Шархан Қазығұл Оңашадағы онлайн ойлар


*** Менің журналистік кредом – өзегіңді өртеп бара жатқан өкініші көп тақырыпты да өркениетті жаза біл. ***



Pdf көрінісі
бет13/23
Дата23.12.2022
өлшемі0,53 Mb.
#164103
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   23
Байланысты:
Оңашадағы онлайн ойлар
4 Дәріс Шырайлым, 4 Дәріс Шырайлым, 4 Дәріс Шырайлым, Спецификация суммативного оценивания за четверть по предмету «Ру, мат сауат 1
***
Менің журналистік кредом – өзегіңді өртеп бара жатқан өкініші
көп тақырыпты да өркениетті жаза біл.
***
Кескіндеме өнеріндегі ең басты нəрсе – жарық пен түс. Бояуды
кенепке жағу кез-келген адамның қолынан келеді. Ал, жарық пен түсті
сезіну – тек ғана шебердің еншісіне бұйыратын сезім. Француздың
атақты суретшісі Клод Моне «Шағалалар» деп аталатын картинасында
Лондондағы тұманды қызғылт түспен жазған. Атышулы суретшінің
мұнысын түсінбеген лондондықтар оған қарсылық білдіреді. Дей тұра,
Моне ағылшындарға Лондон үстіндегі қызыл тұманды көрсетеді. Бұл
кереметті бірінші рет байқаған олар таң қалады. Сөйтсе, тұманның
қызғылт реңкке ие болуы – біріншіден, түтіннің молдығынан,
екіншіден, Лондондағы қызыл кірпіштен қаланған үйлердің көп
болуынан екен. Түс пен жарық қатынасын ұштастыра білу деген осы
шығар?!
Гогенді де осы топқа жатқызуға болады. Поль 63 күнге созылған
саяхат кезінде ғажайып Таити аралына тап болады. Сол жердің
табиғаты мен ауа райына байланысты əр нəрсенің түсінің өзгергені
басқа жұртқа байқалмағанымен, суреткер назарынан тыс қалмайды.
Итті қызыл түспен салуының сыры сонда жатса керек.


***
Халық алдына шығып жүргендер, оның ішінде телеарналарды
бермейтін шешендер əр сөзін үлкен жауапкершілікпен айтуы керек. Бір
депутат «менде ешқандай бос уақыт жоқ» дегенде мен ішіп отырған
шайыма шашалып қалғаным бар. Осындай өтірік сөз не керек?!
Басқасын айтпай-ақ қойдым.
***
2009 жылдың екінші жартысында жұмыссыз қалғаным бар.
Нарықтық қатынасқа көшкен елде сені басқа біреудің жарылқай қоюы
екіталай. «Қазаны басқаның қайғысы басқа» екенін де жақсы білесің.
Бəсекеге қабілетті бола алмаған өзің ғана кінəлісің бұған. Қызметте
отырғаныңда екі қолы бос жүрген жақыбайға көмек көрсетпегенің де
Құдайға да, өзіңе де аян. Сондықтан басқа адамға ренжудің де реті
жоқ. Ештеңесін бөліп бермесе де анда-мында тіршілігіңді сұраса, соған
қуанасың. Ал, аса қадіріңді біле бермейтін адамға «Құдайға шүкіріңді»
айтып, өзің де құтылып кетуге дайын тұрасың.
Бейсенбай Сүлейменов сол жылы Астанаға жұмыс бабымен жиі
келіп жүрді. Келген сайын кездесеміз. Жағдай сұрайды. Қарным ашып
жүрсе де, юморымды қойғым келмейді. Оның үстіне басқа адам емес,
өзімнің Бейсенбай көкем сұрап тұр. «Күніне бір пирожки мен краннан
бір стакан су ішіп жүрмін» деп қалжыңдаймын.
Бейсекең əзілді түсінбейтіндей соншалықты сарыауыз балапан 
емес, бірақ гуманистігіне баспай тұрмайды. Кафеге апарады. «Кедейдің 
бір тойғаны - шала байығаны». Ішіме ел қонған соң əзілімді одан 
сайын құтыртамын: «Бейсеке, «мені тойдырдым, енді құтылдым» деп 
отырсың ба? Мен семьям бар адаммын ғой». Супермаркетке апарады. 
Азық-түлікті сықитып салып береді. Үйге əрең жетемін. Иə... гуманист 
болсаң, Бейсенбайдай бол.


***
Еуропа ойшылдары «Өзі Цезарь, өзі Папа» деп қастерлеген
Мұхаммед пайғамбардың философиясы жүрегіме жақын. Ең басты
өмірлік үш нəрсені шегелеп айтқанын меңзеп отырмын. Біріншісі –
Жердің тұтқасы жоқ, бірақ бар болса да оны шыр айналдырып,
лақтырып жібере алмайсың! «Дайте мне точку опора, я переверну весь
мир» деп айтқан Архимедтің «қалжыңы» Мұхаммед пайғамбардың
күйеу баласының айтқанына көбірек ұқсайды. Екіншісі – əйел баласын
қорқытып, дегеніңе көндіре алмайсың. Үшіншісі – боқ дүниенің түбіне
жету мүмкін емес.
Мұқағали «Дін – ғылымның атасы» деп бекер айтпаған. 
Гегельден Жабайхан Əбділдинге дейінгі философтардың ешқайсысы 
да өмірдің дəл өзіндей осы қағидаттан асырып айта алмағанын 
бажайлау – қиын емес. Ғылыми философияның (В.Зеньковский
енгізген термин) өмірлік философиядан пəс түсетін тұсы да осы үш
қағидаттың айналасында жатыр.
***
Ешқандай газет абсолютті шындықты айта алмайды. Ол мүмкін
емес екенін қолына қалам ұстаған əрбір азамат біледі. Оның үстіне
өзіңнің пікіріңе монополия жасау да беделіңді асыра қоймайды.
Мұндай жағдайда базбіреу айтатын болар: «Мен халықтың сөзін
сөйлеп отырмын». Мен айтар едім, бұл да – көп өтірік сөздің бірі. Бұл 
контексте халық деген ұғым «журналистің ары» деген мағынаны 
білдірсе керек.
***
Аспанға қарағаныңда 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет