Шығыс Қазақстанға жалпы сипаттама



бет3/10
Дата24.04.2023
өлшемі68,33 Kb.
#175319
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
1.8.Сақ мәдениеті (1)

Бәйгетөбе
-Қазақстан аумағындағы ең көне, б.з.б. 8 ғасырға жататын патша жерлеу орны 3-Шiлiктi қорымындағы №1 обадан ашылды. Бұл жәдiгер тарихқа «Бәйгетөбе» деген атаумен ендi.
-Оны ашқан белгiлi археолог-этнолог, профессор Әбдеш Төлеубаев.
-Обаның биiктiгi 8 м, диаметрi 100 метрге жуық. Ол үш қабаттан тұрады.
-Осындай алып ғимараттың iшiнде бiр ғана ер адам жерленген.
-Киiмнiң алтын қаптырма-түймешiктерiнiң барлық саны 4303 данадан тұрады.
-Аса бiр қызықтысы алтын бесжұлдыз табылды. Оның тiнi алтын, жұлдызшалары көк лазурит тасынан жасалған, айналасы сүйекпен көмкерiлiп, ортасына томпақ мүйiз орнатқан. Бесжұлдыз сол заманда да билiктiң белгiсi саналған.
-Қабiрхананың iшiнен майлы бояумен бұғының суреттерi салынған тақтай қалдықтары табылды.
- Бұл жәдiгердi ғалымдар «Шiлiктi алтын адамы» деп таныды. Бұл үшінші алтын адам.
ҰБТ СҰРАҚТАРЫ
1.Шілікті қорғанының №1обасынан табылған археологиялық жаңалық:
Жауабы: Үшінші алтын киімді адам
2. Шілікті қорғанының №1обасынан табылған жәдігер тарихқа осы атаумен енді:
Жауабы: Бәйгетөбе
3.Шілікті алтын адамы табылған оба:
Жауабы: Бәйгетөбе
4.Шіліктіден табылған №1 обаны зерттеген:
Жауабы: Ә.Төлеубаев
5.Бәйгетөбе обасын ашқан:
Жауабы: Ә.Төлеубаев
6. Қабір ішінен бұғының суреттері бар тақтай табылған орын:
Жауабы: Шілікті
7.Қабірхана ішінен бұғының суреттері салынған тақтайлар табылған сақ обасы:
Жауабы: Шілікті
8.Шіліктіден майлы бояумен бұғының суреттері салынған:
Жауабы: тақтай қалдықтары табылды
9.Қабірхана ішінен қабылан мүсіні, құс бейнесі бар әшекейлер табылған:
Жауабы: Шілікті
10.Алтын бесжұлдыз табылған сақ обасы:
Жауабы: Шілікті
11. Шіліктіден табылған ең қызықтысы:
Жауабы: Алтын бесжұлдыз
12.Шіліктіден табылған бесжұлдыз:
Жауабы: сол замандағы билік белгісі



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет