Шаушекова Б.Қ п.ғ. к., доцент «Бастауыш мектепте жаратылыстануды оқыту әдістемесі»



Pdf көрінісі
бет17/34
Дата24.10.2022
өлшемі1,42 Mb.
#154712
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   34
Байланысты:
Шаушекова Б. п. . к., доцент «Бастауыш мектепте жаратылыстануды

4. Географиялық алаң 
Әрбір мектептерде “Дүниетану” бойынша жүргізілетін практикалық 
сабақтар үшін арнайы географиялық алаңды жабдықтау керек. Мундау 
алањды мектепке жақын орналастыру керек, бірақ оның мектепке жақындығы 
30 метрден, ал алыстығы 150 метрден аспау керек. 
Аланда жүргізілетін жұмыстар қоғамдық пайдалы еңбекпен және 
тәжірибемен тығыз байланысты болғандықтан, бул алаңды оқутәжірибелік 
участокқа жақын уйымдастырған жөн. Мұндай мектеп аланының көлемі 
10Х10 метрден кем туспеуі керек. Бұл алаңды штакет дуалдарымен немесе 
биіктігі бір метрдей болатын металл торлармен қоршайды. Бул алаңның 
шығыс беткейге қарайтын сыртқы жағына ені 70 см-дей жол жасалынады. Ал 
бул жолға түгелімен топырақ төгіледі. Бул жолды қоршалған дуалдарды әр бір 
метр сайын әртүрлі бояумен боялынады, ал басқа жақтарын бір ғана жасыл 
бояумен, өлшегіш дуалдарды оқытушы оқушының орташа адымын яғни
қашықтықты анықтау үшін оқушылармен жүргізілген жаттығулар үшін 
қолданады.
Өлшегіш қуралдардың жолдары былай орналасқан. Яғни, олардың төменгі 
жағында көкжиектің негізгі және аралық жақтары кескінделген. Мұнда 
оқытушы көкжиектің жақтары мен қырларын анықтау үшін оқушылармен 
жаттығу жүргізеді. Дуалға жақындатып солтүстік жақтан аласа ағаштар 
немесе буталар отырғызу керек. Батыс жақтан қарақат, жасмин, сирень, 
бүлдірген, қарлыған сияқты 9-10 буталы өсімдіктер, шығыс жақтан 
георгиндер, пеондар, ирис, нарцисс сияқты сәндік көпжылдық гүлдер, ал 
оңтүстік жақтан астра, қалампыр сияқты сәндік бір жылдық гүлдер 
отырғызылады. Бұл алаңның айналасында үлкен талдар болмауы керек. 


Өйткені, олар аспаптар мен құралдарға кедергі келтіріп, олардың 
көрсеткіштері айқын болмайды.
«Дүниетану» жөніндегі практикалық жұмыстар мен алаңда жүргізілетін 
байқаулардың орындалуы үшін мынадай құралдар керек: 
Флюгер. Бұл узындығы 10 метр немесе одан жоғары ағаш немесе металл 
бағанада бектіледі. Флюгер жоғары қойылған сайын ол желдің бағытын да 
дурыс көрсетеді. Дурыс көрсеткіштерге ие болу үшін флюгерлі бағананы 
желдің биік ағаштары мен үйлер арасында кідіріп қалмау үшін ашық жерге 
орналады. Флюгер орнатылған бағана сонымен бірге, ұзіндықты өлшеу 
қызметін де атқарады. Сондықтан оны әр 1 метр сайын ақ, қызыл, жасыл 
сияқты әртүрлі бояуға бояп қоюы керек. Ұзындықты өлшегіш мундай 
бағананы оқушылар талдың, үйдің және басқа заттардың узындығына 
анықтама беру кезінде өздерінің практикалық салыстырулары мен 
дағдыларын нығайту үшін пайдаланады.
Метереологиялық күрке яғни, будка. Ойткені, мұнда термометр 
орнатылған. Бұл биіктігі 50 см, узындығы 40 см, ені 35 см ағаштан 
жасалынады. Мұндай күркені ақ бояуға бояп, есігін солтүстікке қаратып, 
биіктігі 190 см. тіреуге орнатады. Ал бақылаудың ыңғайлы болуы үшін 
биіктігі 75 см болатын сатылар жасауы керек.
Қар өлшегіш рейка. Бұл да ағаштан жасалынады. Муның биіктігі 180 см, 
ені 7 см, ал қалыңдығы 3-4 см болады. Муның 3 жағы күнгірт түскен, ал 
алдыңғы жағы ақ туспен боялады. Алдыңғы жақтың бір жартысында әр бір 
дециметрде бөлгінетер орнатылған. Ал басқа жағында өлшеудің нақты болуы 
үшін бұл бөлгіштер әр 1 сантиметрде жүргізілген. 
Гномон. Бұл құрал жарты жылдың бойлығын анықтайды. Яғни, жергілікті 
меридиан бағытын, нақты дәл жергілікті уақытты және көкжиек үстіндегі 
күннің биіктігін анықтайды. Гномон 30Х40 см. мөлшеріндегі тақтайшалардан 
жасалады. Муның түсі ақ бояумен боялған. Бұл тақтайшаны биіктігі 90 см. 
болатын бағананың ең жоғарғы жеріне көлденең етіп орналастырады. 
Тақтайшаның оңтүстікке қараған бөлігіне биіктігі 15 см болатын үшкер 
стерженді бекіту керек. Тақтайдағы жарты жылдық бойлықты қызыл түспен 
жүргізу керек. Ал бұл түс мезгілін анықтайтын жергілікті меридиан болып 
табылады. 
Географиялық алаңдағы ойластырылған әртүрлі жұмыстар табиғи 
құбылыстардың заңдылықтарын түсінуге мүмкіндік тудырып, оқушыларды 
диалектикалық материалистік көз қарасқа тәрбиелеп, олардың «Дүниетану» 
және басқа да пәндердің оқу материалдарын терең де нақты меңгеру үшін 
қажетті іскерліктермен және дағдылармен қаруландырады. Мундай 
географиялық алаңдар сонымен бірге оқушылардың табиғи құбылыстарды
фенологиялық құбылыстарды және жылдың әр мезгіліндегі адамдардың 
еңбегін жүйелі түрде бақылау үшін де қолданылады. 
ӨЗІН -ӨЗІ БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАР. 
1. «Дүниетану» сабағы үшін іріктелініп алынған жабдықтар қай принципке 
негізделген? 


2. «Дүниетану» сабағында қолданылатын көрнекі құралдардың негізгі 
топтары мен түрлері қандай? 
3. Практикалық жұмыстарды уйымдастыру кезінде қандай құралдар мен 
аспаптар қолданылады. 
4. Тәжірибелер жүргізу үшін лабораториялық жабдықтар қандай болуы керек? 
5. Төменгі мектеп оқушыларының экскурсиялық жабдықтарына не кіреді? 
6. Бастауыш сыныптары үшін оқу-тәжірибелік участокті жабдықтауға 
қойылатын талаптар қандай? 
7. Оқу-тәжірибелік 
участокте 
бастауыш 
сынып 
оқушыларымен 
уйымдастырылатын жұмыстар қандай? 
8. Төменгі мектеп оқушыларының табиғатты қоргау қызметіндегі дағдыларды 
меңгертуде оқу-тәжірибелік участоктарды қалай пайдалану керек? 
9. Географиялық алаңдардың құрылысы мен жабдықтары қандай болу керек? 
10. 
Географиялық алаңдарда төменгі мектеп оқушыларымен жұмысты 
қалай ұйымдастыру қажет? 
11.«Дүниетану» жөніндегі бағдарламаның қай бөлімін географиялық алаңда 
оқыту керек? 
12. Географиялық алаңда жүргізілетін узаққа созылған жүйелі бақылауларды 
білім берушілік және тәрбиелік манызы қандай? 
Негізгі әдебиеттер: 
1. Берулаев Н.Н. Современная лекция в вузе.-Бийск,1993 
2. Горощенко В.П., Степанов И.А. Методика преподавания природоведения 
М., 2001 
3. Герд А.Я. Избранные педагогические труды (под ред. Б.Е. Райкова). - 
М.,1953. 
4. Білім туралы заң.-А., 2007 
5. Захлебный А.Н., Суравегина И.Т. Экологические образование школьников 
во внекласной работе.-М.,1984. 
6. Концепция школьного естественнонаучного образования.-М.,1984. 
7. Крупская Н.К. Пед.сочинение:в томах.-м.,1978-80. 
8. ЛамашевА.А. Роль педагогического краеведения в профессиональной 
подготовке учителя.-Алма-Ата 1986. 
9. Окружающая среда и человек (метод. рекомендации).-Алма-Ата,1983. 
10. 
Онищук В.А. Урок в современной школе.-М.,1981. 
11. 
Програмы общеобразовательной школы. Начальные классы (1-4 кл.)-
Алматы,1997. 
12. 
Подзоров В.И. Природоведение с методикой преподования. Практикум. 
Учеб. Пос. для педучилищ.-Киев,1990. 
13. 
Пакулева 
В.М., 
Кузнецова 
В.И. 
Методика 
преподавания 
природоведения.-М.,1990. 
14. 
Сенько Ю.В. Формирование научного стиля мышления учащихся.-
М.,1986 
15. 
Экологическое образование в школе.-М.,1994. 


16. 
Экология и здороиье детей (отв. ред. З.Х.Мажитова).-Алматы,1996. 
Қосымша әдебиеттер: 
1. Аймағамбетова К.А. Жунусова К.Ж.и др. Методическое руководство к 
учебнику “Познание мира”.-Алматы,1998. 
2. Аймағамбетова К., Олейник З.. Раздаточный дидактичный материал к 
учебнику ”Познание мира”.-Алматы,1998. 
3. Аквилева Г. Н. Наблюдения и опыта на уроках природоведения. Пособия 
для учителя нач. кл-в.-М.,1988. 
4. Жемчужины Казахстана (сост. А.Т. Макашев).-Алматы,1983. 
5. Жунусова К., Аймағамбетова К., Олейник З. Познание мира. Учебник для 
1класса общеобразовательной школы.-Алматы,1997. 
6. Жунусова К.,Аймағамбетова К.,Олейник З. Познание мира. Учебник для 
2класса общеобразовательной школы.-Алматы,1998. 
7. Ишмухамедова Н.Б. Методика проведения занятий по курсу “Ознакомление 
с окружающим миром” (Учебное пособие для студентов факультета ПМНО).-
Алматы,1996. 
8. Клиновская Н.И., Пасечник В.В. Комнатные растения в школе.-М.,1986. 
9. Сорокоумова Е.А. Уроки экологии в начальной школу. Пособие для 
учителя. –М.,1994. 
10. 
Хрестоматия к учебнику “Познание мира” (Составители: З. Олейник, К. 
Аймағамбетова,К.Жунусова).-Алматы,1998. 
11. 
http://www.image.websib.ru
12. 
http://www.student-site.ru/
13. 
http://www.osak9.narod.ru
14. 
http://www.zankov.ru/
15. 
http://www.ucheba.com
16. 
http://www.brgu.ru 
17. 
http://www.festival.1september.ru 
18. 
http://www.homeshop.kz 
19. 
http://www.bookmark.kz 


Дәріс № 7 
Тақырып: Бастауыш мектептеріндегі «Жаратылстану» курсының
тәрбиелік мәселелері мен мазмұны. 
Жоспар:
1. Ғылыми көзқарасты қалыптастыру. 
2. Экологиялық тәрбие. 
3. Санитарлық-гигиеналық тәрбие. 
4. Еңбекке тәрбиелеу. 
5. Эстетикалық тәрбие.
1. Ғылыми көзқарасты қалыптастыру. 
«Жаратылстану»мен «Дүниетану» оқу пәндері ретінде мектеп 
оқушыларына білім беріп, тәрбиелу үшін зор тәрбиелік мүмкіндіктерге ие. 
Білім беру мәселелері Қазақстан Республиқасының Мемлекеттік мазмұнымен 
айқындалады. Бастауыш сыныптарында оқитын оқушылар өлі және тірі 
табиғат жөнінде элементарлы мәліметтерге ие болып, өз еленің, өз 
облысының, өз ауданының адамдарының белгілі бір өнімдері мен еңбектері 
мен танысады. Табиғаттану білімі мен тәрбиелеудің мазмунына балалардың 
табиғат обьектілерін байқаулар жургізудің жолымен, өсімдіктер мен 
жануарларға тәжірибе жүргізудін жолымен тура зерттеулері, мектеп 
оқушыларын адамдардың еңбек қызметімен таныстыру, сонымен бірге мектеп 
оқушыларының еңбекке практикалық тұрғыдан қатысуы кіреді. «Дүниетану», 
«Жаратылстану» курстарын оқыту 1-ші сыныптан басталады. Бастауыш 
мектеп оқушыларын қоршаған дүниемен таныстыру кезінде оларда өлі және 
тірі табиғаттың алуан түрлі пәндері және олардың өзгеруі жоніндегі білімдер 
жинақталып, қалыптасады. Ал 2-ші сыныпта табиғатты тану білімдері кенейе 
түседі… 
Табиғаттану білімдерін оқушылар (табиғат, оқулықтар, ғылыми-әйгілі
әдебиеттер, оқытушының, ата аналарды мәліметтері, периодикалық басылым, 
кино, радио, теледидар) сияқты әртүрлі бастамалардан алады. Ақпараттардың 
мұндай кең диапазоны оқу-тәрбиелік мәселелерді аса сәтті турде шешуге 
мумкіндік береді. Оқу процесіндегі білім беру және тәрбиелеу мәселелері 
комплексті турде шешіледі. Оқытумен бірге жан жақты тәрбиелеу де жузеге 
асырылады, мұның негізінде мектеп оқушыларында ғылыми көзқарас, 
патриоттық және интернациональдық, экологиялық және эстетикалық, 
санитарлы-гигиеналық, физикалық және еңбек тәрбиесі қалыптасады. 
Тәрбиенің мақсаты мектеп оқушыларын еңбек мәдениетіне және еңбек 
адамдарына сыйластықпен қарауға дағдыландыру, оларды әртурлі 
мамандықтармен таныстырып және осылардың негізінде профориентациялық 
жумыстар жүргізу. 


Ғылыми көзқарасты қалыптастыру тәрбиелеудің бір мәселесіне жатады. 
Осы мәселені шешу ушін зор мумкіндіктер «Дуниетану» курсының 
мазмұнында берілген. Ғылыми көзқарасты қалыптастыруға «Дүниетану» 
жөніндегі оқулық пен бағдарламаның мазмұны мумкіндік береді. Балаларға 
адамдардың еңбегі жөнінде, өлі және тірі табиғат жөнінде элементарлы 
мәліметтерді жеткізе отырып мұғалім табиғаттың обьектілері бір бірімен 
қалай байланысқанын, табиғатқа адамның еңбек әрекеті қалай әсер ететікдігін 
көрсетеді. Табиғаттағы өзгерістер жөніндей білімді оқушылар жануарлар мен 
өсімдіктерге тікелей бақылау жургізу процесінде жақсы меңгереді. Мұндай 
кезде балаларды бақыланған құбылыстарды түсіндіруде өз ойларын анық 
білдіруге уйрету өте маңызды. Тірі және өлі табиғаттағы өзара байланыстарды 
түсіну біртіндеп жиналады.
Табиғат жөніндегі білімнің жуйелі түрде дамуы, «Байқау кунделігін» 
үздіксіз жүргізіп отыру мектеп оқушыларында тірі табиғаттың дамуы заңды 
қубылыс болып табылады деген пікірді қалыптастыруға мумкіндік береді. 
Бастауыш сыныптарында балаларға диалектикалық заңдар жөнінде тікелей 
тусініктемелер берілмейді, бірақ тусіндіру кезінде олардың саналы түрде 
меңгеруі үшін философиялық анықтамалар мен терминология беруді 
ұсынады. Тәжирибе мен бақылау жургізу кезінде жуйелі түрде оқушылардың 
басты назарын табиғаттағы өзара байланыстар мен заңдылықтарға аударту 
керек.
Табиғаттану материалының мазмұны оқушылар алдына табиғаттағы 
өзгерістердің негізгі зандылықтарын ашып қана қоймай, сонымен бірге себеп 
салдарлы байланыстарды түсіндіріп және осының негізінде әрбір фактіге, 
процеске немесе қубылысқа негіздеме мен тусініктеме беруге мүмкіндік 
береді. Ол үшін табиғаттың кез келген қубылыстарына форма беріп көрсету 
арқылы обьектілерді сұрыптау және бұларды балалардың дұрыс ұғыну өте 
маңызды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   34




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет