2. ШҚО жүйесінің демократиялау мүмкіндіктері
Білім беру ісін басқару демократияланбаса оны ізгілендіру үдерісі толық шешіледі деуге болмайды. Адам мүддесін қорғау, ол үшін жағымсыз, қолайсыз жүйелерінің пайда болу себептерін алдын ала байқау, болдырмау шараларын іске асыру ізгілендіру мақсаттарын орындауға, жүзеге асыруға жағдай туғызады.
Шоғырландырып қарқынды оқыту жүйесі қазақстандық білім философиясының негізіне қажетті баста идеяларды: ақиқат, махаббат, еркіндік, ар-намыс, борыш деп таңдауды жақтайды. Бұларды әрбір пәннен өтетін негізгі арқау деп қарап, білім мазмұнының басты мәселесі деп мойындау керек. Бұларды оқушы бойына дарытып, өмірге, әлемге, қоғамға деген көзқарастарын жан-жақты қалыптастыру керек.
Білім беру ісін басқаруды ізгілендіру - үлкен істің бірі. Адамдар арасындағы қарым-қатынас: билеу, басқару, бағалау, құрметтеу, бағыну және т.с.с. «элементтерден» тұрады. Оқушыға билік жүргізушілер: директор, мұғалімдер, ата-аналар, мемлекет. Осылардың басқару, билеу стильдеріне қарай өз мүшелеріне не жағдайлы, не жағдайсыз болады.
Оқу және оқыту үдерістерінде қажетті әдістемелер мен тәсілдерді кеңінен қолдану теория жүзінде қалып келе жатыр. Уақыт жетпейді, шектеулі. Оқыту нәтижесін бағалаудағы оқушы пікірі ескерілмейді.
Білім философиясындағы білім беру ісінің мазмұнын ШҚО жүйесінде толығынан демократиялауға болады. Мектеп ұжымы, мұғалімдер, оқушылар және ата-аналар біріге отырып, балалардың қабілетіне, тірек білімнің деңгейіне, денсаулығына қарап орта білім алудың ұзақтығын шеше алады. ШҚО жүйесімен жұмыс істейтін мұғалімдер оқу материалдарын жинақы орналастыру арқылы маршрут-бағдарлама жасайды және оқушының жеке іс-жоспарларын талқылайды.
3. Әлеуметтік тапсырысты орындау мүмкіндіктері
Балаларға орта білім беруде қандай тапсырыстардың болатынын айқындау, оның әлеуметтік маңызын түсіну мектеп нобайын жасауға негіз болуы керек.
Шоғырландырып қарқынды оқыту жүйесі баланың орта мектепте болу ұзақтығын төмендегідей белгілейді:
- ширақ қабілетті және денсаулығы мол балалар үшін 8-9 жыл;
- орта қабілетті және денсаулығы жақсы балалар үшін 9-10 жыл;
- қабілеті және денсаулығы дамыған балалар үшін 11-12 жыл.
Мектепті орта білімді басқыштарға бөлсек, төмендегіше шешуге болады:
1) дайындық кезеңі - 6-7-8 жас (тірек білім);
2) бастауыш кезеңі - 8-9-10 жас (бастауыш білім);
3) орта кезең - 11-14 жас (орталау білім);
4) жоғарғы кезең - 15-18 жас (базалық орта білім).
Бастауыш білім алуға керекті тірек білімі 0-1 сыныптық; орталау білімді игеру үшін бастауыш білім 2-3-4 сыныптарда; орта білім 5-6-7 сыныптарда; мамандық алуға және ғылыммен айналысуы үшін жоғары оқу орындарына түсуге қажетті базалық орта білім 8-11 сыныптарда берілуі дұрыс, орта мектепте қосымша орта кәсіби білім беру 12-ші сыныппен аяқталуы жөн. Бұл шышында ізгі іс болар еді. Шоғырландырып қарқынды оқыту жүйесінде мүмкіндік бар және орта мектептің өзіндік жаңа нобайын айқындап отыр.
Достарыңызбен бөлісу: |