Сол арада сахнаға оркестр мүшелері шығып, баппен орналаса бастады. “Тікелей эфир” көрсетілмек еді, өйткені, осындай деңгейдегі мейрамханаларда сырттан келетін және жергілікті жұлдыздардың әндерін жанды дауыстарымен тыңдағанды ұнататындығы белгілі.
Ілгеріде опера театрының оркестрінде ойнаған кейбір музыканттарды бетіне қарап білетін, кейбіреулерімен жеке таныс та еді. Шыны керек, көптен бері өзара сөйлеспеген-ді. Қаншама жылдар жылыстады. Бұл оларға бұрынғыдай керек пе? Бірақ мәселе осында ма? Мінеки, әуен үні естіледі және әркім үшін армандаған өзге әлемге апарар, көзге көрінбес перде сыпырылады, оған аяқ басқанда адам тек қана әуен арқылы тамаша күйді өз басынан өткізеді, барша жансебіл тірлік кері шегінеді, тек қана әнге малынған рух қана қалады. Музыкаға келгенде, бұл оның туа бітті құмары, түбі терең, арынды табиғаты болатын. Бұл қызығушылық қана емес, одан да зор, түсіндіруге бола бермейтін нәрсе еді. Осы орайда онымен бір кезде мынадай жағдай болды, ол көбінесе, есіне алып, жанымен ұғына өзіне-өзі күліп, тіпті, басынып та, өзін есуас әуенсүйгіш деп атайтын. Өзінің журналистік тірліктерімен бастапқы қайта құру жылдарында Лондонда болғанында оның есі шығып, өте кейіген кезі болды, лондондық сән-салтанаты келіскен отельдердің бірінде, олардың конференциясы өтіп жатқан кезде, барлық тиісті белгілерімен тамаша жабдықталған дәретханада, тыныштықта, әлдебір жақтан, төбеден сиқырлы әуен үні төгіліп жатты. Қажетін өтеуге келгендер өз істерін атқарды, кабинаға кірді және шықты, табиғи жәйттегідей, олар арттарын сүрткіледі, кіші дәретін шығарды, түкірісті, қақырынды және соңында арқырай жуатын ағынды суларды тұншыға төгілген унитаздарға жіберді, ал сол уақыттарда олардың мәртебесі үшін бірде Вагнер, бірде Шопен, бірде және бір данышпандардың әуені естілді. О-о, тұп-тура канализацияға көз көрінбес биіктен қандай да бір әуен төгілуде. Ол урбанистік өркениеттің осыншалықты өзіндік қызметін ешбір түсіне алмады. Өйткені, музыка –бұл Құдайға барар жол, рух галактикасы. Ал бұған қарасаңшы, не істеген! Ех, ол бұрынғы кеңестік жүйені өкінішпен еске алды, отельде “Арыз- шағым және ұсыныстар” кітабы болар ма еді, онда ол бұларға, бес жұлдыздың әкімдеріне көрсетер еді! Жартылай жертөледен холлға көтеріліп, ол тілі күрмеле сөйлесе де, кейінірек өзін-өзі жұбатып, “қалайша күрмелсе, солай аузы жабылып”, империалистік Батыспен күрес жүргізу үшін мәскеулік жоғарғы комсомол курстарында оқыған жылдары игерген, ағылшынша емін-еркін сөйлеп, әуенді қорлаудың дәретханалық жайын айтпақшы болғанымен, тиісті жауабын алды: егер де сізге бұл дәретхана ұнамаса, басқасына барыңыз деген...
Музыкаға арбалған ол кезде, әрине, әзіл-шыны аралас ұялмай-ақ айтатын, егер де, бала жастан ол музыкалық оқуға барғанда, ауыл аттарын тауда қуып жүрмегенде, сөзсіз сазгер болар еді, өйткені, ол жан-тәнімен, ішкі түйсігімен әуен шығарады, бірақ тек өзі үшін ғана.
Сондықтан баспасөзде музыканы аялаушы және театр сыншысы болу ғана бұйырған-ды, бұны ол ұнататын. Алайда, мұнда да, қармақққа ілінетін...
Мүмкін, шарапты ішкендіктен бе (“Евразияда” шарап керемет, француздық болатын, сондықтан мейрамханаға бас сұғу, алғаш рет емес, оған тиынға түседі) және азырақ қызғандықтан ба, орайы болмаса да, қапамен және бойын жиған халде есіне түсірді, бір жазғыш неме, жергілікті жазбагер, тіпті оны шоумен деп те атайтын, қазірде ондайлар жаңбырдан соңғы саңырауқұлақтай көбейіп кеткен ғой, былайша айтқанда, бұның қақпасына бір гол салды, сондағысы, бұның музыка және музыкалық мәдениет туралы әлдебір сұхбатындағы айтқан сөздеріне иек артыпты: “Мінеки, осылайша қайта құрудың адасқан тырнасы- біздің музыкаға табынушы Арсен Саманчин бір топ болып Горбачевпен бірге ұшты. Және де барлығын қазірде көзден жоғалған, нарық жүгін тарта алмаған өзінің “Руханият” газетіне, социализмді рухани жаңғыртуға шақырады. Енді, мінеки, Горбачев те, оның тобы да жоқ, ал ол, адасқан тырна секілді рух бостандығы, музыка туралы әлі де тыраулап жүр: музыка Ғарыштың ең жоғарғы бостандығы мен сұлулығы деп”, ал біздерге тек осы ғана керек, жарайсың! Егер де музыка рух бостандығының және ұлан-ғайыр бостандықтың жоғарғы көрінісі болса, онда дүние де болуы мүмкін емес, сондықтан, әрбіріміз оны қалай ойласа, солай пайдалануға ерікті, ат үстінде шапқысы келе ме, қамшыға басқысы келе ме, мейлі найзағай күркіресін, баршаны бір шаңырақ аясына жинаймыз, сөйтіп, жүр, жүр, жүр, билейміз, ән саламыз, шаттанамыз және әлемдік ең жоғарғы деңгейде ұйқыға бөккен халде секске түсеміз... Мінеки, музыкадан бізге не қажет! Құдайлық және секс-базардың синтезі, тосабы. Ендігіде біздер музыканы басқарамыз, көбейтеміз, альбомдарды, дискілерді таратамыз, ақшаларды да айналдырудамыз, біздер былайша айтқанда, жамбасы жер иіскемейтін жаңа ұрпақпыз, жаңа ұрпақ болған жақсы, аянышты адамшыл болғаннан гөрі және де біздерді ешнәрсе тоқтата алмайды. Шоу- эстраданың бұқаралығы сондай бір қасиетті құндылықтардың, классик-млассиктердің, фольклор – мольклордың бәрінен де жоғары. Өздерің ысылдай беріңдер! Ал біздер электронды-бизнес шаманизмі қолымызға дөп келеді! Көкке ұмтылған, елірген шақтағы жүз мыңдаған қолдар, ақылдан ада жанған көздер, дүрсіл қаққан, жанартаудай атқылаған әуен және дүлей жел соққан ормандай тербетілген аспан, мінеки, іс-әрекеттегі бостандық дегеніміз осы. Жаса, электронды әлемдік музыкалық революция! Қажет болса, біздер ауа райын да өзгертеміз! Мінеки, көрдің бе, антұрғанды! ”
Осынау шектен тыс ойдан құрастырылғандардың барлығын еске түсірудің мәнісі неде? Қапалана және бір ұрттады, өзіне шарапты құйғысы келіп еді, бірақ осы уақытта стол жанына мейрамхана қызметшілерінің бірі жақындады. Даяшы емес, түр-тұлғасы салмақты, жуан мойнында евро қызмет көрсетуде талап етілетіндей сұр галстук-көбелек, үлкен көзілдірікті. Директордың өзі екен.
- Кешіріңіз, сіз Арсен Саманчинсіз бе? - деді ол Саманчиннің алдына өзінің “Евразия”эмблемасы бар визит картасын қойып.
- Ия!- дағдысынша сергек жауап қатты Арсен. - Мен Арсен Саманчин, сіз қателеспедіңіз. Ал сіз “Евразияның” шеф- директоры екенсіз?- деді де орнынан тұрып, қол алысу үшін қолын созып, әзілдей сөзін жалғастырды. - Яғни, тұтас Евразия континентінің шефісіз, ә?
Солай! – деп жауап берді ол қисаңдап. Арсен Саманчин осы орайда өзінше оған іштей “Солай мырза!” деп айдар тақты.
Ал Солай мырза қол алысып болған соң, сенімді түрде орындықты кері итере жайғасты, бәлкім, бір нәрсе жайлы салиқалы сөйлескісі келгендей, өйткені, ауыр қалыптағы көзілдіріктерін сүрте бастады.
Шеф–директор Солайдың күтпеген жағдайда келгеніне біршама таңқалған Арсен Саманчин соған қарамастан сөзін сәлемдесу мәнерімен жалғастыра берді:
-Құрметті шеф – директор, рұқсат етіңіз, кейсті шетке алайын, сізге кедергі келтірмесін. Сіздерде мұнда “Евразияда” керемет, тамаша, сүйсініп отырмын, мен кей-кейде осында сирек те болса келемін, бірақ...
Білемін, білемін, - деді ол, бірақ әңгімені өз дегеніне бағыттай алмады.
Мінеки, отырмын және сүйсінемін, - деді Арсен Саманчин жан – жағына сергек қарап. – Қараңызшы, келушілер қаншама, ал әйелдер қандай сұлу! – оның тілі сәл – пәл күрмелді, қанша дегенмен, азырақ ішкендігі байқалды. – Ал әйелдерсіз, өзіңіз түсінесіз, мейрамхана мейрамхана емес, бірақ сұхбаттасы оның мысқылын ұға алмады, – ия, мейрамхана мейрамхана емес, театр театр емес, базар базар емес. Балконда жоғарырақ отырғысы келгендер үшін тағы да орындар бар. Мінеки оркестр де бейімделе бастады! Енді басталады. Музыканы күтемін! Сол үшін де келдім. Ал люстралары қандай! Итальяндық дейді ғой айтушылар?
Солай мырза басын изеді.
Иә солай, итальяндық, - деді де түсінуге ишарат білдіре, ескерткен қимылмен, доғара тұрыңыз, маған да бірер нәрсе айту қажет дегендей, қолын шұғыл көтерді: Мен сізге жайдан – жай келген жоқпын, мынаны... – деді де сөзін аяқтамай тұншығып қалды.
Ия, бұл тамаша!–деп Арсен Саманчин өзінің әлі де ұмытылмағанын, оны әлі де көпшілік орындарда, тіпті мынадай ірі менеджерлердің өзі танитындығына көңілі масайып лағып кетті: - Ал мінеки, ішіп қоялық, - деді ол шынайы ұсыныспен, сұхбаттасының жалпақ бетіне жайдары көзбен қарап. – Айтқан жөн, сіздерде шарап керемет, өте жақсы! Кәнеки, мен сізге құяйын және тағы да тапсырыс беремін.
Жоқ, жоқ! – Солай мырза бөтелке көтерген оның қолынан ұстай алды. – Мен ол үшін емес. Қызмет бабымен. Ия, сізді көпшілік біледі, сіз белгілі адамсыз, бірақ бұл туралы қалай болғанда да басқа кезде. Мен сізге басқа мәселе бойынша. Жағдай, сіз білесіз бе... Бүгін бізде өте үлкен іс шара өтеді. Шет елдік демеушілер үшін кешкі ас, ақсулық алтын өндіру бойынша канадалық бірлескен кәсіпорын, халықаралық деңгейдегі алтын өңдеу жөніндегі жергілікті әріптестер де келеді, олар шақырушылар. Үлкен адамдар күзеттерімен бірге болады, әрине, түсінікті, әйелдерімен. Концерт... Бірақ мәселе онда емес. Жауырды жаба тоқымайын, жаңа ғана қоңырау шалды, нұсқау түсті, Арсен Саманчин бүгін залда қатыспасын деген. Солай деп айтылды. “ Талап осындай!”
Тоқта! Тоқта! Кім ол соншалықты маған қамқор бола қалған? – деді Арсен Саманчин оттай жанып. – Кімге осындай талап қажет және қандай құқы бар...
Мен өзіме тиесіліні ғана айттым! – деді оның сөзін бөлген Солай мырза беті алаулап, мәселеге егжей – тегжей берілмей. – Ал не жөнінде кім қамқор, менің ісім емес. Жоғарыдан айтылды! – деді ол басын жоғары сілкіп, төбедегі жарқыраған люстраларға қарай. – Ал мен орындаушымын, сондықтан мейрамхананы жақсылықпен тастап шығу керек сөзді шығын етпей және де неғұрлым тез болса, соғұрлым жақсы. Болыңыз, тап қазір көтеріліңіз, сонымен гәп тәмам. Талап солай.
Яғни талап қалай? Қалай түсінуге болады? – деп Саманчин үн қатқаны сол еді, тұншыға, сұрқай тартқан ернін қатты қысып. Әрине, ол бей – берекет айқай шығара алар еді, осынау бет әлпеті даладай Солай мырзаның көзі маңдайына шаншылар еді, столды әкесін таныта аударып, тұмсыққа салса, шіркін, у–шу көтеріп, өз абыройы мен намысын аяққа таптағанына қарсы наразылық мәлімдесе, оның құқығын қорлап, қысым көрсеткеніне тойтарыс берсе болар еді, бірақ қазірде оған мұршасы болмады. Лезде ойын нұрландырған болжаммен ол өзіндегі сезім тасқынын басты, бірақ өзін - өзі ұстай білудің салтынан емес, түйсінгеннен, бейнебір оны нокаутқа жібергендей, бейнебір өз алдында ағаш шорт сынып құлағандай және аяғы астындағы топырақ та күңірене жылжығандай болды, өйткені, ол түйсігімен сезінген–ді, санасының бір қалтарысындағы оның ішкі музыкалық ойлау әлемінде үн қатқан романтикалық ағын өмір сүрді, кей-кейде ол армандауды жаны сүйетін, бұның бәрінің қас–қағым сәтте тас-талқаны шықты, сол ағаш секілді барлық қажеттігінен, өзінің өзбетінше өмір сүру еркіндігінен айрылды. Және де ол өзіндегі осынау сұрапыл апатты бір ғана ой жүзеге асырды: “ Шынымен де сол ма? Шынымен – ақ, ол осыған барды ма?” Өзінің болжамына сенбей, ол сахнаға көз тастады, ол әлі де сахнада жоқ еді,бірақ оркестр оның шығуын күтіп, әлдебір ұсақ–түйек әуендерден папури ойнады. Ол қалтасынан мобильді телефонын суырып, оны шығарып, нөмерін тере бастады. Саусақтары қалтырады. Даусы да дірілдер деп қорыққанын қаламады. Сонда да бұны Солай мырза көрсін дегенмен, тығылар жер таппады. Оның телефонымен байланыс жалғаспады, бұл жөнінде бірнеше дыбыстар гуілінен соң, өзгертілген дауыспен оның өзі хабарлады: “Мен – Айдана Самарова. Телефон уақытша қосылмаған және байланыс жоқ”, тағы да бос дыбыстар гуілі.
Жауап бермей ме?- деді мысқылдай қасын көтеріп қызыққан Солай мырза.
Саманчин үндемеді. Солай мырза нақтылай кімді айтқысы келді? Кім жауап бермейді? Болжады ма? Білді ме? Немесе дәл ме? Анықтағысы келмеді. Кемсіткісі келмеді. Және де мәселе жалпы алғанда басқада: қалай болу керектігін шешу керек. Орнынан тұрып, осы арадан ұзақтап кету, сөйтіп, нүктесін қою немесе түсініктеме талап ету үшін, нұсқау кімнен келіп түсті және неге ол, мейрамхананың шеф-директоры, соншама ынта танытып, шын мәнінде, сындырушыға айналғанын білу керек еді.
Ал, енді не? –Солай мырза жауап күткендей дауыс шығарды. – Тұрамыз ба? Шығар есікке дейін ертіп шығара алам...
Жоқ- жоқ, бұның дәл қазір қажеті жоқ, - Арсен Саманчин бас тартты. – Жолды мен өзім білемін, - ол ашумен кейсті тарс жапты.
Ал, не делік! Ақылды тірлік. Айтқандай, кешкі асқа төлеудің қажеті жоқ. Бұны біз өз мойнымызға аламыз, - деді жалпақ бетті Солай мырза сөзін жалғап.
Осы кезде Арсен Саманчин бұрқан- талқан болды, дәл осыны күтіп, өзінің бүкіл запыранын түгелдей ақтарды.
Сен немене?!- зығырданы қайнап ол Солайдың бетіне қадалды, “сізден” “сенге” ерекше көңіл аудара көшіп. - Сен мені кім деп ойлайсың? Мен не, саған көшеден қайыр сұрап келдім бе? Құрығын сен, білесің бе, қайда? Мен сенің мейрамханаңа, сенің өзіңе де түкірдім. Шақыр, тезірек даяшыны, ең алдымен, осы жерден кетерде тиынына дейін есептесейін. Бар, кет! Болды!
Мейлі, өзің біл! Тірлік өзіңдікі. Даяшы қазір келеді. Ал кейін, қалай айтылғандай болсын! – Солай мырза ескертіп, орнынан баяу көтерілді және қызарған өгіз мойнымен жан – жағына қарамай кетті...
Және де осы кезде Арсен Саманчин кешіруге болмайтын қателікке, нақұрыстыққа жол берді, ұсақталды, сөйтіп, жанжалды тереңдетті.
Ей, сен! – Солайға үн қатты, ол кейін бұрылғанда, ашумен бетіне баса сөйледі: - Сен ойлама, мені желкелеп қуып шықтым деп! Мен бұны осылайша қалдырмаймын! Менде де өзімнің қорым бар. Мен журналистпін, тәуелсіз журналистпін! Есте сақта!
Мұнда не бар есте сақтайтын? Тапқан екенсің ойланатынды. Түкірдім мен, кімсің сен? Сенен ендігіде әйелдер де қашқақтайды, жан–жаққа тырапайлап.
Ал сенің не ісің бар?
Ісім бар. Өз қоқысыңды біл. Журналистер қазір–қорадағы шошқа секілді: қалай жемдесең солай қорсылдайды, газеттегісі де, теледидардағысы да. Тапқан екенсің мені! Егер де сен бес минөттен кейін бұл жерден табаныңды жалтыратпасаң, өзіңе өкпелеме, жексұрын... Бізде күш бар. Болды! Басқа сөз жоқ!
Осымен, Солай мырза ашумен өзгерген бетіндегі көзілдірігін батыл түрде жұлып ұзай берді, “тәуелсіз журналистің” қатқан үніне ендігіде бұрылмастан да.
Осы оқиғаның жалғасы өзі үшін қандай болатындығын Арсен Саманчин білді ме екен?
Даяшы келді:
Кешіріңіз, өтінемін, мінеки, сіздің есебіңіз!
Бірақ әлі де ашу–ызадан өзіне-өзі келе алмаған Арсен Саманчин тәрелкені есеппен біргелікте шетке қарай ысырды:
Алдымен маған арақ әкел!
Арақ па?
Ия, арақ. Түсіндің бе, арақ!
Қазір әкелемін. Қанша?
Қаншасын көтере аласың? Тез!
Жарайды!
