Үшінші мыңжылдық құзіреттілік білім беру жағдайында мұғалімнің инновациялық даярлығын қажет ететін, жаңа тұрпатты мұғалімнің инновациялық іс-әрекетінің кезеңі



бет57/108
Дата20.11.2023
өлшемі0,84 Mb.
#192359
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   108
Байланысты:
?ø³íø³ ìû?æûëäû? ??ç³ðåòò³ë³ê á³ë³ì áåðó æà?äàéûíäà ì??àë³ìí³? è

Біріншіден, модульдік оқытуда оқу ақпараттарын берудің белгілі және сөздік нышандарына назар аударылады, блокты-модульдік оқыту әдістемесінде суреттік және графиктік нышандар қоса беріледі. Сонымен, блок-модульдік өрнектеу толығады және олардың оқушыларға ықпалдары артады, бірінші кезекте естиді, екіншіден түсінік алады; бұдан соң сурет сызылады, жазылады, бекітіледі, қысқаша қайталанады.
Екіншіден, блок-модулін құрастыру толығымен және нақты сабақтаса оқу материалын жинақтайды, тұжырымдайды, оқушылардың ойлау қабілеттерін іске қосады және танымдық іс-әрекеттерін жаттықтырады.
Үшіншіден, блок-модульді сызу, құрастыру, жасау бөлігі психологиялық -педагогикалық заңдылықтары мен шартты белгілеріне сүйене келе, есте сақтау, қабылдау, ойлау, іс-әрекеттерін дамытып, оқу материалын жеңіл жеткізе, байланыстыра түсінуге, қайта шығара білуге үйренетін негізде болады, көру арқылы қабылданып, оқушы назарын өзіне тартып, зейін қоя ұғынуға баулиды.


Кесте - 1. «Географиялық қабық», «Табиғи кешен» тақырыптары бойынша блок-модульдік оқыту



6 - сынып

7 - сынып

Модуль. Географиялық қабық
(5 сағ.)

Модуль. Табиғи кешен және материктердің табиғи зоналары. (5 сағ.)

1. Табиғат бөліктерінің өзара әрекеттесуі. Табиғи кешен.

1. Табиғи кешендердің әр түрлілігі.

2. Географиялық қабық - ең табиғи кешен.

2. Табиғи кешендердің пайда болуына факторлардың әсері.

3. Географиялық белдеулер және зоналар, олардың бір-біріне байланыстылығы. Экваторлық және тропикалық белдеу.

3. Антропогендік табиғи кешен - адамзаттық шаруашылық әрекетінің нәтижесі.

4. Қоңыржай және полярлық белдеу. Биіктік белдеулік.

4. Материктердің табиғат зоналарының таралуы. Еркіндік және биіктік белдеулер.

5. «Географиялық қабық» және «Табиғи кешен» модульдері бойынша білімді жүйелеу және қорытындылау.

5. «Географиялық қабық» және «Табиғи кешен» модульдері бойыншабілімді жүйелеу және қорытындылау.

Блок-модуль құрылымына төмендегідей негізгі элементтер енеді:


1) «кіріс» блогі;
2) қорытындылау блогі;
3) теориялық блогі;
4) біріктіру блогі;
5) «шығу» блогі.
Оқыту барысында оқу материалдарын қысқа уақытта қайталап, бірінші, қорытынды жасап, аралық оқытуда - теориялық оқыту жүргізіп, шәкірттердің бәрін іске «қосып», бекітіп, үшінші-алған білімді біріктіру арқылы ұғуға, игеруге жеткізу блогімен тағы қорытындыланады.
Әрбір мұғалім оқушылардың оқу материалдарын терең ұғуларын, мазмұндарын түсініп, қажетті білім алып, іс-әрекеттерде пайдалана алуларына және талдау жасай білуге жетулерін мақсат етеді. Блок-модульдік әдіс - мұғалімдердің мақсаты жүзеге асыруына мүмкіндік жасайтын тиімді әдіс.
Бұл әдісті үйрене келе, оның ерекшеліктерін ұға отырып, көрнекілігі мен нақтылығын көріп, білу арқылы сабақтарды пайдалану, ең негізгісі оқушылар шығармашылықпен білім алып, тыңдау, жазу, сызу арқылы терең ұғу, түсіну, игеру, білу, дамуға жетеді. Оқыту нәтижесі, сапалы болуы еселі еңбек етуге қанаттандыра түседі, шығармашылық мақсат - мұратқа бастайды.
Блок - модульді оқыту барысында оқушы бойында бұрыннан қалыптасқан еңбек іс-әрекет тәсілдерін жаңа іс-әрекет тәсілдерімен өзара жинақтау нәтижесінде оқушылар бойында шығармашылық іс-әрекеттері қалыптасады.
Блок-модульді кіріктіре оқытудың шағын жинақталған мектептерде өзіндік ерекше алатын орны бар. Шағын жинақталған мектептерде мұғалім бірнеше пәннен сабақ беретіні сөзсіз. Осыған орай, мұғалімнің пәндерді оқытуда пәнаралық байланыстың негізінде кіріккен (интеграцияланған) сабақтарды өткізуіне тура келеді. Мұндай түрдегі өткізілген сабақтар оқушыларға өздігінен ғылымның біртұтас заңдылықтарға бағынатындығын білуіне жол салады.
Блок-модульдік технологияны шағын жинақталған мектептерде қолдану мұғалімнің шеберлігіне, іскерлігіне байланысты болады. Болашақ ұрпақ үшін білім беру мен тәрбиелеудегі тиімді ізденістер және әр елдің озық тәжірибелерін жүзеге асырып, әлемдік педагогиканың озық үлгілерін жаңашылдықпен дамыту әр ұстаздың міндеті екені сөзсіз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   108




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет