Үшінші мыңжылдық құзіреттілік білім беру жағдайында мұғалімнің инновациялық даярлығын қажет ететін, жаңа тұрпатты мұғалімнің инновациялық іс-әрекетінің кезеңі



бет31/151
Дата18.05.2022
өлшемі0,84 Mb.
#143631
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   151
Байланысты:
Бұзаубақова К.Ж. Инновациялық педагогика негіздері (1)
9 Геометрия 3 тоқсан ТЖБ
Педагогикалық технология







Оқыту технологиясы

Тәрбие технологиясы





Оқу технологиясы

Оқыту технологиясы

Тәрбие технологиясы

Тәрбиелеу технологиясы

11- суретте оқыту технологиясының нобайы берілді. Алға қойған мақсатқа жету үшін, тиімді нәтиже шығару үшін бастапқы, аралық және соңғы нәтижені диагностикалық болжау қажеттілігі туындайды, сондай-ақ кері байланыстың болғаны жөн.




Сурет-11. Оқыту технологиясының нобайы
Суреті салынбаған

12-суретте білім беру технологиясының нобайы берілді.


Сурет-12. Білім беру технологиясының нобайы
Сурет-12. салынбаған.

Оқыту үдерісінің негізгі ұғымдары оқытудың мақсаты, мұғалімнің іс-әрекеті, оқушының іс-әрекеті және нәтиже болып табылады. Оқыту үдерісінің айнамалы құраушысы басқару құралы болады. Оған оқу материалының мазмұны, оқыту әдістері, оқытудың материалдық құралдары, оқушының оқу іс-әрекетінің үдерісі және оқытуды ұйымдастыру формалары жатады.


Оқыту үдерісінің технологиясының мән-мағынасын ашу үшін біліи беру технологиясының мәнін ашып көрсетуіміз қажет.
М.Е.Бершадский, В.В.Гузеев және т.б. ғалымдардың зерттеулеріне сүйенсек, білім беру технологиясы деп төмендегілерді қамтитын жүйені айтамыз:
- оқушының батапқы жай-күйінің нобайы;
- оқытудың жоспарланған нәтижесін диагностикалау;
- алдыңғы жай-күйді диагностикалау құралы және алдыңғы даму тенденциясын болжау;
- оқыту нобайының жиынтығы;
- қандай да бір нақты жағдайда оқытудың тиімді нобайын таңдау және құру критерийлері;
-қойылған диагностика, алдыңғы нәтиже, оқыту нобайын таңдау арасындағы өзара іс-әрекеттілікті қамтамасыз ететін кері байланыс тетігі.
Оқыту нобайы оқыту әдісі мен ұйымдастыру формасын қамтитын дидактикалық негіз бен әдіс пен құралдарды қамтитын педагогикалық техникадан тұратын жүйе болып табылады.
АҚШ-та педагогикалық технологияға қызығушылық ХХ ғасырдың 30-жылдарындағы техникалық құралдарды пайдаланып оқыта бастаған кезде басталып, «білім берудегі технология» термині пайда болды. Бұл оқу үдерісінде техниканы пайдаланумен пара-пар еді. Бағдарламалап оқыту және дидактикалық машина жасалуымен байланысты жаңа «білім беру технологиясы» термині пайда болды, ол оқыту мен тәрбиелеуді қалау құру керек дегенге саяды. Ақырында, ХХ ғасырдың 60-шы жылдарында америкалық және батыс европалық білім берудегі реформаларға байланысты «оқу үдерісінде межеленген білім нәтижесіне қалай жетуге болады?» мағынасын беретін «педагогикалық технология» термині пайда болды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   151




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет