Шархан Қазығұл Оңашадағы онлайн ойлар



Pdf көрінісі
бет3/23
Дата23.12.2022
өлшемі0,53 Mb.
#164103
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
Оңашадағы онлайн ойлар

дұрыс ойлауға
үйретті.
Өркениеттің басты міндеті ойлануға үйрету екенін тағы да бір еске
алсақ, онда біз ағамызға алғыс айтуымыз керек.
***
Қазақтың қарапайым айтылған сөзінің өзінде көп мағына
жататынына таңданудан жалыққан емеспін. «Су – тіршілік көзі» дейді.
Осыны білімсіз халық айта ала ма? Айта алмайды. Жаратылысты
танып-білген халықтың сөзі бұл. Жерден басқа планеталарда тіршілік
жоқ. Себебі – біреу-ақ. Өйткені, басқа планеталарда су жоқ. Адам
ағзасының 70 пайызын, қан құрамының 90 пайызын су құрайды.
«Адам күніне ең кемі 1,5 литр таза су ішу керек» дейді дəрігерлер.
Осы жерге келгенде қазақты тағы да аяйсың. Өмір сүру
мерзіміміздің де аз болып тұрғаны ең алдымен суға байланысты. Бізде


– не су таза емес, не тазартамыз деп жүріп минералы жойылған су.
Окинава аралында өмір сүретіндердің статистикалық орташа жасы –
120 жас. Жекелей адамдар 140-қа дейін өмір сүреді. Соның сырын
жақында білдім. Олар коралл минералына өте бай су ішеді екен.
Жаратылысты біліп тұрса да жағдайы келіспеген қазақты қалай
құтқарамыз?
***
Біздің «ұлттық идеямыз» – «Ланд Крузер» міну. Қысқасы,
құрығанда бір шетелдік лақсаға отыру. Ата-бабадан қалған қасиет.
Ештеңе дей алмайсың. Аталарымыз үйден гөрі астындағы атын
маңызды санаған. Сол əдет əлі келе жатыр. Мен жатақханада тұратын,
бірақ кредитпен «крутая тачка» мініп жүрген талай жігіттерді «лично»
танимын. Сөз жоқ, мен олардың бəріне «ұлттық идеяны» қолдаушылар
ретінде достық рəуішпен қараймын.
Бірақ жеке басым осы «ұлттық идеяны» қолдаушылар қатарына
қосылмадым. 1982 жылы бір гаишникке ерегіскеннен əлі күнге дейін
жүргізушілік куəлігін алуға бірде-бір рет талпынған емеспін.
Гаишниктен менде – аллергия.
***
Василий Песков та өмірден өтті. Жетпісінші жылдары оның
«Таежный тупик» шығармасы жарияланған «Комсомолканың» əр
номері əдеттегі 2 тиынның орнына 25 тиынға сатылғаны өмір бойы
есімде қалып қойды. Песковтың 1963 жылы Лениндік сыйлықтың
лауреаты атанғаны мұның қасында жіп еспей қалды.
Жас 
журналистерге 
қақсайтыным 
сол: 
ешқашан 
атаққа
қызықпаңдар, бір жетіден кейін адамдар, бір айдан кейін өзің ұмытып
қаласың сол атақты алғаныңды. Қолыңнан келсе, əлгіндей құбылыс
жаса! Тағы бір нəрсе: мұндай құбылысты тек Песков сияқты өте
қарапайым адамдар ғана жасайды.


***
Бұрын əріптестеріммен кездескенде «Көрінбей кеттің ғой
газеттер мен журналдардан?» деп əзілдейтінмін, қазір «Көрінбей кеттің
ғой агенттер мен фб-дан?» дейтінді шығарыппын. Шартты рефлекстің
мəтіні өзгеріп жатыр. Құдай ақырын берсін.
***
Екі күннен бері аяғымды əзер басып жүрмін. Дене көтертпейді.
Кəрі сүйек сыр бере бастады. Өткен демалыс күндері Зерендіде өткен
футбол турниріне қатысқанмын. Техника бар, бірақ ең басты нəрсе –
жылдамдық жоқ. Футболдағы жылдамдығыңның жоқтығы байқалғанда
мына өмірде бəрі де өткінші екенін ерекше сезінесің. Өйткені, дəл сол
футболды баяғы жас күнімдей ойнай алмаған кезімде өмірге дұрыс
талдау жасаймын. Осы күнге дейін боқ дүниені қумағаныңнан, атақ-
даңқ қумағаныңнан үлкен лəззат аласың!
Өмір бойы доп қуып келіп, енді қуа алмай қалғаныңның өзі өкініш
болып тұрғанда, боқ дүниені жер бетінде қалдырып кету қандай
қасірет! Осындайда келетін ой: өмірде қорқыныш əкелетін емес, лəззат
сыйлайтын нəрсемен айналысқан жөн. Лəззатты еске алудың өзі –
лəззат. Ал, қорқынышты еске алудың өзі – қорқыныш. Дəл қазір аяғым
ауырғанмен де өмірден лəззат алып отырғандаймын.
***
Мен өзімді діндар адаммын деп есептей алмаймын. Бірақ
Исламның тəрбиесіндей тəрбие жоқ. Бір мысал. Исламда «көркем
мінезді кісі» деген түсінік кездеседі. Мұндай кісіге үш шарт қойылады.
Біріншіден, ол үнемі жадырап жүруі керек. Жаратқанның жақсы
сынына да, қатал сынына да шүкіршілікпен қарау деген болар бұл.
Екіншіден, ондай адамның қолы да, жүрегі де жомарт болуы қажет.


Үшіншіден, ол басы жерге тигенше адам баласына зиян келтірмеуі
тиіс. Оның салмағы күндіз ораза, түнде намаз оқығанмен тең. Оларға
пейіштің жоғары жағынан үй соғылады. Əрине, мұндай адам болу өте
қиын.
***
Қасымда келе жатқан жолдасым айтты: «Осы «ояқ», «бұяқ» деп
сөйлейтіндерден жек көретінім жоқ». Менің айтқан жауап сөзіме ол
өлгенше күлді: «Осы «ояқ», «бұяқ» деп сөйлейтіндер қаяқ еді?».
***
Осы уақытқа дейін не жазсам да тек өзіме ұнайтын, өзім қалаған
нəрсені жаздым деп айта аламын. Жазу арқылы атақ іздеген емеспін.
Жазғанымды адамдар оқи ма, оқымай ма, неге екенін, онда да шаруам
шамалы. Қал-қадірімше жазған дүниелерімнен өзім лəззат аламын.
«Данышпан» болып, басқа адамдарға ұнау үшін əңгіме айтуды өте
күлкілі нəрсе деп білемін. Мұны «Хлестаковтың синдромы» дейді. Ал,
мен Хлестаков болғым келмейді.
Дəл осыған дейін жазғандарымның бір сөзін де өзгертпес едім.
Өйткені, оның бəрі – сол жазылған кездегі менің сезімдерім, менің
рухани көңіл-күйім. Артта қалған өмірін алмастыруға тек əлсіз
адамдар ғана құмартады. Мен өзімді əлжуаспын деп санамаймын.
Солай бола тұра мен алдағы күні не жазарымды білмеймін. Ертең
менің ойыма не сап ете қалатынын бір Құдай біледі!
***
Өлерінен біраз бұрын ислам дінін қабылдаған Лев Толстой өзінің
осы 
қадамына 
қарсылық 
білдіріп, 
шу-шу 
еткен 
орыс
интеллигенциясына былай басу айтқан екен: «Мырзалар, менің


жазғандарымды дүниедегі барлық адам оқымайды. Оқығандары екінші
қайтара беттей қоюы екіталай. Құранды дүние жүзінде бір миллиардқа
жуық адам күніне бес рет оқиды. Тəулік тастамай! Бұдан кейін
сендерге тағы қандай əңгіме керек?!».
Мен намазын қаза қылмайтындардың қатарында жоқпын. Дей
тұра, жас келген сайын барлық құбылысты Аллатағаланың жіберген
əңгімелерімен байланыстыратын болдым. Жер басып жүргендердің
бəрін Жаратқан иеміз сынаққа жібергеніне көз жете бастағандай.
Құдайға иман етумен, тəуекел етумен қатар Жаратқанның барын жəне
қу жанымыздың қай бір күні қаза болатынын бір сəтке де естен
шығармай жүруді имандылық деп санасақ; біреуге жасаған
жақсылығымыз бен біреуден көрген теперішімізді сол сəтінде ұмытып
кетіп отырсақ, мұсылмандықтың ауылына жақындай түскеніміз де!
***
«Бəрі өтеді де кетеді. Бұл да!» деген өзінің аталы сөзін жүзігіне
ойып жаздырған Сүлеймен патша ақылсыз ба?! Қарапайым шындықты
екі ауыз сөздің қауызына сыйдырып қойған. Айтары жоқ ақиқат, кез-
келген нəрсе бара-бара санадан сызылады. Мына жалған өмірді
айтпағанда, əрбір қолдан жасалған «қуанышыңның» өзі бір аптадан
кейін көңіліңнен ғайып болады.
Қарапайым мысал. Битіңе дейін қосып жүріп алған темір, тақтай
немесе қағаз формасындағы наградаңның өзін бес-алты сағат ғана
«жуасың». Сол атақты иеленгеніңді екі күннен кейін айналаң ұмыта
бастайды. Бір айдан кейін өзіңнің де ыстық-суығың басылады. Бірақ ең
үлкен трагедия – енді келесі атаққа кезекке тұрасың. 
Құлқын
деген
осы!
***
Лондонда іс-сапармен жүргенде тамаша бір ой келгені бар. Сол
елдегі аура əсер етсе керек. Мемлекет қандай дəрежеде болса, ол елдегі
қоғамның 
да, 
оның 
адамдарының 
да 
деңгейі 
сондайлық


пропорционалды болатынына көз жеткізіп қайттым. Тұманды Альбион
тұрғындарының бір-біріне деген сүйіспеншілігі қатты тəнті етті.
Мұнда киім киюден жарыс деген атымен жоқ. Ең ауқатты кісілердің өзі
қарапайым киінеді. Халық тұтастай бұл мəселеде ерекшеленуді
діндеріне сəйкес ағаттық санайды. Мемлекеттік қызметтегілер қатаң
дресс-код сақтайды, қалғандары өздеріне өте ыңғайлы киім кигенді
тəуір көреді. Лондон көшелерінде «Ланд Крузер» не «Мерседес»
көрсек, не дейсіз?!
Осының бəрі адамдардың арасында дүние бəсекелестігінің атымен
жоқ екенін аңғартты. Мен дүниенің боқ екенін бірінші болып түсінген
халық ағылшындар ма деп қалдым! Олар үшін тек таза адами қарым-
қатынастың дұрыстығы маңызды. Мұнда тура баяғы «Коммунизм
құрылысшысының моралдық кодексінде» жазылғандай, «адам адамға –
дос, жолдас жəне бауыр». Кеңес Одағында осы қағидат қағаз жүзінде
қалды. Англияда ешқандай «жарлықсыз» жүзеге асқан. Сөз жоқ,
цивилизация жемісі.
Ұзақ ойландым: ағылшындар мұндай дəрежеге қалай жеткен?
Ақыры, жауабын тапқандай болдым. Логикаға сүйенсек, қай мемлекет
болсын, мұндай дəрежеге жету үшін ең алдымен заң үстемдігін
орнатуы керек. Басқаша кестелесек, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет