Шархан Қазығұл Оңашадағы онлайн ойлар



Pdf көрінісі
бет8/23
Дата23.12.2022
өлшемі0,53 Mb.
#164103
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   23
Байланысты:
Оңашадағы онлайн ойлар
4 Дәріс Шырайлым, 4 Дәріс Шырайлым, 4 Дәріс Шырайлым, Спецификация суммативного оценивания за четверть по предмету «Ру, мат сауат 1
уақыт
пен
кеңістікті
өзгерте алмайды. Екіншісі
мəңгілік двигатель
ойлап таба
алмады. Аллатағаланың басты құдіреті де осында. Себебі, əлгі екі
нəрсені адамзат ойлап тапса, адам біткен Құдайды түпкілікті ұмытып
кетер ме еді!
***
Жүзжылдықтар тоғысының қыр-сырын адам баласы əлі толық
зерттеп біткен жоқ. Қалай дегенде де уақыттың осы қиылысында
талай-талай ханталапайдың болып жататыны тарихтан əмбеге аян.
Керек десеңіз, адам өмірінің басталуы мен аяқталуы да күнтізбенің
осы тұсына егіздің сыңарындай ұқсас. Дүние есігін ашу да, жалған
өмірмен қоштасу да адам баласының өміріндегі басқа оқиғалардың
барлығына қарағанда драматизмге толы екенін Құдайдың өзі теріске
шығармайды. Өйткені, екеуі де – сол жаратушының қолындағы шаруа.
***


Тыңнан түрен тарту тапқырлықты тілеп тұрады.
***
«Жүрегіңнің түбіне терең бойла» деп айтып кеткен Абайдан 
асқан кардиолог жоқ. Адамдар ең алдымен жүрегінің соғып 
тұрғанынан лəззат алуы керек. Осыдан артық лəззат жоқ. Өйткені, бұл 
лəззат болмаса, басқа лəззат та болмайды. Ал, біз дəл осыған мəн 
бермейтін секілдіміз. 80 жас жасаған адамның жүрегі 3 миллиард рет 
соғады екен. Олай болса, бұл дегеніңіз – өмірден 3 миллиард рет лəззат 
алу деген сөз! Осыдан кейін өміріңе өкпелеуің орынсыз.
***
«Бір адам өлсе, адамзат құрып бара жатқандай күй кешемін» деп
О’ Генри қабырғасы қайысқандай, адам, тек ғана адам – барлық
жұмбақтың бастауы екені басы ашық əңгіме. Жұмбақ атаулының
сырын ашудың күндердің күнінде түбіне жететін болсақ, ол процесс те
адаммен, тек адаммен аяқталатыны күмəн тудырмайды. Себебі,
тылсым замандардан бері осы күнге дейінгі созылып келе жатқан
адамзат тарихының ең маңызды жалғастырушы өзегі де адам екені
даусыз. Ұрпақтар жалғастығы болмаса, ұрпақтар сабақтастығы болмас
еді. Ұрпақтар сабақтастығы болмаса, адамзат мəңгілігі бола ма?!
***
Біздер сөз қолданысында «Абай атамыз» деп айтамыз. Бірақ
«Шоқан ата» деп айтқанды естімеппін. Неге? Шоқан Абайдан он жас
үлкен емес пе? Əлде жас қайтқаннан ба? Жоқ, бұл логикаға келмейді.
Оның қанша жасағанына қарау – қателік. Үлкеннің аты – үлкен.
Атаның аты – ата. Бұл жерде статус роль атқарады. Маған дəл қазір ой
келіп тұр: Абай негізінен қазақтың қамын жеді. Ал, Шоқан «Сундучок


Ирбиса» қағидасымен өмір сүрді ғой. Сондықтан болар.
***
Көркем əдебиет бұрынғы жəне осы заманғы жанкешті өмірімізді 
келешектегі құтты орнына қондыратын корабль десек, публицистика 
бізге келер күнімізді, көрер нəсібімізді көрсететін компас ретінде 
құндырақ көрінеді. Корабльдің қасында компас қалай көзімізге қораш 
көрінсе, көркем əдебиеттің жанында публицистикаға да солай
жүрдім-бардым қарайтындар қатары қазірге дейін сиремей келе 
жатқаны рас. Бұл – жалпы, дұрыс көзқарас емес. 
Кез-келген керемет жазушыдан кемеңгер көсемсөзші шыға
бермейді. Өйткені, жазушылық өнер дейміз бе, жазушылық кəсіп
дейміз бе, ол көсемсөзші болуға өте-мөте аздық етеді. Абыздарға тəн
аталы сөз айту, арғы-бергіні сараптай отырып, орамға келген оймақтай
ойына халықты ұйыта білу, сол арқылы оның рухани 
туұстарына
айналу кез- келгеннің қолынан келе беретін оңай шаруа болса, Ахмет
Байтұрсынұлы публицистиканы қазақы арнаға бұрып, 
көсемсөз
деп
қалыптастырар ма еді?!
***
Халық бар, жеке адам бар. Жалпыдан жалқыны бөліп
қарастырғанда түрлердің əр алуандығына тап болатының ақиқат. Біреу
– білімді, біреу – орташа, біреу – білімсіз. Интеллектуальдарды мақтап,
көкалажалпақ болып, көкке көтерудің қажеті жоқ. Білімі төмендерді
табалап, тас лақтырып, тысқары тастай алмайсың. Мықтылардың да
осал тұстары өздерінен артылмайтынын көзіміз көріп жүр. Əлсіздердің
де əлем əйнегіндегі əсемдікті əспеттей алмаса да, əдеміліктен əсер
алатыны анық.
***


Қанша жерден бір адам бір адамға ұқсамайды дегенмен, жер 
бетіндегі 7,2 миллиард адам ДНК-сы бір-біріне 99 пайыз сəйкес 
келеді. Айырмашылық – 1 пайыз ғана. Оны айтасыз, шимпанзеге де 
күлетін жағдайымыз жоқ. Оның ДНК-сы бізге тек 5 пайыз сəйкес 
келмейді. Осындайда В.Маяковский жарықтық есіме түсіп кетеді. «Все 
мы немножко лощади» деп еді-ау!
***
Аллатағаладан асқан өнер иесі жоқ! «Космос» деген сөздің
аудармасы сұлулық екенін қазір екінің бірі біледі. Жер де сондай əдемі.
Тау да. Тас та. Өзен-көлдер. Көкорай шалғын, гүл, оған қонған
көбелек, бəрі-бəрі – жаратқанның бізге жіберген əдемі сыйлықтары.
Əне бір əнде айтылатын «себезгі нұрға шомылып жатқан күн» 
мен
«ерімей жатқан бір қырау» да қандай керемет! Кескіндемеші де,
жазушы да, композитор да осы Аллатағаланың жанды суретін негізге
алып туындыгер атанады. Иə, олар тəңірдің табиғи туындыларын
басқаларға қарағанда көбірек сезіне біледі. Содан барып, творчество
туады.
Əрине, əлемдік əдебиет пен өнерді көзге ілмейтін тоғышарлар да
жер бетінде аз емес. «Мы живем в эпоху, когда необходимы только
бесполезные вещи» деген Оскар Уайльд əлі күнге дейін бізбен бірге
өмір сүріп жүрген секілді. Иə, үшінші мыңжылдықта өнер атаулының
қадір-қасиетін білмеу өресіздікке ұрындыратынын ұқпайтынымыз –
əрине, этикалық эгоизмнің нақ өзі.
***
Тіл табысып жүргеннен асқан тірлік болсайшы!
***
Құндылық біткеннің бəрі де бизнестің принциптеріне егіздің


сыңарындай өте ұқсас. Сапалы зат ғана пышақ үсті өтеді. Ұсыныс
сұраныс болса ғана жасалуы шарт. Əркім қажетті затын сатып алады.
Жұрт көрпесіне қарай көсіледі. Қаржысына қарай тамақ ішіп,
қалтасына қарай киінеді. Қанша жерден жарнамалағаныңмен, елдің
сатып алу мүмкіндігі мен талғамына сəйкес келмейтін тауарды өткізу
қиын.
Өнерде де солай. Көптің көкейіндегіні дөп басқан өнер туындысы
ғана резонанс тудырады. Біз өзіміз түсінетін өнерді ғана бағалаймыз.
Ой-өрісіміз жеткен жердегі шығарманы қабылдаймыз. Тісіміз бататын 
дүниеге тұщына аламыз. Қанша жерден жарнамалағаныңмен, 
жекелеген адам қажетсіз нəрсені керек етпейді.
Əрине, бұл жерде уақыт факторының ролін де айтпай кетуге
болмайды. Шынайы өнер өз заманында қабылданбауы да – өмір
парадокстарының бірі. Бірақ шедевр күндердің күнінде бəрібір
мойындалады. Ағылшын Артур Блейк естеріңізде ме? Отандастары
поэзиясын түсінбегендіктен Парижге кетіп, сол жерде қайтыс болған
оған британдықдар жүз жылдан кейін аһ ұрғаны тарихтан белгілі.
Ақын мүрдесін Англияға əкеліп жерлеген бесінші ұрпақ Францияға
мемлекет қазынасынан 1 миллион доллар төледі емес пе? Иə, нағыз
өнер осылай табындырады.
***
Белгілі бір дəрежеде жетістікке жеткен кісі онысын басқаларға
міндет қылмауы тиіс. Аллатағаланың алдында сұрауда тұрған молда
«Мен дін жолында қызмет еттім» дегенде Жаратқан ием айтқан екен:
«Сен мұның бəрін өз қарақан басыңның жағдайын жасау үшін істедің.
Адам болып өмір сүру, тіпті, басқа əңгіме». Көрдіңіз бе, қандай
философия?! Айналып келгенде, сенің фонограммамен əн салғаның
тұрмақ, бес уақыт намазыңды міндет қылуға қақың жоқ.
***
Кейде біздің аудармашыларға таң қаламын. Жақында жақсы


көретін дос-інім Мұрат Қожамқұлов айтты: «Шəке, «Шампанское»
дегенді «Аққайнар» деп тəржімалағанына қарным ашты. Францияның
Шампан қаласынан шыққан шарапты осылай аударғанымыз ақылға сия
ма?!». Белгілі тележурналистің аңғарымпаздығына риза болдым.
***
«США инвестируют в Латинскую Америку огромные деньги,
но у них не получилось то, что мы сделали без единого цента.
Мы меняем их язык, их музыку, их еду, их любовь, их образ мыслей.
Мы влияем на Соединенные Штаты так, как они хотели бы влиять
на нас». Ағылшынша айтқанда, no comment. Осындай аталы сөзді айта
білген «сиқырлы реалист» Габриэль Гарсиа Маркес те кеше дүниеден
озыпты. Осы хабарды естіген бойда менің есіме Шыңғыс Айтматов
пен Нодар Думбадзе түсті. Өйткені, үшеуі де – менің ең сүйікті
жазушыларым. Өйткені, үшеуі де 1928 жылы туғандар. Бұл факті менің
есімде тектен-тек жатталып қалды ма? Жоқ. Бұл – менің əкемнің де
туған жылы.
Жаңа ғана Қапшағайда тұратын əкеме телефон соқтым: «Тағы бір
құрдасың өмірден озды!». Əкем де мұңайғандай болды. Менің əкем
неге жазушы болмай қалғанына таң қаламын! Оның əңгімені майын
тамызып əрбір деталына дейін тəптіштеп айтқанын Оноре де Бальзак
естісе, ұлы жазушының өзі риза болар еді. Бірақ бұл – дəл қазір мен 
үшін маңызды емес. Баласы үшін əкенің жазушы болуы міндет емес, 
баласы үшін əкенің аман жүруі міндет! Бір күн де болса, балаң өзін 
бақыттырақ сезінгенін қай кітап ауыстыра алады?! Дəл осы жерге 
келгенде рухани капиталдың адами капиталдан пəс 
түсіп 
тұрғаны
сезіліп-ақ тұр. Əке, сен əлі бізге керексің!
***
Кейбіреулер мына жалғанда өзінің жасап жүрген ісін ғана
керемет шаруа деп көрсеткісі келеді. Бүкіл халықтың назарын соған


аудартудың əлегімен жүреді. Мұны дүниенің кіндігін ұстап тұрғандай
іс-қимылынан анық аңғарасың. Бірақ барлық нəрсенің ыстық-суығы
күндердің күнінде басылады. Халық бəрін електен өткізеді. Кімнің кім
екенін анықтап, əркімді өз орнына қояды. Бұл – тек уақыттың ісі.
***
Əлемдегі ең зор атақ деген Нобель сыйлығының өзі о басынан
əділетсіздікке құрылғанын теріске шығара алмайсың. Жауласқан
адамы 
математик 
болғандықтан 
ғана 
осы 
салада 
сыйлық
тағайындамауды өсиет етіп кеткен Нобельді тиянақты түсіну қиын.
Өйткені, дүниенің бəрі математикаға құрылған. Тіпті поэзияның өзі.
Дүние симметрияға негізделген. Қай данышпанның айтқаны есімде
жоқ: «Философ жартылай математик болуы керек, математик
жартылай философ болуы тиіс». Математиканың өміріміздегі орнын
бұдан асырып қалай айтуға болады?
***
Аллатағала адамға алдымен ақыл берген, сосын сезім берген. 
Екеуі екі нəрсе болғанымен, бір-бірімен тығыз байланыста екені 
дəлелдеуді қажет етпейді. Ақыл мен сезімді безбеннің екі басындай тең 
ұстағанға ешнəрсе жетпейді. Бұл – жеке адамның өміріндегі ең үлкен 
үйлесім.
***
Жылай бергеннен де жыртығымыз жамалмайтынына көзіміз
анық жетті. Жалған намыс та жоғымызды тауып бермейтіні белгілі
болды. Бірімізді біріміз жоққа шығарғаннан да көсегеміз көгеретініне
күмəніміз күшейіп келеді. Десек те, əр нəрсені өз атымен атау ғана
абырой əперетінін əлімсақтан білетін халық емес пе едік?! Шыбын


жанын шүберекке түйіп жүріп шындықты айтқан Махамбеттей
ақынын қарсыласымен қасық қаны қалғанша қақтығысқан Исатайдай
батырымен бірдей бағалаған қазақ едік-ау. Сол қасиетімізден айдың-
күннің аманында неге айырылуымыз керек?! Өмір реалийлерін
қабылдай білген халық ғана биікке көтеріле алады. Ал, ақиқаттан
алшақтаған сайын арымыздан айырыла беретініміз айтпаса да
түсінікті.
***
Таланттарға құр тамсанудан аса алмаған адам нəтижеге жетуі
қиын. Өйткені, жан дүниесі табыну індетіне ұшыраған адам
жасампаздықтан алыстай береді. Осыған пропорционалды тағы бір
жағдай. Таланттарды көре алмаушылық та адамды абыройсыздыққа
ұрындырады. Өзгенің табысына өзегі өртеніп жүрген адам өзін
өрістетуге күш-қуаты жетпей тынады. Сальери сияқты. Əйтпесе, ол
байғұста да креатив жоқ емес еді-ау! Сондықтан да кез-келгеніміз
күшімізді өз шығармашылығымызға жұмсағанымыз абзал!
***
Мəңгілік мүдде деген не? Əлемдік аренада бəсекелес бола білу.
Ешкімге 
есе 
жібермеу. 
Мемлекеттілігіңді 
басқалардың 
елдік
қасиеттерімен толықтыру. Жат жұрттың жақсы артықшылығын өзіңнің
кем-кетігіңді 
жамауға 
пайдалану. 
Айтары 
жоқ, 
ешкімге
жалтақтамайтын да, басқаға ауыз салмайтын да ел болу – ардың ісі.
Бұл қазақ мемлекеті үшін де, орыс мемлекеті үшін де, кез-келген
мемлекет үшін де бұлжымас қағида екені рас. Ұлттық тұрғыдан
алғанда басқалай болуы мүмкін де емес.
Бірақ тарихи əдеті бар ел тарихи əдетіне баспай тұрмайды. Содан
сақтану керек. Қалай сақтанасың? Жалтақтамауды үйрену керек.
Жалтақтамау үшін не істемек керек? Мықты бол! Қайтсең күшті
болмақсың? Қайтсең ауыз салдырмайсың? Бір тілде сөйлегенде. Бұл


жерде сөздің тура мағынасында да, ауыспалы мағынасында айтып
отырмыз. Бір болу – ардың ісі. Бірлікте болу да – əрқайсымыздың
жекелей алғандағы арымыздың ісі.
***
«Алпыс – тал түс» деген екіжақты математикалық ортаны Шер-
ағамның аузына Жаратқан салған. Өйткені, Құдайдың өзіндей хақ сөз.
Бірақ Шер-ағаң мұны дəлелдеп жатпады. Мүмкін өздерің ұғып
алыңдарға салды ма? Біздің ұққанымыз: ғалымдардың есебі бойынша
адамның өмір сүру ресурсы орташа алғанда 120 жыл. Күн де өзінің тал
түсінде тұр. Он миллиард жылдық отын ресурсы бар 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет