Берел -Шығыс Қазақстанның ерте темiр дәуiрiнiң б.з.б. 5–4 ғасырлар аралығын қамтитын кезеңiн Берел кезеңi деп атаймыз.
-Берел кезеңi деп аталуы Катонқарағайауданындағы Берел қорымына байланысты қойылған.
-Бұл қорымнан 40-тан астам обалар табылған.
-Бұл обаға жерленген адам астау-саркофагқа салынған. Саркофаг -сақтардың бөренелерді бір-біріне тығыз орналастырып жасаған табыты.
-Берел мәдениетiнiң бiр ерекшелiгi – жайпақ түптi қыш ыдыстардың таралуы болып табылады.
-1998–1999 жылдары археолог-ғалым З. Самашевтiң жүргiзген қазба жұмыстары кезiнде № 11 оба толық ашылып, ғаламат олжа табылды:
Онда үлкен балқарағайдан ойылып жасалған астау табыт қойылыпты;
Астау табытқа 45 жастағы ер адам мен одан егделеу әйел жерленген екен. Ғалымдар радиологиялық әдiспен мәйiттердiн б. з. б. 294 жылы жерленгенiн анықтады.
Обадан он үш жирен жылқы табылған. Сәйгүлiктердiң ат-әбзелдерi ғана емес, жылқылардың терiсi, жүнi мен етi тұтастай сол күйiнде сақталған.
Сондай-ақ Шығыс Қазақстаннан Үржар ханшайымы, Орал аймағынан Тақсай ханшайымы табылды.
ҰБТ СҰРАҚТАРЫ 1.Шығыс Қазақстанның ерте темір дәуірінің б.з.б.Ү-ҮІғ аралығын қамтитын кезеңі:
Жауабы: Берел кезеңі
2.Шығыс Қазақстан облысы Қатоңқарағай ауданының жерінде орналасқан темір дәуірінің қорғаны:
Жауабы: Берел
3.Берел қорымдарының орналасқан жері:
Жауабы: Қатонқарағай ауданы
4.Берел қорымынан табылған оболар саны:
Жауабы: 40-тан астам
5. 1998–1999 жылдары Берел кезеңінің № 11 обасын ашқан археолог:
Жауабы: З.Самашев
6.Берел қорымының №11обасына жерленген:
Жауабы: Ер және әйел адам
7.Берел қорымдарының орналасқан жері:
Жауабы: Шығыс Қазақстан
8.Берел мәдениетінің ерекшелігі:
Жауабы: жайпақ түпті қыш ыдыстары
9.Жайпақ түпті қыш ыдыстар тән мәдениет:
Жауабы: Берел
10.Аттар өз иесін жорыққа апара жатқандай, әскери дайындықпен көмілген қорған:
Жауабы: Үлкен Берел
11.Бұзылмай сақталған 13 жирен ат табылған темір дәуірінің қорғаны:
Жауабы: Берел
12.Берелден табылған № 11 обаға тән белгіні анықтаңыз:
Жауабы: Балқарағайдан жасалған табыт, ер мен әйел адам жерленген, он үш жирен жылқы бұзылмай сақталған
13. Сақтардың бөренелерді бір-біріне тығыз орналастырып жасаған табыты.
Жауабы: Саркофаг
14. Орал және Шығыс Қазақстан аймағынан табылған көне сақ мәдениетінің ғажайып туындылары:
Жауабы: Тақсай ханшайым, Үржар ханшайым
15.Көне сақ мәдениетінің ғажайып туындысы «Тақсай ханшайымының» орналасқан өңір:
Жауабы: Орал аймағы