Барлық санаттағы визалар жалған көшірмелерден қорғайтын өзіндік ерекшелігі бар өздігінен желімделетін арнайы жапсырма түріндегі тасығыш-қағазда жасалады. Визалық жапсырма визаның өзінен (тұпнұсқа) және онымен бірдей нөмірі бар түбіртектен тұрады. Толтырылған виза шетелдіктердің паспортына, ал визалық жапсырманың түбіртегі – визалық сауалнамада арнайы белгіленген орынға жапсырылады.
Визалық жапсырмаларды толтыру, осы Қағидалардың 41-тармағына сәйкес "Бүркіт" БАЖ немесе қолмен толтыру арқылы жүзеге асырылады: 1) "берілген жері/place of issue" деген бағанда визаны берген мекеменің коды көрсетіледі (мысалы: 001); 2) "мәртесі/entries" деген бағанда визаның мәртелілігі қойылады (мысалы: бір мәртелік – "1", көп мәртелік – "multiple"); 3) "түрі-санаты/category" деген бағанда виза санатының коды көрсетіледі (мысалы: В1); 4) "берілген күні/date of issue" деген бағанда визаның берілген күні жазылады; Визаның берілген күні мен визаның қолданылу мерзімі санмен жазылады (мысалы: 30.01.2016.); 5) "тегі-аты/name-given name" деген бағанда виза иесінің паспортындағыдай тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) жазылады (мысалы: surnameBraunGiven name Alexander, машина оқи алатын аймақ: P<BRAUN<<<<<<<<<<<<< P001545444FRA85019M28117000000<<14); 6) "паспорттың №/passport №" деген бағанда виза алушы шетелдіктің паспортының нөмірі жазылады. Топтық виза беретін кезде "топтық" жазылады; 7) "басталу мерзімі/valid from" деген бағанда визаның қолдану мерзімі басталатын күн жазылады; 8) "аяқталу мерзімі/valid until" деген бағанда визаның қолдану мерзімі аяқталатын күн жазылады; 9) "шақырған мекеме/inviting organization" деген бағанда шақырушы тараптың атауы көрсетіледі (мысалы: "АҚШ-тың ҚР-дағы Елшілігі", "ҚР Қаржы министрлігі", "Ақбота" ЖШС, ҚР ІІМ берілген жеке істер бойынша Қазақстан Республикасына кіруге шақырудың нөмірі және т.б.). "В10" және "С1" санаттардағы визаларда Қазақстан Республикасында тұрақты тұру рұқсатынының құжаттарын келісуден өткізген және шақыруды ресімдеген органның атауы көрсетіледі (мысалы: "Астана қаласының ІІД"). ҚР-дың шет елдердегі мекемелерінде қолдаухат негізінде виза беру кезінде визаны берген дипломатиялық өкілдіктің немесе консулдық мекеменің атауы көрсетіледі (мысалы: "ҚР-дың АҚШ-тағы Елшілігі"); 10) "қосымша мәліметтер/additional information" деген бағанға мынадай қажетті мәліметтер енгізіледі: а) ұзартылатын, көшірілетін немесе түзетілген визаның нөмірі және "визаны ұзарту" жазбасы (мысалы: "№14061072 ұзарту", "№14061072 түзету/көшіру"); б) егер, виза қайтыс болу фактісін немесе туыстарының ауыр науқасты біреуінің жай-күйін растайтын жеделхат негізінде берілсе, тиісті жазу енгізіледі (мысалы: "01.01.2014 жылғы жеделхат", "жерлеуге"); в) егер шетел азаматтары үшін келуге рұқсат етілмейтін елді мекендерге баруға рұқсат берілген жағдайда, елді мекеннің атауы, ҚР СІМ-нің (ҚР ІІМ-нің) растаухатының нөмірі және күні (мысалы: "Курчатов қ., № 01-027/3 11.01.2013 ж."); г) топтық визаны беру кезінде тізім бойынша келуші және кетуші тұлғалардың саны көрсетіледі (мысалы: "25 адамның тізімі қоса беріледі"); д) көлік құралы иесінің жол жүретін көлік құралының маркасы, моделі (түрі) және нөмірі (мысалы: "Toyota Camry, № AF-723 R"); е) "жұмыс жасауға құқығы жоқ-work is not permitted" жазбасы (отбасы мүшелері және асыраудағы тұлға); ж) қажет болғанда Қазақстан Республикасына келу және Қазақстан Республикасынан кету пункттері; з) егер, баланың жеке паспорты болса және алып жүрушінің паспортына енгізілмесе, алып жүрушінің паспортынадағы визалық жапсырмаға баланың паспорт нөмірі енгізіледі; и) егер, паспорт иесімен бірге өздерінің паспорттары бар үштен артық бала болған жағдайда, балалардың визалық жапсырмаларында балаларды алып жүрушінің паспорт нөмірі; к) виза алушының болу мерзімі (мысалы: 30 days at each entry/әр келгенде 30 тәулік); л) басқа қосымша мәліметтер. Қосымша мәліметтер болмаған жағдайда аталған баған толтырылмайды. 11) "төлемақы/fee" деген бағанда консулдық алымның немесе мемлекеттік баждың сомасы жазылады (мысалы: "30 USD", "30 EUR" немесе "500 KZT"). Виза консулдық алымсыз (мемлекеттік бажсыз) берілген болса "о" қойылады; 12) бір адамға ресімделген визалық жапсырманың "өзімен бірге/accompanied by" деген бағанға сызықша қойылады. Егер виза иесінің паспортына оның отбасы мүшелері енгізілген болса және олар заңды негізде онымен бірге жүрсе, онда осы бағанда "+" деген белгі қойылып, олардың саны көрсетіледі (мысалы: "+3"). Егер паспорт иесімен бірге өздерінің жеке паспорттары бар үштен артық бала бірге жүрсе, онда оларға бөлек визалар беріледі. 13) "қолы және тегі/ signature and surname" деген бағанда визаны берген ҚР шет елдегі мекемелерінің, ҚР СІМ және ҚР ІІМ лауазымды қызметкерінің қолы мен тегі көрсетіледі; 14) түбіртектің "азаматтығы/nationality" және "түбіртек №/receipt №" деген бағандарда сәйкесінше азаматтығы және консулдық алымды немесе мемлекеттік бажды төленгенін растайтын төлем құжатының нөмірі көрсетіледі, "ескертпе/remarks" деген бағанда – ескертпелер. Егер виза алушының Қазақстан Республикасында болуы кезінде паспорты одан әрі қолдануға жарамсыз болған жағдайда, және оның иесі жаңа паспорт ұсынса, визалық жапсырманың мына бағандардағы "берілген жері", "берілген күні", "қолы және тегі" және "паспорт нөмірі" деректерінен басқа бұрынғы визаның барлық деректемелері көрсетілген жаңа виза жапсырылады. Виза жапсырмасының "қосымша мәліметтер" бағанында көшірілуге жатқызылған визаның нөмірі көрсетіледі.
Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келуіне шақыруларын ресімдеу, шақыруларын келісу, Қазақстан Республикасының визаларын беру, күшін жою, қалпына келтіру, сондай-ақ олардың қолданылу мерзімдерін ұзарту және қысқарту Қағидаларына 3-қосымша
Нысан
Шығыс. № Шақырушы тараптың атауы: БСН/ЖСН: Шақырушы тараптың мемлекеттік тіркеуі (қайта тіркеуі) туралы анықтаманың № мен күні: Мекенжайы, байланыс телефондары, факс, эл.пошта:
______________ (облыстар, Астана, Алматы қ.) ІІД Көші-қон полиция басқармасы ҚР СІМ Консулдық қызмет департаменті
______________ (облыстар, Астана, Алматы қ.) ІІД Көші-қон полиция басқармасы ҚР СІМ Консулдық қызмет департаменті
______________ (облыстар, Астана, Алматы қ.) ІІД Көші-қон полиция басқармасы ҚР СІМ Консулдық қызмет департаменті
Шақырушы тарап қабылдауды растайды:
№
Тегі , аты (ағылш)
Жынысы
Туған жері және күні
Азаматтығы
Паспорт №
Кестенің жалғасы
Паспорттың берілген күні және қолдану мерзімі
Жұмыс орны және шетелдегі лауазымы (ағыл)
Шетелдегі тұрғылықты мекенжайы (ағыл)
ҚР-да болу кезеңі
Визаның мәртелігі
Визаны алу орны
Сапар мақсаты (визаның санаты): дипломатиялық, қызметтік, жеке сапар, жұмысқа, туристік, оқуға, іскерлік, транзиттік, инвесторлық, емделуге, тұрғылықты тұруға (керегін сызу) (Шақырушы тараптың атауы) шақырылатын тұлғаларға, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, олардың құқықтары мен міндеттерін уақытында түсіндіру туралы міндеттеме алады. Қазақстан Республикасы "Әкімшілік құқық бұзұшылық туралы" Кодексінің 518-бабына сәйкес иммигранттарды уақтылы тіркеу, олардың Қазақстан Республикасында болуына, елдің аумағында жүріп-тұруына құқық беретін құжаттарды рәсімдеу және болуының белгіленген мерзімі аяқталған соң Қазақстан Республикасынан шығуын қамтамасыз ету бойынша шараларды қабылдамағаны үшін жауапкершілік жөнінде ескертілді.
Директор
( заңды тұлғадағы басшының лауазымы,)
(қолы, мөрі)
(заңды тұлғадағы басшының Тегі, аты)
Орындаушы:
Тегі, аты. Тел:
Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келуіне шақыруларын ресімдеу, шақыруларын келісу, Қазақстан Республикасының визаларын беру, күшін жою, қалпына келтіру, сондай-ақ олардың қолданылу мерзімдерін ұзарту және қысқарту Қағидаларына 4-қосымша
"А3", "В1", "В3", "В10" және "В12" санатындағы визаларын ресімдеу кезінде азаматтары шақыруды міндетті түрде көрсетуден босатылатын экономикасы дамыған, саяси және көші-қоны тұрақты мемлекеттер тізімі
1. Австралия
2. Австрия Республикасы 3. Америка Құрама Штаттары 4. Бельгия Корольдігі 5. Біріккен Араб Әмірліктері 6. Болгар Республикасы 7. Бразилия Федеративтік Республикасы 8. Германия Федеративтік Республикасы 9. Грек Республикасы 10. Дания Корольдігі 11. Жаңа Зеландия 12. Жапония 13. Израиль Мемлекеті 14. Иордан Хашимит Корольдігі 15. Ирландия Республикасы 16. Исландия Республикасы 17. Испания Корольдігі 18. Италия Республикасы 19. Канада 20. Катар Мемлекеті 21. Кипр Республикасы 22. Корея Республикасы 23. Латыш Республикасы 24. Литва Республикасы 25. Лихтенштейн Князьдігі 26. Люксембург Ұлы Герцогтігі 27. Мажарстан Республикасы 28. Малайзия Федерациясы 29. Мальта Республикасы 30. Монако Князьдігі 31. Нидерланд Корольдігі 32. Норвегия Корольдігі 33. Оман Сұлтандығы 34. Польша Республикасы 35. Португалия Республикасы 36. Румыния 37. Сауд Арабиясы Корольдігі 38. Сингапур Республикасы 39. Словак Республикасы 40. Словения Республикасы 41. Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігі 42. Финляндия Республикасы 43. Француз Республикасы 44. Хорватия Республикасы 45. Чех Республикасы 46. Швейцария Конфедерациясы 47. Швеция Корольдігі 48. Эстон Республикасы
Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келуіне шақыруларын ресімдеу, шақыруларын келісу, Қазақстан Республикасының визаларын беру, күшін жою, қалпына келтіру, сондай-ақ олардың қолданылу мерзімдерін ұзарту және қысқарту Қағидаларына 5-қосымша
Нысан
ВИЗАЛЫҚ САУАЛНАМА
Ескертпе! Сауалнама баспалық әріптермен толық және ұқыпты түрде толтырылуы тиіс. Attention! Application form should be filled in fully and accurately, in block letters. Wrong filling of application form can become a cause of refuse in issue of entry visa.
1. Тегі/Surname(s): __________________________________________ 2. Аты/First names: __________________________________________ 3. Өзгедетегіменаты/Other names and surnames: _________________ 4. Жынысы/Sex:Ер/Мale Әйел/Female 5. Туған күні/Date of birth: күні/day айы/month жылы/year 6