Даяшы буфетке қарай жүгіре аяқ басты. Қан қызуымен Арсен Саманчин жан – жағына көз тікті:
Ешкімге оның бар жоғы қызықтырмады. Мейрамхана өзінің кешкі өмірімен тіршілік жасап жатты. Халық жиналып қалған–ды, балконда да жетіп, артылды. Түгелдей сөйлескен жандар, күлкі, бокалдардың сыңғыры, көпшіліктің гуілі. Және музыка да залдың көңіл–күйіне үйлесіп, қабырғада жүгірген жарық сәулелер жанды жадыратып сергітті. Тек қана оның жеке басы осы жиында аластатылған еді. Бас айналды және жүрек ауыр салмақтан бүгінгі күнге есептелген нәрсенің жүзеге аспайтындығын түсінгендіктен кеудесін қысты. Егерде түгелдей білсе, мұндай қитұрқылық қайдан шықты, одан, Айданадан ба, әлде оның жаңа шашбау көтерушілерінен бе? Егерде ондай болса, онда қалайша ол бұны жауларына ұстап берді, олардың жеке істеріне араласуға қолғабыс жасады, бұдан соң, ол кім? Қандай мақұлық! Және неге? Соншама не бүлініпті, оны желкелеп қуатындай? Ия, қандай да бір жағдай болған–ды. Бұл жуырдағы жәйт еді, соңғы уақыттарда олардың өзара қарым–қатынастарында орын алған, кездесулер арасында ұзаққа созыла бастаған іркілістер пайда болған шақта, Айдананың бұнымен кездесуге бастартқан кезінде болатын. Сонда ол осылайша мұнда келіп, қолынан кейсті шығармай, эстрада жанында тақала тұрған–ды, бүкіл кеш бойы, оған қадала қарап, қатты да қалды. Ол оған айқайлағысы келді: ей, жылтырақ қағазға оралған әйел- құдай, есіңді жи, сенің бейнеңде сахнада дүниеге келген Мәңгілік қалыңдықты шынында да, жерге тапсырып үлгергенсің бе? Шынымен–ақ, сен оны тобыр алдындағы биге сатып кеттің бе? Жоқ, әлде сен құтырғансың ба? Және тағы да оның бойында адамды тірідей өлтірерлік, масқара етерлік ойлар пісіп жетілген–ді, бірақ ол бір сөзін де босқа сарп еткізбеді... Тек қана тұрып, қараумен болды, ал кейс ішінде мылқаулықтың аманатындай ұлы туынды, бұған ол сенімді–еді, өз сағатын күткен қолжазба қатталып жатқан–ды. Бірақ сол сағат қашан тумақ? Және кімнің кімде не ісі бар? Тек Айданаға... Ал музыка сол уақыттарда, әдеттегідей, эстрадада шырқалып жатты, барабан дүрсілімен біргелікте әнші ән айтып сайрады, эротикалық дене қозғалысына ұжымдық эротикалық қозу құйыны қосылғанда көпшілік есінен танды және оны көздерімен ішіп–жеп, сезім биігі деңгейінде қол шапалақтап, ысқырып көпке дейін жібермеді, ал ол сахна жанында тұрып қапаланды, осынау темір–терсекті музыкаға қызмет көрсетіп, дауысы және денесімен тер төккеніне қараумен болды. Бірнеше рет олардың жанарлары қауышты, бейнебір сол ессіздік құйынындағы найзағайдай. Айдана мән–жайды түсінген-ді.
Және мінеки, жаңа айналым. Дәл солай басталған –ды, бірақ осы ретте оны дәл сол кейсімен, дәл сонда жатқан ұлы туындысымен бірге залдан қуып жатты... Және де ол бағынуы қажет болатын.
Даяшы ас салғыштағы арақ бөтелкесімен оралды.
Мархабат. Сізге құяйын ба? Бокалға ма, әлде стаканға ма?
Стаканға.
Қанша?
Толтырып.
Және де ол оны өртенген түпсіз шыңырауға құйғандай, тола стакан арақты төңкеріп салды. Есі шықты, шашалды. Ол өзін өртеп жібергісі келді.
Менен қанша? – деді ол қатаң үнмен есепті қарап, дәл солай қатаң түрде (тиынына дейін) даяшыны таңқалдырып есептесті және де бір стакан арақтың өзіне қаншалықты тигенін көрсеткісі келмей, бойын түп–түзу ұстап, қатқан иығын тіктеп, сіңірлі мойнын соза, үнсіз көзден тайды. Киімін шешкен орнынан ол шляпасын алды және дәл сондай қатаң түрімен басына киді. Ол қыста да, жазда да шляпамен жүруді ұнататын. Айдана оны Шляпник деп бостан–босқа атамаған-ды. Ол сыртқа шыға берісте–ақ, эстрададан жеткен оның, Айдана Самарованың дауысын есітті. Бүкіл мейрамхана біріге, дуылдата, қол шапалақтады, көптен күткендері орындалды: ару келді! Алғашқы шаттыққа бөленген дауыстар шықты: “ Ай – да – на! Ай –да – на!”. Бірақ Арсен Саманчин кері бұрылып қараған жоқ, тек қана адымын баяулатты және де мастық толқынын қиындықпен басып, ойлануға ғана мұршасы келді: мінеки, сүйіне бер, көрнекі құралдың нақ өзі, жарнама мен сәннің ең ұшар биігі. Осы жарқырауық үшін бүкіл инфрақұрылым жұмыс жасайды, тірі қалу үшін бәсекеге тән жарыс өтуде. Атақ, даңқ, көпшілікке танымал болу–бұның барлығы түптің түбінде ақшаны күзде саудырап түскен жапырақтардай жинап алу үшін ғана. Ол тіпті күлкілі жүзбен міңгірледі: “ Ал ақшасыз өмір өте жаман, мүлдем жарамас тірлік. Ой – хой!” Және де ол өз аяғымен жерді тақылдатқысы, бар даусымен күлкісі, билей жөнелгісі келді... Бірақ тоқтамға келді. Және де оның жылағысы келді. Соншалықты өкірсе, бұны аспан есітіп, тұншықса. Алайда істің соңын күтті, бір жаққа жасырыну қажет-ті, әлдебір қиямет тірлік жасап қалмау үшін лезде көзден таса болу керек, мәңгі жоғалу қажет, әлі де кеш емес деп.
“Сүю және өлтіру! Бұндай болу мүмкін бе? Ия, сен мастықпен айтып тұрсың! Жоқ, мастықпен емес,-ол өзіне-өзі жауап бере, өз ойынан суынды...- Сүю және өлтіру...”
Ол кетіп бара жатты, ал басында ой шырмала берді: молада да ұмытпаймын, кешірмеймін...
ІІІ
Жалғанның жарығында кімге не жазылған. Мінеки, дәл осының өзі кімге және не үшін қажет. Және де бұл қашанда да солай болған. Және де ешкім бұдан бас тарта алмайды... Тағдырдың жазғанын күтуде тіршіліктің күндері молығады және азаяды. Ал күту соңғы күнге дейін, соңғы сағатқа шейін созыла береді...
Бірақ, мінеки, әлдеқайдан жел тұрды, бұл тағдыр өзі қарауылдап, сол сағатта жер – жерлердегілердің барлығын назарға алуға, осы дүниенің және адамдардың жан дүниесі мен ойларын және іс-әрекеттерін өз дегеніне көндіруге асықты. Және тағы да тағдыр өзінің кезек күттірмес істерінің жолына жармасты және әрқашандағыдай ұзақтағы ойын көздегеніндей, кенеттен келетін жағдайларды қалтарыста әзірлеп жатты, олар дәл сондай шұғыл қимылмен дүниені кезу жәйттерін алдын – ала белгіледі, кімге өзі арқылы сол тағдыр бұйрығын тану және өзінің қарбалас күндерін бастан кешу жазылғанын білу үшін, еріксіз халде әрдайым көкке қарап, әлі де сол сауалдарға жауап іздейді: не болады? неліктен? және қалай болу керек дегендей?...
Бірақ зеңгір аспан сыбырлағанды да, айқайды да естімейді...
Тіпті, таудағы жабайы аң–ол да ыңырана, күңіренген даусымен аспанға тұмсығын көтерді, айды да тыншытпады, ай одан бірде бұлт арасына, бірде қар басқан шыңдарға тығылды, себебі барлық жерді түгел қамтыған тағдырдан қашып құтылмаған еді және оған да, тау барысына тағдыр әлдебір нәрсені алдын – ала әзірлеп қойған–ды...
Ұрғашы үшін айқаста жеңіліске ұшыраған, ұрпақ жалғастығына қатысу құқынан айырылған, аластатылған Жолбарыс сол кезде ауыр да аянышты тіршілік етті, бұдан басқа күрделене түссе де, ол ішкі түйсікпен әлі де қарсыласты, әлі де түпкілікті мойынсұнбады, әлі де ежелгі күш– қуатының оралуын аңсады және де бәріне қарамастан, кей–кейде қызбаланды. Бұрынғы уақыттағыдай, әлдебір ұрғашы барысқа жақындасқысы келді, алайда олардың бәрі де ендігіде үлестіріліп, телінген – ді және де оның тән қозуына ешбір жауап болмады. Бәсекелесіне атылған, сөйтіп, оны тұншықтырып немесе өзінің дүниеде бар екендігін жай ғана көрсеткісі келген сәттер кездесті, бірақ айқас әдеттегідей тепе–тең аяқталатын. Шын мәнінде, қиял үміттері бекерге саятын, мүлдем ол болмағандай, тұқымдастары да оны ескермейтін. Үлкен олжа кезінде жан – жақтан ұмтылған барыстар тобынан ұзағырақ жерде дәметіп, бір шетте жүруіне тура келді. Ал өзін-өзі ұстау оңайға тимейтін, адам айтқысыз шыдамдылық талап етілді, үлкен күшті қажет ететін, тіпті, өзгелердің олжаны қомағайлана асаған қалдықтарын күту үшін тұла бойды шымырлатқан салқынқандылықты сақтауға тиіс еді. Оның өмірдегі аянышты үлесі ендігіде осылай болатын, алайда сырттай қарағанда ол бұрынғысынша айшықты көрінетін, ірі басты, қабағы астындағы шаршаңқы болса да, сәулесі жарқылдаған көздері, толқынданған жалы мен көбінесе жұмсақ иілген жарасымды құйрығы Жолбарыстың әлі де реті келгенде өзін-өзі игере алатындығының белгісі еді.
Тек қана тұқымдастарының бұған ешбір шаруасы болмады. Жыртқыштардың маусымдық жұптары шағылысу мезгілінде ғана оған айбарлана қарайтын және бейнебір ол бір нәрсеге кінәлідей шеттеуге ұмтылатын, ал бұрынғы ұрғашы барыс оны жалпы мойындамайтын да еді, көрер көзге мекіренген, жаңадан тапқан қамқоршысымен бүйірме–бүйір жанасып, бейнебір Жолбарысты жүрген бір көлеңке дегендей, жанынан өте шығатын. Және де мұндай қорлыққа күні кеше ғана мәңгі қар басқан Тянь – Шань тауының маңы мен қойнауларын мекендеген өз тұқымдастары арасында көш бастаушы Жолбарыстың шыдауына тура келді. Топ–топ болып өмір кешетін тірліктен шеттетілген ол жаманды–жақсылы түрлі борсық, сарытышқан секілді ұсақ мақұлықтарды аулаумен күн өткерді, қояндар да кездесетін. Жолбарыс аштықтан жалпы алғанда, оншалықты жапа шекпеді, әрине, әдеттегідей күн сайын дерлік құлататын жабайы қос тұяқтылардың етін асап жегеннен тайынбады. Сәттілік, бұл да одан бетін кері бұрды.
Алайда оның қарсыласуға деген еркі түгесілмеді, жеке басы иілмей өткен ол тізерлеп өмір сүруге мәжбүр болған бейшаралықты мойынсұнған жоқ. Бәріне қарсыласқан халде шындықты қабылдамаудың стихиялық бой көтеруі тұла бойында бұрқ-сарқ қайнады, түйсігінің тереңінде оның аңға тән қарсылығы өрши түсті, баршаға кесекөлденең осы жерді мүмкіндігінше тезірек тастап кетуге деген ынтыққан, ол үшін қаскөй болған бұл таулар мен қойнаулардан мәңгі оралмастай, қайда болса сонда емес, реті келсе қайтадан бой көрсетіп, жерге емес асудың арғы жағына, өзге әлемге ұзап кеткісі келді. Ол ендігі ретте жан-жануар бұрын мекен етпеген, тек сирегірек қана аяғы тиген, жазғы шақта және онда да бірер күндерге ғана өмір сүру мүмкін болатын, өте биікте ұшатын қанаттылар үшін де бас айналатын Үзеңгілес жоталарының арасындағы биік жазыққа кеткісі келді. Мінеки, ұдайы түрде іштен ұмтылдырған өкініш қайда жетеледі, зарықтырған өкініш қайда апарды десеңізші. Бағзы бірде ол сонда жазғы кезде сайран салған еді, бірақ қазірде оның трагедиясы нақ осында–ды, бұрын жете алған жердің жеткізбеуі күйіндірді...
Достарыңызбен бөлісу: |