Махмуд ибн ал-Хусайн ибн Мухаммад әл Қашғари ( 1029—1101) — түрік ғалымы. Ол Қараханидтер тұсындағы әміршілердің бірінің отбасында 13 дүниеге келген. Оның әкесі Қашқарда туып-өскен және Баласағұн қаласын басқарған. Ол кезде арабша білім алған түріктер сол кездің салтымен өз тегін туған жерінің атымен атаған. Қазақша айтсақ - қашқарлық дегенді білдіреді. Ол сол заманғы араб мәдениеті мен ғылымының көрнекті орталығы болған Бағдат қаласында біраз уақыт тұрғанда «Диуани лұғат ат-түрік» («Түркі сөздерінің жинағы») еңбегін жазды. 1914-15 жж. «Диуани лұғат ат-түрік» қолжазбасын алғашқы рет базарда түрік ғалымы Али Амири сатып алады. Ол Киласли Рифатқа қолжазбаны ретке келтіруді тапсырды. Рифат қолжазбаны көшіріп, 1915 жылы бірінші және екінші кітапты, ал 1917 жылы үшінші кітапты Стамбул қаласында шығарады. Осы кезден бастап еңбекті жан-жақты зерттеу басталады. Бұл жинақ орта ғасырлардағы түркі тілдес халықтардың энциклопедиясы деп атауға тұратын шығарма, сол кездегі тайпалар туралы нақты материалдардан құрастырылған үш томдық әйгілі еңбек. «Диуани лұғат ат- түрік» - түркі халықтарының тамаша ескерткіші болып табылады. Сөздікте адамгершілік, тәлім-тәрбие, психологиялық қасиеттер, адамның бойында кездесетін жағымды және жағымсыз мінез-құлықтарға сипаттама береді. Ж. Баласағұнның ізімен М. Қашқари еңбегі негізінен сол дәуірдегі түркі тайпаларының тілдік құрылыстарын жүйе-жүйемен баяндауға арналған. Қашқаридың ізбасарлары Фарабтық Исхак ибн Ибрахим әл Фараби (Джаухари), оның "Диван аль-адаб фи" байан лугат аль-'араб" еңбегі ("Араб тіліндегі әдеби туындылардың жинағы") Бируниге сүйенді. Дәрілік құралдардың түрікше атаулары Бируни мен Қашғари еңбектерінде бірдей. Махмұд тамаша арабша филологиялық білімімен қатар орта ғасырдағы мұсылман ғылымының барлық салаларын терең білгені байқалады.. "Бұл кітапты, - деді Махмұд – мен әліпби ретімен жаздым, мақалалармен, садж (рифмтелген проза), мәтелдермен, өлеңдермен, раджаз (әскери мазмұндағы өлеңдер) және прозадан алынған үзінділермен толықтырдым. Ол ең әуелі аз әріптерден құралатын сөздерді береді де, одан әрі әріптің санына қарай дамытып отырады. Қандай сөздерді беріп, қандай сөздерді бермеу мақұл дегенде, сол кезеңде тайпалар тілінде қолданылып жүрген яғни, актив сөздерді ғана беру керек деп мәлімдейді. Ол сөздік жасауды әйтеуір білген, естіген сөздерді тізе беру деп қарамайды. Сонымен қатар автор тілдің сөздік құрамындағы актив сөздер мен пассив сөздерді айыра қарап, екеуін екі түрлі құбылыс деп есептейді. ''Түркі тілдері сөздері жинағының'' лексика-графикалық мәні мұнымен ғана бітпейді. Онда антоним мен синоним сөздер, омоним сөздер мен метафоралар, диалектілік сөздер бас-басына ажыратылып түсіндіріліп отырады. Ал мұндай жүйеге келтіру, байқампаздық Қашқари заманындағы лингвистика үшін аса бір ірі табыс еді. Автор ескірген сөздерді, шеттен кірген сөздерді сөздікке енгізбедім деп мәлімдейді. Махмұд Қашғари 1072-1074 жж. халифа әл-Муктадиға арналған ''Түркі тілдері сөздерінің сөздігін'' жазды. Онда тәлім-тәрбие, дидактика, өсиет, адамгершілік, ұрпақ тәрбиесі, ізгілік туралы ой-пікірлер айтылады. Мәселен, «Атасынан ақыл алса, тентек ұл да жөнделер», «Ұлысында ұлы болсаң, біліміңді елге бер», «Асығыс еткен іс шала, асығыс жаққан от шала», «Ұлым, ақыл тыңдасаң, білімсіздік жоғалар, білім қалар артыңда, ғұмыр 14 сырғып жоғалар», «Ақылымды ал, ұлым менің, рақымшыл бол, әулетіңнің ағасы бол, ақылшы данасы бол, білгеніңді ортақтас…», «Ұлым менің, ақыл сенің серігің», «Ашу-ыза ақылыңды алады, мажыма мылжың дүниеңді тарылтады». Сөздікте қаншама адамгершілікті, рақымшылдықты, дәріптейтін тәлімдік ой-пікірлер орынды берілген: «Даналардың сөзі – ақыл, зер салсаң, зердеңе қонар», «Рақымшыл болсаң, менмен болма», «Рақымың болмай мақтансаң, қиын-қыстауда қиналарсың», «Туғаныңның мәртебесін өсіргің келсе, сый-сияпат көрсет…» Махмұд Қашғаридың "Диван" ("Сөздік") – фонетикалық және морфологиялық құбылыстар, диалектілік айырмашылықтар туралы ұғымдарды беретін ертедегі түрік диалектологиясы туралы жалғыз ескерткіш. Онда Орта Азия, Шығыс Түркістан, Еділ, Орал бойларын мекендейтін барлық түркі халықтары тілдерінің элементтері бар. ''Диуани лұғат-ат-түрк'' кітабы тілінің сөздік қорында болса да, грамматикалық құрылысында болса да қазіргі қазақ тілі материалдарымен сай түсіп, кейбір фонетикалық, грамматикалық өзгерістеріне қарамай, мәндес болып отыратын фактілерді жиі кездестіруге болады. Мұның өзі Қашқари еңбегін қазақ тіліне жақындығы тұрғысынан зерттеу жұмыстарын жүргізудің аса қажет екендігін дәлелдейді. Еңбекті және оның тілін зерттеумен көптеген ғалымдар айналысқан. Мысалы, Броккельман К. әліпби ретімен сәйкес сөз тіркестерін келтіріп, неміс тіліне аударды. Түрік ғалымы Басым Аталай 1914 жылы қолжазбаның көшірмесін түрік тіліне аударып, үш томын Анкара қаласында 1934-1943 жж. басып шығарды. 1960-67 жж. ғалым С. Муталибов еңбекті өзбек тіліне аударды. Кейін еңбек ұйғыр тіліне Қытайда басып шығарылды. Азербайжан ғалымы А. Демирчизаде айтуы бойынша еңбекті азербайжан тіліне аударды. Н. А. Баскаков Қашқариды «түрік тілдерін салыстыруда тұңғыш болды», Самойлович А. Н. - «11 ғасырдың Радловы» деп атады. Еңбектің мазмұны бойынша түріктердің экономикалық, материалдық және рухани байлықтары туралы өте құнды мәліметтерді қамтиды. Осы еңбекте әдебиет, географиялық және астрономиялық туралы құнды мәліметтер қамтылады. Академик И. А. Кононов қамтылған материалдар бойынша «Диуани» 5 салаға бөледі: 1. Белгілі бір рулардың сөздік қоры, лексикасы; 2. Түрік тайпаларының орналасқан жері туралы мәліметтер; 3. Түрік тілдерін топтастыру; 4. Тарихи фонетика мен грамматика туралы мәліметтер; 5. Тарих, география, этнография, поэзия, түріктердің фольклоры туарлы мәліметтер. Қашқаридың бұл еңбегі аталған жерлердегі халықтардың мәдени және рухани байланыстарын анықтауға мүмкіндік береді. А.Н.Кононовтың сөзімен айтқанда: "Түркі тілдерінің сөздігі" — XI ғасырдың түркілердің өмірі, олардың материалдық мәдениеті, бұйымдары, тұрмыс-жайлары, этнонимдері мен топонимдері, қызмет адамдарының дәрежесі, тағам, сусын түрлері, үй жануарлары мен аумағындағы жабайы аң-құстар, мал шаруашылығы, өсімдік дакылдары, астрономия терминдері туралы, күнтізбелер, ай, апта, күн аттары, 15 ауру түрлері, дәрі атаулары, анатомиялық терминология, минералдар мен материалдар туралы, әскери, спорт және әкімшілік терминологиясы, түрлі тарихи және мифтік қаһармандардың есімдері, діни және этностық терминология туралы, балалар ойындары мен ермектері және басқалар туралы бірден-бір деректеме болып табылады". Онда 29 тайпаның аты аталады. Қашқари тайпаларды екі топқа бөліп, батыстан шығысқа қарай орналасу тәртібі бойынша санап шығады: бегенек, қыпшақ, оғұз, иемек, башқұрт, басмыл, қай, йабақу, татар, қырғыз, чығыл, тухси, яғма, ырғақ, йарук, йумул, ұйғыр, қытай, таббач. Қашқар – ҚХР Шыңжаң-ұйғыр автономиялық ауданындағы қала, Ұлы Жібек жолы бойындағы ірі сауда орталықтарының бірі. Ұлы ойшыл еңбегінде 6800 түркi сөзiне араб тiлiнде түсiнiктеме берген (110 жер мен өзен атаулары, 40 ру мен тайпалардың атаулары). 242 бәйiт өлең, 262 мақал-мәтел келтірілген. 875 сөз бен 60 мақал-мәтел қазiргi қазақ тiлiнде ешбiр өзгерiссiз қолданылады. Оның “Түркi сөздерiнiң жинағы” атты еңбегi – этнографиялық мәлiметке бай, түркi тiлдерiне ортақ әдеби мұра. Түркі елі әдебиетінің ренессанстық дәуірінің бастапқы кезеңіне жататын осы бір үлкен классикалық шығарма. Түркі халықтарының мақтанышы болған құнды мұра, түркі тайпалары қалдырған ортағасырлық ортақ мәдениет үлгісі.
Достарыңызбен бөлісу: |