Бірінші қадам- модульдің кіріктірілген мақсатын анықтау.
Екінші қадам- сабақтың типіне қарай оқу элементтерін бөлу.
Үшінші қадам- әрбір оқу элементтерінің мақсатын анықтау.
Төртінші қадам- әрбір оқу элементтерінің мазмұнын анықтау.
Бесінші қадам- оқушыларға берілген кеңестер мен нұсқауларды анықтау.
Оқу модельдерін құру тапсырмаларға, мұғалім мен оқушы әрекеттеріне қойылатын талаптар жүйесіне бағынышты.
Тапсырмалар пәнішілік және пәнаралық байланыстың үздіксіздігін қамтамасыз етеді. Олар мазмұны мен танымдық деңгейі сараланған: проблемалы, проблеманы қою және оны шешуге бағыттайтын; білімді игеру тетігін көрсететін және қайталау материалын қосатын (кесте құастыру, салыстырмалы сипаттама беру) болуы керек және ол модуль мақсатымен кіріктіріледі. Оқушының іс-әрекеті оның жақын даму аймағында өтеді де, баланың өзін-өзі басқаруына бағыттайды, қарым-қатынас дағдысын қалыптастырады, уақытты тиімді пайдалануға мүмкіндік береді, әрбір сағатта оқушының рефлексивті қабілетін жүзеге асырады.
Мұғалімнің іс-әрекеті түбегейлі өзгереді. Оның негізгі мақсаты модульдік бағдарламаны, модульдерді құру. Сабақта ол ұйымдастырады, кеңес береді, бақылайды, модульдік оқытудың мүмкіндіктерін пайдалана отырып, оқытуды рефлексивті басқарады.
Шектеулер: 1. Оқушылардың оқу әрекетін өздерінше атқаруға дайындық деңгейі.
2. Мектептің материалдық мүмкіндіктері.
3. Уақыт тапшылығын туғызатын іс-әрекеттің кең ауқымды мазмұнын модульге енгізу. Модульдік оқыту технологиясын оқыту үдерісіне біртіндеп енгізу қажет. Дәстүрлі сыныптық сабақ жүйесін модульдік оқытумен үйлестіруге де болады.
М.Жанпеисова бойынша модульдік оқыту технологиясының мәнін ашып көрсетеміз.
Ақтөбе қаласы мен Ақтөбе облысының бірқатар мектептерінде сынна өткізілген педагогикалық технологияның мазмұны:
1. Жалпы оқу мақсатын қою.
2. Жалпы тұжырымдалған мақсатты нақтылау.
3. Оқушылардың білімдік деңгейін алдын-ала анықтау.
4. Жедел кері әсер негізінде оқыту үдерісіне түзетулер енгізу.
5. Нәтижені бағалу.
Осындай құрылыстағы әртүрлі мазмұнды, бірақ құрылымы бірдей жекелеген блоктардан тұратын оқу үдерісі «модульдік» сипат алады.
«Модульдік оқыту технологиясы» деп аталған педагогикалық технология нұсқасын жасағанда «толық меңгеру» әдістемесінің негізгі қағидалары ұстанылған. «Толық меңгеру» -әдістемесінің негізгі идеяларын 1960 жылдары американ психологтары Д.Ж.Кэррол және Б.Блум ұсынған. Олардың пайымдауынша, бала қабілеті қолайлы жағдай жасаған кезде оның оқу қарқынымен анықталады.
Оқу нәтижесін тұрақты тіркеліп отырған өлшемдерге айналдыруды ұсынған.
209 бет жазылмаған.
Модульдік оқыту технологиясының құрылымы. Оқу циклі ретінде ұдайы қайталанатын оқу модулінің өз құрамы бар. Ол 3 бөлімнен тұрады:
1. Кіріспе.
2. Диалогтық сұхбат.
3. Қорытынды бөлім.
Мұғалімнің сөйлесу бөлімін дайындауға 5 әрекет - қадамнан тұратын даярлық құрылымы қалыптасады (41,42 суреттер).
Оқу модулінің сөйлеу бөлімі тарауды тұтас оқып-үйретудің екінші - операционалдық- танымдық кезеңін іске асыру болып табылады.
Бұл бөлімді құрастырғанда біз Л.Фридманның төмендегідей ережелерге негізделген тұжырымдамасына сүйендік.
1. Оқу оқушының жеке, топтық, ұжымдық жұмыс барысындағы түрлі қызметінің жүйесі ретінде қаралады. Олар оқушының қисынды ойлауын, қабілеттерін, көзге елестету қабілетін, жадын, шығармашылығын және т.б. дамытуға бағытталған.
2. Оқуды басқарудың психологиялық сенімді түрі -ең алдымен, оқушының қажеттіліктерін, қызығушылығын және қызмет мақсаттарын дамытуға жағдай жасау.
3. Оқуды басқару икемді болуы тиіс, бұл тек оқушылардың іштей өсуі жүргенде ғана, балалардың білім дәрежесінің артуына қарай мүмкін болады.
4. Оқушылар нақты оқу қызметінің мақсаттарын анықтауға тікелей қатысуы керек, яғни басқару тұлғалық бағытталған болуы тиіс. Оқу үдерісін тұлғалық басқару дәрежесі оқушылардың өсуіне қарай артып отырушы және оқудың жоғары сатысында жалпылама сипат алуы тиіс.
5. Оқу үдерісін басқару балалардың ішкі әлеуеті және мүмкіндіктеріне негізделіп жүруі тиіс.
Оқу модулінің сөйлеу бөлімін даярлағанда мұғалім оқу материалдарының негізгі мазмұнын бөліп құрмайды. Мұнда оқушылар оқу материалына қайта оралып, пысықтап, бекітуі үшін оның әр сабақта жеке бөліктермен берілетінін есепке алу керек, бұл бөліктерде қысқаша, сиымды түрде тұтас тараудың мазмұны беріледі.
Пысықтауды қажет ететін материалды мұғалім үш күрделілік деңгейінде «қарапайым, орташа дәреже, күрделі) дайындайды. Үш деңгейдің қайсысын таңдайтытынт әр оқушының өзі шешеді.
Бұның бір маңызы-күрделі, ізденушілік, шығармашылық сипаттағы тапсырмаларды кез келген күрдедідік деңгейіндегі бағдарламалық материал тапсырмаларын орындаған оқушыға, яғни іс жүзінде бәріне де беруге болады.