Арсен, сен үшін ән салсам, нені қалар ең?
Қазір ме?
Жоқ. Басқа бір концертте, симфониялық оркестрмен біргелікте. Сен залда боласың, ал мен жеке сен үшін сахнадан ән айтамын. Сен нені қалар ең? Итальянша бірер ән бе?
Ия, Айа, сенің репертуарыңдағылардың көбін таңдар ем. Итальянша, испанша – бұл түсінікті. Бірақ қалауымның ең үлкенін білесің бе? Менің есім ауысқан ғой, Айа, мен әйел жайлы күнәлі ой кешулерге берілетін монах секілді көптен бері ішке жасырып армандаушы ем, ол сенің орындауындағы Мәңгілік қалыңдықтың ариясын тыңдау.
Мәңгілік қалыңдықтың ариясын ба? – деп таңданды ол. - Білесің бе, бұл аңызды мен құлағымның ұшымен ғана есіткен ем, бірақ опера үшін музыка, либретто, өзге де көптеген нәрселер керек қой... Сен шынында да, әйел туралы арман еткен монах – күнәкар секілдісің!
Ия, арманға келіп–кетер қауіп жоқ, бірақ сол арманға тағдыр бетін бұрды...
Сол сәттерде олардың көздері жетті ме, жоқ па, қазірше ойластыру деңгейінде болса да, болашақтағы “Мәңгілік қалыңдық”қойылымына жол ашылған–ды. Арсен Саманчин өзінде көптен бері пісіп-жетілген идея жөнінде оған алғаш рет айту үшін тек осы минөтті күткен сыңайлы. Сол үшін де оларды тағдыр сол сағатта, сол жайда бас қостырған жоқ па екен?
* * *
Ал егер де гәп тағдыр туралы болса, онда Арсен Саманчинге өзі үшін тағдырлы сәтте осы тарихтың күресінінде ешқашан да және ойына бұрын кіріп–шықпаған қатерлі ой-өлтіру ниеті жуырда пайда болғанын қайдан білсін. Және де ол жардың шетін ойқастап, кері шегінбестігін. Және де өзгелерге тым оңай, ал өзі үшін тым тұйық бір ғана шаруаның қамын жеп күндіз–түні дегбірінен адасатынын : ойға алғанда жүзеге асыру үшін қаруды қалай табу керек?..
* * *
Және де тағдыр туралы. Жолбарыс сол сәтте әлі де Үзеңгілес асуында еді және де баз – баяғысынша тағдырдан үмітті еді, мүмкін оған кенеттен көмек көрсетіліп, асудан асар, сөйтіп, диуана тіршілкке көшер.
Алдарында не күтіп тұрғанын ешкім де, адам да, аң да алдын-ала білмес–ті. Және де олардың тағдыры арасында ешқандай дәнекер боларлық себеп-салдар да жоқ секілді, бірақ бір–бірі жөнінде бейтаныс болған адам мен аң жалғыз ғана тағдырдың назарына түсіп, барша жағдай олардың ғұмырлық иірімінің аясында толықсып жатты. Ғаламда не болмайды.
Айталық, сол түні екеуі Хайдельберг паркіне келгенде, өзара сөйлескенде, бір–біріне ынтызар болып, өзара жақындасып, мейілінше түсініскенде мифологиялық Мәңгілік қалыңдықтың келуі мүмкін бе? Махаббат дүниесінің есігін ашқан сәтте қос ғашықты жалын оты орағанда даңқты тұлғаның махаббат трагедиясы болмыстың шынайы әлемінде қайта жаңғыруы мүмкін бе? Арсен Саманчин мұндай қайта жаңғыру мүмкіндігін былайша айтқанда, теріске шығармады, өйткені, көп нәрсе көңіл – күйге, бір–біріне ғашық болған жандардың айналадағы дүниеге өздерінің бақытын сый етіп әзірлеуіне байланысты.
Мәңгілік қалыңдық туралы аңызды өзінің Айасына әңгімелеген кезде Арсенді де рухтандырған осы жайт еді.
Мен балалық шақтан бастап білемін және сенемін, біздің жақта, Үзеңгілес тауын осы күнге шейін мәңгілік қалыңдық кезіп жүреді. Сенбейсің бе?
Сенемін, сенемін! – Айдана жайдарылана үн қатты, алақанымен оңың мойнына қолын тигізер–тигізбес жай ғана жымия. – Мен сені тыңдауды ұнатамын, сен бейнебір мені еркелеткендейсің. Қарашы, Арсен, айнала қандай ғажайып. Түн, ай сондай жап–жарық, жарқыраған шамдар құдды бір ертегідей. Және де біз екеуіміз, өзге ешкім жоқ. Және де парктегі құстар сілтідей тына қалған. Әңгімеңді жалғастыра бер.
Жақсы. Жарайды, құстар үн қатпасын, бірақ мен бар ғой, Мәңгілік қалыңдық туралы сөз болғанда тыныштала алмаймын. Әртүрлі ойлауға болады, бұл миф пе немесе тағы да басқа ма, бірақ мен үшін бұл миф емес, Айа! Әрине, болады, әлдебір тым ұзақта, тауда, оны әп–сәтте көре аласың және лезде сол жерден ол ғайып болады. Ол жайлы ауыздан – ауызға көшкен аңыз біздің өлкеде ежелден бар және бәрі де оның әлдеқайда тау үшін кезіп жүретіндігіне, жоғалған күйеу баланы сарғая іздейтіндігіне, соңында алып қашушылар қуғыны бар екендігіне сенімдері зор. Ал оның сүйген жары, жолы болғыш жас аңшы із–түссіз жоғалған. Жаулары оны үңгірге тығып қойған ба, әлде оны сөйлеу құдіретінен айырған ба, кім білсін? Мұнда, қашандағыдай адамдар қитұрғысы тарихының табы сезіледі, аярлық жасау және билікке ұмтылу. Барша уақыттарда осылай болған.
Білесің бе, біздің тау жақта мынадай дәстүр болған, әрбір жаз кезінде толықсыған айлы түнде Мәңгілік қалыңдықты іздеп қайғы шеккендер биік тауда бас қосып, оған ұзақтан көрінуі үшін от жағады. Ал бақсылар барабан соғып, билейді, оның және жоғалған күйеу баланың есімдерін атап, үн қатады, олар оны отқа жақындауға шақырады. Және де әйелдер от төңірегінде дауыстап зарланады. Және де бұл болған дейді, ол әлдебір көлеңкелі тұста көрініп, иіліп, зым – зия жоғалады деп айтады. Жүр, және бір рет барға бас сұқпаймыз ба? Азырақ вискиден көрелік?
Біздер онда болғанбыз. Және де сен сәл–пәл қызусың. Қажеті шамалы, Арсен. Менің оған, Мәңгілік қалыңдыққа жаным ашиды, сол үшін ғана біз мұнда келген секілдіміз.
Мүмкін, сондай да шығар. Сондықтан да мен саған осы тарихты әңгімелегім келеді. Мәңгілік қалыңдық үшін отты қытайлар тарапында да жағады. Үзеңгілес асуынан кейін шекара өтеді және де сол жақта ежелден бері бізге туыс қырғыз тайпалары мекендейді, бірақ біздер мүлдем дерлік араласпаймыз, асу арқылы өтетін жол тек жазда ғана ашылады, онда да қолайлы болса. Енді мінеки, жыл бұрын мен сол жаққа журналистік тірлікпен бардым. Ұшақпен Үргеніш арқылы, кейін автомобильмен. Түрлі кездесулер болды, газет үшін қызықты материал табылды, бірақ мен ол жөнінде емес, әңгіме басқада, сол жақта да, қытайлар тарапында тауда, жергілікті қырғыздар Мәңгілік қалыңдық туралы білетіндігін есіткенімде қатты таң қалдым және де олардың салты да дәл сондай, жазда ай толғанда от жағады және Мәңгілік қалыңдыққа көмек көрсету үшін аруақтарды шақырады. Бірақ қытайлық қырғыздарда бір қызық ерекшелік бар. Олардың салты бойынша, екі сұлу бойжеткен, егер де Мәңгілік қалыңдықтың кәдесіне жараса деп, оттың жанында ерттелген атты даяр күйде ұстап тұрады.
Және де осы арада Айдана әзілдей жөнелді:
Ал не болыпты, егер де осы жерде, хайдельбергтік жотада Мәңгілік қалыңдыққа арнап от жақса? Кіріселік, Арсен!
Неге болмасын? – деп күлді Арсен Саманчин. – Ертерек ойланғанда болар еді. Ағаш отын табу керек. Және де бақсыларды қайдан аларсың? Ал қалайсың ба, мен өзім бақсылық жасайын?
Бақсылықты азаматтық көйлекпен бе, ә! – деп шаттанды Айдана. –Керемет! Сенен жақсы бақсы шығар еді. Тек енді басқа ретте, мақұл ма. Өйткені, қала көшелері үстіндегі төбеде от жағу халықаралық айғай–шуды шығаруы мүмкін.
Сен дұрыс айтасың! Бүкіл Европаға атың танылуы мүмкін, - деп Арсен Саманчин оны иығынан құшақтай, басын шайқап күлді. – Бұл парк қандай жақсы! Мен сені зеріктірген жоқпын ба, Айа!
Неге дерің бар ма, Мәңгілік қалыңдық бізбен бірге болғандықтан мен рахаттанамын және бақыттымын.
Рахмет. Онда, тыңда. Біздің тау жақта күші мен алғырлығы орасан зор жас аңшы өмір сүріпті! Ол тау ешкісінің соңынан қуып жете алады екен. Қасқырлар мен барыстың терілерін сыпырып алады екен. Өзінің олжасымен маңайындағы көптеген отбасыларды асырапты. Халық арасында оны өте қадірлепті және де ол көсем, би болады деп болжапты. Бірде ол туған – туыстарымен көрші өңірдегі тойға аттаныпты және де сол жақта сұлу бойжеткенді көріпті. Олар бірін–бірі сүйіп қалыпты және де өзінің атына мініп, әр күн сайын дерлік тау арқылы сол жаққа барыпты. Ал күндердің күнінде бір көріпкел әйел бойжеткенге бір жәйттің бетін ашыпты, аспанда ерекше жұлдыз бар, бұл олардың махаббатының жұлдызы, осы жұлдыз екеуінінің үйлену тойында көз қарықтырар жарықпен жанады және де бұлттар бетін жаппаса, орнынан қозғалмай тау үстінде бәрінен де жап – жарық жарқырайды депті. Осы жайлы бойжеткен аңшыға әңгімелегенде, ол басқа бір көріпкел оған маңдайына жазылған құпияның бетін ашқанын мойындайды: “Мен жарық дүниеге саған үйлену үшін туылғанмын” деп. Және де болашақ қалыңдық та аңшыны онымен әрдайым бірге болатындығына сендіреді.
Және де мінеки, күйеу бала–аңшы түгел дерлік өз туыстарының жанында қалыңдығының туыстарына қыз көруге, құда түсуге келді. Қонақтар тау өзені маңындағы жайлауды жүздеген қара үймен толтырды. Олар қалыңдықтың ата–аналарына, құдаларға және туыстарына қандай сыйлықтар әкелді десеңші! Көптеген түрлі малдарды табынымен және отарымен, алтын құймалары да бар, ал аңшы –күйеу баланың жеке өзінен түрлі аңдардың, бұлғын және сусар терілері ұсынылды. Бірақ ең бастысы, күйеу бала әр иығына сәні келіскен бір–бір барыс терісін салып келді. Мұндайды тек қана кәнігі аңшы таба алатын–ды. Ол иіліп, осынау сыйды қалыңдықтың ата – анасына табыстады. Баршасы шаттанып, күйеу бала мен қалыңдықты өзен жағасына ілесе апарды, сол жерде олар атастырылды. Осы кезден бастап, ағын сулы өзен олардың махаббаты мен келісімінің куәсіне айналды. Үйлену тойы ендігіде күйеу баланың ауылында таудың арғы бетінде жеті күннен соң өтеді деп белгіленді.
Құда түсуді мерекелеп, думандатып, жолын жасап, таң атқанша атап өтті. Алайда, мұнда да қызғаншақтар, арам ниеттілер табылды. Ішкі кегі мен қызғаныштары күйеу баланың жолы болғыш әрі кәнігі аңшы болғанында емес, сонымен бірге халық арасында алдын –ала болжап айтылған: жақында ол, ақылды әрі өз еркін билей алатын, көрікті әрі қажырлы жігіт туыстасып кеткен тайпалардың сөзсіз көсемі, бүкіл округтің биі болады деген сөз олардың ішін өртеді. Бұндай жәйтпен тұла бойын қызғаныш буғандар келісе алмады. Және де өздерінің қатерлі сөз байламына уағдаласты.
Ашық, жекпе-жек жер үшін, байлық, билік үшін өлгенше шайқасқанша жан үшін соғысса жақсы болар еді. Бірақ адамзат зұлымдығынында шек бар ма?
Зымиян кейіптегі бүлік құпия жасалынады, сол үшін де ол – бүлік. Сол күні және сол сағатта өзен жанындағы ұлан–асыр тойда бақытты ғашықтардың жон арқасынан жасырынып, зұлымдыққа суарылған ең қалтарыстағы бүліктің туатындығын кім білген. Ақындар да соңыра: “Сол бүлік туралы күннің көзі білгенде ұяттан бетін жасырып, аспанда теріс айналар еді. Бұлттар білгенде нөсерлетіп құйып, сол мерекелі ұлан – асыр тойды ол жерден тым ұзағыраққа, таза далаға әкетер еді” деп әндеткен-ді.
Ах, Арсен, қандай ғажайып!
Және де ақындар соңыра тағы да әндетті: “Сол бүлік туралы өзен білгенде ше, өйткені, ғашықтар атастырылған күн мен сол сағатта бір – біріне адалдығы жайлы ант беріп, өзенге тағзым еткендіктен, өзен де ағысын кері бұрар еді” деп. Түсінесің бе, тіпті, жайдары табиғат та ойластырылған зұлымдыққа қарсы көтерілер еді. Егер де әлемде үйлесімдік салтанат құрса, күн тау үстінде мамыражай халде жарқыраса, жаңбыр жанамалап өтсе, ұзақтан өзінің салқын саф ауасын бойға дарытып, аяқ астындағы көк майса шөп өзіне тартып, төселіп жатса, от үстіндегі түтіндер қонақтарды тағамның дәмді иісімен тамсандырса, төбеде шарықтаған құстар топ–тобымен пырылдай ұшып жатса, құпияның жексұрын ниетін алдын–ала кім болжапты. Осылардың барлығы ақындардың әндерінде айтылған! Мерекелік құдалық той өмірді базарлы да базыналы дауысымен, шаттық үнімен толтырып, өзен жанындағы алқапты думанға бөледі. Әсіресе, жастар ат ойындарында алғырлығымен көзге түсті, бақсылар өздерінің үздіксіз билері мен көктен күш тілеуі арқылы бүкіл әлемдегі аруақтарды шақырумен болды, бірақ неке алдындағы жарқын көрініс, бұл дәстүрлі ат жарысы – “Қыз қууға” арналған – ды.
Күйеу бала мен қалыңдық ең жақсы сәйгүліктерге мінгізілді, олардың алдында ойын бәсекесі тұрған–ды: шауып бара жатқан қалыңдыққа жігіт жетіп алып, жарыс үстінде сүйіп алуы қажет. Және де діттегеніне жетсе, онда бақыты үзеңгі үстінде, тағдыры ат үстінде өтеді...
Ер үстінде сәулеті келіскен, бойы да, тұлғасы да, келбеті де, сымдай көрілген, еңсесі де бойжеткенге лайық, киімі де өзіне сай, дәл сол үшін жаратылғандай қалыңдыққа қарау және шаттану соншалықты ғажайып болатын. Күйеу жігіт те соған лайық–ты. Олардың нұрланған, жарыс алдындағы сәуле шашқан жанарлары, сәл ғана ұяң тартқан күлкілері ат жарысын тыпырши күтіп тұрған барша қатысушыларды бақытқа бөледі. Құрбылары қалыңдықты дауыстай қолдады, демеді: “Қамшыға бас, өзіңе жеткізбе! Білсін біздерді ер азаматтар!” Күйеу жігітке де жолына ақ тілектерін айтып жатты: “Бері қара! Жете алмасаң, күлкінің астында қаласың!” деп. Ал бақсылар адамдар мен аттарға желік бітіріп, қандары қызып, билеп, барабандарды дүрсілтете соғып жатты...
