Шешендік өнердің пайда болу тарихы



бет4/10
Дата24.02.2023
өлшемі53,65 Kb.
#170058
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Øåøåíä³ê ?íåðä³? ïàéäà áîëó òàðèõû

Біреу болса өзі екен,
Көк шолақтың көзі екен,
Өне бойын кептеген
Қызыл желді сөз екен.
Иығында шам-шырақ
Заулап жанып тұр екен,
Көк бөрі дарып жүр екен, –

депті. Бұл – болашақта әйгілі батыр, ақпа-төкпе шешен болған ЕрЖәнібекке берілген әділ баға.


Сан салада айтылатын шешендік сөздердің бір түріне шешендік толғаулар жатады. Шешендік толғауда өмір-тіршіліктің сыры туралы халықтың көзқарасы байқалады. Бір мысал келтірейік:


Ну қарағай құласа,
Орнына арман-шыршалар
Жапырақ шығып, гүлденіп,
Бұтақ шығып, бүрленіп,
Қиядан ұшқан қыран құс
Қонақтап өтпес демеңіз.
Айдын шалқар суалса,
Бұлақ болар сарқырап
Теңіз болар жарқырап
Аққу жүзіп бетінде
Тұрақтап өтпес демеңіз.
Тұлпар орға жығылса,
Артында қалған құлын-тай
Құнан-дөнен болғанда
Тұлпарлық етпес демеңіз.
Ақ сұңқар торға шырмалса,
Ұяда қалған балапан
Қара қанат болғанда
Дуадақ ілмес демеңіз.
Қарызыңыз өлсе, бітеді.
Шам жарығы сөнсе, бітеді.
Қанша қызық дәурен сүрсең де,
Дүние қызығы өлсе, бітеді, –

деп, Шоқай би айтқан екен деген толғауда “орнында бар оңалар” дейтін философиялық тұжырым айтылады. Дүние қызығының соңы - өлім екенін еске салады.


Шешендік толғау: шешендік нақыл, шешендік мақал, шешендік мысал, шешендік жұмбақ және шешендік жауап болып бөлінеді.11
Шешендік нақылды көпті көрген қариялардың, шешендердің ұрпағына қалдырған аманат-өнегесі деуге болады. Бірде көп алдында Тұрымбет жырау ой оралымын былайша өрген екен:


Әуреленбе, жігіттер,
Болдырам деп болмасты.
Дүние үшін шатасып,
Егескен жан оңбас-ты.

Жақыны қаза болған адамның қайғысына ортақтасып, көңіл айтып жұбату не қаза болған жақындарына арнайы естірту халқымыздың арыдан келе жатқан жақсы салты. Адамгершілікпен астасып жатқан бұл салт күні бүгінге дейін ел өмірінен елеулі орын алған. Шешендік арнаулардың кейбірі осындай қаза-қайғыға байланысты айтылады.


Жалғыз баласының қазасына қайғырып басын көтермей жатқан Ерден батырға Досбол мен Шоқай келіп көңіл айтады. Ерден жатқан орнынан қозғалмапты. Сонда Досбол:
– ...Өлмесе қайда кетті бұрынғының кәрісі, әлемді жалмап жатса да өмірінде тоймаған қара жердің талысы! Ерден-ау, өткенге өкінбе, келмеске күйінбе, өлім деген – ұзақ жолдың алысы. Өлмек хақ, тумақ хақ, барлық жанның қабыр емес пе барысы? – дейді.
Бұдан ары сөзді жалғаған Шоқай:
– Ей, батыр, Ерден, басыңды көтер жерден! Құдайдан да құдіреттімін деп, мейманасың тасып кеткен екенсің кердең?! Мыңды көзімен көрген. Әулие болсаң әкеңді де, балаңды да алып қалуға әлің қане келген?!


Көкті бу көтереді,
Жүйрікті ду көтереді.
Өлімді ер көтереді,
Ауырды нар көтереді!

Ер емес пе едің талай құқайды көрген? Тағы да айтамын, басыңды көтер жерден! Құнсыз беріп, пұлсыз алды, нең бар еді құдайға берген?! – дейді ашына.


Ерден төсегінен көтеріліп, жүзін орамалымен сипап:
– ... Көтермесем басымды, көңілім өксік қаяулы, ардақтыларым едің аяулы, саңлақтарым едің санаулы! Көңілде қайғы шемен-шер, төбелерің көрінбеген соң күтіп жатыр едім, өздеріңдей асыл ерлерді! – деп құшақтаса көрісіп, көңіліндегі нала-құсасын тарқатысып, үш-төрт күн болып, көңілін демеп, қайғысын бөлісіп аттанған екен.


Ағайыннан жат болсаң,
Ерте бақыт қонбас-ты.
Өкінгенмен өткенге,
Орны оның толмас-ты, –

Ағайынды жат санап, дүние үшін егесіп таласпауды насихат етеді, нақыл-ақыл түрінде айтады. Талай рет топты жарып сөз ұстаған Ақтайлақ би:






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет