Үшінші мыңжылдық құзіреттілік білім беру жағдайында мұғалімнің инновациялық даярлығын қажет ететін, жаңа тұрпатты мұғалімнің инновациялық іс-әрекетінің кезеңі


Оқыту үдерсінің басты субъектісі - оқушылар



бет46/108
Дата20.11.2023
өлшемі0,84 Mb.
#192359
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   108
Байланысты:
?ø³íø³ ìû?æûëäû? ??ç³ðåòò³ë³ê á³ë³ì áåðó æà?äàéûíäà ì??àë³ìí³? è

1. Оқыту үдерсінің басты субъектісі - оқушылар.
2. Оқыту үдерісінің анықтаушы мәні - оқушылардың өзіндік белсенді таным әрекеттері және оқу материалдарын өз бетінше, кездескен қиындықтарды жеңе отырып, зерттеп игереді.
3. Оқыту - таным үдерісіне негізделеді және ол маршрут-бағдарлама арқылы бағытталады.
4. Таным үдерісі - уақыттың жеткілікті болу және кеңістіктегі еркіндік факторлары арқылы шешіледі.
5. Таным үдерісі - білім деңгейі әр алуан және әртүрлі жастағы оқушылардың тобын ұжымдық оқыту әдісімен ұйымдастырылады.
6. Таным үдерісі - оқушылардың жұмыс қабілетінің уақыт ішіндегі өзгерісін және үдеріс қарқынын сақтау, сол сияқты білім деңгейін бағалауда рейтинг әдісін қолдану арқылы басқарылады.
7. Мұғалім - оқушылардың таным іс-әрекеттеріне араласып ұйымдастырады.
Қ.Әбдіғалиев бойынша, шоғырландырып қарқынды оқыту жүйесінің үлгісін қарастырамыз.
1. Бірдей жастағылар сыныбынан әртүрлі жастағылар сыныбына көшу:
а) 5-7 жастағылар тобы - 1-сыныптар;
ә) 7-10 жастағылар тобы - 2-4-сыныптар;
б) 10-12 жастағылар тобы - 5-7-сыныптар;
в) 15-17 жастағылар тобы - 8-11-сыныптар.
2. 45 минуттық сабақтан 4 блоктан тұратын 120 минуттық сабаққа көшу:
1-блок - сілтеме (дәріс, кеңес беру);
2-блок - шолу (кітаппен жұмыс, оқи білу дағдысын қалыптастыру);
3-блок - тәжірибелік жұмыс (теорияны іс жүзінде қолдана білу);
4-блок - сынақ (тест қолдану, бақылау ұмыстары арқылы білімін, білігін, дағдысын бағалау, үйге тапсырма беру).
3. Ұжымдық оқу әдісін қолдану (құрамы өзгермелі жұптың жұмысы, оқушы өз білгенін байқатуы, басқаға үйретуі және басқаның білгенін тексеруі).
4. Пәндерді қарқынды оқыту (кейбір пәндерді оқытуды мерзімінен бұрын аяқтау).
5. Емтихан алу комиссиясы жыл бойы жұмыс істейді (курсы аяқталған пәндерден емтихан жыл бойы алынады).
6. Рейтинг әдісін қолдану арқылы оқушы білімін бағалау және сабақ қарқынын сақтау.
7. Маршрут-бағдарлама бойынша оқыту.
Шоғырландырып қарқынды оқыту жүйесі (ШҚО) оқу-тәрбие үдерістерінің жалпы заңдылықтарының бұзылмауына және оның басты бөліктері - мақсат, мазмұн, үдеріс, түрлері, басқару, ынталандырудың жемістілігі арасындағы байланыстардың сақталып қана қоймай, күшейе түсуіне жағдай жасайды.
Әртүрлі сынып оқушыларынан құрылған топтарда нақты әрекет қажет. Маңызды (толық) дағдыларды қалыптастыру үшін қосымша жаттығулар мен тапсырмалар орындау жеткілікті және қажетті екенін, белгілі қиындығы бар оқу материалының белгілі бір көлемін меңгеруге қанша уақыт кететінін және оқушы білімін тексеру әдістерін айқын білу керек. Осы сияқты көптеген сұрақтарға дидактикалық жүйенің барлық бөліктерінің жеке факторларының арасындағы байланыстарын ашатын дидактикалық (мазмұнды іс-әрекеттік), гносеологиялық, психологиялық, кибернетикалық, әлеуметтік нақты заңдылықтар толық жауап береді.
Оқу-тәрбие үдерісінің жемістілігі уақытқа тәуелді екеніне ерекше назар аудару керек. Білімді меңгеру үшін бірнеше рет қайталау - бірден-бір тәсіл. Гносеологиялық заңдылық бойынша оқудың нәтижелі болуы оқушының оқу әдісін (білім ала білу) жетік білуіне тура тәуелді, оқытудың жемісті болуы оқушының танымдық қызметінің көлеміне тура тәуелді, оқушының шығармашылық ойының жемісті болуы «оқыту қадамының» артуына (кеңейіп отыруына) тікелей байланысты. Осы қағидалар орындалады.
Психологиялық заңдылықтар бойынша оқытудың жемістілігі оқушының қызығуына, ықыасына, құштарлығына, оқу қызметінің мүмкіндігіне машықтану (үйрену) жаттығуларының санына және тиімділігіне тікелей байланысты.
Кибернетикалық заңдылық бойынша оқытудың тиімділігі байланыстың көлеміне кері, ал жиілігіне тура тәуелді. Білім сапасы тексерудің тиімділігіне тәуелді. Бұл жайт Қ.Әбдіғалиев ұсынған жүйеде күнделікті әрі тиянақты іске асырылады және әрбір оқушы күнде тексеріледі.
Әлеуметтік заңдылық бойынша әрбір индивидтің дамуы онымен тікелей немесе жанама қарым-қатынаста жүрген басқа индивидтердің дамуына тығыз байланысты екені белгілі. Оқытудың тиімділігі ортаның «интеллектуалдық деңгейіне», өзара оқытудың (бірін-бірі) интенсивтілігіне, мұғалім мен оқушы қарым-қатынасының «сапасына» тәуелді. Қ.Әбдғалиевтің жүйесінде білім деңгейі әртүрлі топтардағы оқу үдерісі және сол топтағы тәрбие жұмыстарының барысы әлеуметтік заңдылыққа сай келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   108




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет