Ші бет беттен Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі



бет6/12
Дата31.01.2018
өлшемі2,05 Mb.
#37263
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Емі. Жануарға тыныштық беріп, жұмыстан босатады. Аминазин, рампун, рометар, ветранквил, золетил, ксиланит сияқты ыныштандыратын , ұйықтататын дәрілер егіледі.

Басылу (Compressi) - механикалық басылу, қысылу салдарынан ұлпалар мен ағзаларда кейде тұтас организмде қан айналу, зат алмасу процестерінің бұзылуынан болатын жарақат. Организмнің жалпы басылуы қар, лай көшкіні, құлаған жар, құдық топырағы астында қалудан болады. Тар қорада үрккен малдар да бір – бірін таптап, басып тастауы, «бастырылу» кездеседі. Ұлпалар мен ағзалардың басылу себебі көп. Мысалы ірі қара мал көтерем болса жатқан жағының аяқ, бауыр терілері басылып қалады. Ертоқым тар болса аттың арқасы басылап, ақыры ол жер өліеттеніп, жауыр болады. Қан тоқтату үшін салған бұрауды уақытылы босатпаса да ол жердегі қан тамырының басылуы салдарынан одан төмен жатқан ұлпаларға қан бармай, ақыры өліп, өліеттенеді, шіриді. Басылудың салдары – ишемия, қан айналымының бұзылуы, ағзалар мен ұлпаларға қан бармай қалуы. Осыдан ұлпалар өліеттенеді, шіриді, одан пайда болған улы заттар организмді уландырады.

Емі. Басылудың себебін мейлінше ерте жойылса ем соғырлым тиімді болады. Жалпы қан айналысын, зат алмасуын жақсартатын емдер қолданады. Оттегі жастықшаларымен дем алғызады. Уқалау жасалады. Бағуы, азықтандырылуы мейлінше жақсартылады. Витаминдер егіледі. Егер ұлпаларда шірікті ошақтар пайда болса хирургиялық емдер қолданылып, өліеттерден арылтып, инфекцияға қарсы шаралар жасалады.
Дәріс 4. ЖАРАҚАТТЫҢ ОРГАНИЗМГЕ ЖАЛПЫ ӘСЕРІ
Механикалық, физикалық, химиялық жарақаттар организмге тек жергілікті әсер етпейді, сонымен бірге бүкіл организмге залалын тигізеді. Ауыр жарақат алған жануарлар есінен танып, жарақаттық шокқа, коллапсқа ұшырап, өліп те қалады.

Шоктың (талманың) жіктелуі. Шоктың пайда болу себептеріне байланысты негізгі түрлері:

- жарақаттық шок,

- күйіктен болған шок,

- операциялық шок,


  • анафилактикалық шок,

  • гемолитикалық шок.

Уақытқа байланысты:

  • алғашқы шок (жарақатанған мезетте, немесе сәл уақыттан соң пайда болуына байланысты),

  • қайталама шок (жарақаттанған малға бірнеше сағат өткенде қанға улы заттар сіңгендіктен пайда болады) деп бөледі.

Жоғарыда айтылғандай талманың екі кезеңі болады. Бірі оның күшею кезеңі болса, бірі бәсеңсу кезеңі.

Қырғыз ғалымы И.М.Ахунбаев және ГЛ.Френкель осы кезендердің әрқайсысын компенсация және декомпенсация сатыларына, ал аурудың жағдайына қарай И.Петров оны жеңіл, орташа және ауыр түрлерге бөледі.

Жарақаттық шок. Оның себебі өте ауыр ашық және жабық механикалық жарақаттар екені белгілі. Жарақаттану салдарынан жануардың бүкіл тіршілігіне қатысы бар мүшелерінің қызметінің күрт нашарлануы, өлімсіреуі - жарақаттану талмасы (жарақаттық шок) деп аталады. Мал организімінің мұндай жағдайға ұшырауы алдымен миындағы орталықтардың қалыптан тыс жағдайға ұшырауынан болады. Сондай ақ ауыр және ұзақ операциялар кезінде, операциядан кейінгі мезетте талма жағдайы байқалады.

Шок - естен тану, талма: басында қысқа уақыт қоздырылып, кейіннен жүйке жүйесі мен бүкіл организмнің терең тоқырауға түсуімен сипатталатын малдың жағдайының жалпы ауыр күйі.

"Шок" деген сөзді XVIII ғасырдың басында Француз дәрігері Ле-Драм енгізген және шоктың негізгі ауру белгілерін анықтаған Пирогов дүниеде бірінші болып, аурудың даму барысына түсінік беріп, оның емі мен алдын-алу шараларын ашты. Естен танудың жіктелуі - себептеріне байланысты:

1. Жарақаттан пайда болған - әр түрлі зақымдалудан туатын;

2. Операциялық естен тану — шала немесе толық жансыздандырмаудан туатын түрі;

3. Гемотрансфузиялық - сәйкес емес қан құйғанда, сәйкессіз белок еккенде болады;

4. Анафилактикалық — алдын-ала бөгде белокпен немесе бактерия уытымен (сенсибизацияланған) сезімдендіру кезінде болады.

Бұлардың ішінде жарақаттың әсерінен туатын естен тану өте жиі кездеседі. Белгілері: пайда болатын уақытына байланысты естен танудың алғашқы және кеш болатын түрлері болады.



Алғашқы естен тану - мал жарақаттанған мезгілде немесе жарақатганғаннан кейін бірнеше минут пен бірнеше сағаттың ішінде пайда болады.

Кеш пайда болатын естен тану - жарақаттан, хирургиялық операциядан, акушерлік көмектен кейін немесе уланғаннан кейін бірнеше сағат немесе бірнеше күннен кейін пайда болады.

Алғашқы естен тану 3 кезеңде өтеді: 1-кезең кенет қозумен сипатталып, эректильді деп аталады; 2-сі торпидті кезең - қатты тежелу; 3-ші салдану кезеңі өліммен аяқталады.

Жарақаттан естен тану шошқаларда, мысықтарда, жылқылар мен иттерде кездеседі, ал ірі қара малда кездесуі сирек. Жүйке жүйесі тез қозатын, сезімтал малдар жиі естен танады. Мұндай малдарға операцияны жергілікті немесе жалпы жансыздандырып жасау қажет.

Этиологиясы. Естен тану мына жағдайларда кездеседі:



  • бұлшық еттердің көлемді жарақаты, оған қоса сүйектің сынуы, жүйке бағанасының қысылып қалуы;

  • ішкі ағзаларға операция жасағанда шажырқайдың қатты созылуы; кеуде қуысы жарақаттанғанда, әсіресе сол қуысқа ауа енгенде; мал туғанда дұрыс акушерлік көмек жасалмағанда;

  • күюдың 2,3,4,5 дәрежесінде және т.б.

Стресстік жағдайлар да естен тануға себепкер болады.

Мысалы: орталық жүйке жүйесінің қалыптан тыс қозуы; ұзаққа созылған іріңді аурулар салдарынан туатын бірінші — резорбтикалық жағдайлар; жарақат алдындағы ауыр дерттер; дененің аса суынуы немесе қызынуы, аш болуы, қансырау және т.б. Жас малдар естен тануға сезімтал болады. Жүйке орталығы алғашқы және соңғы қоздырушылардың әсерімен кеш пайда болатын естен тануға әкеліп соғады. Естен танудың ауыр түрлері малдың өлімімен аяқталуы мүмкін.

Айта кеткен жөн, аурудың бұл түріне дәрігерлер ерте кезден өзінде-ақ көңіл белген. 1737 жылы француз ғалымы Ье Сгап оның неше түрлі белгілеріне сипаттама беріп, жарақаттық талма деген атау берді. Талма жағдайына малды емдеу үшін тыныштық керек деп, спиртті ішімдік және апиын (опий) ұсынған орыс дәрігері П.Савенко 1834 жылы мұңдай жағдайға ұшыраған ауру малдың ең әуелі орталық жүйке жүйесінде өзгерістер бар, соның қызметі нашарлағандығынан ауру малдың жалпы жағдайы төмендейді деп айтқан екен. "Әскери - далалық жалпы хирургия бастамасы" атты кітабында Николай Иванович Пирогов талма жағдайына ұшыраған ауру адамның классикалық белгілерін анықтап, басқа ауруларға қарағанда өзіндік өзгешелік, айырмашылығы бар екенін көрсете білген. Н.И.Пирогов талма жағдайы екі түрге, яғни эректиль және торпид фазаларына бөлінеді деген. Мұндай жағдайға ұшыраған ауру адамның ағзасында болатын өзгерістерді анықтау жолында орыс ғалымдары И.М.Сеченов, И.П. Павлов, Н.С.Введенский үлкен еңбек етті, айтарлықтай жаңалықтар ашты.

Дегенмен, осы мәселеге көңіл бөлгендер саны көп-ақ, бірақ ешқайсысы тұжырымды шешім айтпайды, оның неден, қалай пайда болатынын, ағзада туатын өзгерістерді ғылыми тұрғыдан анықтап бере алмады. Сондықтан аталмыш мәселеде көптеген теориялар пайда болды. Өйткені әртүрлі зерттеушілер мен ғалымдардың ой - пікірі біріне - бірі қайшы келіп, әрқайсысы өз ойын өз түсінігі бойынша дәлелдеді. Сол ғалымдардың еңбектерін екі топқа бөлуге болады. Аналитиктер тобына жататын ғалымдардың еңбектерінің кейбіріне тоқтайтын болсақ, соның бірі Е.Кеню деген ғалымның улану теориясы. Кенюдің көзқарасы бойынша бұл ауруға ұшыраған ауру малдың қара еттері іріп, бұзылып кетіп, сол ерітінділер қанға сіңіп, ағзаны уландырады деген.

Уланған организмнің қан тамырларының қабырғалары босаңсиды, содан барып тамыр ішіндегі сұйық заттар сыртқа шығады да, маңайындағы ұлпалар, сол сұйықтан ісініп кетеді, қан тамырының ішіндегі сұйықтар азайғандықтан жалпы қан айналымы бұзылып, нашарлайды да, жүрек тоқтап қалады деп түсінік берген.

Крайль деген ғалымның ой – пікірі бойынша қан тамырлары жансыздану жағдайына ұшырайды. Бұл теорияны жақтайтындардың түсінігі бойынша, жарақаттану салдарынан қан тамырлары рефлекторлық салдану жағдайына ұшырайды да, тамырларда қан қысымы жедел төмендейді. Қанның әжептәуір көлемі веналық қан жүйесіне жиналып, тоқтап қалып, қан айналымына қатыспағандықтан, тіршілікке қажетті мүшелердің қызметі нашарлайды. Жүрек тоқтап, өлімге әкеліп соғады деген.

Джон Гендерсон және оның жақтаушылары өз теориясын ұсынып, қан тамырларында көмір қышқылының (СО2) көлемі күрт азайғандықтан ұлпаларда, мүшелерде қан жиылып, қан айнылымы нашарлайды, сондықтан ұлпа, торша, мүшелерде ацидоз пайда болады деген сенімде болған.

А. Блелок және басқа ғалымдар қан және қанның сұйық бөлімі, плазма жоғалту теориясын ұсынған. Осы теория бойынша талма пайда болуының бір себебі организм қансыраған жағдайда, қан айналымына қатысы бар қанның көлемі азайғандықтан, ауру мал қатерлі талмаға ұшырайды деген. Басқадай ғалымдар мен зерттеушілердің еңбектеріне көз жіберсек, қансырау, қан көлемінің азаюы салдарынан талма пайда болмауы керек. Мұндай жағдайлар жануар талмаға ұшырағаннан кейін пайда болады, яғни соның салдары болып саналады.

Кин, Митчелл, Морхауз, Фишер сияқты ғалымдар талма жағдайы қан тамырының қызметін басқарушы - мидағы орталықтың қызметінің нашарлағаңдығынан; Гольц, Саюри атты ғалымдар қан тамырларының жүйке жүйесі салдану жағдайына ұшырағаңдықтан; Бильрот, Эриксон, Рихтер сияқты ғалымдар ұлпа торшарының молекулалары қозғалу, шайқалу жағдайына кездескендіктен, пайда болады деген түсінікге болған.

Талма жағдайының пайда болуы және оның өршуі эндокриндік жүйе қызметінің нашарлауы салдарынан деп Левинсон айтса, симпато-адреналин жүйесінің өзгеруіне мән берген ғалымдар есімі: Б.Кеннон, Н.А.Миславский, Л.А.Орбели, Г.Селье.

Орыс ғалымдары И.М.Сеченов, И.В.Павлов, Н.С.Введенскийдің еңбектеріне сүйене отырып, совет ғалымдары И.Петров, Э.А.Асратян, П.К.Анохин, Қазақстаннан шыққан академик А.П.Полосухин және басқалары осы аурудың пайда болуын зертгей отырьш, жүйке және рефлекгорлық теорияны ұсынды және соны күнделікті тәжірибемен толықтырып, тереңдетіп келеді. Жүйке және рефлекторлық теорияны жақтайтын ғалмдар, басқадай теорияларды біржола сырғытып тастамай, солардағы оңды көзқарастарды пайдаланады. Отанымыздың ғалымдары ұсынған теорияны дұрыс деп тауып, оны қолдаушы шет ел ғалымдарының есімдерін атап өтсек, олар: Уиттерс, Говард, Туран және басқалары. Жүйке және рефлекторлық теориясының айтуына қарағанда сынған сүйек, жараланған денеден, мүшеден ауру сезімі орталық ми жүйесіне шабады да, осы орталық ми қызметін қалыптан шығарады. Орталық ми қызметінің нашарлауынан талма басталады. Ең бірінші болып орталық ми жүйесіне шапқан ауру, сондағы ұлпа торшаларын қоздырады. Осы мезет талманың күшею кезеңі деп аталады. Осы уақытта организмдегі зат алмасу процесі күшейіп, бас мидағы қан тамырларының өзегі жіңішкергендіктен, қан қысымы жоғарлап кетеді және эндокриндік мүшелердің қызметі терендей түседі. Мұздаған, әлсіреген ауру маддардың орталық ми жүйесіне шапқан ауру сезім импульстері, ми жүйесіндегі өзгерістерді тереңдетіп, ең қиын бәсеңсу кезеңіне ауады. Осы кезде шетте орналасқан қан тамырларында қан айналымы өзгеріп, бұзылып, нашарлағандықтан, бас ми торшаларына әкелінетін өте қажет оттегінің көлемі азаяды. Оттегісіз қалған ми торшалары әлсізденіп, тежелу процесі бүкіл бас миына жайылады. Бұл кезде жануар талманың бәсеңсу кезеңінде болады. Яғни ми торшалары өз қызметін атқара алмайтын жәйтке ұшырайды.

Осыдан бүкіл ағза қызметі бұзылады. Біріншіден, мидағы тыныс алу орталығы, сол сияқты мидағы қан тамырларының қызметін басқарып отыратын орталық бұзылып, эндокриндіқ мүшелердің қызметі, зат алмасу процесі нашарлайды. Осы себептерден бауыр, бүйрек, ішектерге келетін оттегі көлемі азайып, ағзадағы, қан тамырларының өзектерін кеңітіп, улы заттар көлемі көбейе бастайды. Бүйректе, бауырда, ішекте және бұлшық еттерде қан айналысы бұзылып, тоқтап қалғандықтан және қан айналы-мындағы қанның келемі азайғандықтан, қан қысымы төмендейді. Қан қысымының төмендеу мөлшеріне байланысты осы талма 4 дәрежеге бөлінеді. Ішкі мүшелердегі өзгерістер, енді келіп ми торшалардағы өзгерістерді әрі қарай тереңдете түседі.

Соңғы кезде пайда болған пікірлерге көңіл бөлсек, ауру мал талманың ең қиын дәрежесіне жеткен кезде ағзада төмендегідей өзгерістер байқалады:

1) Қан айналымына қатысы бар қанның көлемі азаяды. Орталық тамырдағы қан қысымы төмендейді. Жүрек еттері әрбір жиырылған кезінде кеуде қолқасына итеріп шығаратын қанның көлемі азайып кетеді.

2) Артериялық қан қысымы төмендей береді.

3) Қан айналым басқа мүшелерде азайғандықтан, ми төңірегіндегі ірі артериялық қан тамырларында жақсара түседі.

4) Бауыр мен бүйректердегі қан айналымы бұзылып, нашарлайды.

5) Ұлпаларға жиналған қышқыл әсерінен сол жерде ацидоз пайда болады.

6) Организмнің ұлпа, торшаларындағы жалпы сұйық заттардың көлемі азаяды. Осының бәрін біріктіргенде талма жағдайна ұшыраған ауру малдың жағдайы нашар болып қалғанына көз жетеді.

Жарақаттық талманың белгілері анық немесе анық болмауы мүмкін. Ол жануардың реактивтік жағдайына, қосымша ауруна немесе жасы ұлғайғандығына, жарақаттандырған заттың күшіне, жарақаттанған жердің көлеміне және тағы сол сыйяқты жағдайларға байланысты.

Талманың күшею кезеңі жарақатқа ұшыраған мезеттен басталып, бірнеше минутқа немесе бір сағатқа дейін созылуы мүмкін. Күшею кезеңін Н.И.Пирогов суреттеп оны медицинада былайша сипаттайды: "Егерде жарақатганып қалған адамның тамыр соғуы жиі болса, оның қай жері жараланғанына қарамастан, тез көмек керсетуге ұмтылу керек". Осы жәйді нақтылап түсіндірген Н.И.Пирогов: «жарақаттанған адам жөнсіз қимыл - қозғалыс жасайды, көз қарашығы ұлғайып, тынысы жиілейді», - дейді. Осы сәтте артериялық қан қысымы мен веналық қан қысымы өте жоғарылап кетеді. Осы теория бойынша ауру малға ветеринарлық көмек көрсетілмесе, онда талма күшею кезеңінен бәсеңсу кезеңіне көшеді. Оны білу үшін ауру малдың тамыр соғуын санап отыру керек. Бәсеңсу кезеңіне көшкенде тамыр соғуы жиілейді.

Ғалымдар талманың бәсеңсу кезеңіне көшкен ауру малдың жағдайын былайша суреттейді. "Жарақаттан сіресіп қатып қалған малдың қан тамырының соғуы әлсіз, біркелкі емес, біресе білініп, біресе жоғалып кетуі байқалады. Тыныс алу процесі де әлсіз.

Жарақат да, терісі де сезімсіз, бірақ жарақаттағы жүйке жүйесіне бөтен зат тиіп кетсе, ауру мал тітіркеніп қалады. Бұл кезде ауру маддың орталық ми жүйесінің қызметі лезде нашарлап, қоздырғыштарға жауап беруі өте төмен жағдайда болады да, ағзаның барлық рефлекстері төмендеп кетеді.

Талманың бөсеңсу кезеңінде байқалатын өзгерістерді үш топқа бөлуге болады. Біріншіден, ауру мал, сұлық жатып қалады, екіншіден, оның ағзасындағы қан айналым процесі бұзылады, үшіншіден, ағзадағы зат алмасу процесі нашарлап кетеді. Мал әлсіреп сұлық жатып қалады. Қан айналымының нашарлағанын тамыр соғуынан байқап, фонендоскоп арқылы жүрек соғуын тыңдаса, құлаққа бірде булыққан бұйығы дыбыс, бірде дүңкілдеген қатаң дыбыс естіледі. ЭКГ-нің қорытындысы бойынша синустық тахикардия анықталады. Артериялық қан қысымы төмендеген үстіне төмендей береді. Тамырдағы қан құрамына енетін плазманың көлемі азаяды. Денесі бозарып, көгеріп, сұрланып жатқан ауру малды өлімнен алып қалу қиын болады. Ауру малдың тынысы тарылып, денесін суық тер жауып кетеді.

Зат алмасу процесі нашарлағандықтан организмнің барлық мүшелері мен жүйелерінің қызметтері күрт бұзылады. Әсіресе бүйрек қызметі нашарлайды, олигурия (бүйректің несеп бөлу қызметінің төмендеуі) байқалады. Бәсеңсу кезеңінде ұсақ қан тамырларындағы қан айналымы бұзылғандықтан, бүкіл ағзаның ұлпа - торшалары отгегінсіз қалады да, газ алмасу процессі нашарлап, ауру малдың жағдайы ауырлайды. Организмнің компенсаторлық күшінің бітуіне байланысты талманың бәсеңсу кезеңі терминалдық жағдайға әкеліп соғады. Терминалдық жағдайға ұшыраған ауру малдың тынысы бұзылады. Содан соң тынысы жоғалып, жүрек қызметі тоқтайды. Осының бәрі ауру малды клиникалық өлім жағдайына ұшыратады.

Шоктың патогенезі әлі толық анықталған жоқ. Бірнеше теориялар бар. Асратянның теориясы бойынша қатты ауру сезімінің әсерімен пайда болатын алғашқы эректильді кезеңде бас ми қабығының және ми қабы асты орталықтың қозуы арқасында пайда болады. Қозудың әсері күшейе келе эректильді кезең торпид кезеңіне ауысады.

Жүйке орталығының қалыптан тыс қажудан қорғау мақсатында бас ми қабығындағы қорғау - тежелу дамиды. Ол шектен тыс терең парабиотикалық жағдайға апарып, салдану кезеңіне оңай ауысып кетуі мүмкін. Эректильді кезеңде орталық жүйке жүйесіндегі функционалдық өзгерістердің салдарынан гемодинамика бұзылып, қан мен ұлпалардың химизмі өзгереді.

Бұл орталық жүйке жүйесіңдегі және гемодинамикадағы өзгерістерді тереңдетіп, қанның химизміне кері әсер етеді. Жүйке жүйесіндегі гемодинамикадағы және қанның химизміңдегі өзгерістер, естен тануды тереңдетеді, ауырлатады. Жүйке жүйесі қажып, астения дамиды. Гемодинамика одан әрі нашарлап, қан қысымы төмендейді. Оған капиллярдың атониясы мен жоғары өткізгіштігі, ұлпаға шыққан қан сұйығы айналасындағы қанды қоюландырып, көлемін азайтуы себепкер болады. Осымен қатар қан ұлпаларда гиперкалиемия, ацидоз, аноксемия, аноксия және фосфотемия дамиды. Бұған қанның гистологиялық, метаболистік және бактериялды улануы қосылып, естен тануды тереңдетіп күшейтеді. Ол организмге және жүйке жүйесіне жарақаттан кейін 20-30 минутган, көбінесе 2-3 сағатган кейін әсер етеді.

Шушков ұсынған афферентті жолдардың тежелу теориясы. Бас ми қабығына бағынышты жүйке жүйесінің орталық бөлімдерінің қызметін реттейтін, осал да нәзік келетін тежеу процессі аса күшті тітіркенгіштердің әсерінен эректильді кезеңде ең бірінші зиян шегеді. Бас ми қабығының тежеу процессі басым болып келеді. Ол өз қарауындағы жүйе мен ағзаларға әсер етеді де қозғалыс қозуы, тахикардия, қан қысымының көтерілуі т.б. естен танудың эректильді кезеңіндегі өзгерістердің пайда болуына әсер етеді.

Аса қауіпті тітіркендіргіштердің әсері одан әрі күшейіп ұлғайса, ол торпидтік кезеңге апарып соғады. Бас ми қабығы бұл кезенде аса күшті тітіркендіргіштерден қорғаныс — тежелуі арқылы емес, оған жүйке арқылы жарақаттанған жерден келетін ауру сезімінің импульсі афференттік жолда тежеуге ұшырап, парабиоз пайда болады. Парабиоз ошақтары рецепторлық аппараттарында, шеткері жатқан жүйкеде немесе жұлынның өткізу жолында және ретикуляция формациясында пайда болады. Бұл тежелуге жүйке жүйесінің афферентік бөлімі қосылады және неғүрлым шеткеріде болса соғүрлым парабиозбен тежелу тереңдейді. Осының нәтижесінде төмен жатқан әр афферентік бөлім, жоғары жатқан бөлімнен өтетін импульсті тежейді. Сондықтан естен танудың торпидтік кезеңіңде тек шеткері жүйке құрамы тежеледі, ал мидың қабы және астыңғы қабы өздерінің тірлігін сақтайды. Бірақ тежеліп өз қызметін толық атқара алмайды. Сондықтан паталогиялық процесске әсер ете алмайды. Негізгі өзгерістер қан тамырларының шеткі бөлімдерінде болады, ал жүрек қызметі мен коронарлық қан айналысы көп өзгермейді, өйткені олар астыңы қабық орталығымен тікелей байланысты. Вегетативті жүйке жүйесінің симпатикалық бөлімінің терең тежелуі салдарынан артериолдар, венулдар және капиллярлар кеңейді және прекапилляр сфинктері салданады.

Осы өзгерістердің әсерінен артериялық қысым төмендейді, қан айналысы бәсеңдеп, мүлде тоқтап қалуға дейін барады. Аққан қанның көлемі азайғаннан көк тамыр қанға толық толмайды, содан оның қысымы төмендейді. Гемодинамикадағы осы өзгерістер ағзаларда гипоксия тудырады. Бауырдың қақпа ағысы төмендейді, осыдан кейде зәр пайда болу тоқтап қалады. Ішкі секреция бездерінің де қызметіне кері әсер тигізеді, бірақ гипофизде мүндай өзгерістер аз болады. Осы жағдайлар торша метаболизмінің нейрогуморальдық реттеуін төмендетеді, ұлпалар мен ағзаларда гипоксин дамуына әсер етеді. Қанның қүрамында аяғына дейін қорытылмаған зат алмасу қалдықтары жиналып, буфер системасы тежеліп ацидоз пайда болады. Мұнымен қатар гипергликемия, гипо - протеинемия, азотемия дамиды, қанда кетон заттары пайда болады. Организмдегі осындай терең өзгерістер естен тануда қан тамырының көлемі мен ондағы қанның көлемі сәйкес келмегендіктен, (тамырдағы қанның көлемі аз) организм өте ауыр жағдайға ұшырайды. Эректильді кезеңге қарағанда бұл кезеңде емдеу қиынға соғады. Бұған организмнің әр түрлі ағзаларының дистрофиялық өзгерістері себеп болады. Миокардта, қаңқа бұлшық еттерінде, бауырда майлы эмболин, үстіңгі бүйрекшенің ми затында торшалардың вакуоль-дануы, хромофильдік заттардың жайылғаны байқалады. Қан тамырларында, бауырда және көк бауырда фибриндік ісіну болады. Гипофиздің безді бөлігінде ганглиозды торшаларында, жүйке талшықтарында орталық жүйке жүйесінде дегенеративті - некрозды өзгерістер кездеседі. Орталық жүйке жүйесінің синаптикалық аппараттарында да дистрофиялық және деструктивтік өзгерістер болады. Осы негіздерге сүйеніп Л.Смирнов естен танудың ауыр түрі синаптикалық аппараттың бұзылуына байланысты дейді. Сондықтан естен танудың бұл түрі салдану кезеңіне өтіп, өліммен бітеді.

Жарақаттық таламаның (шоктың) клиникалық белгілері: эректильді шок кезеңінде (шок алды, жанталас алды) жарақаттанған уақыттан бастап дамып, бірнеше секундтан бірнеше минутқа дейін созылады. Мал шүғыл еліріп қозу байқалады, қиналып, қатты ыңырсып, қыңсылап тыпыршиды, босануға тырысып бұлқынады. Көзі бадырайып, қорқып, үрейленеді. Көз қарашығы мен танауы ұлғайып, демалысы, қан тамырының соғысы жиілейді, қан қысымы көтеріледі, қан тамырлары мейлінше қанға толады. Қатты терлейді. Эректильді кезеңнің жеңіл түрінде және қатты тітіркену тоқтағанда мал есін тез жияды.

Ал орта және ауыр түрінде эректильді шок бірнеше минуттан соң торпидтік шок (шок алды, жанталас) кезеңіне ауысады да малдың жағдайы күрт нашарлайды. Еріксіз зәр, нәжіс бөледі. Рефлексі төмендеп, қосымша жарақатқа әсер етпейді, организмнің барлық қызметі төмендейді. Бұлшық еттері босаңсып, қозғалмай жатады, демалысы сиреп, кілегей қабаттары бозарады, қан тамырының соғысы жиілеп әрең білінеді, қан қысымы тез төмендейді. Дене қызуы 1-2º С-қа төмендейді. Бірақ есін біледі.

Одан әрі шұғыл көмек көрсетілмесе жануар «нағыз шокқа» ұшырап, есінен танады. Жүрек соғысы, дем алысы тоқтайды. Клиникалық өлім жағдайында болады. Шұғыл реанимациялық емдер жасалмаса, ол биологиялық өлімге ұшырайды.

Емі. Ветеринарлық көмек көрсету жан-жақты, кешенді болу керек. Жарақаттанған малға көмекті сол мезетінде, тез жасау мал дәрігеріне қойылатын бірінші талап. Жараланған мүшеге, ауру сезімінің бас миына шабу жолдарын еске ала отырып, жүрек және өкпе қызметгерінің жағдайын жақсартатын әрекеттерді жедел қолдану керек.

1. Ауырсыну тітіркендіргіштерін жою, жүйке жүйесінің қызметін қалпына келтіру;

2. Гемодинамиканы қалпына келтіру;

3. Токсемия және заттар алмасуының бұзылуымен күресу.

Эректильді кезенде қозу себептерін жою және жүрек қызметін жақсарту, жүйке жүйесінің орталығы тұтас қозуын болдырмау, жарақаттанған жерді новокайнмен барынша жансыздандыру керек. Тыныштандыратын, ауырсынуды басатын нейролептиктер ( аминазин, рампун, рометар, колипсол т.б.) егіледі. Жарақаттың қанын тоқтатып, сынған сүйегін орнына қойып, залалсыздандырып, тігеді, орап таңады. Пневметоракс дамыса плеврепульмональдық естен тану Вишневский бойынша парасимпатикалық бағанды новокаинмен тежеу керек. Ішек сыртқа ақтарылып түссе, оны жайлап іш қуысына антисептикалық ерітінділермен шайып салып, қуысқа 0,25% новокаин ерітіндісін канамицинмен бірге енгізу керек. Трубкалы дренаж салып жарақатты тіккен жөн. Алдын-ала естен тануды болдырмау үшін, абдоминалды операция жасау алдында ауру малға Мосин бойынша эпиплевралды новокаинды тежеу жасау қажет. Естен танудың алдын алу үшін сүйек сынғанда сынған жерге 30% этилді спиртке жасалған 2-3% новокаин егеді. Күре тамырға ұсақ малға 10-15 мл, ірі малға 100-150 мл 10% натрий бромидін өз мөлшерімен қосылған кофеинмен бірге егеді. Асратянның естен тануға қарсы сүйықтығын ит, қой, шошқа және бұзауға 200-300 мл-ге егеді. Оның орнына күре тамырға 1 кг малдың салмагына 1-1,5 мл есептеп 0,25% новокаин ерітіндісін әр 200 мл-ге 1 мл 2% промедол және 1% димедрол, 30 мл преднизолон және 1 млн ӘБ. пенициллин араластырып еккен жөн. Бұдан кейін малды қыздырғыш аспаптармен қыздырып, қымтау керек.

Естен танудың торпид кезеңінде Асратян бойынша шектен тыс тежеуден босату үшін симпатикалық (ганглин) жүйке түйінін немесе бағанасын новокаинмен тежеу керек. Шушков бойынша ең алдымен шеткі жүйке және соматикалық вегетативті жүйке жүйесінің бөлімдерінің парабиотикалық жағдайын босаңдату қажет. Ол үшін тері ішіне, қысқа және айнала новокаинды тежеу жасаған жөн. Сонымен қатар күре тамырға сәйкес қан қүю керек. Ұсақ малға 50-100 мл, ірі малға 1500-2000 мл. Керекті қан болмаса орнына полиглюкин, респолиглюкин қолдануға болады. М\ұны 1 минутта 80-90 тамшыдан есептеп жібереді. Бастапқы 2-3 минутта малға еккен дәрінің әсерін байқап, өзгеріс болмаса емді жалғастырады. Қан тамырының жиелуіне қарсы күре тамырға адреноблокатор-фентоламин егеді. В өлшемі ұсақ малға 0,001, ірі малға — 0,03 есептеп, егу алдында ғана 1 мл таза суға ерітеді.


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет