Шығыс Қазақстанға жалпы сипаттама


Бесшатыр -Бесшатыр қорымы Iле өзенiнiң оң жақ жағалауындағы



бет6/10
Дата24.04.2023
өлшемі68,33 Kb.
#175319
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
1.8.Сақ мәдениеті (1)

Бесшатыр
-Бесшатыр қорымы Iле өзенiнiң оң жақ жағалауындағы Желшалғыр тауының етегiнде орналасқан.
-Бұл қорым үлкен, орташа және шағын 31 обадан тұрады.
-Бесшатыр обалары солтүстiктен оңтүстiкке қарай 2 километр, ал шығыстан батысқа қарай 1 километр аймақты алып жатыр.
-Үлкен Бесшатыр обасын ғалымдар «патша» қорғандары деп атайды.
-Бесшатыр сағанасы бiрнеше бөлiктен тұрады: дәлiз(дромос), қабiр алдына кiрер ауыз және жерлеу бөлмесi.
-Бесшатыр обасынан семсер–ақинақтар, қола ұшты жебелер, темiр пышақтар, шаш түйрегiштер, ақық моншақтар табылған.
-Осы заттарға талдау жасап, Бесшатырды б.з.б. 5–4 ғасырға жатады деп айтуға болады.
ҰБТ СҰРАҚТАРЫ
1. Археологилық ескерткіштер мен олардың орналасқан территориясын сәйкестендіріңіз:

  1. Бесшатыр

  2. Шілікті

  3. Шірік- Рабат

А)Шығыс Қазақстан
В) Батыс Қазақстан
С) Оңтүстік Қазақстан
Д)Солтүстік Қазақстан
Е)Жетісу
F)Орталық Қазақстан
Жауабы: 1-Е, 2-А ,3-С
2.Археологиялық ескерткіш пен онда табылған олжаларды сәйкестендіріңіз:

  1. Бесшатыр

  2. Берел№11

  3. Бәбіш-Молда

А) Темірден жасалған сақ жауынгерінің темір сауыты табылды
В)13 жирен ат өз иесін жорыққа апара жатқандай, толық әскери дайындықпен көмілген
С) Қамал қабырғалары мен айналдыра қазылған орлары, қыш күйдіретін пеш, қол диірмен тастары ,тары қалдықтары табылған
Д) Көсемнің қару-жарағы, абыз асатаяғы табылған
Е) 13 қола жебе, қорамсақтың жұрнағы табылған
F) Семсер-ақинақтар, қола ұшты жебелер, темір пышақтар, шаш түйрегіштер, ақық моншақтар табылған
Жауабы: 1-F, 2-В, 3-С
3.Іле өзенінің оң жақ жағалауындағы сақ қорымы:
Жауабы: Бесшатыр
4.Бесшатыр қорымындағы обалар жиынтығы:
Жауабы: 31 оба
5.Бесшатыр обасының мерзімі:
Жауабы: б.з.б.V-IVғасырлар
6.Бесшатыр сағанасы тұрған бөліктр:
Жауабы: дәліз(дромос), қабір алдына кірер ауыз, жерлеу бөлмесі
7.Бесшатыр обасынан таюылған заттар:
Жауабы: темір пышақ, ақық моншақ, шаш түйрегіштер



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет