Шығыс Қазақстанға жалпы сипаттама



бет7/10
Дата24.04.2023
өлшемі68,33 Kb.
#175319
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
1.8.Сақ мәдениеті (1)

Есік
-Алматының күншығыс жағында 50 шақырымдай жерде, Iле Алатауының баурайындағы жазықта 40-тан астам оба орналасқан.
-Соның iшiнде «Есiк обасы» да бар.
-«Есiк обасы» б.з.б. 5–4 ғасырлармен мерзiмделедi. Оның диаметрi 60 метр, биiктiгi 6 метр.
Алтын адам:
-Киiмi басынан аяғына дейiн алтын түймешелер, қаптырмалармен апталған мәйiт табылған. Жерленген адамға мерекелiк, салтанатты киiм кигiзiлген.
-Оң жағына, бел тұсына ағаш қыны бар семсер қойған. Белiндегi белдiкке ағаш қынды қанжар – ақинақ iлiнген. Белдiк аң, жануар бейнелерi салынған алтын қаптырмалармен әшекейленген.
-Қабiрдiн iшiнен басқа да көп алтын түймешелер, алтынмен апталған қола тегенелер табылды. Олардың ұзын саны 4000-нан астам.
-Сақтың киiмi алтын тоғалар мен жапырақшалар, жылқы, барыс, тауешкi, құс күйiндегi және қиял-ғажайып мүсiндермен әшекейленген.
-Антропологтардың анықтауынша, Есiк обасында жерленген адам – 17–18 жас шамасындағы сақ ханзадасы.
-1969-1970 жж Кемел Ақышев тапқан.
-Қабiрден қыштан, ағаштан, металдан жасалған ыдыстар табылды. Арасынан 26 таңбадан тұратын жазуы бар күмiс табақша шықты. Бұл жазудың сырын ғалымдар әзiрге аша алмай отыр. К. Ақышевтiң пiкiрiнше, бұл сақтардың өзiндiк жазуы болғандығын дәлелдейдi.
ҰБТ СҰРАҚТАРЫ
1. V-IVvғғ. Жататын сақ дәуірінің обалары:
Жауабы: Есік, Бесшатыр, Берел
2.Алматының шығысындағы белгілі сақ обасы:
Жауабы: Есік обасы
3.Алтын киіммен жерленген сақ ханзадасы табылды:
Жауабы: Есік обасынан
4.Есік обасының диаметрі мен биіктігі:
Жауабы: 60 метр, 6 метр
5.Есік обасынан табылған бұйымдар саны:
Жауабы: 4000-нан аса
6.Есік обасынан табылған 26 таңбадан тұратын жазуы бар зат:
Жауабы: Күміс табақша
7.«Алтын адам» табылған мерзім:
Жауабы: 1969-1970жж
8.Антропологтардың анықтауынша Есік обасындағы жерленген адамның жас шамасы:
Жауабы: 17-18
9.Сақтардың ғарыш туралы түсінігі бейнеленіп сақталған баскиім табылды:
Жауабы: Есік обасынан



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет