Шығыс Қазақстанға жалпы сипаттама


Оңтүстік Қазақстан және Жетісу



бет5/10
Дата24.04.2023
өлшемі68,33 Kb.
#175319
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
1.8.Сақ мәдениеті (1)

Оңтүстік Қазақстан және Жетісу
-Сақтардан көптеген ескерткiштер қалды. Олар Сырдария, Талас, Шу, Iле өзендерiнiң бойында, Алатау бөктерiнде кездеседi.
-Оңтүстiк Қазақстандағы сақ тайпаларының ең көне ескерткiштерi Түгiскен мен Ұйғарақ қорымдары. Олар Арал теңiзiнiң шығыс жағында орналасқан. Бұл ескерткiштердiң салыну мерзiмi б. з. б. 8–5 ғасырларға жатады. Ғалымдардың болжауынша Түгiскен, Ұйғарақ ескерткiштерiн массагет тайпалары қалдырған.
-Археологтар Қызылордадан 300 шақырым жерде Шiрiк-Рабат қаласына қазба жұмыстарын жүргiздi. Ол қыратта орналасқан. Қаланың орталығында күзет мұнаралары бар қамал (цитадел) салынған. Қала қамалдары қалың қабырғалармен қоршалған. Археологтар цитадел орталығынан жебенiң қола ұштарын, алтын қапсырмалар, саздан жасалған бұйымдар тапты. Бұл табылған заттар б. з. б. 4–2 ғасырларға жатады.
-Археологтар қазба жүргiзген тағы бiр қала – Бәбiш-Молда. Бұл қаланың да қамал қабырғалары және айналдыра қазылған орлары болған. Археологиялық деректерге қарағанда қала тұрғындары егiншiлiкпен айналысқан. Қыш күйдiретiн пеш, қол диiрмен тастары, тары қалдықтары табылған.
ҰБТ СҰРАҚТАРЫ
1. Оңтүстік Қазақстандағы сақ тайпаларының ең көне ескерткіштері:
Жауабы: Түгіскен, Ұйғарақ
2.Түгіскен, Ұйғарақ қорымдары орналасқан аймақ:
Жауабы: Арал теңізінің шығыс жағы
3.Түгіскен, Ұйғарақ ескерткіштерінің салынған мерзімі:
Жауабы: Б.з.б. VIII-V ғғ.
4.Ғалымдардың болжауынша Түгіскен, Ұйғарақ ескерткіштерін қалдырған тайпалар:
Жауабы: Массагеттер
5. Жетісу михрабы деп аталған сақтардың құрбандық табағы табылған өңір:
Жауабы: Алматы маңы
6.Қазақстанның ежелгі дәуіріне жататын қалалар:
Жауабы: Шірік-Рабат, Чигучен, Бәбіш –Молда
7.Ежелгі сақ қалалары:
Жауабы: Шірік-Рабат, Бәбіш Молда
8.Қызылордадан 300 шақырым жерде орналасқан сақ қаласының орны:
Жауабы: Шірік –Рабат
9.Сақтардың Шірік-Рабат қаласы орналасқан жер:
Жауабы: Қызылорда облысында
10.Сақ жауынгерлерінің темір қару жарағы мен сауыт сайманы табылған жер:
Жауабы: Шірік Рабат
11.Шірік Рабат қаласының орталығы цитадельден табылған бұйымдар:
Жауабы: Жебенің қола ұштары, алтын қапсырмалар, саздан жасалған бұйымдар
12.Шірік Рабат қаласының күзет мұнаралары бар орталығы:
Жауабы: Цитадель
13.Сақтардың суару каналдарының іздері кездесетін жерлер:
Жауабы: Шірік Рабат және Талғар қаласы маңы
14.Археологтар сақтардың сауру каналдарының іздерін тапты:
Жауабы: Шірік Рабат маңынан
15.Жаңадария бойында орналасқан қамал қабырғалары және айналдыра қазылған орлары бар сақ қаласы:
Жауабы: Бәбіш-Молда
16.Қыш күйдіретін пеш, қол диірмен тастары, тары қалдықтары табылған сақ қаласы:
Жауабы: Бәбіш- Молда
17.Бәбіш-Молда қаласынан табылған:
Жауабы: Қыш күйдіретін пеш, қол диірмен тастары, тары қалдықтары



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет