Шархан Қазығұл Оңашадағы онлайн ойлар



Pdf көрінісі
бет7/23
Дата23.12.2022
өлшемі0,53 Mb.
#164103
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   23
Байланысты:
Оңашадағы онлайн ойлар
4 Дәріс Шырайлым, 4 Дәріс Шырайлым, 4 Дәріс Шырайлым, Спецификация суммативного оценивания за четверть по предмету «Ру, мат сауат 1
Адам–Уақыт–Кеңістік
үштағанындағы 
фантастикалық
құбылыстай көрініп тұр бұл маған. Қайран, Мұқаң! «Отанды сүю де
бір қорлық екен! Отанды сүймеу де бір қорлық екен!» деп еді-ау!
***
Əбдіжамил Нұрпейісов бірде былай деп айтқаны бар:
«Айналайын, қарағым-ау, адам деген реалист болуы керек ғой». Былай
қарасаң, қарапайым сөйлем. Ал, мен осы сөзді сол кісінің өз аузынан
естігенімде тұтас бір бағдарламаны естігендей болдым. Өтірік
жазбауға үндеп тұр. Бердібек Сапарбаевтың да айтқан сөзі есімнен
кетпейді: «Журналист мақтауы да керек, сынауы да керек шығар. Бірақ
сендер əлі ортадағы сөзді айтуды үйренген жоқсыңдар!». Бұл да
бағдарлама.
Өмірден 
түсінгенім, 
осындай 
бір 
сөйлемнен 
тұратын
бағдарламаларға ештеңе жетпейді. Мен осы екі бағдарламаны


басшылыққа алып, соңғы үш жылда біраз мақала жаздым.
Жазғандарымнан – басқаларда шаруам жоқ, өзім ерекше лəззат алдым.
Өйткені, бұл мақалалар барынша реалистік тұрғыда ешқайда да бұра
тартпайтын ортадағы сөзге құрылып жазылды.
***
Социалистік формациядан капиталистік сатыға өтіп жатқан
аласапыран кезде билік ешқандай саяси идеологияға жүгінуді жөн
көрмейді.
 
Себебі, өтпелі кезеңде бір-ақ міндет тұрады: тезірек жаңа
тап құру. Тақыр жерден буржуазияны қалыптастыру тек хаос арқылы
жүргізіледі. Басқа жол жоқ.
Қарапайым халықтың ойлау қабілетінің уақытша болса да
тоқырауға ұшырауы, тежеле тұруы биліктегілерге əлдеқайда тиімді
екенін зиялы қауымның өзі кеш түсінді. Өкінішке қарай, жазушылар да
басқаларға жөн сілтеуге дайын болмай шықты. Жетпіс жылдан бері
қалыптасып қалған құлдық психология өз дегеніне көндірмей
қоймады.
Қоғам мүшелерінің ойсыз жүруі қашанда билікке ыңғайлы
дегенмен де, уақыт өте келе бұл түпкі нəтижеде мемлекетті үлкен
қауіпке апарып соғады. Мұндай рухани катастрофаға қай кезде де, тіпті
соғыс пен ашаршылық кезінде де жол берілмеуі тиіс. Өйткені, кез-
келген саясат қоғамның əрбір мүшесінің санасынан өткенде ғана
жүзеге асатынын есепке алсақ, мұның арты жақсылыққа апара
қоймайды. Бұл мəселені, əсіресе, билік ешқашан есінен шығарып
алмауы тиіс.
***
Тіршілік иелерін былай қойғанда, ауа сияқты ілкі сəтте
абстрактілілеу көрінетін заттың өзі планетаға қаншалықты қажет
болса, адам баласы да сол жер бетінде міндетті түрде өмірбақи жүруін
Аллатағала о басында реттеп қойғандай. Рақымжан Отарбаевтың бір
кейіпкерінің айтқанына амалсыз бас шұлғисың: «Дүние – жалған емес,


адам – жалған».
Құдайдың жаратқан дүниесі – мəңгілік. Пірім Алланың заңы
солай 
негізделгендей. 
Жаратқан 
тек 
адамдарды 
ауыстырып
отыратынын түйсінесің. Құлқыны ырықсыз кеткен адам баласын
мəңгілік ету опа бермесін Тəңіріміз алдын ала ойластырғанына шүбə
келтірмейсің. Сынға түсірген құлдарын ең алдымен осы параметр
бойынша өлшеуді де жөн көрген секілді.
Шынында да адам өмірінің бағасын берудің ең тиімді тəсілі
осында екенін келе-келе түсінесің! «Шыдамы шексіз Жаратқаннан
ешкім шебер емес» деген сөзді есі бар кісілердің көп айтатыны да
бекер емес. Қарап отырсаңыз, қу тіршілікте пенде біткенді құлқын
құртып жатқанын көзі бар кісі күнде көріп жүр.
***
Мен Кедендік одақ дегенді түсіне алмай-ақ қойдым. Бір ғана 
мысал. Мəскеудің əуежайларында Ресей мен Беларусь азаматтары 
«дəлізден» еркін өтеді. Кедендік одақ мемлекеттері ретінде. Маған 
солай түсіндірді. Дəл осы жерде қазақ Кедендік одақта жоқ сияқты.
Өйткені, қазақстандықтарды балағына дейін тексеріп, 
беделін
төмендетеді. Бірақ Дьюти–фриге келгенде ештеңе сатып ала алмайсың! 
Бұл жерде Кедендік одақтың азаматы болып шыға келесің! Қызық 
одақ. Енді дəл осындай одақ мен сияқты «обывательге» керек пе?
***
Менің үлкен креслода отырған танысым бір жүздескенімізде
«Жоғары лауазым да Аллатағаланың берген сыйы ғой» деп қалды.
Сыйы болса, сыйы шығар. Мейірімі мол Тəңірінің қолынан бəрі келеді.
Дегенмен, менің түсінгенім, Жаратқанның бір сыны жақсы болады, бір 
сыны қатал болады. Мансап – оның сыйы ғана емес, сыны да деп 
түсінген жөн, тегінде. Құдайдың сол сынынан да сүрінбей өтуді көп 
«кісі» түнде түсінде, күндіз өңінде ойлап жүр деп айту қиын, əрине.


***
Таласа алмайсыз, ақша – өмір сүру үшін ауадай қажет құрал. 
Ақша – керек десеңіз, тіршілік барысындағы басты құндылық. Дей 
тұра, ол ешқашан да шешуші роль атқара алмайды. Өйткені, өз арын
ақшадан да биік қоятын адамдар бұрын да болған, қазірде де бар,
бұдан кейін де бола береді. Олар ақшаны рух ұлылығы арқылы жеңеді.
Ал, байлық атаулыға құныққан пенделер осы қасиеттен, қасиет емес-
ау, адами құндылығынан біржолата айырылады. Бұл – рухани аурудың
симптомы. Мұндай адамдардың жүрегін ақша басып қалады. Жүрек
байғұс соғуын соғып тұрады. Тек қалың ақша куперінің ар жағынан.
Ең сүйкімсіз науқас осылар. Оларды қоғам қабылдағысы келмейді.
Бірақ қабылдайды. Сырттай. Ақшаның құдіреті де сонда.
***
«Қазір ешкім кітап оқымайды» деп ренжитін кейбір жазушылар
қалың оқырманды жалпылама кінəлаудан гөрі мұның себеп-салдарын
өз жазғандарынан іздегені дұрыс. Бұл тек жазушылыққа ғана қатысты
мəселе емес. Кез-келген өнерде де осы формулаға жүгінген жөн.
Ванесса Мей «скучно» сайрайтын скрипканың өзін сүйіспеншілікпен
тыңдаттыра білген жоқ па? Зорлап емес, зейін аударта. Жаңа пішін
арқылы. Қай кезде де халықты өнерге осылай қызықтырар болар!
***
Жалпы алдын-ала əңгіме айтқанды ұнатпаймын. «Кісі» болып,
келешекті болжауға қорқамын. Бұл тақыр жерден атағын шығаруға
құмар адамдардың ісіндей көрінеді. Борис Пастернактың тамаша сөзі
бар: «Быть знаменитым – некрасиво». Осы сөзді күні кешеге дейін
түсінбей келдім. Мəнін жақында ғана ұқтым. Жозе Моуриньо деген
данышпан бапкер бар. Соның сұхбатын оқып отырсам, дəл осы ойды
қарапайым жеткізіпті.


Жозе бірде балаларымен демалыс паркіне барады. Барғаны бар
болсын, анау да амандасады, мынау да амандасады. Паркке барды
дегенің болмаса, балаларымен жүрген құрлы болмайды. Тағы бірде
олармен паркке жиналып жатқанда бір баласы айтыпты: «Əке, сіз
əуреленбей үйде қалғаныңыз дұрыс болар!». Көрдіңіз бе, атақты
болудың зиянды жақтары өте көп.
***
Мен тв-да жұмыс істеген жоқпын. Сондықтан да олардың
шаруасы туралы айтуға дəтім бармайды. Айдалада отырып алып, тас
лақтыратындарға таң қаламын. Мен бір нəрсені анық білемін.
Телевизияның жұмысы креативтен бұрын ақшаға көбірек байланысты.
Жақсы арна қалыптастыру үшін фантастикалық қаржы керек. Онсыз
істің бəрі далбаса. Кейде риза боламын, біздің тв-шылар дəл қазіргідей
тв жасап жүргендеріне.
Осыдан 15 жыл бұрын Сергей Доренко айына 12 мың доллар
айлық алып жүргені есіме түскенде жалпы Ресейдегі бұл салаға
құйылып жатқан қаржының қандай екенін бағамдау маған қиын емес.
Онан бері инфляция он есе көбейді. Сондықтан да отандық
тележурналистердің еңбегін бағалап жарытпасақ та, оларға тиісе
берудің жөні жоқ.
***
Қазақтың мақалдары тұнып тұрған философия. «Бақа сисе, көлге
– сеп» деген мақалды қазір халық басқарып отырған əкім-қаралардың
өздері де түсінуі қиын-ау. Пəлсапа деп отырғаным сол! Алайда, менің 
оппонентерім айтуы мүмкін: «мақалы жоқ халық бар ма?». Иə, онысы
рас. Бірақ қазақтың мақалы Құдайдың өзін құлататын мақалдар екенін
олар қайдан білсін?! «Ұра берсең, Құдай да өледі» деген мақал кімде
бар? Ешкім де! Дей тұра, осы мақалды қазақ бекер шығарған деген ой
келіп тұр дəл қазір. Құдайға қылыш алып жүгіргендей дəл осы
мəтеліміз əлі күнге дейін толыққанды жолымыз ашылмай, бағымыз


жанбай, басымыз бірікпей, тіршілігіміздің кібіртіктей беретінінің
бастауы сияқты.
***
Жаңа ғана Таласбек Əсемқұлмен хабарластым. Оның 
энциклопедиялық білімі мен орасан еңбекқорлығына тəнтімін. Орысша 
айтқанда, «белой завистью». Телефонмен біраз əңгімелестік. 
Арынғазы хан туралы зерттеп жүргенін айтқанда тағы да аузымды 
ашып, көзімді жұмдым. Арынғазы хан қазақтың тарихында айтылмай 
келген, əлі де айтыла қоймаған тұлға ғой. Оның білімдарлығы Жəңгір 
ханнан, батырлығы Кенесары ханнан кем түспегенін, тіпті Ресейдің 
отаршылары одан қатты шошынғанын, ақырында Калугаға жер 
аударылып, сонда қайтыс болғаны туралы фактілерді ғана білуші едім. 
Менің таңқалғаным, Кіші жүздің ханы Арынғазы туралы бұрын-соңды 
сөз арасында болса да басқа адамдардың маған айтқаны есімде жоқ. 
Бірінші рет осы Таласбек айтып тұр. Жəй айтып тұрған жоқ, кино 
түсіретін ниеті бар екен.
Маған ой келді: қазақта дəл қазір киноэпопея жасауға болатын
қаншама керемет асыл тұлғаларымыз бар десеңізші. Дəл осы
Арынғазы ханды ұялмай көрсететін деректер жетіп, артылады. Оның
арғы атасынан бастап кейінгі ұрпағына дейін зерттесе, бір тұлғаның
өмірі арқылы жалпы қазақтың толыққанды тарихын əлемдік деңгейде
көрсетіп шығуға болатынына шүбəм жоқ.
Əттең, дəл қазір осы Таласбек сияқты жанкештілікпен жұмыс 
істейтін жиырма тұлға табылса, əзірше протоқазақтарды қоя
тұрайықшы, қазақтың тарихы мен тарихи тұлғаларын түгендеп тастау
– түк емес. Қазақтың басына бұлт үйірілген ХІХ ғасырда халықтың
қамын жеймін деп жүріп, хан басымен жер аударылған, қазақтың
соңғы дала рыцары атанған Арынғазы туралы кино түсірсем деп
жүрген Таласбекке Құдай ұзақ ғұмыр бергей.
***


«Писательство – инстинк передачи информации» дейді Фазыл
Искандер. Өте дəл айтылған сөз. Бойында бар адам ғана басқаларға
бірдеңе бере алады. Бойына тазалық біткен адам ғана басқаларға сол
тазалықты жеткізуге құштар болып тұрады. Əдемі инстинк. Адами
инстинк. Мұндай инстинкті адамға тек Құдай ғана сыйлайды. Адамзат
баласы осыдан 4,5 миллиард жылдан астам бұрын шаң мен газдан
жаратылған жер бетінде өзінің 3,5 миллиард жылдан бері өмір сүріп
келе жатқанынан бастап талай жұмбақтың жауабын тапқаны белгілі.
Тылсым жаратылыстың ұңғыл-шұңғылын зерттеу ғана адам өмірінің
мəнін ашып берді.
***
Адамзаттың қолынан екі нəрсе келмейді. Біріншісі, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет