Шекарадағы және кӛліктегі ветеринарлық


Биологиялық препараттарды тасымалдау кезіндегі ветеринарлық бақылау



бет86/172
Дата07.10.2024
өлшемі11,29 Mb.
#205784
түріОқулық
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   172
Байланысты:
index

Биологиялық препараттарды тасымалдау кезіндегі ветеринарлық бақылау


Биопрепараттарды тікелей рейстермен немесе арнайы ұшақтармен тасымалдайды.
Вакцина, сарысу, диагностикумдарды тасымалдау; биопрепараттарды ағаш жәшіктерде 8-ден 15л тара сиятын және техникалық жағдаймен стандартқа сәйкес келетін жәшіктерде тасымалдайды.
Әрбір жүк жәшігіне жөнелтуші таңба басып, биопрепарат атауын, белгіленген пункт, жәшік санын, жөнелтуші атауын, жәшік нөмерін, салмағын жазады. Сонымен қатар жөнелтуші жәшіктерге «Абайлаңыз», «Шыны» суық кезде «Мұздатпау» сияқты ескертулер жазады.
Адам өміріне қауіпті препараттар болса: «Қауіпті», «Тірі вакцина», «Жүкті лақтырмау керек» т.б. ескертулер жазылады. Биопрепараттарды тасымалдау және сақтау температурасы 2-150С.
Биопрепараттарды әуежайда суықтан, күн сәулесінен және атмосфералық әсерден сақтайтын жабық бөлімдерде сақтаған жөн. Биопрепараттарды 00С-тан төмен, сонымен қатар 200С жоғары температурада сақтау және тасымалдауға болмайды.
Қысқы уақытта биопрепараттарды тек жолсеріктің бақылауында тасымалдайды. Биопрепарат салмағы 50 кг аспаған жөн.
Биопрепараттардың арту-түсіру жағдайын бақылау әуежай қызметкеріне, борт жолсерігіне және экипаж қызметкеріне жүктеледі.
Радиограммаларда борттағы биопрепарат санын, атауын, массасын, салмағын белгілеу керек. Жүкті жөнелту және қабылдау жөнінде уақытында ақпарат берілген жөн. Ыдыс-қораптағы ақау, биопрепараттар жолда уақытынан бұрын сақтаған жағдайда, жүк алушы көлік мекемесінің тексеру жұмыстарын жүргізуді талап етеді, осы кезде коммерциялық акт толтырылады.
Эпителийді тасымалдау. Эпителий – клиникалық тұрғыда сау ірі қара малдың тілінің кілегей қабығы, аусылға қарсы вакцина дайындауда қажет. Эпителий малды сойып, биокомбинатқа жеткізген уақыттан бастап 40 сағатқа дейін өміршеңдігін жоғалтпайды. Эпителий биокомбинатқа 20 сағаттан кем емес уақытта жеткізілгені жөн.
Эпителийді консервіленген ерітіндіде алты литрлік металдан жасалған ыдыстарда тасымалдайды, ыдыстарды дюралюминий және изотермиялық материалдардан жасалған арнайы контейнерде
жабдықтап тасымалдау керек. Контейнердің екі жақ бүйірінде ұстайтын жері болады, пішіні текшелі, жоғарғы жақ бөлігі құлыптанған. Контейнер көлемі 500х500х420 мм. Контейнерге жалпы 35кг жүк сыяды, контейнер бүйірінде тасымалданатын жүк атауын жазады.
Контейнерлерді жүк жөнелтуші пломбалайды.
Эпителийлерді жолаушылар ұшағында тасымалдаған кезде келесі масса нормалары сақталады: ИЛ-62, ТУ-154 және ИЛ-18, ұшақтарында 350 кг, ТУ-134 және АН-24-100кг, ЯК-40-35кг.
Әрбір эпителий партиясын тасымалдауға әуежай бастығының орынбасары немесе әуежайдың жүк қызметі бастығының рұқсаты қажет. Тасымалдау рұқсатын алған жауапты тұлға эпителийдің тасымалдануын бақылау керек.
Жүк жөнелтуші тасымалдаушымен бірге алдын ала келісімшарт бойынша эпителийді әуежайға ұшақтың ұшуына 2 сағат қалғанда жеткізеді. Ұшақтың ұшуына өзгеріс болатын жағдайда әуежай жүк жөнелтушіге бұл жөнінде хабар береді.
Егер өнім уақытында әуежайға жеткізілмесе, сапалық куәлік және жөнелтуші үстемелік сияқты құжаттар дұрыс толтырылмаса, пломба салынбаса, таңбаланбаған жағдайда тасымалдауға тыйым салынады.
Тасымалдауға қабылданған эпителилерді жөнелтушінің ұсынған өкілінің көзінше ұшаққа артады, ұсынушы ұшақ әуежайдан ұшқанша дейін қатысады.
Жөнелтуші үстемелік құжаттың ерекше белгі графасында: «Тез бұзылатын жүк», рейс №, ұшатын уақыты, әуежайға жеткізілген күні және ұшақтан жүкті түсіргеннен кейін жүк алушыға табыс ету туралы дерек жазылады.
Эпителилерді ұшаққа артқан кезде борт жолсерігін жолдама құжаттарында жүктің аса маңызды екендігі жөнінде ескерту береді. Борт жолсерігі ұшақ әуежайға қонған кезде диспетчерге бұл жөнінде хабар береді. Эпителилерді ұшақтан 1 сағат ішінде түсірген жөн.
Жүк қоймасына жеткізілген эпителий жөнінде жүк алушыға телефон арқылы хабарлайды. Жүк келген күні, жүк алушының мекен жайы арнайы журналға тіркеледі.
Әуежайларда эпителийді алушы қызметін биокомбинат өкілдері атқарады, көрсетілген жүк түрі сапардың мекен жайына жөнелтіледі. Жүк жөнелтуші әуежайдың жүк қоймасының қызметкерлері жүк үстемелік құжат толтырған кезде нақты эпителиді тасымалдау күнін, уақытын белгілеу керек (нақты сағат, минут көрсетіледі).
Көрсетілген мәліметтерді жеке жазып, жүк қойманың қызметкерлері қол қойып, қызмет дәрежесін көрсетіп, бекітеді. Бұл мәліметтер эпителилерді жөнелту мерзімін анықтау үшін қажет.
Эпителилер уақытында әуежайға жеткізілмеген жағдайда және жабдықтау технологиясы бұзылған жағдайда коммерциялық акт толтырылады. Әуежайларда өнімді тексеруге болмайды, себебі контейнерлері әдеттегі ортада ашқан жағдайда эпителийлердің өлуіне әкеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   172




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет