали
Раушанов ше? Ондай сұлу жігітті мен көрген емеспін.
***
Сыртқы имиджімізді көтеретін басты параметрлер негізінен


саясатымыздан, экономикамыздан, мəдениетімізден, ғылымымыздан
жəне спорттағы жетістігімізден ерекше көрінетініне ешкімнің таласы
жоқ. Ядролық қарудан бас тартумыз біздің əлем алдындағы
абыройымызды асқақтатқаны рас. Сосын соңғы Олимпиададағы
Қазақстанның ірі жеңісі. Осындай кесек нəрселер арқылы имидж
қалыптасады. 
Ал, 
көзбояушылықпен 
имидж 
қалыптастыра
алмайтынымызды түсінетін уақыт келді.
Экономика, ғылым арқылы имиджге мотивация көріп тұрған 
жоқпын. Сондықтан да өнер мен əдебиетімізді əлемдік деңгейге 
шығарудың жолдарын қарастыру керек. Қазақтың мақал-мəтелдері ше?
Əрине, аударуға қиын соғар. Идеома табиғаты солай. Бірақ сондағы
халықтық терең философияны əлемге насихаттай білу – ең əдемі
жұмыс.
Екінші үлкен мəселені өткенде бір жазып едім. Бізді басқа
халықтардан ерек көрсететін бір басымдылық – күй өнері. Алдағы
уақытта əлемге осыны паш ету үшін тер төгуіміз керек-ақ. Күй арқылы
адамзатты тамсандырсақ, тамаша жеңісіміз сол болар еді. Бар нəрсе,
тек көрсете білу ғана қалып тұр. Бұл шаруа да қолымыздан келеріне
күмəнім аз.
Бірақ бір нəрсені астын сызып айту керек: осы істе қазақ
буржуазиясының өнерге деген жомарттықтығын оятпай, бұл шаруа
жүзеге аспайды. Осы тұрғыда маған Исламбек Сəлжанов бауырымның
тірлігі ұнайды. Тізіп жату артықтау, талай ісімен тау қопарып жүрген
оның «Жақсылықтың ең үлкені – айтпай істеген жақсылық» деген сөзі
көңіліме ұялап қалды. Шынында да, ешкім тарихта байлығымен
қалмайды. Рокфеллерді қазір ел ұмыта бастады. Тарихта бай адам
жомарттығымен ғана қалады. Третьяков сияқты. Шереметьев сияқты.
***
Жұмыр басты пенденің бəрі бір сенімге жүгініп тіршілік кешеді.
Талас жоқ, нанымсыз өмір сүру мүмкін емес. Мектепте оқып жүрген
кезімізде қоғамтану пəнінің мұғалімі «Құдай бар ма, жоқ па, оны бір


Құдайдың өзі біледі» дейтін. Социализм дəуірінде бұдан артық қалай
айтуға болатын еді. Бір партиялық функционердің де сандырақтағаны
əлі күнге дейін есімде: «Слава Богу, я – атеист». Құдайды
мойындағысы келмейтін байғұстың аузымен де өзінің хақ екенін
білдіртіп тұратын Жаратқанның жазуы – жазу-ақ.
***
Өткен ғасырдың алпысыншы жылдары Англия мемлекеті
олигархтар иелігіндегі зауыт-фабрикаларды национализациялаудан
қолдары босамады. Нағыз мемлекеттік қызғаныш. Бірақ нарықтық
қатынастардың канондарына қарсы жасалған үрдіс ақыры өзін
ақтамады. Елдің экономикасы күрт төмендеп кетті. Қарапайым
халықтың да күнкөрісі қиындай берді.
Осы қателікті кейіннен «Болаттай берік ханым» атанған Маргарет
Тэтчер жөндеді. Ол барлық кəсіпорындарды жеке кəсіпкерлерге кері
сатуды жүзеге асырды. Айналасы бес жылдың ішінде ел қайта
өркендеу жолына түсті. Қызғаныштың жасампаз жол еместігін осы бір
мысалдан-ақ көресің. Алайда, ең алдымен сол қызғаныштың
тұтануына жол беріп алмаудың амалдарын ойластыру шарт.
Сондықтан да байлық иесі мемлекет пен қоғам алдындағы
азаматтық борышын да терең сезінуі тиіс. Ол мемлекетке салығын таза
төлеумен қатар бизнестегі əлеуметтік жауапкершілігін де толық
мойнымен көтеріп отырғанда ғана мемлекет көтеріледі. Мемлекеттің
көтерілуі – оның азаматтарының көтерілуі. Сонда ғана қоғамдық
қызғаныштың жолы қиылады.
***
Атырауда 
іс-сапармен 
жүргенімде 
Сарайшыққа 
барудың
мүмкіндігі туды. Қазір жермен-жексен болған қалада кезінде керемет
Хан сарайы тұрған. Юрий Долгорукий Кремльді содан көшіріп
салдырған көрінеді. Кейіннен Иван Грозный басқа мемлекеттерде
Кремльге ұқсас ештеңе болмауы тиіс деп, Сарайшықты жер бетінен


жоқ қылыпты. Керемет тарих. Бəрін жазу мүмкін емес. Айтайын
дегенім, солтүстіктегі көршіге құлай сене берудің реті жоқ екеніне
көзім жетті. Өздері бізден ұрлап алады, содан соң тас-талқанын
шығарады. Жауыздықтың бұдан асқан классикалық үлгісі бола ма?!
***
Өмірдің жалғыз ғана мəні бар. Ол – сабырлық. Осыны жұрттың
бəрі біледі. Бірақ білетін қағиданы сақтауға шамамыз жетпей жатады.
Біздің өміріміздің барлық трагедиясы осында жатыр.
***
Қазақ мерзімді баспасөзінің бүгінгі таңдағы бағыт-бағдары туралы 
соңғы кездері жиі айтыла бастады. «Нұр медиа» мен 
басқа 
да
холдингтерге қарасты біраз газеттердің порталдық нұсқаларға
көшірілуі бұл əңгімені онан сайын ушықтыра түскені рас. Əлемде бұл
үрдістің көптен белең алғаны тағы белгілі. «Вашингтон пост» газетін
қазір сатып алушылар өте аз. Есесіне оның сайттық нұсқасын күніне 5
млн. адам оқиды. WWW – нағыз əлемдік шырмауық екенін түсінетін
кез əлдеқашан келді.
Əлемдік заманауи жаңалыққа ілесетін уақытымыз туды. Бірақ
қаламын тістемесе, шабыты келмейтін біздің буын қағазды қолына
ұстап отырмаса, көңілі көншімейді. Дəл осы жерде есіме «Москва
слезам не верит» фильмі түсіп отыр. Есіңізде ме, оператор жігіттің
айтқаны? Олай болса, кез-келген өнер құрып кетеді дегенге өз басым
сене бермеймін.
Газет те қанша жерден кəсіп дегеніңмен өнерге жатады. Өнердің
элементтері онда толып жатыр. Сондықтан да газет құрып кетеді деген
əңгімеге əзірше мотивация көріп тұрған жоқпын. Астын сызып
айтайын дегенім, бізге газет ісінде үлкен реформа керек. Жылтыр сөзді
құрту керек. Қазір ой керек. Қысқа сөздің қауызына əп-əдемі қондыра
салатын ойды меңзеп тұрмын. Ой болғанда да ешқайда бұра


тартпайтын ортадағы ойды айтамын. Баспасөз беренсөзімен ғана
беделді бола алады.
Мен 
2008 
жылы 
«Айқара» 
деген 
жеке 
газетімді 
өз
серіктестеріммен бірігіп жарты жыл шығардым. Сол газеттің
концепциясын қазіргі мерзімді баспасөзге ұсынар едім. Шын мəнінде
қазіргі заманғы газетте жаңалық жариялап берекет таппайсың. Газет
структурасы біздің заманымызда танымдық-сараптамалық мақалаларға
құрылуы тиіс. Газеттерді қорғап қалудың бір жолы осы. Сонда ғана
біз басқалармен бейбіт қатар өмір сүру құқына ие боламыз.
***
Кез-келген қоғамда сатиралық стильге сұраныс жоқ. Салиқалы
сөзге де адамдарды ұйыту барған сайын қиындап барады. Сондықтан
да осы күні қалжыңға құрылған əңгіме ғана құлаққа қонатын сияқты.
Осы ойымызға сүйеніп, əзілдесек: «Жизнь – это улыбка. Даже тогда,
когда по щеке бегут слезы». Иə, қайғымызды да күліп отырып айтатын
халге жеткен соң, не қайыр?!
***
Өмірден бір түйгенім, көмекке ие болып, қыжалатынан шыққан
кісі қуануы мүмкін. Қатты қуануы мүмкін. Дегенмен, сол кісіге қол
ұшын берген адам өзін одан да бақыттырақ сезінетіні ақиқат. Осы
орайда Нодар Думбадзенің «Мəңгілік заңы» романындағы осы аттас
қағида ағзадан бұрын адам жанының емшісі болудың қаншалықты
жауапты екенін айнытпай білдіретіндігімен есімнен шықпайды: «Бұл
заңның мəні сонда, адамның жан дүниесі оның денесінен жүз есе ауыр
келеді. Зіл-батпандығы сонша, кісінің жалғыз өзі оны алып жүруіне
күші жетпейді... Сондықтан да біз, адамдар тірі кезімізде бір-бірімізге
көмектесуге тиіспіз, бір-біріміздің жан дүниемізді мəңгі етуге
ұмтылуымыз керек: сіз – менің, мен – басқаның, басқа – тағы
біреудің... осылайша шексіздікке дейін... Адам өлімі бізді өмірдегі


жалғыздыққа тап қылғанға дейін».
***
Қазір бай кедейге мұрнын шүйіретін болды, ал кедей өзінше
кердеңдейді. Бүгінгі күні дүниесі түгел кісі ыңғыршағы айналған
байғұсты, ал, сығарға биті, үрерге иті жоқ бишара көзін май басқан
шонжарды жоққа шығарып жүргені де – тұрмыстық нигилизм.
Өйткені, тақыр адамға төбеден қарау да, байлықты жиіркенішпен
қызғану да жоққа шығаруды білдіретіні бесенеден белгілі. Əрі қарай
кеттік. Шенеуніктің қарапайым халықты көзге ілетіні шамалы. Ал,
бұқара жоғарыдағыларға сенімсіздікпен қарайтыны тағы рас.
Бұл жердегі биліктің эгоизмі мен халықтың селқостығы да
бірыңғай жоққа шығару болып табылады. Алайда, осындай нанымға
негізделген нигилизмнің қай түрі де жеңіске жете алмайды. Мұны
тарихтан жақсы білеміз. Себебі, нигилизм – өзінің о бастауынан
жасампаздыққа құрылмаған көзқарастар жиынтығы.
***
Ұлттың құдіреті бірліктен басталады. Мен бұл жерде тыныш өмір
сүруді айтып отырған жоқпын. Бұл ұғымды тар мағынада
қарастырудың өзі – қателік ғана емес, қатерлі дерт. Қазіргі қазақтың
«сен тимесең, мен тимен, бадыраң көз» тірлігі мен бірлігі түптің
түбінде жақсылыққа апармайтыны қазір біліне бастады. Өзімізді өзіміз
алдағаннан басқалар ұтады. Жалған намыс та жыртығымызды жамай
қоймас.
Ұлттың ұлт екенін танытатын ең бірінші атрибут тіл екенін
ескерсек, біздің бірлігіміз дəл осы жерден бұзылып тұрғаны қазір көзге
шыққан сүйелдей. Халықтың жартысына жуығы өзге тілде өзін еркін
сезінетіні оларды тамырынан ажыратпай тынбайды. Осы ажырау
күндердің күнінде ұлттық сананың да тоз-тозын шығарып тынады. Бұл
– ең қауіпті фактор.


Екінші фактор. Дəл қазіргі əлемдік үрдісте мемлекеттің
тəуелсіздігін сақтап қалу үшін ауадай қажет нəрсе осы жерден келіп
шығады. Жаһандану процесі соншалықты қауіпті болудан қала
бастады. Олай дейтін себебім, бүгінгі таңда кез-келген мемлекет,
дамығаны бар, дамушысы бар, бəрі түгелге жуық экономикалық
жаһандануға жол бергенімен, саяси жаһандануға тіпті де көнгісі жоқ.
Өйткені, олардың барлығы да əлемдік мəдениет болсын, əлемдік
саясат болсын, солардың ішінен өзіне керегін ғана игеріп, өзіне зияны
тиетінінен бас тарта білуді баяғыда меңгеріп алған. Ұлтарақтай жер
үшін 
қасық 
қаны 
қалғанша 
шайқасудан 
шаршамаған 
ата-
бабаларымыздың аруағы біздің ашықауыздығымызды кешіре қоймас.
Сондықтан біз де саясатта ызалы жерді баспауды үйренуіміз керек-ақ.
Міне, кез-келген халық үшін ұлттық санамен органикалық
бірліктегі екінші фактор деп айтып отырған əлемдік өркениеттің озық
үлгілерін өз бойымызға тезірек сіңіре білу ғана бізді тығырықтан алып
шығады. Айтары жоқ, ұлттық сана мен жаһандық өркениетті игерген
кез-келген мемлекет тəуелсіздігінен ешқашан айырылмайды.
Осыған қол жеткізе алмаған халықтың көсегесі көгере қоюы
екіталай. Өйткені, тұтастық ғана тəуелсіздікті қамтамасыз етеді. Бізде
ұлттың құдіретін танытатын осы фактор бар ма? Аталмыш сұрақ
төңірегінде алдағы уақытта жатпай-тұрмай ойлану өз алдына, осы
бағытта 
нақты 
тіршілік 
жасауды 
қазірден 
қолға 
алмасақ,
тəуелсіздігімізді тəрік етіп алуымыз əбден мүмкін.
***
Ауырлау 
тақырыптардан 
тұратын 
пікірлерден 
жалығып
кетпеңіздер, арасында «разнообразие» болсын, «Мың доллар» деген
əңгімемнен үзінді оқи отырыңыздар: «Көп ойланған құл қаша
алмайды». Бүгін жақсылап ішу керек. Ертең ни-ни. Ой, блин, как
тяжело будет?! Бірақ не істейсің, қиналсаң да шыдайсың! Түбі бір
шығу керек тормоздан. Мамешкенің де басына барып құран
бағыштамадым. Таң атса, барамын. Ну, ладно, дальше поехали. Потом
разберемся. Кажется наступил психологический момент для ... сто


грамма. Мені иттің күшігі дейді. А собаченок-то пьет по таланту. Так
что, ешкімнің шаруасы болмасын».
Композитор стакандағы арақты атасының асы болмаса да сондай
бір сүйіспеншілікпен сіміріп салды. Балбырап шыға келсін. Қаны
құрғыр дұрыс айналмай тұр екен. Көңілденіп сала берді. Айқайға
бассын:
– Біреулерге сыйлық жетпей ызалы, /Біреулерге билік жетпей
ызалы, /Біреулерге ғұмыр жетпей ызалы, /Біреулерге тұғыр жетпей
ызалы, /Мына жерде жүр екенбіз біз əлі! Ой-хой, деген-ай! Қалай
айтсаң, олай айт, шынында да осы жерден дұрыс жер көрсем, Мақсым
атымды теріс қойыңдар!
– Əй, жын иектеген қасқа, біреулерде не шаруаң бар? Қарақан
басыңды күйіттеп алмайсың ба? «Айдағаның бес ешкі, ысқырығың
жер жарады». «Алматыда консерваторияны қызыл дипломмен бітірген
композитор балам тұрады» деп мақтанғанда алдыма жан салмаймын.
Пішту! Бекер нəн болып жүр екенмін. Онан да сенің ұсақ саудагер
болғаның дұрыс еді. Мынау не өмір?! Бір ай запой, бір ай сау. Сен енді
сау да болмайсың, өлесің мына түріңмен! «Түйе сенікі не паңқу, екі
жылда бір туып?» деген екен баяғы да біреу. Сол секілді сенің осы
сазгерлігіңе де шүбə келтіре бастадым. Оттап-тышып жүрген адам
оңды іс жасайды дегенге сенбеймін. «Нағыз тұнықты судағы балық
біледі, балық білмесе, халық біледі, халық білмесе, Құдай анық біледі»
дейді қазақ. Жаратқан ием де көріп тұрған шығар. Мен де сенен
композиторлықтың иісін сезсем, мына қолақпандай мұрнымды кесіп
берейін.
Мақсым əкесінің сөзін пыру да деген жоқ. Алдындағы шишадан
айырылып қалатындай оны қос қолымен құшырлана қысты. 
«Мен балықты білмеймін, ал енді халық М. Кенешбайды без запинка
біледі. Түрімді білмеуі мүмкін, атымды как пить дать біледі. Мен
жылтыңдап, халықтың алдына шыға беретін дешевый əнші емеспін.
Керек десеңіз, интервью де бермеймін. Зачем? Біресе ана каналдан,
біресе мына каналдан жылтыңдап. Это – не моя стихия. Этим пускай
гламурные люди занимаются. Екі күннің бірінде радио мен
телевизордан соңғы хитымды айтып, қақсап жатқан жоқ па:
«Композитор Мақсым Кенешбайдың əні «Сені іздеп шаршадым».


Маған сол да жетеді. Бұдан артық қандай танымалдылық керек?!
Пардон, батя, қытыққа тие бермеңіз. Ей богу, шал кейде қуып
кетеді. Мені қалай ұсақ саудагерлікке қияды?! Тұрсам сол, қытай кеспе
сатып... Бұл – маған қол емес, етімнен ет кесіп алса да айтайын. Ең
болмаса, соны неге ұқпайды? Əлде əдейі қағытқаны ма? Жо-ға-ə, туған
ұлын жер қылмайтын шығар, есі бар əке.
Жаратқан иемнен асқан шебер жоқ, болмайды да. Құдай маған
қалқиған құлақ берді, слух берді. Нұрғиса мен Шəмші көкелеріме
бергенді Аллатағалам менен де аямады. Тəуба. Слов нет, қай заманда
да ең современный композитор саналып келе жатқан Бетховендей болу
мүмкін емес. Ең романтичный композитор Брамстың бағы да бізге
бұйырмаған. Ең аяғы кеше ғана арамызда жүрген Альфред Шниткедей
басы артық нотасыз шығарма жазу да менің пешенеме жазылмағанын
жақсы білемін.
Бірақ «каждый человек имеет право на свой спичечный коробок»
демей ме приискіде жұмыс істеп жүріп, аздап алтын ұрлайтын
ағайындар. Əркімнің өз несібесі, өз тəлейі бар».
***
Төрт күн Алматыда мұнай-газ көрмесі мен конференциясына
қатысып 
қайттым. 
Тура 
шетелге 
барып 
келгендей 
болдым.
Тоқсаныншы жылдары Үкімет делегациясының жұмысын пиарит етуге
басқа мемлекеттерге баратынбыз. Бірақ керемет қалаларды 
аралап
қарық болмайсың. Ресми дүниелердің айналысынан алыс кете алмай,
түс көргендей болып қайтып келетінбіз. Осы жолы Алматыға барғанда
сондай күй кештім. Күні бойы сабылып жүрдік те қойдық көрме мен
конференция арасында. Қали Сəрсенбайдың да редакциясы вокзалдың
қасынан көшіп кеткені осы жолы қатты қинады. Ең болмаса, поезға
мінердің алдында Қалимен кездесер едім.
Түркістаннан 50 шақырым жердегі ауылда тұратын жігіт аптасына
бір рет қалаға барып, азық-түлік алып тұрады екен. Үйіне барған соң
əйелі сдача сұраса, əлгі жігіт айтатын көрінеді: «Қайдағы сдача? Бір
пирожки жемей қайтып келдім». Сол сияқты Алматыда төрт күн


болып, бір танысыма жолықпай қайтып келгеніме күйіп отырмын.
***
Басқалардың алдында бір қадам бұрын келе жатқан адамды түсіну
үшін ақыл-ой инстинкі керек. Дей тұра, бізде қашанда одан бұрын
эмоция жүреді. Бұған бейім тұруымыздың басты себебі іштарлық пен
көреалмаушылық қасиетімізде жатыр. Өткен ғасырдың отызыншы
жылдары бірін-бірі ұстатып жіберуден ұялмаған қазақтың бүгінгі
бойына біткен қайран қалдырарлық «қасиеті» талантты ұлдарын өліп
қалғаннан кейін мойындайтындығы қоғамымыздан берік орын алды.
Неге?
Біріншіден, тас лақтыратын адам жердің астында жатыр. Басқаша
кестелесек, бізге енді кедергі келтіре алмайды. Екіншіден, қазақ тірі
адамнан 
емес, 
аруақтан 
өлердей 
қорқады. 
Бұл 
жағдайда
құдайшылықты айтудан басқа амал қалмайды.
Кейде маған ой келеді: көзі тірісінде көп марапатқа ие болғандар
өлгеннен кейін тез ұмытылады. Ал, көрге кіргеннен кейін даңққа ие
болатындар мəңгілік махаббатқа айналады. Осының өзінен де қазақтың
заманауи барлық кесір қылықтарын жазбай танисың.
***
Бір кемпірден жасын сұрағанда айтқан екен: «Жасым – он жетіде,
бетім оттай береді!». Сол кемпірді мен бүгін түсініп отырмын.
Қартаюдың трагедиясы – сенің күн сайын қартайып бара жатқаныңда
емес, қартаюдың трагедиясы – күн сайын іштей «мен əлі жас
көрінемін» деп өзіңді өзің алдауыңда жатыр. Иə, қартаю – трагедия
емес. Меніңше, қартая білмеу – трагедия! Бұдан да асырып айтуға
болады. Əдемі қартая білу əркімнің қолынан келмейді.
Маған кейде бір жаман ой келеді: Абайдың заманында ақылгөй
ақсақалдарымыз көп болған. Олар да Абай сияқты аталы сөз айтқан.
Тіпті кейбірі Абайдан да асырып айтқан болар. Бұған аса күмəнім де


қалмай барады. Өйткені, 
қазақ
деген текті халықтан жалғыз ғана
Абайдың шығуы шындыққа жанаспайды. Қазақтың қаптаған кемеңгер
қарттарынан Абайдың адуын артықшылығы – ойларын қағазға түсіріп
кеткендігінде.
Ал, басқалардың дуалы ауыздарынан шыққан «қара сөздер»
айтылған жерінде айтылып қала берген сияқты. Мəселе олардың
сөздері тарихта қалмай, Абайдың сөздері ғана тарихта қалғандығында
емес. Мəселе Абай заманындағыдай құдайшылығын айтып отыратын
данагөй қарттардың дəл қазір де қатары көп болуында. Осыдан бір
ғасыр бұрынғы шалдарымыздың осы күні болмай тұрғанына
ренжігенімді Абайды жоққа шығару деп ұғып қалмаңыздаршы, Құдай
үшін! Қазіргі кітап оқымайтын заманда жастарға көшелі кісінің тірі
сөзі жетпей тұрғанына қынжылғаннан туған қыжыл ғой менікі.
***
Баяғыда біз оқуға түсе алмай қалсақ, қатты арланатын едік.
Басымнан өткен оқиғаны айтып берейін. Мектеп бітірген 1973 жылы
журфакқа қабылдау емтихандарын тапсырған кезімде əкем Аралдан
Алматыға келіп, «Ремизовка» демалыс орнында бір жағы демалып, бір
жағы маған жанкүйер болып жатты.
Емтихан тапсырған сайын əкеме барып жағдайымды баяндап
кетемін. Сөйтіп жүргенде ағылшын тілінен «құладым». Əкеме барайын
десем қорқамын. Бармасам, тағы болмайды. Күтіп отыр. Жас
коммунарлар көшесінен қозғалатын №68 автобус маршрутының ең
соңғы рейсіне ақыры отырдым. Ол кезде қазіргі əл-Фараби даңғылы
кəдімгі иленіп жататын қара жол болатын, сонымен келіп тауға
көтерілесің.
Автобус терезесінен қарасам, əкем бір жотаның басында көзін
тігіп қарап тұр екен. Əкемді көріп көңілім құлазып кетті. Автобустан
жылап түстім. Көзімді екі қолыммен басып ботадай боздап келе
жатқанымда бір шұңқырға құлап түспесім бар ма?! Əкем жетіп келіп
сұрап жатыр: «Балам, не болды, құлап қалдың ба?». Құдықтың ішінен
тіл қатқаным есімде: «Иə, папа, оқудан да құлап қалдым, шұңқырға да


құлап қалдым!». Осы бір күлкілі оқиға мені əкемнің ашуынан
құтқарып қалды.
***
Біздер, қазақтар бəрін керісінше істейміз. Қожанасырдың ұлы
сияқты. «Аялдама» деген жерге аялдаймыз. «Мазмұндама» десе
мазмұндаймыз. «Кіріспе» десе кірісеміз. «Хабарлама» деп қоямыз да
хабарлаймыз. Сондықтан да «ел бол» деп айтпайық, «ел болма» деп
айтайық та. Ел болып кетерміз! Қайнар Олжай лунаходты «Айдабол»
деп аударды емес пе? Ештеңе жоқ, жарасып-ақ тұр.
Біздің айда болмағанымызға Қайнарды қалай кінəлайсың?
Шынымен айда болатын кезде «Айдаболма» деп өзгерте салармыз.
Бəрі қалжың. Мұның бəрі тілдік норманың заңдылықтарына бағынып
жасалған дүниелер болар. Мен – лингвист емеспін. Жəй əшейін, бүгін
«Каламбурлама» деген сөз ойлап тауып, сосын мыжып, каламбурлатып
отырғаным ғой.
***
Біздің шоу-бизнеске ешқандай қарсылығымыз жоқ. Ол да – қазіргі
күні қажет дүниелердің бірі. Өйткені, «массовая культура» көп кісіге
керек. Терапиялық өнердің түбіне балта шабудан берекет табам деу –
бекер іс. Осы мəдениет болмаса, біраз балақайдың өмірге құштарлығы
семе бастар еді. Сондықтан да бұл өнерге соғыс ашудан аулақпыз. Дей
тұра, «біз болмасақ, бəрі қараң қалады» деген қасаң көзқараспен де
келісу қиын.
Өйткені, біреулер қараң қалғанымен, біреулер қараң қалмайды.
Кешіріңіз, біз барлық өнердің бейбіт қатар өмір сүргенін тілер едік.
Қарапайым қайырсақ, өнер атаулының өлмегенін қалаймыз, сонымен
бірге «сенің жаныңды біз ғана алып қаламызға» келіп саятын таяз
сөзге де сенгіміз келмейді.


***
Ертең – талантты тележурналист, пиар-маман Алмас Жолтаев
дос-інімнің қайтыс болғанына 4 жыл болады. Алмас үш тіл білетін.
Одан ағылшынша үйренген бір сөйлемім бар. Бұрынырақта ол мені
көрген кезде «I am glad to see you, my friend» дейтін. Тіл білмеген
қиын. Боқтап тұрса да күліп құтыласың. Кездескен сайын əлгі сөзді
айтады. Бір күні не мағына беретінін сұрадым Алмастан.
Ол 
айтты: 
«Шəке, 
бұл 
сөйлем 
«мен 
сені 
көргеніме
қуаныштымын, достым» деген мағынаны білдіреді». Содан кейін бұл
сөзді мен айтатын болдым оған. Əзіл үшін. Алмас сəл жымиып «О,
Шəке, круто!» деуші еді, марқұм! Мен «I am glad to see you, my friend»-
ті айтпағалы тура төрт жыл болды. Кімге айтасың? Алмас жоқ.
Басқалар менің шатпағымды Алмастай қайдан ұқсын?!
***
Фейсбукте бір тележурналист айлығым аз деп шағымданыпты.
Маған ой келіп тұр: кез-келген білікті маман жұмыс берушінің
алдында өзінің де шартын қоя білуді үйренетін кез келді. Бірақ əлі
күнге дейін көптеген телеарналарға жұмысқа баратындардың шарт
қоюға дəрмендері жетпейді. Өйткені, ол өзі толық тəуелсіздігі жоқ
адам екенін жұмыс сұрап барған бетте көрсетіп алады. Себебі, оның
басты арманы – қызмет істеу емес, тезірек халыққа танылатын
дикторлыққа қол жеткізу. Басқаша бедерлесек, атаққұмарлыққа
(орысша атауы – телезвезда) деген тəуелділік.
Дəл осы моментті жұмыс беруші өте жақсы біледі. Сондықтан да
жұмысқа қабылданып кеткеннен кейін «айлығым өте аз» деп
шағымданғаның – өзіңнің осалдығың ғана. Басқа ештеңе де емес. Не
болғанда да жалпы мəселеде жалқы адамның өзіне көп нəрсе
байланысты екенін мойындап қоюымыз керек. Құдайшылықты
айтқаныма ешкім ренжи қоймас.


***
Əдебиет бір күндік немесе бір жылдық, оны айтасыз, бір 
ғасырлық деген шектеулерге əсте көнбейді. Өйткені, уақытты алға 
сүйреп келе жатқан да, адам мен кеңістіктің үйлесім табуына үлес
қосатын да ең алдымен – 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет