Шымкент 2010 Құрметті студенттер!



бет12/12
Дата29.03.2017
өлшемі1,99 Mb.
#12505
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




Модульдың атауы:

«Іштен жану қозғалтқыштары»

Модульдың қысқаша атауы


ІЖҚ

Тақырыпша

-

Оқу шаралары / оқу пәндерінің курстары

Дәрістер, зертханалық сабақтары,СӨЖ, ОСӨЖ

Семестр:

семестр

Модульға жауапты:

Ускенбаев С.У.

Доцент/оқытушы

Т.ғ.к., доцент

Жұмыс тілі

Қазақша

Оқу жоспарымен келістіру




Оқу түрі /академиалық сағаттар саны

Дәрістер–30 сағат

Зертхана сабақтары-15 сағат

ОСӨЖ-45 сағат., СӨЖ-45 сағат


Еңбек сиымдылығы

Барлығы -135 сағат,

Кредиты/сынақ бірліктері

3 ЕСТS

Модуль шегінде оқуға қабылдау шарттары

Курстың пререквизиті: «Автомобильдер мен тракторлар», «Физика», «Жылутехника», «Машина бөлшектері мен конструкциялау негіздері»

Білім беру мақсаты /біліктілік

Пәнді оқытудың мақсаты - іштен жану қозғалтқыштарының құрылысы негізінде, жұмыс істеу принципі бойынша, әр түрлі көлік техникаларының энергетикалық қондырғысының жұмыс істеу ерекшеліктері бойынша студенттерге қажетті салада білім беру және оларда өтетін процестерінің теориясын оқу негізінде негізгі технико-экономикалық тиімді және экологиялық сипаттамаларын жоғарылату жолдарын анықтау.

Мазмұны

Дәрістің мазмұны:

Әртүрлі техникалардың іштен жану қозғалтқыштарының топталуы және техникалық сипаттамалары. Іштен жану қозғалтқышының принциптік, жинақталу және кинематикалық сұлбалары: тағайындалуы әртүрлі қазіргі заманғы піспекті қозғалтқыштардың негізгі түйіндерінің қүрылымдық ерекшеліктері: газды турбиналы қозғалтқыштарының және қондырғыларының, көліктік дизель-генераторларының, компрессорларының және тоңазытқыш машиналарының құрылымдық және жылулық сұлбалары.

Ауамен қамту, отын беру, жұмыс режимдерін автоматты реттеу, үйкелетін бөлшектерді майлау, жылумен кернеуленетін түйіндердің салқындату, оталдыру және оқтату, апаттық жұмыс режимдерінен автоматты қорғау жүйелерінің құрылымдық ерекшеліктері, жұмыс істеу принциптері және сипаттамалары. Тартым трансформаторларының топталуы. Бірінші және екінші жағында реттеудің негіздері.

Тоңазытқыш машиналарының жылуалмасу аппараттары және компрессорлар

Отын және жанғаннан кейін қалатын заттар. Жылулық энергетикалық қондырғыларда колданатыпн отындардың түрлері және олардың қысқаша сипаттамлары. Қоспа жасау тәсілдері. Әртүрлі жылулық энергетикалық қондырғыларда отын алу қоспасының жану процесінің физика-химиялық негіздері. Жылулық қозғалткыштарда отын жануының термохимиялық есебі. Жанғаннан кейін қалатын заттар және олардың қоршаған ортаға әкелер әсері. Жанғаннан кейін қалатын заттардың зиянсыздандырылу тәсілдері.

Піспектік іштен жану қозғалтқыштарының жұмыстың процесі. Негізгі ұғымдар мен анықтамалар. Піспектік іштен жану қозғалтқышының газ реттеу циклдары, тактілері және фазалары. Көрсеткіш диаграммалары. Іштен жану қозғалтқыштар цилиндріне өтетін жұмыстық процестердің теориясы; сығылу, жану-ұлғаю, газ алмасу процестері. Процестердің негізгі параметрлері және оларды есептеу әдістері. Механикалық жоғалтулар. Көрсеткіш және тиімді көрсеткіштері: іштен жану қозғалтқыштарының жылулық балансы.

Қалақтық машиналардың және газды турбиналық қозғалтқыштардың (ГТҚ) жұмыстық процестері. Негізгі ұғымдар мен анықтамалар. ГТҚ циклдары. ГТҚ-ның жұмыстық процесінің теориясы және есептеу негіздері. Газды турбиналық жылулық есебі: турбинадағы газдың ұлғаю процесінің теориясы. Турбинадағы жогалтулар. Турбинаның ПӘК-і және қуаты. Көп сатылы турбиналар. Турбиналардың сипаттамалары.

Турбокомпрессорда ауаның және тоңазытқыш компрессорында

фреонның сығылу процесі: компрессордың ПӘК-і, оның пайдаланатын қуаты, сипаттамасы. Компрессорадың есебі. ЭЕМ-да қозғалтқыштың процестерін модельдеу

Қозғалтқыштың жүмыстық процесіне кұрылымдық пайдаланғыштық және климаттық факторларының әсерін бағалау үшін модельді пайдалану.

Трансформатор орамының көмегімен кернеуді реттеу, әртүрлі байланыс сұлбаларының көмегімен бір бағытта және қарсы бағытта қосу сатысы

Энергетикалық қондырғылардың сипаттамалары. Піспекті: ІЖҚ және ГТҚ-ларының сипаттамаларының түрлері. Тоңазытқыш агрегаттардың және компрессорлардың сипаттамалары.

Энергетикалық қондырғылардың қуатын жогарылату тәсілдері. ІЖҚ-тарын үстеме үрлеу. Үстеме үрлеу жүйелері және сұлбалары. Форсирлану. Ауаның аралық салқындатылуы. Тартым трансформаторларының сипаттамасы.

Піспек машинасының және үстеме үрлеу агрегаттарының қазіргі заманға сай жұмысы: құрастырылған ІЖҚ-тарының жұмыстық процестерінің параметрлеріне қоршаған ортаның әсері.

Піспек қозғалысының кинематикалық сипаттамасы. ЭЕМ-да піспектік ІЖҚ-ның айналшақ-бүлғақ механизмдеріндегі бар күштерді есептеу және олардың сұлбалары; қозғалтқыштарды теңгеру; білік жетегінің айналым тербелісі туралы негізгі ұғымдар; антидірілдің демпферлердің тағайындалуы.

Пайдалануда энергетикалық қондырғылардың жүмысы: бос жүріс, тұрақталған және тұракталмаған

режимдер. Жұмыс көрсеткіштеріне пайдалану факторларының және климаттық жағдайдың әсері. Жалпы энергетикалық қондыргылардың және көлік техникасының пайдаланудағы қауіпсіздік сұрақтары.

Энергетикалық қондырғылардың сенімділігі және онымен қамту жолдары. Техникалық диагностика жүйелері. Энергетикалық қондырғылардың техника-экономикалық көрсеткіштерін жоғарылату үшін диагностиканы қолдану. Тартым

трансформаторларын сынау түрлері. Сынаудың мақсаты және түрлері. Энергетикалық қондырғыларды сынақтан өткізу үшін қолданылатын әдістер мен құралдар

Зертханалық сабақтар:



Автомобиль қозғалтқышын сынауға арналған стендтердің жабдықтары.

Іштен жану қозғалтқыштарын сынау кезінде қолданылатын өлшеу аспаптары.

Температураларды өлшеу аспаптары.

Қозғалтқыштарды сынау мен сынақ нәтижелерін өңдеудің негізгі ережелері.

Карбюраторлар қозғалтқыштың қоспа құрамы бойынша реттеу сипаттамалары.

Алдан-ала тұтандыру бұрышы бойынша карбюрпаторлы қозғалтқышты реттеу сипаттамасы.

Дизель қозғалтқышының сыртқы жылдамдық сипаттамасы.

Карбюраторлы қозғалтқыштың сыртқы жылдамдық сипаттамасы.

Оқу қызметінің нәтижесі / қорытынды бақылау түрі

Пәнді оқыту нәтижелері ағымдағы бақылаулар, қорытынды бақылау - емтихан кезінде анықталады.

Оқытудың техникалық және электрондық құралдары

1. Іштен жану қозғалтқышарының құрылысы бойынша плакаттар жиыны

2. Іштен жану қозғалтқышарының агрегаттары мен бөлшектердің макеттері



Каталог: sites -> default -> files
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Жамбыл атындағы Мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Қызылорда облысының жер – су атаулары қызылорда, 2013 жыл сыр елі қызылорда облысы
files -> ОҚу курсының каталогы 050117 қазақ тілі мен әдебиеті
files -> Өмірбаяндық деректеме
files -> Жиырма үш жыл бір ғұмыр
files -> Пәнінің мұғалімі Ищанова Эльмира Абайқызы Қазақ әдебиеті ( 6 «б» сынып ) Сабақтың тақырыбы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет