Бірінші қадам – оқу курсын жүйе деп қарастыру, оқу мазмұнының алғашқы құрылымын анықтау. Мұғалім алдымен өзі, сонан соң әдістемелік бірлестікпен бірлесе отырып, оқу пәнінің негізгі бағытын, өзегін анықтайды.
Келесі әрекет - әрбір өзекті бағыт бойынша әр сынып үшін оқу мазмұны таңдалады. Таңдалған материал кесте түрінде көрсетіледі.
Мұғалім осылайша әр сынып бойынша, сыныптан - сыныпқа ілгерілеуде өз пәнінің мазмұнын көрнекті түрде елестете алады.
Екінші қадам - әрбір сынып үшін технологиялық карта жасалады.
Осы картаны жасау арқылы оқытудағы өзгешеліктер мен қиындықтар тұрғысынан мұғалім оқу мазмұнын толық көре алады.
Үшінші қадам - модульдік бағдарламаны құру. Оның негізгі құрамдас бөлімдері-дидактикалық мақсат және бағдарламаның модульдер жинағы болып табылады.
Әрбір модульдік бағдарламаға ат беріледі, ол таңдалған үлкен тақырып немесе бөлімнің мазмұнын ашу керек.
Содан соң үш деңгейдегі кешенді дидактикалық мақсат анықталып, жазылады; алған білімнің, тұлғаның рухани дамуына, өмірлік тәжірибесі мен өзінің кәсіп таңдауына әсері, білімі, біліктілігі.
Төртінші қадам - кешенді дидактикалық мақсаттан кіріктірілген дидактикалық мақсат болып бөлініп алынады. Мұнда ақпараттың аяқталған блогын көрсететін мазмұны іріктеліп, анықталған әрбір модуль үшін үш деңгейде мақсат анықталады, сөйтіп модульдер жүйесі қалыптасады.
Бесінші қадам - кіріктелген дидактикалық мақсатты жеке дидактикалық мақсаттарға жіктеу және модульді құрайтын оқу элементтерінің мазмұнын қалыптастыру.
Әрбір параллель сыныптар бойынша технологиялық карта құрастырылады. Осының нәтижесінде мақсаттар «ағашы өседі», (КДМ-кешенді дидактикалық мақсат, КИДМ-кіріктелген интеграциялық дидактикалық мақсат, ЖДМ- жеке дидактикалық мақсат, 2- сурет).
Модульді құрастырудағы мұғалім іс-әрекетінің жүйесі
МБ
КДМ
М-2
М-1
М-3
М-4
М-п
КИДМ
ОЭ-0
ОЭ-1
ОЭ-2
ОЭ-n
КДМ
Алтыншы қадам - модульдің өзін құру.
- Модульді құру әрқашан кіріктелген мақсатты анықтаудан басталады. Оны кестеде оқу элементі ретінде «ОЭ» деп белгілейді.
- Оқушылардың жұмысқа дайындығын анықтайтын алдыңғы бақылау тапсырмалары беріледі.
- Барлық дидактикалық мақсаттар анықталып, оқу элементтері құрылады. Оқу элементтеріне мақсат қою, оқушылардың іс-әрекет алгоритмі, білім мен дағдыны меңгеру деңгейін анықтайтын бақылау және түзету тапсырмалары кіреді.
- Тапсырмалардың орындалу барысын қорытындылайтын модуль элементі - резюме мазмұны толтырылады.
- Соңғы бақылау тапсырмалары құрастырылады. Ол модуль мазмұнын меңгеру деңгейін анықтайды.
- Модуль материалын жинақтаудың құрылымдық логикалық сызбасы мен құрастыруды оқушылардың жіберуі мүмкін қателері ойластырылады.
Модуль құрылымы сабақтың типтеріне сәйкес болады:
Достарыңызбен бөлісу: |