Сабақтың соңы
|
Сабақты қорытындылау. Сабақта оқушылардың жинаған зерттеулеріне қарай тезірек сабақты түсінгендеріне байланысты ерекше мадақтау жасап,әрқайсысына жеке- жеке рефлексия жасау.
Рефлексия:Нысана әдісі.
Сұрақтары:
1.Мен үшін қызықты болды
2.Жаңадан үйрендім
3.Маған түсінікті болды
|
Бүгінгі сабақтан түйген ойлары мен тұжырымдарына байланысты кері байланыс жасайды.
|
|
Рефлексия парағы
|
Арал ауданы
Армысың, ару Арал, асау Арал,
Көк күмбез күн сәулесі әсем Арал.
Қажымас қайрат берген, айбат берген,
Мен сені туған анам десем болар.
Арал ауданы — Қызылорда облысының солтүстік-батысындағы әкімшілік бөлік. 1938 жылы құрылған. Орталығы – Арал қаласы. Жер аумағы 68,4 мың км².
Оңтүстік бөлігін түгелдей Арал теңізі алып жатыр. Аудан батысы мен солтігінде Ақтөбе облысының Шалқар және Ырғыз аудандарымен, солтүстік-шығысында Қарағанды облысының Ұлытау ауданымен, оңтүстік-шығысында Қызылорда облысының Қазалы ауданымен, оңтүстігінде Қарақалпақстанмен шектеседі. Тұран ойпатында орналасқан аудан батыста Үлкен және Кіші Борсық құмдары, солтүстік-шығысын Баршақұм, шығысын Арал қарақұмы алып жатыр. Арал теңізі жағалауында Көкарал , Көктырнақ , Барсакелмес, Шұбартарауыз, Құланды түбектері,Чернышев,Тұщыбас, Шевченко, Бутаков шығанақтары және Берг мойнағы орналасқан. Қарашоқы (283 м), Алтыншоқы су (209 – 247 м аралығында), т.б. таулар кездеседі.
1886 жылы Аралдың оңтүстік бетінде А.Никольскийдің, ал солтүстік жағында академик Бергтің басқаруымен эксредиция ұйымдастырылып, балық байлығы жете зерттелді. Патшалық Ресей осы мол олжаны игеру мақсатында 1905 жылы темір жол құрылысын салды. Осыдан кейін Астраханьнан, Доннан, Қаратеңіз маңынан, Орталық ресейден жеке балық аулаушылар келе бастады. Лапшин, Риткин, Красильников, Макеев секілді саудагерлер ірі-ірі балық кәсіпшіліктерін ашып, «Хиуа» атты акционерлік қоғам құрды.
1913 жылы арал поселка атанған. Онда 1026 адам тұрған.
Арал балық зерттеу станциясы 1920 жылдан жұмыс істей бастады.
1925 жылы қазіргі Арал ауданында «Серіктестік» деген балық аулайтын ұйым құрылды. Ұйымның алтауы Арал жерінде, төртеуі Мойнақ маңында болды.
1928 жылы Арал теңізінің балықшыларының басын біріктіріп «Балықшылар одағы құрылды. Басқарма председателі болып патша заманында жер ауып келген Дон казагі Дубовик (1897-1945) сайланды.
1928 жылы Арал аудан орталығы болды. Сол жылы кеме жасау заводы салынды.
1930 жылдан бастап профессор М.И.Ильиннің басқаруымен Мойнақ пен Арал қаласында консерві заводы салына бастады. Ол жылына 6 миллионнан астам консерві шығарды.
1932 жылы Арал ауданында 173 тұз өндіретін трест ұйымдастырылды. Ол жыл сайын орта есеппен 262 мың тонна тұз өндірді.
Аралда 1920 жылдан бері сульфат өндіріліп келді.
Соғыс жалдарында Арал балықшылары 23 430 тонна сапалы балықты Отан қорғаушылар мен туысқан республикаларға жөнелтті.
1946 жылы Арал қаласында шыны заводы салынды.
Кезінде Арал портының пароходствосы арқылы Түркіменстанға баратын жүктің 25 проценті, Өзбекстанға жеткізілетін заттың 70 проценті тасылған.
1946 жылғы мәлімет бойынша Арал қаласында қазақ, орыс, азербайжан, неміс, латыш, поляк, молдаван, қалмақ, чуваш секілді 33 ұлттың өкілі тұрған.
1960 жылға дейін Арал қаласынан Нүкіс, Мойнақ, Шаржауға жолаушылар таситын кемелер жүріп тұрған.
Арал ауданының құрамына алғашқы кезде Қамыстыбас және Арал болыстары кірді. 1938 жылғы 29 наурыздан бастап жұмысшы поселкесі қалаға айналды, яғни Арал поселкасы Арал қаласы болып аталды.
1921жылы қазан төңкерісінің көсемі В. И. Ленин (В. Ульянов) Повольже мен Ресейдің орталық аудандарындағы құрғақшылыққа байланысты аштықтан зардап шеккен халыққа көмек көрсету жөнінде Арал балықшыларына әйгілі үндеу-хатын жолдап, көмек беруді сұраған. Аралдықтар бұл Үндеуге жауап ретінде Ресейге 14 вагон балық жіберген. Болшевиктер партиясының көсемі В. И. Ленин аралдықтардың бұл игі ісін зор бағалап, токарлық станок Арал балықшыларына сыйға тартқан.
1930 жылдары ауданда 17 балық колхозы, 5 балық заводы, 20-дан астам мал колхозы ұйымдасқан.
Аудан халқы Ұлы Отан соғысы уақытында да өшпес ерлік, асқақ рухтың үлгісін көрсетті. Ауданнан соғысқа 11 мыңнан астам адам кетіп, оның 6038 елге оралмай, майдан даласында қалды. 2005 жылы Арал боздақтарының рухына арналып аудан орталығының орталық алаңында Тағзым алаңы орнатылды.
Кеңес одағы кезінде Арал ауданында төрт жабық әскери қалашық болған. Оңтүстігінде «Бархан» биохимиялық полигонымен байланысты Арал-5 («Орал»), қаланың солтүстік-батысында зымыран әскерімен байланысты Арал-6 («Чайка») және авиациялық эскадрильямен байланысты Арал-8 («Берёзка») қалашықтары қоныстанған екен. Сонымен бірге, Возрождение аралында Арал-7 деп аталған Қантүбек әскери қалашығы болған. 1992-1993 жылдары полигон таратылып, қалашықтар бұзылып, құрылыс материалдарына айналады.
Бүгінгі таңда ауданда 50 мектеп, 1 аудандық, 1 қалалық мәдениет үйлері, 4 ауылдық мәдениет үйі, 25 ауылдық клуб, 2 демалыс кешені, 6 халықтық ұжымдар, 32 көпшілік кітапхана, 1 аудандық, 1 жүйке аурулар, 1 өкпе аурулар аруханалары мен 1 перзентхана, 1 медициналық жедел жәрдем стансасы, 8 жанұялық дәрігерлік емхана, 5 ауылдық аурухана және 28 басқа да емдеу мекемелері халыққа қызмет жасайды.
Достарыңызбен бөлісу: |