I топтың жұмысы :
Білімді ойы терең,тілге шешен
Әділ жан,ақылға бай,ақын да сен
Халқыңның қамын ойлап көз ілмеген
Жау жүрек,қайсар мінез,батыр да сен.
Сын есімдер- білімді,терең,шешен,әділ,бай,жау жүрек,қайсар,берік,ақ.
IІ топтың жұмысы :
Б) Махамбет Өтемісұлы –Исатай Тайманұлы бастаған көтрілістің көсемі,әрі жалынды жыршысы,халқының азаттығын көксеген күрескер,ел бастаған батыр,қазақтың өр рухты ақыны.
Жастайынан ақындық өнерге құмартып өсті. Асқан даналығына қалың жұртшылық бас иген. Махамбет тек от ауызды сөз шебері ретінде ғана ел құрметіне бөленген жоқ,сонымен бірге,өзінің батырлығы,даналығы мен адамгершілігі арқасында да даңққа бөленді.
Махамбет – бұхара халықты патша өкіметіне,оның жергілікті өкілдері хан ссұлтандарға қарсы ұйымдасқан түрде қарулы көтеріліске шақырған алғашқы қазақ ақыны.
Сын есімдер: жалынды, өр, қалың,от ауызды, қарулы т.б
Достарыңызбен бөлісу: |