Енді мінеки, ақсақалдар белгі берді. Қыз қуу басталды. Қалыңдық алда, ұзағырақта, ал күйеу жігіт соңында шауып бара жатты. Олар өзенге, оның жағасында атастырылған маңға қарай желмен жарыса бет алды. Қыз соңынан қууға өзен суына дейін рұхсат етілді. Егер де күйеу жігіт қалыңдыққа жете алмаса, онда қалыңдықтың өзі көпшіліктің күлкісі астында күйеу жігітке бет түзеп, атын бұрып, жеңімпаз ретінде оны сүйеді.
Бірақ әдетте, күйеу жігіттер қашанда жетіп алады...
Қалыңдық көңілі қалаған, өмір бойы ажырамауды арман тұтқан күйеу жігіттен “қашқан” осынау сиқырлы жарысты өзінің алдағы бүкіл өміріне есте сақтап қалады. Және де күйеу жігіт те оны қау – қауласқан және сол маңды дүбірге толтырған елі алдында оны қалай қуып жеткендігін ешуақытта ұмытпайды...
Осы ретте де солай болды: қалыңдық күйеу жігіттен ұшқан құстай қашып зымырады, ал ол оның соңынан ілесті. Және де алдан соққан қарсы жел екеуін аймалап, ат үстінде өбіп, осындай қыз қуудан өзге олардың өмірінде бұдан зор бақыттың жоқ екендігін және болмайтындығын аялай сыбырлады.
Ой – хой қандай қуанышты, шат – шадыман және мерейлі болды. Алдарынан жағалау көрінді, ал олар бастырмалата шауып келе жатты және де аттар шапқан сайын қыза түсті. Қалыңдық өзінің өмірін ғұмыр бойы қосқысы келген жанның жарыс сәтінде қашан келіп жететінін, себебі, сүйіп және сүйікті болуын асыға күтті, сағына күтті! Және де еріксіз халде ол тізгінді тартып, етігімен үзеңгіге қаттырақ тірей, өз атының басын ұстады. Мейлі күйеу жігіт тезірек қуып жетсін, әйтпесе, өзен көрініп қалды... Мінеки, ентелеп жеткен, пысқырған және тықыры таянған дыбысы жақындай түсті. Енді мінеки, олар жұптасып, қатар түзеп, тізгінмен тізгін қосарласып шауып келеді, және де көз алдарында бұрыннан көзге көрінбеген жарық пайда болды. Қандай өкінішті, мұндай қас–қағым сәттің мәңгілікке созылмайтындығы. Мінеки, күйеу жігіт оны жарыс кезінде қүшағына алды, ал қалыңдық оған бойұсынды. Мінеки, күйеу жігіт қалыңдықты сүйді, содан соң олар және де, тағы да сүйісті. Ал аттар жарыса шапты, және де аттағылар мәңгілікке бірігетіндігін білді, сезінді. “Мен сені сүйемін! Сен мендіксің!” – деп айқай салды күйеу жігіт. “Мен әманда сенімен біргемін!”, деп қалыңдық та дауыстай жауап қатты.
Ал халық шаттанды және де бәрі бір дауыспен күйеу жігіттің мерейін асқақтатты: “Жарайсың! Нағыз жігіт екен! Жол беріңдер! Жол ашыңдар! Шетке шық! Күйеу жігіт келеді! Енді ол біздікі, ол бізбен бірге, ал біз онымен!”деп мәре-сәре болды. Атастыру мерекесін осындай көтеріңкі дауыстар тәмамдады.
Бірақ та құпия келісім жоғалмады, бетін кері бұрмады, қастандық жасаушылар тістерін одан сайын қайрай түсті. Бүлікшілер қашанда өз жолын тауып алады емес пе...
Сол арада қонақтар- құдалар қоштасып, үйлену тойына әзірлену үшін өздерінің өңірлеріне оралды. Және де даярлықтарды мезгіл күтпестен бастап жіберді. Бәрі де өз кезегімен жүріп жатты. Барлығы да, салт–дәстүрлерде көзделгендей, жас күйеу мен қалыңдықтың алғашқы неке түнін өткізетін үйлену тойына арналған киіз үйдің өзгелерден ұзағырақта, көрнекті жерде орналасқанынан бастап, сондай – ақ, құда – жекжаттар мен туған – туыстар үшін қонақ үй және сый – сияпаттар мен тәтті – тағамдарға шейін түгелдей қарастырылды. Ақындар айтысы, жастардың әндері мен билері, бәрі де ойластырылды және даярланды. Сол уақыттарда солайша болуы қажет – ті, өйткені, үйлену тойы барлық тайпаластардың ортақ тірлігі еді.
Қонақтардың келуі және үйлену тойының басталуы қарсаңыңдағы күн де келіп жетті. Таңертеңнен бастап, аңшы – күйеу жігіт құрметті қонақтарды жаңа құс еттерінен дәм татыру үшін, ал аң терілерін сыйлау үшін екі інісімен аңға аттанды. Және де аңшылық ойдағыдай болды. Бірақ күн түске тақағанда кенеттен ұзақтан айқай–шу естілді, бұл жарыса жетіп келген аңшы күйеу жігітті іздеп келушілердің туған - туыстары болатын. Олар көп еді және бәрі де дегбірсіз халде–ді. “Қырсық! Қырсық! Тоқта! Қайт!” –деп айқайлаған олар өздерінің кеуделерін ұрып–соғып, қатерлі хабарды жариялады: өткен түні күйеу жігіттің атастырылған қалыңдығы өзінің бұрынғы сүйіктісімен қашып кетіпті, оны адамы сапқырылысқан базарлы қалаға әкетіпті дейді көпшілік,- дегенді мәлімдеді.
Ал басталды дерсің! Аспан лезде түнерді, құйынды жел көтерілді және де жазғы шақта қыс мезгіліндей ұйытқыған қар борады. “Масқара! – туған–туыстары айқайлап, жандәрмен халде жерге құлады, көкке жалбарынды. – Не үшін, не үшін осындай масқарашылық?! Оны өлтіру керек, ұятсызды тауып, сол жерде өлтіру қажет!”. Және де сол сәтте іздеуге бәрі де жапатармағай әзір болды. Бірақ аңшы жігіт қана үн – түнсіз қалған. Тас төбесінен ұрғандай, ол қатқан күйде ағарып – бозарды. Және де бейнебір тілден қалғандай еді.
Қандай сұмдық! Қандай сұмдық!- деп сыбырладыАйдана ынта – шынымен басынан өткізгендей.
Мінеки, мен осыны айтамын! – деді Арсен Самачин қостай жөнеліп. – Осының бәрін опера сахнасында көз алдыңа елестетіп көрдің бе? Қандай музыка болуы мүмкін, қандай ынтызарлық, қандай дауыстар, қандай мизансценалар! Ал содан соң, Айа, бұдан да жан түршігетін оқиға іле – шала басталды.
Туған–туыстары асыға–үсіге қуғынға әзірленіп, аңшы – күйеу жігітті сілкілеп және итермелеп, өз атын тебінуін күткенде, ол ең соңында ғана аузын ашты: “Тоқтаңыздар, дымдарыңды шығармаңдар! Мен ешқайда қозғалмаймын! Егер де бұл менің басыма түскен қарғыс болса, онда мен оны, оңбағанды да лағнеттеймін! Ал енді көзіме көрінбеңдер! Бұдан былай мен жарық дүниеде бірде–бір адамды көрмейтін боламын және де мені тап қазірден бастап бірде – бір адам көрмейтін болады. Сіздер есіттіңіздер ме? Көзіме көрінбей құрыңдар! Және де мені іздемеңдер!”. Осы сөздерімен ол атынан секіріп түсті және тау арқылы жаяу кетті. Туған – туыстары оқиғаның осынау бұрылысынан естері шығып, алғашқыда өз орындарында мелшиіп қатып қалды, соңыра оны қуып жетуге ұмтылды, бірақ ол ізі – қайым жоғалды. Одан кейін оны ешқашан да ешкім көрген жоқ.
Және де осы әзірде тағы да театр үшін ерекше драмалық сахна көрінісі бар: қайта оралып келе жатқанда күйеу жігіт–аңшының туған–туыстары кенеттен пайда болған қалыңдықтың айқайын есітеді. Ендігіде қалыңдық іздеу салып, алас ұрды, күйеу жігітті шақырды. Әлі де ешкім білмейтін-ді, қалыңдық тіпті, қашып кетпеген де, бұл бір қитұрқы, зұлым, ши жүгірткен әңгіме екен. Шындығында қалыңдықты сол түні құпия жағдайда алып кетіп, қолын байлап, атқа мінгізіп, көзден зым – зия жоғалтқан – ды. Бірақ та сол өзеннің жағасында, күйеу аңшы–жігіт пен қалыңдық атастырылған жайда оны екі жағынан ұстап, судан кешіп өткізу үшін қолын шешті. Бұның өзі оны аман сақтап қалды. Ол бұлқынып босанды және де өзенге атылды. Алып қашушылар соңынан ілесті, бірақ ол сарқырай аққан ағыс арасына өзін-өзі лақтырып, көзден таса болды. Өзен оны сақтап қалды, ал алып қашушыларды ағыс өзімен бірге төмен қарай әкетті және де тастарға ұрып соқтықтырды. Әупірімдеп аман қалған қалыңдық құс секілді ұшу қасиетіне ие болды және де іс – түссіз жоғалған күйеу жігіттің тап сол кезде айырылып қалған туған–туыстары болған жерде сәл–кем уақыттан соң пайда болды. Ендігіде олар оны тоқтатып, не болғанын білуге ұмтылып, білмекші болды, бірақ қалыңдық та қолға ұстатпады. Ол да жоғалды. Сол кезден бастап, Мәңгілік қалыңдық құпияға оранды және де оның мәңгілік жоқтауы өте ұзақта, тым ұзақта естіліп тауда жаңғырады. Мен саған, Айа, қолдан келгенше әндете айтып берейін. Тыңдашы, қалайша ол жоқтайды, десеңші!
Сен қайдасың, қайдасың сен, мен өзіңе бет алам!
Мені ұрлап, алып қашты, әйтсе де мен құтылдым.
Қыз қалпымды мен сақтадым, өзіңе ғана құладым.
Сен қайдасың, қайдасың сен, менің күйеу жігітім?
Қыз қалпымды мен сақтадым, есітсеңші сен мені,
Махаббатқа ант берген өзен мені сақтады.
Сен қайдасың, қайдасың сен, есітсеңші сен мені!
Ұстамақшы болып мені, соңымнан еш қалмады...
Екеуміз де атасқан ек мөлдір өзен бойында.
Сен қайдасың, қайдасың сен, қайсы таудың ішінде?
Сен қайдасың, қайдасың сен, мен өзіңе бет алам.
Екеуміз де атасқан ек мөлдір өзен бойында,
Сен жоғалдың тау ішінде, аңшы күйеу жігітім.
Қалыңдықпын мен сенің, қайдасың сен, қайдасың?
Біздер енді ешқашанда жолықпаймыз ба, әлде?
Біз екеуміз бір өзеннен су ішіп ек өзіңмен,
Өзен шетінде адалмыз деп ант – суды да ішіп ек,
Біздер енді ешқашанда жолықпаймыз ба, әлде?
Өзен болса ағып жатыр, қайдасың сен, қайдасың?
Есіңе алшы, дауыс қатшы, аңшы күйеу жігітім.
Ай мен жанды куә етіп, махаббатқа ант еттік...
Қайда кеттің, аңшы күйеу жігітім?
Таулар ара жігін ашпайды ма?
Бұлттар тарап, сейілмей ме?
Шатқалдарға күн нұрын шашпайды ма?
Тау ешкісі саған барар жолды көрсетпес пе?
Сен қайдасың, қайдасың сен, қайсы таудың ішінде?
Сен қайдасың, қайдасың сен, мен өзіңе бет алам.
Біз емес пе ек, атқа мініп жарысқан?
Біз емес пе ек, ер үстінде қауышқан?
Біз емес пе ек, ер үстінде сүйіскен?
Құдайлардың көруі үшін,
Адамдардың көруі үшін...
Сен қайдасың, қайдасың сен, қайсы таудың ішінде?
Сен қайдасың, қайдасың сен, мен өзіңе бет алам.
Сенсіз ай сөнеді мен үшін, сенсіз өмір - өмір емес мен үшін.
Аспан бізсіз бақытты бола ала ма?
Кімдер бізді, кім бізді лағнеттеген?
Таулар бізсіз бақытты бола ала ма?
Кімдер бізді, кім бізді лағнеттеген?
Құдаларға тау құстарын сыйлаған сен емес пе ең?
Құдаларға барыс терілерін сыйлаған сен емес пе ең?
Не үшін сен тағдырға мынау кінә арттың ,
Қолы жомарт, жолы болғыш аңшым менің, сүйіктім?
Неге бізге алау жаққан маңайда билесмеске?
Сен қайдасың, қайдасың сен, қайсы таудың ішінде?
Сен қайдасың, қайдасың сен, мен өзіңе бет алам.
Біздің енді ешқашанда жолығыспауымыз үшін,
Ұстамақшы болып мені, соңымнан еш қалмады,
Сен қайдасың, қайдасың сен, мен өзіңе бет алам...
Ух, сәл дем шақырайыншы! – деді Арсен Саманчин үздіге дем алып. – Тыныс алу қажет. Бұл зар мен мұңды ұзақ уақыт жалғастырып, тағы да, тағы да қайталап, үдете беруге болады, өйткені, қалайша сезінесің, бұл жоқтауда жан азабы барша мезгілге және барлық кеңістікке арналған. Оның мәні–сүйіскен жандарды зорлап айырған тағдырдың мәңгілік трагедиялығында және де олар бірін–бірі тапқанша, олардың трагедиясының соңы болмайды. Сен өзің көз алдыңа елестетші, ешкім де бейжай қалмайды, барлығы да біріге күйзеледі, адамдардың жаны осылайша жаратылған. Бұны театрда ғаламат етіп көрсетуге болады! Тіпті, сахна шетімен аққан өзен операда ән салмақ. Опера өнерінде әлі де мұндай ешқашан болған емес, жағалауда атастырылған қалыңдықты құтқарған өзен ән салады:
Мен өзенмін таудан аққан сай – салаға,
Мен сақтап қалам сені өз ағысыммен.
Мен қанқұйлы жаулардан әкетем сені алысқа,
Мен құтқарам сені, сен менің жебеушім ең,
Тезірек таста жағалаудан,
Тезірек таста қара суға өзіңді,
Мен сақтап қалам сені өз ағысыммен...
Хор сахна сыртында өзен сарқырамасымен біргелікте табиғаттың өзі де әділдікті қалайтындығын аңғартқандай осылайша әндететін болады. Және де бұның барлығы қуатты оркестр әуенімен қанықтырылады, оның фонында вокал, қанат қаққан сенің, тек сенің ғана дауысың естілетін болады және де аспан Мәңгілік қалыңдықты есітеді және де оған ай қосылып әуелетеді... Сен көз алдыңа елестетші, бұның не болатынын?!
Ия, мен қатты тебіреністемін, алғаш рет осындай ғамалдық жоқтауды есітудемін, - деп жауап қатты Айдана. – Және өзен де ән салады! Ғажап! Ән салатын өзен! Және де сен бұның бәрін сөзбе–сөз есте сақтағансың ә, Арсен?
Себебі, мен балалық шақтан–ақ көп рет Мәңгілік қалыңдықтың түнгі алауында болғанмын және бұның барлығын біздің ақындардың өлеңдерінен естігенмін. О–о, олар мұндай түндерде өздерінің жырларын ойдан шығарып, іштен суырып салып өнер көрсетуде қалайша төгіледі дерсің! Әрбір ақын өздігінше Мәңгілік қалыңдық үшін мұң шертеді, тауларға жан сарайын ашады, Мәңгілік қалыңдықты шақырады! Олар үшін бұл сенің сахнада ән салғаныңмен бірдей. Оларды төкпе ақын деп босқа атамайды. Менен бірде төкпе ақынды орысша қалай аударуға болады деп сұрады. Ән сорғалатқан бард деуге болады, басқаша аталуы мүмкін емес! Ал олар үшін, ақындар үшін, шабыттың шарықтауы мынада, өзімен бірге күй кешетін, мұңданатын тыңдармандардың болуында, сонда ғана ақын өз сөзінің иірімімен бірде ой шыңырауының тереңіне батады, бірде ұлы далаға самал болып желпінеді...
Достарыңызбен бөлісу: |